Қарайтын және көтеріп-тасымалдайтын жабдықтар. Тексеру жабдықтары

17 октября, 2017 9:05

Техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізгенде оны жеңілдету үшін, қарайтын шұңқыр және көтергіш- тасымалдағыш жабдықтар қажет. Ол жабдықтарды пайдаланғанда еңбек өнімділігі артып, орындалатын жұмыстың сапасы артады, ыңғайсыз қиын жерлердегі ақауларды жөндеуге жағдай туады.

Автомобильдерді қарайтын шұңқырлар кіріп-шығуға байланысты тұйық және ары өтіп кететін болып бөлінеді. Шұңқырлар ені бойынша: тар жіне кең, құрылысы бойынша — ізаралық және бүйір жақтағы, ізді (колейный) белдіктерімен жіне аспалы дөңгелектерімен, траншеялық және бөлектенген болып бөлінеді.Қарайтын шұңқырлар (6.2-сурет) автопарктегі ең көп тараған әмбебап құрылғы қарайтын шұңқыр болып табылады.

Қарайтын шұңқырдың ұзындығы автомобильдің ұзындығынан кем болмауға жіне 0,8 м. аспауға тиіс. Тереңдігі жеңіл автомобильдер үшін 1,4…1,5 м., ал жүк машиналары үшін 1,2…1,3 м болғаны ыңғайлы деп есептеледі. Ізаралық тар шұңқырлардың ені 1,1 м.-ден аспайды.

Тар шұңқырлар әмбебап болып есептеледі және шағын автопарктерде пайдаланылады. Тар ізаралық траншеялық шұңқырлардың шеткі жағында жанындағы басқа шұңқырлармен қатынас жасап тұратын траншея болады, ол жұмысшылардың бір-біріне өтіп тұруына жағдай туғызады.

 

Кең шұңқырдың ортасында автомобильдің белдігі асып қойылатындай, ені автомобильдің енінен артық карайтын шұңқыр болады.Кен шүнкыр автомобильдің ұзындығынан 1,0…1,2 м. артық, ені 1,4…3 м-ге дейін, ортасында автомобильдің дөңгелектері сыятындай металдан жасалған жолы бар немесе рельске орнатылған көтергішпен жабдыкталған автомобильдің жанын еркін жүріп карауға арналған.

Эстакадалар металдан, темірбетоннан жердің бетінен 0,7…1,4 м. бір жағына 20…25° еңіс етіліп жасалады. Олар тұйық (6.5, б, в-суретте) және өтетін а-сурет болып бөлінеді.Шұңқырдың іші төменгі қуатты (42 В) шамдармен жарықтандырылады және желдетіліп тұрылуы керек. Ауаның температурасы 16…25° болуы кажет.

 

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля