Санкция Ц е с с и я

18 апреля, 2019 22:14

Санкция

 

         Санкция – құқықтық норманың заң бабының бір бөлігі, онда осы заңның бұзылуының құқықтық салдары көрсетіледі. Шаруашылық қаржы қызметін жүзеге асырудың белгілеген тәртібін бұзушы кәсіпорындарға, бірлестіктерге, ұйымдарға, қолданылатын және оларды белгілі бір қолайсыз зардаптарға ұшырататын ықпал ету шаралары.

Ұлттық банк банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде Ұлттық банк төмендегідей шараларды жүзеге асырады:

 

  • Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу;
  • Заңның 48 –бабында белгіленген негіздер бойынша барлық немесе жекеленген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны тоқтата тұруға не оны қайтарып алу;
  • Заңның 62-67 баптарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша банкіні консервациялау;
  • Заңның 49 бабында көзделген негіздер бойынша банк ашуға берілетін рұқсатты қайтарып алуға құқылы;
  • банк капиталы іс жүзінде болмаған жағдайда және осы заңның 48 бабы І тармағының г) тармақшасында көзделген негіздемелер бар болса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімі бойынша банк акцияларын ұлттық банк белгілеген баға бойынша акцияларды, кейіннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша міндетті түрде дереу сату, сонымен бір мезгілде банк пен оның акционерлерінің барлық құқықтары мен міндеттемелерін беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы Ұлттық банк шешім қабылдаған күнгі банктің нақты капиталының мөлшерін негізге ала отырып шешім қабылдау;

                                                                                            

  • осы Заңның 20-бабында көрсетілген адамдарды осы мәселені банктің тиісті органы қарағанға дейін, банктің аталған басшы қызметкерінің іс-әрекетінің қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтінін тануға жеткілікті мәліметтер негізінде лауазымды міндеттерін атқарудан шеттету.

 

 

  • банктің және (немесе) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценттерінің мәндері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60- бабы және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.

 

  • Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61- бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, Ұлттық Банк банк акцияларын осы Заңның 47-1- бабының 3- тармағына сәйкес, ол осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кеіннен жаңа инвесторға иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

 

  • Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк шарт жасауға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы .

 

 

  • банкті салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру(оларды сақтандыру) жүйесінен шығару туралы салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру ( оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымға қойылатын талап;

 

Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, Ұлттық банк банк акцияларын осы Заңның 47 – 1 -бабының 3 — тармағына сәйкес, ол осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын Ұлттық Банктің сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

Атқарып жүрген қызметінен біржолата немесе уақытша шеттету туралы шешімді Ұлттық Банктің директорлар кеңесі қабылдайды. Қызметінен біржолата шеттетілген қызметкерлерді босату туралы шешімді оларды тиісті лауазымдарға тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды. Қызметкерді қызметінен шеттету туралы шешім қабылданған сәттен бастап оның жұмыстан босатылған күніне дейінгі аралықтағы кезеңге ақы төленбейді.

Банк операцияларын жүргізуге арналған барлық лицензияларды қайтарып алу, қызметтің басқа түрлері бойынша лицензияларға берген келісімін Ұлттық Банктің қайтып алуына және олардың орындалуын лицензияны берген орган (органдар) тиісті шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға әкеліп соқтырады.

Ұлттық банктің банк операцияларын жүргізуге арналған банк лицензиясын қайтарып алу туралы шешімі оны қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Ұлттық банк банк операцияларын жүргізуге арналған  банк лицензиясын қайтарып алғаннан кейін банктің уақытша әкімшілігін тағайындайды, оған барлық басқару органының өкілеттігі көшеді.

Банктің бұрынғы іс-әрекет етуші органдарының өкілеттігі тоқтатылады.

Ұлттық Банк банк операцияларын жүргізуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде белгіленген заң тәртібімен сотқа банк қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтініш береді.

Ұлттық банктің қабылданған шешімі туралы ақпаратты Ұлттық банк республикалық екі газетте жарияланады.

Банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы Ұлттық банктің шешіміне банктің атынан тек оның акционерлері ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешімге сот тәртібімен он күн мерзім ішінде шағымдануға болады.

 

  • Барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою;

 

  • Банктік консервациялау;

 

  • Белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу;

 

Ұлттық Банк тарапынан екінші деңгейдегі банктерден банктік операцияларды жүргізуде рұқсат беретін лицензия қайтарып алынғана соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданға дейін банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады.

Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғанан кейін, Ұлттық Банк ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі.

Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдардың құзіреті тоқтатылады. Ұлттық  банк банктік операцияларды жүргізу лицензиясын қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді.

2002 жылы банк жұмысындағы кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықты жою туралы 35 оқиғада міндеттеме хаттар талап етілді, 51рет тәртіп бұзушылықты жою көрсетілген бұйрық хат жіберілд, ескерту хаттары- 18 рет, банктердің валюта позициясының міндеттерін азайту түріндегі айыппұл санкциясы 6 рет қолданылды.

2002 жылы ЕДБ – ге 21 инспекциялық тексеру жүргізілді, оның ішінде 11 кешенді (жоспарлы ) және 10 іріктеп тексеру (валюталық заңдарды сақтау, Ұлттық банктерге дұрыс жасалған есептер беру, клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу істерінің тәртібі және банктерде басқа да заңды тұлғалардың лицнезиялық заңдарды сақтаудың мәселелері бойынша ).

Бұдан басқа депозитерді айналымға жіберу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде зады тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақпаратты анықтау мақсатымен банктерге тексеру жүргізіледі.

Банктің қаржылық жағдайы  нашарлаған жағдайда, Ұлттық Банк оның акционерлері алдында қаржылық жағдайын сауықтыру қажеттілігі туралы, басшылықты ауыстыру немесе банкті қайта құру туралы мәселесі туралы талап қояды және төмендегідей ұсыеыстар береді:

 

  • депозиттерді қабылдауды шекетеу туралы;

 

  • жарғылық капиталды көбейту туралы;

 

  • дивиденттерді төлеуді тоқтату туралы және провизияларды көбейту туралы;

 

  • жеке филиалдар мен өкілдіктерді жабу және қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды қысқарту туралы;

 

  • банктің кез – келген лауазымды тұлғалары мен қызметкелерін жұмыстан уақытша немесе мүлдем босату туралы;

 

  • жоғары тәуекелділік теңгейдегі банктік операциялардың кейбір түрін шектеу немесе тоқтату туралы.

 

 

“Ц е с с и я”

 

Талап кеңшілігі (уступка требований) және меншік құқығын табыс ету (цессия) – бұл қарыз алушының (цеденттің) құжаты, осы құжат бойынша ол өзінің талабын (дебиторлық берешегін) несие берушіге (банкке) несиенің қайтарылуын қамтамассыз етуші ретінде табыс етеді.

Бұл қайта табыстау арнайы келісіммен немесе келісімшартпен ресімделеді.

Цессия туралы келісімшарт клиент алған банк ссудасының қайтарылуына қамтамассыз ететін құқықтық негізін құрып, несие келісімшартын толықтырады.

Цессия туралы келісімшарт табыс етілген талап бойынша ақшалай қаражатты алу құқығының банкке өтуін қарастырады.

Табыс етілген талаптың құны ссудалық  берешекті өтейтіндей жеткілдікті болуы керек.

Банк түскен түсімді берілген несиенің орнын толтыру үшін және оның төлемі үшін пайдаланады.

Егер табыс етілген талап бойынша түскен ақшалай қаражаттың сапасы ссуда бойынша берешектен асып түсетін болса, онда айырмашылық цедентке қайтарылады.

Іс-тәжірибеде цессияның екі түрі пайдаланылады: ашық және тыныш түрлері.

 

Ашық цессия борышқорға (цедентті сатып алушыға) талаптың табыс етілгенін хабарлауды ұйғарады. Бұл жағдайда борышқор өз міндеттемесін банктің қарыз алушысыныа (цедентке) емес, банкке өтейді.

 

Тыныш цессияда банк үшінші тұлғаға талабтың табыс етілгенін хабарламайды, борышқор цедентке төлейді, ал, ол алынған соманы банкке беруге міндетті.

Қарыз алушылар өздерінің беделін түсірмес үшін тыныш цессияны артық көреді.

Алайда, банк үшін тыныш цессияның қатері көп.

 

Себебі:

 

  • талапты табыс ету бойынша қаражат өзге банктегі қарыз алушының шотына жие түсе бермейді;
  • қарыз алушы талапты бірнеше рет табыс ету мүмкіндігіне ие;
  • қарыз алушы жоқ талапты ды табыс ету мүмкін.

 

Жеке талаптарды табыс етуден басқа ГФР банктері жалпы және ғаламдық цессияныпайдаланады.

 

Жалпы цессия – қарыз алушы белгілі бір сомаға тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету бойынша талапты ұдайы табыс етіп отыруға банк алдында міндетті болады.

Бұл арада берілген несиені өтеуде банктің ақшалай қаражатты алу құқығы жалпы цессия туралы келісімшартты бекіту сәтінде емес, талаптар немесе дебторлар тізімі банкке берілген сәтте пайда болады.

 

Ғаламдық цессияда қарыз алушы банкке белгілі бір кезең ішінде қайтадан пайда болған нақты клиентке қатысы талапты табыс ету керек. Табыс етудің бұл түрі артықшылыққа ие түрі ретінде саналады.

Несиенің қайтарылуын қамтамассыз етудің мұндай формасын пайдаланған кезде банк қатерді кеміту үшін берілген несиенің шамасына қарағанда талапты үлкен сомаға табыс етуін талап етеді.

Жалпы және ғаламдық цессияда несиенің ең көп шамадағы сомасы табыс етілген талап құнының 20-40%-ін құрайды.

Шетелдік коммерциялық банктер несиені алудың шарты ретінде қарыз алушыдан өтемақы қалдығы (сұралған несие сомасының шамамен 10-20%-ін құрайды) деп аталатын белгілі бір ақшалай соманы депозит шотына сақтауын талап етеді. Өтемақы қалдығы екі рөлді бірдей ойнайды:

 

  • нақты мерзімге несие ресурстарын банктің тартуына мүмкіндік береді;
  • несиенің қайтарылуына қамтамасыз етудің формасы ретінде алға шығады.

 

Шетелдерде ссуданы қамтамасыз етуші ретінде, сонымен бірге, банк өз қарызгерінен талап ететін қамтамасыз етілген вексель пайдаланылады. Бұл вексель одан арғы айналымға арналмаған.

Егер ссуда мерзімінде қайтарылса, онда вексель өтеледі.

Егер ссуданың қайтарылуы кешіктірілетін болса, онда вексельге наразылық білдіріледі және банк сот тәртібімен қысқа мерзімге (талап қоюдың айрықша рәсімімен және қарастырылуынан) қажетті соманы алады.

Мүдделердің өзара сақталуы ғана банктің әрбір нақты жағдайда несиенің қайтарылуын қамтамысыз етудің ең қолайлы формасын таңдауына немесе аралас қамтамасыз етулерді (әр түрлі нұсқада) пайдалануына мүмкіндік береді.

Жылжымалы мүлік қарыз алушының пайдалануында болуы үшін ол, сонымен бірге, несиенің қайтарылуына кепілдік ретінде қызмет етуі керек, оның меншік құқығын несие беруші борышты қамтамасыз етуде пайдаланады.

Борыштың қамтамасыз етілуі үшін несие берушіге меншік құқығы берілгенде жылжымалы мүліктің кепілзаттан айырмашылығы – жылжымайтын мүлік клиенттің пайдалануына қалады. Мұны бұлайша бөлудің себебі мынада: құндылықты несиегерге беру мүмкін емес әрі мақсатқа лайықты болмайды, сонымен қатар, қарыз алушы ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланудан бас тарта алмайды.

Бұл жағдайда қарыз алушы өзінің пайдалануына қалған, яғни өзі пайдаланатын құндылықтың сақталуына (бүлінбеуіне) жауап береді және оны дербес иелене алмайды.

Жекелеген заттар (автокөлік) және бір қойманың немесе бір цехтың ішінен табылатын заттар тобы (тауарлар, материалдар мен жартылай дайындалған өнімдердің қорлары) ссуданы қамтамасыз етудің объектілері бола алады.

Банк борышты қамтамасыз етуі үшін меншік құқығының келісімшартын бекіту барысында қарыз алушының нақты құндылықтың шынайы иесі болып табылатындығына көз жеткізу керек.

Алайда, бұл меншік құқығымен бірге берілетін қатерді азайтпайды.

Несие берушінің ісі ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланатын қарыз алушының адалдығына көп жағынан тәуелді болады.

Банк қатерді мақсатында қамтамасыз етудің мөлшерін абайлап анықтауға мәжбүр болады. Осыған қарай несиенің ең көп шамадағы сомасы да шектеулі болады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля