23 февраля, 2017 17:59
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – Солтүстік Қазақстан облысының
Булаев ауданында Сасықкөл деп аталатын ауылда дүниеге келді.
Күншығыстан таң келеді, мен келемін,
Көк күңіренеді, мен де көктей күңіренемін.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзінде нұр беремін, Күн берем! – деген жүрегі от, рухы биік жалынды ақын.
Тумысынан өте зерек Мағжан төрт жасында өзінің әкесі Бекен болыстың мектебінде оқып, қазақтың арғы – бергі өлең – жырларын, ертегі – дастандарын түгелге дерлік жаттап алады.
Бала жасынан зерек болып өскен Мағжан «Табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін. Соеы білуді, үйренуді армандады. Мөлдіріне ұзақ қарап, көл жағасындағы ақ маржан тастарды уыстап алып, иіскеп, көзін жұмып, рахаттанып тұрғаны да шындық (апасы Күләндәм, қызы Күлзипаның естеліктерінен).
Білімге жаны құштар Мағжан Үпедегі (Уфа) Ғалия медресесінде оқиды. Медреседен алған терең білімін жетілдіре отырып, ол әдеби ортаға ерте араласты. Араб, парсы, түрік, орыс тілін жақсы меңгеріп алды.
Ақынның өзі күллі түркі халқының тарихымен танысты. Түркі халқының тарихын жетік білуі оны қазақ топырағында бірден – бір түрікшіл етті.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда Ер Түрігім туып – өскен… деген өлеңінен оның түрікшіл болғанын аңғаоруға болады.
[wpdm_package id=’2509′]