Майлайтын және жуатын жабдықтардың қолданылуы және түрлері

18 октября, 2017 9:14

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ) жұмыстарын жүргізгенде, қажетті еңбектің көп бөлігі майлау жұмыстарына бағытталады екен. ТҚ-1 жұмысын жүргізгенде майлауға арналған еңбек барлық қажетті еңбектің 30%-ы, ал ТҚ-2 жұмысын жүргізгенде, барлық жұмысқа жұмсалатын еңбектің 17%-ы шығындалады екен. Мезгілдік техникалық қызмет көрсету (МҚ) жұмыстарын жүргізгенде, оған қажетті еңбектің мөлшері артатыны белгілі, өйткені барлық майды жылдың мезгіліне байланысты ауыстыруға тура келеді. Сонымен майлау және құю техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізгенде, негізгі жұмыстардың бірі болып есептеледі, олар төмендегіше бөлінеді:

1.    Қозғалтқыштың картеріне май кұю;

2.     Әртүрлі агрегаттардың картерлеріне май құю.

Майлау және май құю жұмыстарын жеңілдету үшін техникалык қызмет көрсету орындары қажетті қондырғылармен жабдықталады. Олар қолданылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. Ол төменгі сұлбада көрсетілген.

Автобазалар мен техникалық қызмет көрсететін стансаларда майлау бекеттері шұңкырларда немесе ағын желісінде орналасады. Күнделікті техникалық кызмет көрсететін (АТҚ) бекеттерде қозғалтқыштарға май кұю арнаулы май таратқыш жабдықтармен атқарылады. Қазіргі кезде олардың түрлері өте көп. Жоғарғы сұлбада көрсетілгендей, май таратқыш ұстындар тұрақты, қозғалмайтын және қозғалатын болып бөлінеді.

Қозғалмайтын май таратқыш ұстынның автоматты бір түрі төменде 7.2. суретте көрсетілген.

 

Май таратқыш ұстынның техникалық сипаттамасы:

Майдың қалыпты берілуі л/мин…………………………………………………………….. 83

Жұмыс қысымы МПа………………………………………………………………………. 0,8-1,5

Таратқыш құбыршектің ұзындығы, м…………………………………………………. 3,5-4

Электр қозғалтқышының қуаты кВт……………………………………………………… 1,15

Қозғалмайтын, тұрақты май таратқыш қондырғы МЕСШВЕ, 1342С майдың үш түрін таратуға арналған. Бұл таратқыштың басқа таратқыштардан ерекшелігі — үш электронды есептегішпен жабдықталған.

Май таратқыш құрылгы 3141 май ыдысының сыйымдылығы 200-250 л., майдың шығар жеріндегі қысымы — 2,25 МПа, май беру өнімділігі — 7 л/мин. май беру қашықтығы — 35 м.

Қозғалатын май таратқыш. Май таратқыштарды майдың жұмсалуына қарай қабылдайды. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары аз болған жағдайда жылжымалы немесе қозғалатын қол сорғы орнатылған, қолмен жұмыс істейтін май таратқыш құралдары қолданылады (7.5-сурет).

Пневматикалық 60 литрлік жэне 30 литрлік май таратқыш төменде көрсетілген.

 

Бұл май таратқыштар май деңгейін көрсеткішпен жабдықталған, май барлық уақытта қысымда болады, қысым деңгейі — 7-8 бар.

Кейде май таратқыш есептегіші бар пистолетпен жабдықталады.

Май ауыстыргыш қондырғы ҒЬЕХВІМЕС автомобильдің майын, тежегіштің сұйығын пластикалық маймен майлауға арналған.

Май жинағыш қондырғылар қозғалтқыштың майын сапалы, тез және қауіпсіз ағызуға арналған. Бұл қондырғыны пайдаланғанда майды ауыстыру үшін майдың деңгейін тексеретін тесікке орнатады, бұл жағдайда автомобильді шұңқырға қою немесе көтеру қажет етілмейді.

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля