26 ноября, 2017 18:48
Ағымдық жөндеужүргізу кезінде кейбір реттеу жұмыстары жэне ақауы бар бөлшектерді ауыстыру басты берілісті бөлшектеусіз, тұрған орнында атқарылады.
Егер басты берілісті толық реттеу жэне жөндеу қажет болса, онда редукторды алып, агрегатты цехқа жібереді. Онда редукторды толык бөлшектеп жуып, тетіктердің жарамды-жа- рамсыз екендігін тексеріп, жарамсыз тетіктерді жаңа бөлшектермен ау- ыстырып жинастырады. Жетекті тістегерішті редуктордың картеріне орнатқаннан кейін ернемек сомынын динамометрлік кілтпен 16…20 кгс/м күшпен тартып бұрайды |
Жетекті тістегеріштің мойынтіректерін қысу |
Жетекті тістегеріштің өстік жылжуын индикатор арқылы тексеру тэсілі 19.16-суретте керсетілген, оның жылжу деңгейі 0,05 мм-ден аспауға тиіс. |
Жетекті тістегеріштің саңылауын тексеру |
Кедергі моментін өлшеу тәсілі |
Кедергі моменті безбенмен тексеріледі (19.17-сурет). Оның көрсеткіші 1,8-2,5 кгс шамасында болуы қажет.
Жетектегі тістегерішті сателлиттер қорабына дұрыс орналастыру үшін, арнаулы ұзын М 10 Х1 екі бұрандама қолданылады (19.18-сурет). |
Жетектелетін тістегерішті сателлиттер цорабына орналастыру |
Басты берілістің бүйір жағындағы саңылауды өлшеу үшін, индикатор пайдаланып, суретте көрсетілгендей орналастырады. Саңылау 0,15—0,20 мм шамасында болуға тиіс. Саңылауды кішірейту үшін жетектелетін тістегеріштің сыртқы жағындағы реттегіш сомынды босатып, екінші жағындағы сомынды бұрайды.
Жетектелетін тістегеріштің өстік жылжуын тексеру (19.20-сурет). |
Бүйірдегі саңылауды өлшеу тәсілі |
Тістегеріштің өстік Тістердің арасындагы
жылжуын тексеру саңыпауды тексеру |
Басты беріліс тістегеріштерінің тістері арасындағы саңылауды бояудың дағы бойынша реттеу.
Жетекті жэне жетектелетін тістегеріштер тістерінің арасындағы саңылауды тістерге түскен бояудың дақтары арқылы анықтайды. Басты берілістің жетектелетін тістегерішінің тісіне түскен дақтың түрлері 19.22-суретте көрсетілген. А — автомобиль алға жүргендегі дақтар; Б — артқа жүргендегі дақ; 1 — дұрыс орналасқан; 2 — дақ тістің жоғарғы ұш жағына түскен, оны түзеу үшін жетекті тістегерішті жетектелетін тістегерішке жақындату керек; 3 — дақ тістің түп жағына түскен, оны жөндеу үшін жетекті тістегерішті |
Тістегеріш тістерінің арасындагы саңылауды анықтау тгсілі |
жетектелетін тістегеріштен алыстату қажет; 4 — дақ тістің ұшына түскен, оны жөндеу үшін жетектелетін дөңгелекті жетектейтін тістегеріштен алыстату керек; 5 — дақ тістің қалың үшына түскен, оны жөндеу үшін жетектелетін тістегерішті жетектейтін тістегерішке қарай жылжыту қажет.
Басты берілісті толық реттеп болғаннан кейін оның дұрыстығын автомобильді жүргізіп тексереді. Автомобильді 60…70 шақырым жылдам- дықпен 20…30 минут жүргізгенде, картердің температурасы 95°С-тан аспауға тиіс. |