4 декабря, 2017 19:10
Бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, қүты кеткен күндердің бірінде Қара қаған қүрылтай шақырды. Бүл мәжілісте не айтылып, не қойғанын Түркия елінің атақты жазушысы Ниһал Атсыз өзінің атты тарихи романында жақсы суреттеп көрсеткен. Енді содан үзінді оқып көрелік: „Қүрылтай басталды. Қаған Батыс қағаннан келген хатты дауыстап оқып шығуы үшін Күр Шадқа берді. Күр НІад хатты оқып бітірген соң қаған сөз бастады:
- Түрік бектері! Ақылдан артық ақыл бар. Не ойлай- сыз, ойыңызда не бар. Ойыңызға не келсе де сыртқа шығарыңыз. Кеңесейік. Ойласып, тура жолды табармыз, соған қарап іс қылармыз.
Бектердің бірі сөз сүрады:
- Қара қаған! Рүқсат ет, сөз айтайын. Айтатыным бар,— деді.
Бүл сөйлеген егде жастағы бір бек еді. Шашына, сақалына ақ түсіпті. Маңдайында, бетінде қылыпггың тіліп кеткен іздері бар. Көп ойланбай сөйлейтін адам сияқты көрінгенімен, сөзі пысық, жүртты үйыта алатындай:
- Мен Батыс Түрік елін жақсы білемін. Үйдегі әйелім де сол жақтан. Батыстағылар бізден күштірек. Аттың да жақсысы соларда. Батыс елінде аштық жоқ. Түрлі жеміс- жидек көп. Олардың егіні шығымды, орманы мол. Түң Яг- бу қағанның сөздерін сол қалпында қабылдаған дүрыс. Ескіде Түрік елінде жалғыз қаған болғанда елдің қарны тоқ, арқасы кең, жауы аз-ды. Екі елге бөлінгенде бірінші жасаған істері бірте-бірте теріс қарай бастады. Қытайға ауған түріктер түрік екендіктерін үмытып, бізге қылышын
жалаңдата бастағаны сияқты, Шығыс Түрік елі мен Батыс Түрік елі де осылай кете берсе, бір-біріне қытайды көргендей қыдыңдай бастамаса, не қылсын. Маған сал- саңыз, тез арада Түң Ягбу қағанға елші жіберейік. Бір келісім жүргізейік, шарттасайық. Екі қаған бір-біріне жау болмасқа ант ішсін. Олар бізге жақсы ат пен қару-жарақ берсін, біз оларға қытайдан алған жібектен берейік. Егер бәрі дүрыс болса, соғыс кезінде екі қаған бір-біріне әскер қосып, бірлеспекке ант түйсін.
Қара қаған басқа бектеріне көз салды. Түңға Тегін сөз алды. Ол былай деді:
- Түң Ягбу қаған бізден күшті емес. Қүпггілер күштілермен дос болғысы келеді. Біз де оған күшті екенімізді көрсетейік. Елшілерін не де болса биыл қыс осы жерде үстайық. Жаз шыққан соң, қытайға жорық жасайық. Елшілер әскерімізді, күшімізді көрсін. Содан соң біз де Батыс қағанына өз елшімізді жіберейік. Түң Яг- бу қаған біздің де күшті екенімізді көрген соң анттасуға өзі де қүштар болар. Бізге сенімі көбейер. Бізге қүрмет көрсетер.
Бүдан кейін қүрылтайдағы бектердің ең жасы Күр НІдд сөз алды:
- Жақсы сөз айттыңыз. Елшілерге күшімізді көрсе- тейік. Кейін анттасайық. Екі қаған бір-біріне жәрдем берсін. Бірақ сіз бір нәрсені үмытып түрсыз!
Жиналған жүрт бір-біріне қарады. Сөздің ыңғайын түсінбеді. Күр ПІад сөзін жалғастырды:
- Өтүкенде түріктердің жартысына жуығындай қытайлардың да түрып жатқанын көрмейді дейсің бе?
Күр Шадтың бұл сүрағынан соң жүрт жым-жырт бола қалды. Бүның не айтпақ болып түрғанын олар тағы да түсінбеді. Қаған айтты:
- Көрсе қайтеді. Түтқынға алынған адамдарымыздың көп екенін білер.
- Оны қайдан біледі. Біздегі қытайлар тұтқынға еш үқсамайды ғой.
Бір бек киіп кетті:
- Не айтқың келеді, Күр Шад? Бүл қытайлар біздің тұтқындарымыз, қүлдарымыз емес пе?
- Түтқын екені рас, бірақ Өтүкенде олар түріктерге тең сияқты жүр. Олардың түрмыстары түтқынның түрмы- сына үқсамайды.
Қаған қайта сүрады:
- Күр Шад! Не айтқың келетінін ашық айтшы. Дүрыс- тап түсіне алмай отырмыз.
- Айтайын дегенім мынау: бізде қытайдың даусы түріктікінен кем емес. Қара қаған таққа отыратын күні ор- дасының астында төбелес болды. Қытай атқосшылары бір түрік сарбазымен жүдырықтасып жатты. Бүрынғы кезде қытайлықтар бүйте алар ма еді? Олар бүл күшті неден, кімнен алып жатыр? Мына қытай мырзасы Шен-Киң де- ген кім? Біресе қатынның, біресе қағанның отауына емін- еркін кіреді, түрік бектерімен тең адамдай сөйлеседі.
- Шен-Киң түтқын емес, қонағымыз ғой.
- Қонақ екені белгілі, бірақ қытайлық екені де анық қой. Қытай болғаннан кейін оның түтқын екені де, қонақ екені де бәрібір емес пе? Қонақ болатындай біз оны шақырдық па? Өзінің халқына симаған бізді үшпаққа шығарар ма? Анау жолдасы Ван-Зин-Шан Өтүкеннің әр жеріне мүрнын сүғып жүр. Бармайтын жері жоқ. Соңынан Шен-Киң екеуі оңаша күбірлесіп жатады.
- Ол да қонақ емес пе? Елді араласа не зиян?
- Қонақ болса неге ол түтқын қытайлармен сыбайла- сады. Олардың не сөйлесіп жүргенін білеміз?
- Оны білу маған неге керек? Қытай не деуші еді? Я сырнай, я қатын, я ақша…
- Жалғыз олар емес. Жасырын ойын бәрі… Бүл қытайлықтар тыңшылық істеп жүр-ау деп ойланып көрдіңіз бе?
Бектер де, қаған да ойланып қалды. Бәрінің қастары түйілді. Қаған:
- Қытай бегі тыңшы ма? Ол қалай? Қытайда қаған оның әулетінен емес қой…— деп сүрады.
- Болмаса қайтейін. Өтүкенде Көкжалдар биліктен түсіп, оның орнына Тоғыз өгіз, қарлүқтар қаған болса да мен бәрібір қытайға жау боп қала берер едім. Мен бүлай істегенде, қытай бегі оны неге істемесін?
Жүрт төбеге үрғандай жым-жырт бола қалды. Қаған Күр ІТТадқа, бектеріне кезекпе-кезек қарайды, мырза- бектер көзін Күр Шадтан айыра алмай түр. Күр Шадтың басы салбырап кеткен. Үнсіздікті Түңға Тегін бүзды.
- Қытай бегі тыңшылық еткенде не шығар дейсің?
Қылышымыздың өткірлігі жоғалар ма? Садағымыздың
адырнасы босар ма?
- Жоқ, бүның бәрі де болмас. Бірақ бүлар біздің қанша екенімізді, санымызды білер. Жорықты қашан бас- тайтынымызды біліп отырар. Біліп алып қимылдар, бекініп дайындалар. Ішімізде қытай үшін кім қауіпті болса, соны есебін тауып өлтірер.
- Күр Шад! Сен бізді бала көріп түрсың ба? Ол
5—1984
тұтқындар бізді қалай өлтіреді? Қытай тұтқынының қолындағы қылыш түрік бегін өлтіре алар ма? Өтүкенде бүкіл қытай атқа қонса да бір түрік бегін өлтіре алушы ма еді?!
- Мен сіздерге қытайлықтар бізді батырлықпен өлтіреді деп отырғаным жоқ. Соғыс майданында бір түрік бегін өлтіру бір қытайлықтар үшін күшке түсер. Бірақ өз ордасында отырған Түрік қағанының қалай өлтірілгенін бәріңіз көрдіңіз. Мен сізге қылыш туралы айтып тұрғаным жоқ. У туралы айтып тұрмын.
Күр Шад жылдам сөйледі. Қаған бүл сөздерге ренжігендей. Ол суыққандылықпен:
- Жақсы, Күр Шад! Түң Ягбу қағанға елші жіберместен бүрын не істеуіміз керек?
- Не істейміз? Біздегі қытайлықтар тұтқын екенін көрсетуіміз керек. Қытайлықтардың жеке егінжайы бол- масын. Олардың қойларының жартысын алып, түріктерге берейік. Біз жорыққа шығып, қан төгіп жатырмыз, өліп жатырмыз. Ал тұтқындарымыз Өтүкенде отырып егінін өсіреді, қойын бағады. Артынан түріктермен сауда жасап, бір қойына он түлкінің терісін айырбастап алады. Кейіннен ол терілерді қытайға сатып байып жатыр. Бүның алдын алған жөн.
- Оныңыз дүрыс, бірақ іс онымен бітпейді. Бүл қытайлар түріктердің мінез-қүлқын да бүзып болды. Тұтқындағы қытай қатындары мың түрлі айламен түрік жігіттерінің басын айландыруда. Біздің қыздарымыз ондай айлакер емес. Қытайдың еркегі жаман нәрсені жақсы нәрсе деп өткізсе, қытай қатындары бетаузын бояп, өздерін-өздері түрік бектеріне сатуда. Еркектер тез илана- ды. Қытайдың қыздарына қүмар. Екі беті алмадай бал-бүл жанған, жібектей қоңыр шашы бар, жалт еткен жасыл көзді, талдырмаш түрік қыздары тұрғанда түрі сап-сары, көзі толған үрей, шілмиген қытайдың қатынына көңілдері кетеді. Байы бар қатынға көз салуға бола ма? Түрік заңы бойынша байы бар қатынға көз тіккен адам өлтіріледі. Өлтірілуге тиіс, бірақ қазір бүл әдет те сұйылып барады. Оның үстіне қытай қатындарының өздері де біздің жігіттерді арандатып жатыр.
Қүрылтай сең соққандай болды. Қаған мен бектер орындарынан атып тұрды. Қаған дауыстап:
- Не деп түрсың? Байы бар қатындарға қол салған адам бар деп естіп түрмыз ба?— деді.
- Естіп тұрсыз. Естіртіп тұр. Бүл шындық, түсімізге кірсе де ақылымыздан алжасар едік қой. Солай… Қытай тұтқындарының әйелдері түріктің еркектеріне тұзақ қүру- да. Олар өз әйелдерінің бул қылығын білмейді деп ойлай- сыз ба? Біледі… Білсе де үн шығармайды. Керісінше оған дем беріп отыр. Өйткені, бұған дейінгі жорықтарда алып келген алтын-күміс, мал-мүліктің бәрі түрік шатырларынан қытай тұтқындарының үйлеріне көшуде. Бүл қытай кім?.. Жат-жүрттық. Солай ғой. Оларға не істейміз? Біздің әдет- заңымыз бойынша бір кісі байы бар қатынмен ілініссе, қатын оны жария етіп, оған қол салған адам жоқ етілер еді. Ал қатын оны жасырып қалса… Түрік әдет-заңы бүл жөнінде ештеңе айтпаған.
Қүрылтай мазасызданды. Бір бек айқайлады:
- Қатын оны айтпай отыра алар ма? Ондай қатын бар ма? Ондай қатынның күйеуі аман қалар ма?
Күр Шад еш қысылмастан онан әрі нажағайдай гүрілдеп сөйлей берді:
- Түрік қатынынан ондай шықпайды. Бірақ қытай қатынында ондай бар ма? Өйткені қытай еркектеріне ақша, мал-мүлік керек. Оның ындыны ақша арқылы ғана бітеледі. Ақшаны алмақ үшін ол малын да, жанын да бе- реді, қойнындағы қатынын да береді. Қытай қатындары түріктің еркектерін осылай тонап, байларын байытып жа- тыр. Қытайлардың қалай байып жатқанын енді байқаған боларсыз. Қараңыз, Өтүкенде туған қытай балалары қытайға онша үқсай бермейді. Бүл не, Өтүкеннің ауасы- нан, не суынан солай болды деп ойлайсыз ба? Қытайдағы ит Өтүкенге келген бойда қасқырға айналмайтыны сияқты, қытай Өтүкенге келген соң түрікке үқсап кет- пейд і ғой. Сондықтан оларға түрік қаны араласып жатыр. Қытайға жалғыз түрік қаны араласып қойса жақсы. Күндердің күнінде қытайдан жақсы сарбаз шығып, оны- мен соғысып жүрмелік. Сонымен бірге қазір түріктер қытайдан қатын ала бастады. Біздің білуімізше бүрын қытайдан қатынды қағандар ғана алушы еді. Оның да өз себептері бар. Енді мына түріктердің бәрі қаған болып кетті? Қытайларға түрік қаны араласып олар асылданып, батыр, ержүрек бола бастаса, бізге де қытай қаны арала- сып қоян жүрек қорқаққа айналмақпыз? Бүгіннен бастап түрік еркектері қытай қатындарына жоламауы керек. Қатынның бүндай әрекетіне қытай еркектері тыйым салу керек. Қытайлар жеке егін салмаулары керек. Түрік ер- кектері қытай қыздарына үйленбеуі керек. Қытай атаулы- ны көз алдымызда үстауымыз керек. Әйтпесе көктемде басталатын жорықты қытай сарайы қазірдің өзінде есітіп отыруы мүмкін.
Қаған бектерге қарады. Осы кезде сөзге араласқысы келген бір бек сөз алды:
- Күр Шад тура сөйлеп тұр. Түріктің әдет-заңы жат жұртыққа да ортақ. Біздің адамдардың да заң бүзбайтыны жоқ емес. Бір кісі заңсыздық істесе кінә онда ғана емес, сол заңсыздық істеуге мәжбүр еткенде де. Егер түрік ер- кектері қытай қатындарының алдауына түсіп, олармен ашына болса, онда қытай қатындарын дүрелеп, қытай ер- кектерін өлтіргенмен іс бітпейді. Түріктің әдет-заңын то- лық орындау үшін қытай қатынымен ілініскен түрік еркегінің де басын ұшырған жөн. Біздің әдет-заңымыз байы бар қатынмен ілініскен еркектің басын кесу үшін ол қатынның түрік не қытай, болмаса тұтқын екендігіне қарамайды.
Тұңға Тегін сөзге араласып „тура» деді. Күр Шад қарсы шықты:
- Бұлай болмайды. Олай болатын болса түрік пен қытай тең түседі. Түріктің әдет-заңы түрік үшін жасалған. Бұл заң бойынша қатынға зорлық істегеннің басы кесіледі… Ал түрік еркектері қытай қатындарын зорламай- Ды…
Кеңес созыла берді. Күн бата бастады. Қаған бек- терінің пікірін түгел білгісі келді. Он екі бектің тең жары- мы Күр Шадты жақтады. Қаған қай жақты қолдаса сол жақтың пікірі үстем шығуға тиіс болды. Қаған соңғы сөзін былай деді.
- Көктем шыққан соң Қытайға жорық жасап елшілерге күшімізді көрсетейік. Қытайдың өз басына егінжайы болмасын, олардың мал-мүлкінің жартысы түріктерге таратылсын, түріктер қытай қатынына үйлен- бесін. Түрік еркегінің басын айналдырған қытай қатынға дүре соғылсын. Егер олардың байлары бұл істен хабардар болса, бастары алынсын… Түріктің әдет-заңы бойынша байы бар қатынның үлтын көрсетпегендігі себепті ол қатынмен ілініскен түрік еркегі де өлтірілсін!» (155, 228—233).
Сөйтіп, осы қүрылтайда төніп келе жатқан қытай қатері жөнінде айтылған ой-пікірлер түгелдей дұрыс бо- лып шықты. Әйтсе де түріктер кешігіп қалған еді. Араға көп уақыт салмай-ақ өзара іпггей айтысып-тартысып, қырық пышақ болып жатқан түрік еліне күтпеген жерден сан мыңдаған қытай әскері басып кірді. Дайындықсыз жатқан түрік елі қапылыста қалды.
Міне, бүдан кейін не болғанын біз „Күлтегін» жыры- ның төменгі жолдарынан оқып білеміз:
Бектердің, халқының ымырасыздығынан,
Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,
Арбауына көнгендігінен,
Інілі-ағалының дауласқандығынан,
Бекті халқының жауласқандығынан Түркі халқы елдігін жойды,
Қағандығынан айрылды;
Табғаш халқына бек улдары қул болды,
Пәк қыздары күң болды.
Түркі бектері түркі атын жоғалтып,
Табғаш бектердің табғаш атын түтынып,
Табғаш қағанына бағынды,
Елу жыл ісін-күшін берді (146, 45).
Алайда тәкаппар, әрі ержүрек түрік жүрты қүлдықтың қорлығына көп шыдай алмады. Қүлдықтан гөрі өлімнің өзі артық деп білді:
Түркі халқы;
„Қырылайық, жойылайық»,— десті,
Ажалға жылжи бастады,
Көкте түркі тәңірісі,
Түріктің қасиетті жері, суы былай депті:
„Түркі халқы жойылмасын»,— дейді,—
Ел болсын»,— дейді (146, 47).
Бүдан кейін арада елу жыл өтті. Түріктер өз азаттығы үшін тынымсыз елу жыл бойы күресті. Ақыры жеңіске жетіп, өз алдына дербес, егеменді ел болды. Бірақ, еге- мендікті сақтап қалу үшін түріктер тағы да жүздеген жыл- дар бойы азаттық күресін жүргізе берді.
Біз жоғарыда әрбір әрпі тасқа қашап жазылған, түрік елінің сан ғасырлық тарихын жыр еткен шежіре-дастан- дар туралы айттық. Бүл дастандар ғылым тілінде „Орхон жазба ескерткіштері» деп аталады. Ал, біз жоғарыда жыр жолдарынан мысал келтірген дастан түрік елінің даңқты әскери қолбасшысы, Елтеріс қағанның кенже баласы Күлтегін батырдың (684—731 жылдары өмір сүрген) ерлік істеріне арнап жазылған. Бүл дастан жазылған үлкен қүлпытас Күлтегін батыр зиратының басына қойылған.
Сондай-ақ, біз Күлтегін батырдың ағасы, түрік елінің көсемі Білге қаған және қағанның ақылгөй-кеңесшісі, да- нышпан Тоныкөк қарт туралы тасқа қашап жазылған та- рихи дастандар хақында айтып отырмыз.
Жоғарыда аталған үш дастан да, дәлірек айтсақ, олар жазылған қүлпытастар да бір кездегі Үлы Түрік империя- сының астанасы орналасқан қазіргі Монғолиядағы Орхон өзені бойынан — Көкиіың деген жерден табылған.
Сонымен, Білге қаған, Күлтегін батыр және данышпан Тоныкөкке арналған бүл ескерткіштерді 1890 жылы түңғыш рет тауып ғылым үшін жаңалық ашқан орыстың саяхатшы-ғалымы Н. М. Ядринцев еді. Бірақ, бүдан он екі ғасырдан астам уақьгг бүрын түріктер қолданған әріптердің қалай оқылатынын ешкім білмейтін болып шықты. Тасқа жазылған дастандардың мәтіні суретке түсіріліп дүние жүзінің осы саладағы ең атақты тілші-ма- мандарына жіберілді. Ғальімдар әртүрлі божам айтты. Б і- р е у л е р і оны көне фин жазуы десе, е к і н ш і л е р і ежелгі герман, ү ш і н ш і л е р і скиф-славян, яки монғол жазулары деген пікір айтып жатты.
Скандинавия елдерінің ғалымдары бүл ескерткіпггер жазуын „Рунь» яғни „Руна» жазуы деп атап кетті. Бүл сөздің қазақша мағынасы сыры ашылмаған, қүпия деген үғымды білдіреді. Сол себепті жоғарыда аталған дастандар тілші-мамандар арасында „Руна жазуындағы жәдігерлік- тер» деп аталып кетті.
Ақыры 1893 жылы қарашаның 25-і күні Дания Ко- рольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Том- сен әлемді дүр сілкіндірген ғылыми мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ес- керткіштердегі қүпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ бүл ескерткіштер түркі ха- лықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері тәңірі және түрік деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В. В. Раддов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан көп уақыт өтпей-ақ В. В. Раддов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.
Ал, енді біз Түрік қағанаты жайындағы жоғарыда айтып келе жатқан тарихи хикаяларға қайта оралайық.
Сонымен, түріктер елу жылға созылған бодандықтан қүтылып, егемендігін алды.
Енді түрік мемлекетінің тағына кім отыруы тиіс деген мәселе түрды. Атақты тарихшы Л. Н. Гумилев бүл туралы былай деп жазады: „көне түріктерде таққа мүрагерлік жөніндегі заң болды, ол бойынша тақты ағасы інісіне, ал жиені нағашысына (сатылып жоғарылау) мүра етіп қалдырып отырған. Қытайлықтар бүл тәртіпті көңілге қонбайды деп санап, түрік істеріне араласып, оны тіпті елемеген. Қағанатын қалпына келтіріп, түріктер ескі заңдарын да қалпына келтірді, сол бойынша Қапаған хан болды. Алайда ол қытай мәдениетінің ықпалын өз басы- нан өткерген-ді, сондықтан тақты жиені Могилянға емес, өз үлы Фугюге бергені өзі үшін жақсы болар деп есептеді. Заңды ашық түрде бүзуға болмайтынын білген ол кіші хан (шадтан жоғары) деген шен тағайындап, оны өзінің үлына бүйыртты, ал жиенін тардуштардың, яғни түріктердің Ба- тыс қағанатының шады етіп қойды, әрі оған неғүрлым қатерлі соғыс міндеттерін өз бетінше шешуді тапсырды. Бүған қарағанда ол өз жиенінің қаза табуына қарсы бол- маған тәрізді.
Қапағанхан 716 ж. көктемінде өз жиенінің даңқа бөленгенін қызғанып, тоғуз оғуздарға қарсы әскерін өзі бастап шықты. „Күлтегін хан қосыны, яғни әйелдер мен балаларды қорғауға қалдырылды» (126, 284, 313).
Осы қолайлы сәтті күтіп түрған қарлүқтар, түріктер ордасына оқыстан шабуыл жасап, оларды қүртып жібермек болды. Әйтсе де Күлтегін батыр қарлүқтарды тас-талқан етіп жеңіп, өзін даңққа бөледі.
Алып Қапағанхан басқарған түрік әскері 716 жылы Тол өзені бойында Байырқу тайпасын күйретті. Алайда бүл қуаныш үзаққа бармады.»Бірақ осы арада тарихқа мынандай бір оқиға кірігіп кетті: жеңістен кейін үйіне қайтып келе жатқан хан өзінің күзетінен үзап, жалғыз өзі ойға бата орманнан өтіп бара жатты. Тек не дерсің, дәл осы орманда талқандалған байырқүлықтар жасырынып жүрсе керек. Жалғыз салтаттыны көрген олар сол арада бас салып, оны атынан аударып түсірген де, өлтіре салған. Ханның басы қытай елшісіне жеткізілген, ал ол оны Чань- аньге жөнелткен. Қағанаттағы көтеріліс пен Тан империя- сы арасындағы байланыс, міне, осылай ашылады.
…Хан өлген соң мүрагерлік туралы мәселе туды. Қапаған тақты иеленушіге Күшікхан, яғни „кіші хан» деген қүрметі атақ беріліп, үлкен үлын өзі тағайындаған еді. Түріктердің ескі заңы бойынша мүрагерлік тардуштар ша- ды Могилянға тиісті еді, ал түріктік „мәңгі елдің» іс жүзіндегі көсемі батыр Күлтегін болдьі.
Күлтегін әскери төңкеріс жасады: ол өзі қорғаған қонысқа өзі шабуылдады. Қолбасшылық қызмет орнын- дағы оның мирасқоры Алп Эльэтмиш көтерілісшілер жағына шығып кетіп, мүның өзі олардың жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Күшікхан мен Қапағанханның кеңесшілері түгел өлтірілді… Қапаған хан үрпағының өрбу сызығы осылайша кесіліп қалды.
Күлтегін ескі заңды бүзбады, хан атағын қабылдамады, сөйтіп, таққа Білгехан деген қүрметті атақпен өз ағасын отырғызды. Білгехан таққа өзінің сіңірген еңбегімен көтерілмегенін және өзі інісінің қолындағы қуыршақ екенін білді. Сондықтан ол оны әскерлердің әміршісі, яғни қағанаттың нақты қожасы етіп тағайындады. Барлық ақсүйектілердің арасынан тек жалғыз дана Тоныкөк қана, яғни жаңа ханның қайын атасы ғана аман қалды» .
Міне, біз айтып отырған оқиғалар тарихи оқиғалар, яғни Қапаған қағанға қатысты деректер патша сарайын- дағы Күлтегін жасаған төңкеріс билік үшін болған қанды шайқастар Йоллыггегіннің тасқа қашап жазылған дастан- дарында мүлдем айтылмайды. Өйткені „Күлтегін» жыры, „Білге қаған» жыры және „Тоныкөк» жыры өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған ресми тарих емес. Бүлар тарихи деректерге негізделген көркем туынды болып табылады.
Соның өзінде Л. Н. Гумилев Орхон жазба ес- керткіпггерін „Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Сөйтіп „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» жыр- ларында әдейі айтылмай қалған тарихи оқиғаларды танып- білу арқылы ғана оқырман осы аталған дастандардың шын мәнін, қүпия сырын пайымдай алады. „Күлтегін» жырының басты идеясы — Күлтегін батырды Түрік қағанатының қүдыретті түлғасы етіп көрсету. Ал Қапаған қаған жөніндегі шындықты айтудың өзі Күлтегіннің беделіне нүқсан келтірер еді.
„Күлтегін» жырының авторын қатты қызықтыратын нәрсе — Түрік қағанатында болып жатқан сан алуан тари- хи оқиғалар емес, „іші — ассыз, сырты — тонсыз, бейша- ра, мүсәпір халықты» Күлтегін батыр қалайша дәулетті, бақытты еткенін көркем сөз арқылы жеткізу болып табы- лады. Күлтегін батыр өзі туралы:
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым.
Төрт бүрыштағы халықты Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды .
Сонымен, көне түркілердің ежелгі шынайы тарихын оның Орхон мәтініндегі бейнелі көрінісімен салыстыра отырып, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ес- керткіпггері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Әрине, көркемдік дәрежесі мейлінше жоғары, ше- шендік сөздері мол, көріктеу қүралдары айшықты болып келетін „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» сияқты ғажайып дастандардың ғайыптан, өзінен өзі өмірге келуі мүмкін емес. Демек, бүл дастандарды жазған Йоллығтегін өзінен бүрынғы түркі поэзиясының көркем сөз дәстүрін жақсы меңгерген ақын. Басқаша айтсақ, Йоллығтегін ғұндар дәуірінің „Алып Ер Тоңа», „Оғыз қаған», „Атилла», „Шу батыр», „Көк бөрі», „Ергенекон» сияқты дастандарды үлгі түтқан. Бүл жәйтті әсіресе, осы екі дәуір дастандары арасындағы бірқатар көркемдік үқсастықтардан аңғаруға болады. Еүндар дәуірінің ауыз әдебиетінде қолданылған көріктеу қүралдары, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер кей- де Орхон жазба ескерткінггерінде де қайталанып отыра- ды.
Мүндай көркемдік дәстүр жалғастығын, әсіресе ақынның соғыс картинасын жасау жолдарынан айқын көруге болады. Мысалы, „Алып Ер Тоңа» дастанында мы- нандай жыр жолдары бар:
Жауды шөптей жапырдым,
Қанын судай сапырдым,
Өлім зәрін татырдым.
Сонда түсі қурады .
Дәл осындай картинаны „Оғыз қаған» дастанында:
Шайқас, үрыс сондай жаман болды Итіл өзенінің суы қып-қызыл сіп-сіңгірдей болды,—
деп суреттейді .
Ал, Йоллығтегін „Күлтегін» жырында бүл көріністі жетілдіріп, ширата түскен сияқты:
Қаның судай қүйылды,
Сүйегің таудай үйілді .
Жаудың қулық-сүмдығын, айла-тәсілін, кейде алтын, күміс беріп аңқау елдің жерін өзіне қаратып алу мүмкіндігін ғүндар дәуірінің жыршылары зор білгірлікпен, шеберлікпен бейнелейді:
Бір қауым боп ел келді,
Сыйға тартты ел жерді,
…Бір кез атын баптады,
Әскерлері қаптады (168, 12).
„Күлтегін» жырының авторы бүл жыр жолдарын өзінің айтатын идеясына қарай бейімдей түскен:
Тәтті сөз, асыл дүниесінен көп алданып,
Түркі халқы, қырылдың,
Түркі халқы, жойылдың .
„Күлтегін» жырында:
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты. Жаулары қойдай бопты,—
деген жыр жолдары бар.
Ал бүдан бірнеше ғасыр бүрын айтылып, ел арасында кең тараған ғүндар поэзиясында:
Жауды талай қуған-ды,
Қоршап алып қуған-ды,
Шашын талдап жүлған-ды,
Аш бөрідей батырлар,—
дейді .
Қалай болған күнде де тарихта ерлік дәуірі деп аталған ғүндар заманының ауыз әдебиеті Күлтегін, Білге қаған сияқты батырлар бейнесін жасауға өзіндік ықпал-әсерін тигізді. Әсіресе, батырдың мінген түлпарын, асынған қару- жарағын, сүйген жарын, сағынған елін, туған жердің та- биғатын суреттеу түрғысынан ғүндар заманының эпосы бертін келе қалыптасқан Түрік қағанаты дәуірінің жазба әдебиеті үшін үлгі-өнеге болды.
Ал біз өз зерттеуімізде негізінен Орхон жазба ес- керткіпггерінің, өзінен кейін пайда болған қазақтың жы- раулар поэзиясына қалай әсер еткенін талдап көрсетуге көбірек назар аудардық. Дегенмен, алдымен „Күлтегін», „Білге қаған», „Тоныкөк» жырларының көркемдік пен жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Сол арқылы Орхон жазба ескерткіштерінің қазақ жыраулары поэзия- сына қаншалықты терең әсер еткенін пайымдауға болады.
Орхон ескерткіштерінің жанрлық ерекшеліктері тура- лы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Б і р і — Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Е к і н ш і с і — руна жазуындағы бүл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Бүл екі түрлі көзқарас үзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар, т. б. арасында алуан түрлі пікірталастарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэ- зия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі — академик-жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмүны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: „Олардың мазмүнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алу- ан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар.
Тіпті сол жазулардың бір талайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жа- сына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мүнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік қүрылысында үқсастық бар» .
Бүл жазба жәдігерліктер өзінің мазмүны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге — үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталауына негізделуі түрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін И. В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ — сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мүндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.
Көне түркі жырының дыбыстық қүрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-білу үшін осы Орхон ес- керткіштерінің біріне, айталық, Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік.
Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, яғни аллитерация жырдағы үндестікті, мәнерлілікті күшейте түсетінін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, бүл әдісті шебер меңгергені анық. Мәселен, Күлтегін жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді.
Қырқыз, қүрықан, отуз татар,
Қытай, татабу қоп йағы ерміс.
Қаңым қаған бунча…
Қырық артуқ йіті йолы сүлеміс .
Аудармасы:
Қырғыз, қүрықан, отыз татар,
Қытай татабы — бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды .
Мүндай жыр жолдары қазақ жырауларында жиі кез- деседі. Доспамбет жырау (XVI ғасыр):
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып Дүшпан аттым өкінбен
Күлтегін жырында бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар түрып қайталанатын екі сөз өлең жолының басында да, ортасында да, соңында да түрып қиыса береді. Мыса- лы, Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынадай жыр жолдары жиі кездеседі:
Сучіг сабын, йумшақ ағын арып…
(Шырын сөз, асыл қазынасын беріп…)
Немесе Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуында былай делінген:
Қаңум қаған сусі бөрі тег ерміс.
(Әкем қағанның әскері бөрідей бопты) .
Дауыссыз дыбыстары қайталанып, қиысатын екі сөз өлең жолының ортасында түруы да мүмкін:
Ол өдке кул куллығ болмыс ерті.
(Ол кезде құл — қүлды болған еді)
Немесе
Чығай будунығ бай қылтым.
(Кедей халықты бай қылдым) .
Аллитерация жасалатын сөздер өлең жолының соңында да болуы ықтимал:
Түрк амты бубун беглар…
(Бүгінгі түрік халқы мен бектері…)
Немесе
Менің сабымын сымады.
(Менің сөзімді бүзбады) .
Сондай-ақ өлең жолының бас жағында және соңында түрған сөздер аллитерация жасалатын кездері де көп бо- лады:
Түпутке кічіг тегмедім.
(Тибетке сәл жетпедім).
Бөдке көрігме беглер…
(Таққа кіріптар бектер…
Кейбір өлең жолдарында бірнеше сөз немесе барлық сөз аллитерация арқылы өзара қиысып түрады:
Теңрі төпесінде түтүп.
(Тәңірі төбесіне үстап….
Көрур көзім көрмез тег
Білір білігім білмез тег болту.
(Көрер көзім көрместей,
Білгір ақылым бірместей болды) .
Осыған үқсас жыр дәстүрін XVIII ғасырда өмір сүрген жауынгер-жырау Ақтамберді де кезінде кеңінен қолданған:
Балпаң, балпаң, кім баспас,
Басарға балтыр шыдамас.
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас .
Орхон ескерткіштеріндегі үйқастықтың өзіндік ерек- шеліктері бар. Қалай болған күнде де өлеңге қойылатын негізі шарттардың бірі — тармақтағы сөз соңының үндестігі, дыбыстас естілуі болып табылады. Ежелгі түркі жырындағы ұйқас — екпінді және екпінсіз буындар үйлесімінің біркелкі қайталануы. Мысалы, Күлтегін жы- рында мынадай өлең жолдары бар.
Едгу білге кісіг
Едгу алп кісіг йорытмаз ерміс.
Бір кісі йаңылсар оғушы будыны Бірсүкіңе тегі қыдмаз ерміш (146, 26).
Осы бір шумақ өлеңнің аудармасы.
Ақылды кісілерді
Батыл кісілерді (табғаштар) қозғай
алған жоқ.
(Егер) бір кісі алданса да, (онда) руы, халқы
Түқымына дейін қалмас еді (146, 41).
Күлтегін жырында үшырайтын „үйқас» сөздер, түптеп келгенде, соңғы бунақтағы дыбыстардың өзара үндестігі, яғни аллитерация жасалуы болып табылады. Мысалы:
Бегіліг уры оғлың күл болты,
Сілік қыз оғлың күң болты.
(Бек үлдарың қүл болды,
Пәк қыздарың күң болды)
Осында үндестік, үйқас туғызып түрған элемент „болты“ (болды) деген сөз ғана емес, сонымен бірге қүл және күң деген сөздердегі қ және к дыбыстары да екенін аңғару қиын болмаса керек.
Жырдың мазмүнына нәр беріп, сыртқы түрін ажарлан- дыра түсу үшін „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» жырларында теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпи- тет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жиі қолданылады.
„Күлтегін» жырында шындықты пернелеп айту яғни оқиғаны аллегориялық әдіспен жеткізетін түстары да аз емес:
Балыкдақы тағықмыс,
Тағдақы інміс.
Аудармасы:
Қаладағылар өрлепті,
Таудағылар індепті (146, 47).
Осы екі жол жыр арқылы автор ел іші астан-кестен аласапыран болып кеткенін оқырманға пернелеп жеткізіп отыр.