Жүсіп Баласағүн және оның Құтты білік дастаны

1 декабря, 2017 15:38

Жүсіп Баласағүнның өзінен кейінгі дәуірлерде өмірге келген қазақтың қанатты сөздеріне, қазақ жыраулар поэзиясына қалай әсер еткенін талдап көрелік. Мүның өзі ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың жыраулар поэзиясы арасын- дағы көркемдік дәстүр жалғастығын айқындай түсуге мүмкіндік береді.Қазақта ертеден келе жатқан „Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген даналық сөзі бар. Ал енді осы асыл ойдың түп төркінін „Қүтты білік» дастанының төмендегідей бәйітгерінен аңғарамыз:

Тірі — өлер, ақыры жер жастанар,

Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар.

Өзің жақсы болсаң, атыңлы мақтайды,

Жаман болсаң, ей ер, сөгіп даттайды .

Жүсіп Баласағұн „Қүтты білік» дастанында білімнің қүдіреті жайында төмендегідей ой тастайды.

Ақылды — үлы, біл, білімді-білікті,

Қонса екеуі, үлы етер жігітті.

Ақыл қайда болса, улылық толады,

Білім кімде, сол білікті болады.

Ақылы болса, ер пайдасын көп көрер,

Білім білсе, әзиз тірлік өткерер .

Бұл жыр жолдары қазақтың „Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар!» деген мақалымен үндесіп жатыр.

Қазақ арасында „Басқа пәле тілден», „Аңдамай сөйле- ген ауырмай өлер» деген қанатты сөздер күні бүгінге дейін жиі айтылады. Ал мүның арғы тарихи тегін іздестірсек, он- да ойымызға „Қүтты білік» дастанындағы мынадай бәйіттер оралады:

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кететұғүн бас болар.

Тіл — арыстан есік баққан ашулы,

Сақ болмасаң жүтар, ерім, басыңды!

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын .

Қазақта тәрбие мәселесін сөз еткенде „Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген пікірді де айтады. Бүл мақалға өзек болған ойлар „Қүтты білік» дастанында қайталанып отыра- Ды.

Ақ сүтпенен бірге сіңген жақсылық,

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып,

Іште біткен қылық, парыз мойныңа,

Бірге кетер қара жердің қойнына .

Жүсіп Баласағүнның „Қүтты білігінен» тағы да бірер бәйіт оқып көрелік:

Сөзбен сөксе — тілмен ішіп қаныңды,

Сүйек сыздап, жалын қабар жаныңды.

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Сөз қалады, таяқ табы кетеді .

Жүсіп Баласағүнның осы өлең жолдарын оқыған сәтте ойымызға қазақтың „Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» де- ген мақалы орала кетеді.

Бүл сияқты мысалдарды „Қүтты білік» дастанынан көптеп келтіруге болады. Мүндай дидактикалық сарында айтылатын ой-пікірлердің қайнар-бастаулары ақын Жүсіп

Баласағун өмір сүрген XI ғасырдан да бұрынғы, Көк түріктер заманында жатқанын ескергеніміз жөн.

Түйіндеп айтсақ, дидактикалық сарында айтылатын қазақ жырауларының толғау-жырлары өзінің ішкі та- биғаты жағынан ежелгі мақал-мәтелдерге және шешендік сөздерге мейлінше жақын болып сол қанатты сөздерден туындап жатады. Жалпы, ма қал-мәтелдер мен шешендік сөздер толғау жанрының жанды өзегін қүрайтын басты элементтер болып табылады. Қазіргі қазақ тілі үшін үйреншікті нормаға айналып кеткен қанатты сөздер, фра- зеологиялық тіркестер „Қүтты білік» дастанында жиі үшы- райды.

Жүсіп Баласағүнның „Қүтты білік» дастанында адам өмірінің қиын қыстау өткелдері — жастық шақтың қызығы мен кәріліктің азабы өзекті мәселе ретінде жыр- ланады.

Қайран жастық, қайран отты күндерім,

Түта алмадым, қадіріңді білмедім!

Жігіт дәурен, оралшы бір қүстайын,

Бүлде жауып, алақанда үстайын!

Беу жігіттік, қайда жолың, түрағың?

Таба алмадым сарсылдым сан, сүрадым .

Адам жасьгаың түрлі кезеңдерін шешендік сөздермен бейнелеп айту Шал (Тілеуке Қүлекеүлы) ақынның жырла- рында жиі үшырайды.

Он бестегі жасым-ай,

Жарға ойнаған лақтай,

Жиырмадағы жасым-ай,

Көлге біткен қүрақтай,

Отыздағы жасым-ай,

Таудан аққан бүлақтай .

Жүсіп Баласағүн кәрілік туралы айта келіп:

Көшер бір күн жігіттік жағалатпай,

Кетер тастап тіршілік қазанаттай.

Бар болса жастық шақтың қайрат-күші,

Қадыр түт түрсын оттай жайнап түсі.

Елу жасым мені де қүрсауға алды,

Қарға түстес басымды қырау шалды.

Ежелгі туркі поэзиясының бұл жыр жолдары араға тоғыз жүз жылдай уақыт салып барып қана қазақтың Шал ақыны толғауларынан өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқан сияқты:

Кәрілік қартайғанда бастан келер,

Ағарып, басыңдағы шаштан келер,

Жасыңда қандай көркем болсаң-дағы,

Қыржиған қабақ, маңдай, қастан келер.

Болсаң да ханнан сүлу жаста бүрын.

Салатын көрген адам көздің қырын,

Қайран жас, қара шаш пен қалам қастың Өзгертіп бүл кәрілік алар сүрын.

Шалыңның екі көзі жайнап жатыр,

Кеудемде нәпсі шіркін қайнап жатыр,

Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ.

Қайтейін, кәрілік шіркін байлап жатыр.

Өз дәуірінің кемеңгер ойшылы Жүсіп Баласағүн за- манның өткінші екенін, дос-жаранның опасыздығын, олар- дан көңілі қалғанын „Қүтты білік» дастанында жырға қосады:

Бауырмал жан таппадым мен аралап Қатігезді қайтем, жанды жаралап!

Кімді өзіме жақын балап, қарасам,

Албасты боп шықты, қалай жанасам?!

Кімді сүйіп, жақын тартсам жаныма,

Жапа қылды, кімді сүйем тағы да.

Жүсіп Баласағүнның осы даналық ойын үлы Абай үштай түсті:

Көңілім қалды достан да, дүшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз жарым болмаса анда-санда .

Ал, Жүсіп Баласағұнның өзі өмір сүрген заманның қүбылмалы көріністері жайлы айтқан ой-пікірлері Бүхар жырау толғауларынан өз көрінісін тапты:

Ай, заман-ай, заман-ай,

Түсті мынау түман-ай,

Істің бәрі күман-ай.

Баспақтана жиылып,

Фана болған заман-ай.

Қүл-қүтандар жиылып,

Қүда болған заман-ай.

Арғымағын жоғалтып,

Тай жүгірткен заман-ай.

…Арғымақтың жалы жоқ Жабылар жалыменен теңелер,

Жақсылардың малы жоқ —

Жамандар малыменен теңелер .

Бүхар жыраудың заман жайлы тағы бір толғауына на- зар аударайық:

Ай не болар күннен соң Күн не болар айдан соң,

Қүлпырып түрған бәйшешек Қурай болар солған соң.

Хандар киген қамқа тон Шүберек болар тозған соң,

…Қиғаштап қасын қараған,

Күлгенде күрек тісі қасқайған,

Қынай да белін буынған

Ол не болар ерден соң.

Ежелгі дәуірдің бірқатар поэтикалық оралымдары, айшықты сөздері, көріктеу қүралдары қазақ жыраулары- на үлгі өнеге болған сияқты. Мәселен, Жүсіп Баласағүн:

Кісі көңілі түпсіз теңіз, ойласаң,

Білім — інжу, түбінде — анық, қойма сан.

Кісі інжуді шығармаса теңізден,

Тас не, інжу не пайдасы не тегінде?!

Дейді .

Ал, Асан Қайғы өзінің бір философиялық толғауында:

Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады —

дер жырлайды.

Билік үшін өзара бақталас күреске түскен бектердің жанжалы түптеп келгенде қарапайым халықтың жағдайын ауырлатып жіберетіні, сол үшін елді қашанда білімді, ақыл-парасаты мол, халықтың қамын ойлайтын бектер басқару қажеттігін Жүсіп Баласағүн өз дастанын- да жан-жақты дәлелдеп шыққан деуге болады:

Бек халықты тек білікпен сендірер,

Барлығында ақылына жеңдірер.

Бек дегенің білікпенен берік түр,

Білік кетсе, бек қалады — желік қүр…

Халыққа алып үлдар керек саспайтын,

Үлы істерде үлы жорық бастайтын .

Жүсіп Баласағүнның осы дидактикалық ой толғамы Үмбетей жыраудың төмендегі жыр жолдарынан өз үндестігін тапқан сияқты:

Бай болмаған бай болса —

Жайламаған сай болмас,

Би болмаған би болса,—

Айтылмаған сөз қоймас,

Хан болмаған хан болса —

Қанамаған ел қоймас .

Барлық жырауларға тән қасиет — ел басқарған хандар мен сүлтандардың іс-әрекетіне, мінез-қүлқына өздері өмір сүріп отырған дәуірдің моральдық-этикалық нормасы түрғысынан баға беру болып табылады. Бір қызығы — қазақ жыраулары ел басқарған әкімдерді жүрт иесі деп танып, бүкіл елдің тағдырын жеке адамның ой-санасына, көңіл-күйіне, мінез-қүлқына байланысты түрде алып қарайды.

Мәселен, қажыға кетіп бара жатқан Би Темірді сапа- рынан тоқтату үшін Шалкиіз жырау:

Жүк тиесең кетерсің,

Ниет етсең жетерсің,

Жетсең тауап етерсің,—

Етектеп жиған көп халқың,

Сүлтан ием, кімге асмар етерсің!..—

дейді .

Жүсіп Баласағүн „Қүтты білік» дастанында ел басқарған әкімдердің қара қылды қақ жаратындай әділ, өз халқына адал болуын, ашкөздік тәрізді мінез-қүлыққа жол бермеуін талап етеді:

Ашкөзденбе, үятты ойла, адал бол,

Ашық айтып, әділ іске жарар бол!

Мешкей тынып, сүғанақ көз қояр ма!?

Ашкөзділер жаһанды жеп, тояр ма?!

Барлық аштар, жесе ақыры тояды,

Сүғанақ көз, тек көрінде қояды

Міне, сол себепті Бүқар жырау өз толғауларында үш жүздің басын қүраған, Абылайды билік айтатын, жетім, жесірдің ақысын жемейтін, қазақ елін билеуге лайықты хан деп жырлайды:

Алтын тақтың үстінде,

Үш жүздің басын қүрадың.

Жетім менен жесірге,

Ешбір жаман қылмадың.

Әділетпенен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіңіз

„Қүтты білік» дастаны негізінен төрт принципке қүры- лып жазылғанын жоғарыда айттық. Олар: әділдік, бақ- дәулет, ақыл-парасат, қанағат.

Қазақ жыраулары да бүқара халыққа дүрыс билік жүргізіп, елдің ішкі ынтымақ-бірлігін сақтау үшін билердің әділ болуын талап етеді. Мәселен, Үмбетей жырау, „тура биде туған жоқ» деп әділ үкім шығарған дана билерді ел қорғаған ержүрек батырлармен тең санаған. Үмбетей жы- рау „Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында:

Аруағына болысқан,

Әділ билік қылысқан.

Қашпаған қандай үрыстан Кейде батыр Жәнібек,

Қаз дауысты Қазыбек,

Қу дауысты Қүттыбай,

Қара керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбей —

Абылай сенің түсыңда Сол бесеуі болыпты-ай дейді (125, 7 7—7 8).

Сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан әдеби дәстүр жалғастығы мазмүндық және модельдік бірліктің қатар сақталуына негізделеді. Әдетте көне түркі поэзиясында есімшенің -ған, -мьпн формалары басым болып келеді, әрі үйқасып түрған сөздер етістік (баяндауыш) қызметін атқарады. Мәселен, М. Қашқари (XI ғасыр) „Сөздігінде» мынандай жыр жолдары бар:

Ерді ашып татурған Иавлық йағығ қатарған,

Бойынан тутуп ңазырған Басты өлім ағтару.

Дәл осындай жыр үлгісі XIX ғасырдағы қазақ ақындарының поэзиясына да тән деуге болады:

Садағына сары жебе салдырған,

Садағының кірісін Сары алтынға малдырған,

Тереңнен көзін ойдырған

Махамбет

Орынсызды айтпаған,

Түзу жолдан қайтпаған,

Жақсылық қылар орында Аянып бойын тартпаған

Абай

Көп ғасырлық тарихы бар мүндай дәстүр жалғастығын ежелгі түркі поэзиясының ең үздік үлгісі саналатын Жүсіп Баласағүнның (XI ғасыр) „Қүтты білік» дастаны мен қазақ жырауларының (XV—XVIII ғасырлар) жыр-толғауларын өзара салыстыра отырып айқын көреміз.

Бүл дастан ежелгі түркі поэзиясын мейілінше толық бейнелейтін, типтік туынды деуге болады. Оның үстіне, „Қүтты білік» дастанындағы әлеуметтік-дидактикалық са- рындар қазақ жыраулары поэзиясында қайталанып, мазмүн жағынан да, формасы түрғысынан да кемелдене түседі. Ал, мүның өзі кездейсоқ жәйт емес, қоғамдық сананың даму заңдылығынан туған қүбылыс деп білуіміз керек.

Есімі әлемге мәшһүр ақын Жүсіп Баласағұнның дана- лық ой-пікірге қүрылған ғажайып туындысы мен қазақ жыраулары поэзиясы арасындағы дәстүрлі байланыстың өзіндік тарихы бар.

„Құтты білік»— өз дәуірінің адамгершілік принциптері мен этикалық нормаларының бейне бір кодексі іспеттес

 

шығарма саналған. Мұнда ақын әділдік, ақыл-парасат, бақ-дәулет, қанағат-ынсап туралы ой толғайды. Сондай-ақ адамгершілік, оқу-білім, тәлім-тәрбие, әдептілік хақында өсиет-ғибрат жасайды.

Ең бастысы — кезінде „Құтты білік» дастанын мемле- кетті басқару жөніндегі заң ережелер жинағы деп те та- ныған. Өйткені мұнда ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы тұрғысынан жырланған.

Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан та- рихи кезеңде дәл осындай қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. Олар қалың бұқара ха- лық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару принциптері, тағы басқалар.

Міне, сол себепті Қазақ хандығы тұсындағы жыраулар бұл мәселелердің шешуін ежелгі түркі поэзиясынан, X— XII ғасырларда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Ахмед Иүгінеки, Ахмет Иассауи сияқты ақыл-ой алыптарының туындыларынан іздестіреді. Бул қоғамдық дамудың заңды қубылысы еді. Әрине, қазақ жыраулары ежелгі тарихтан дәріс алумен шектеліп қалған жоқ. Олар дидактикалық сарындағы әдебиеті мазмұндық, тілдік, стильдік жағынан жетілдіре түсті. Сондай-ақ қазақ жыраулары (XV—XVIII ғасырлар) кезінде дидактикалық сарында айтылған гума- нистік, философиялық ой-пікірлерді қоғамдық дамудың жаңа асқар биігіне шарықтатып шығарды. Олар өздерінен бұрынғы Жүсіп Баласағұн, Ахмед Иүгінеки, Ахмет Иас- сауи көтерген тақырыптарды идеялық мазмүны жағынан мейлінше жоғары дәрежеге көтерді.

Қазақ жыраулары туркі дәуірінің шайырларына қарағанда елдің қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсендірек қатысып отырды. Сонымен бірге, қазақ жыраулары өздерінің дидактикалық сарындағы ой-пікірлерін абст- ракті түрде емес, нақтылап айқындап жеке бір адамға яки бір құбылысқа арнап айтты. Бүлар хандық дәуірдегі жеке адам мен отбасы, отбасы мен қоғам, қарапайым халық пен ел билеген әкімдер арасындағы қарым-қатынасты өздері өмір сүріп отырған дәуірдің адамгершілік нормала- рын, моралін, этикасын өз толғауларына өзек ете білді.

Соның өзінде, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар сияқты аса дарынды жыраулар ше- шендік-дидактикалық сарынға құрылған поэзия үлгілерін қазақ қауымының наным-сеніміне лайықты формаға енгізіп жетілдіре түсті.

Сөйтіп, XV—XVIII ғасырларда қазақ жырауларының

поэзиясы дидактикалық сарындағы түркі әдебиетінің жалғасы ғана емес, сонымен бірге, қазақтың өзіндік төл әдебиетінің бастауы да еді. „Ол кезде нағыз үлы жыраулар бүкіл қазақ атынан сол халықтың ортақ мүддесін айтты, олардың бүгінгі күнін, күйін тербете толғап, келешегіне өсиет-сәуегей сөзін арнады. Олар осы сәтте ортақ мүддеге қайшы келген хан мен қара мінезін қатар сөзге іліп, еын- ескертпесін алаламай айтты, оларды ынтымақ мәмілеге шақыра сөйледі, өзінің түйген ойына хан-қарасын бірдей жетелеп әкеліп отырды» (173, 33).

Орта ғасырдағы түркі шайырлары өздерінің дидактика- лық сарындағы уағыз-өсиеттерін жалпылама қауымға ар- нап, абстракті түрде айтса, ал енді қазақ жыраулары өздерінің сын-ескертпелерін, ғибрат сөздерін белгілі бір бектерге, билерге, сүлтандарға, төрелерге, хандарға ес- кертпе ретінде арнап толғады.

Демек, XV—XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ жы- раулары өздеріне дейінгі нақылды, тақпақты, үгіт-насихат, уағыз айту түріндегі шешендік-дидактикалық поэзияны мазмүны мен формасы түрғысынан жетілдірді. Олар өздері өмір сүріп отырған қоғамның саналуан аса күрделі мәселелеріне өз толғаулары арқылы белсенді түрде қатыса отырып, поэзияны бүқара халықтың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын күшке айналдырды.

Қорыта айтқанда, Қарахан мемлекеті түсында, дәлірек айтсақ X—XII ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық сарындағы әдебиет Қазақ хандығы тұсында (XV—XIX ғасырлар) жыраулар поэзиясы арқылы өзінің тарихи, әлеуметтік, көркемдік дәстүр жалғастығын тапты

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля