Жастар ортасындағы нашақорлық, себептері салдары

14 мая, 2018 14:38

Жоспары

  1. Нашақорлық ұғымы себептері, факторлары, салдары, белгілері
  2. Нашақорлықтың алдын-алу шаралары

І.Нашақорлык ұғымы себептері, факторлары, салдары, белгілері

Нашақорлык-наркомания (грек тілінен пагке — мелшию және тапіа — ессіздік, кұтырыну) — есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Бұның нәтижесінде есірткілерді тұтыну ауруды («ломканы») азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға кұштарлық нашақорлық деп аталады. Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.

Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға карсы кояды, олардың болашағы жок. Нашакорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.

Наркотизм — бұл халыктың кейбір бөлігінің есірткілік заттарды тұтынатынын және тиісті салдарын көрсететін әлеуметтік көрініс. «Нашақорлық» деген сөз есірткілерді тұтынушының жеке басының жәй- күйімен катар, есірткілерді көпшілікпен қолдануды білдіреді.

Нашақорлықтын себептері. Балалар мен жасөспірімдердің девианттык тәртіп формалары тәрізді нашақорлыктың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардын бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай кол жеткізу, жасөспірімдердің бос уакытын өткізу мен колы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сиякты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер коғамдык орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады.

Наркотизацияның маңызды факторлары болып табылады: жеке бастың психологиялык ерекшеліктері, жасы үлкен немесе беделді құрбыларға еліктеу, теріс көңіл-күй күйзелістерін залалсыздандыруға талпыну, жеке тұлғаның нормадан ауытқу белгілері, «ерегісу» наразылык реакциясы, психологиялык корғаныс пен кұндылык тосқауылының төмендігі, психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу және олардың адам организміне әсері туралы халыктың хабардылық деңгейінің төмендігі. Сондай-ақ кейбір социологтар жасөспірімдер арасында нашақорлар санының көбеюін жастардын бос уакыты үйымдастырмаумен байланысты, олар бос уакыт мазмұнды өткізумен канағаттанбайды да, есірткілерді пайдаланады дейді. Ал басқа социологтар нашақорлықты өмірлік сәтсіздіктермен (кедейлік, жұмыссыздық дискриминация және т.б.) байланысты дейді, сөйтіп есірткілерді тұтыну әлеуметтік және психологиялык патологиялармен катар,тұлғалардың жеке басындағы қолайсыздықтардан: сексуалдық аумақтағы, отбасындағы, еңбек нарығындағы жайсыздыктардан туындайды деген болжам айтылады.

Нақты қандай индивидтердің есірткі тұтынуға бейімділігін аныктау үшін ғалымдар нашақорлардың отбасын, мәдени ортасын, сондай-ақ өмірлерінің әлеуметтік факторларын зерттеуде.

Нашақорлық салдары. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлык тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазакстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байкалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретіндерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.

Біріккен ¥лттар Ұйымының (Б¥¥) есірткілер мен қылмыс бойынша Басқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда тэжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді салына тұтынады және 25 млн. адам есірткілерге тәуелділіктен зардап шегеді. Нашақорлык таралуының кауіпі оның кайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты оның медициналык және әлеуметтік салдарының маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық істер, кайғылы окиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер мен өзі өзіне қол жұмсаулар саны тікелей байланысты.

Нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор аукымды ұлттык мәселеге айналды. Соңғы сараптамалык бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «кар көшкіні» сияқты нашақорлыктың қарқынын үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға 13-15 адамды камтиды. Соңғы жылдары нашақорлар АҚТҚ-инфекциясын (ВИЧ-инфекция) жұқтырудың негізгі себебі болуына байланысты, нашақорлық мәселесіне ерекше назар аударудың маңызы зор.

Нашақорлык көптеген түрлі қылмыстарға итермелейді. Есірткілерге деген сұраныс оны коммерциялық сатуға тыйым салу жағдайында жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияны туғызады. Есірткілерді тарату мен нашақорлар кызметіне байланысты басқа да қылмыс түрлері көбеюде. Егер есірткілік заттарды тәуліктік кабылдауға нашақордың кажеттілігі аса жоғары болса, бұл жағдайда кезекті дозаға ақша табу үшін, нашақор кез келген қылмысқа баруы мүмкін. Ол қоғаммен байланысты жоғалтады, сондықтан қылмыс істеуге әркашан дайын. Нашақорлықтың салдарын бағалауда күрделі есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын ескерген жөн. Өлімге әкелетін күрделі есірткілер аса қауіпті, Жеңіл есірткілердің зиянын түтынуға рұксат етілген алкогольдік және темекі өнімдерінің салдарымен салыстыруға болады.

Есірткілерді кабылдаудың белгілері. Бұл белгілерді білу арқылы, Сіз балаңыздың кандай есірткіні қолданатынын білуіңізге болады.

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:

  • терісінің ағаруы;
  • ұйкысының бұзылуы (мүлдем ұйыктамау немесе тым ұзақ үйықтау)
  • тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
  • сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
  • көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
  • баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
  • козғалу координациясының бұзылуы.

Бала тәртібінде келесі өзгерістер байкалады:

  • жан жағындағы оқиғаларға бейтараптык;
  • үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;
  • есте сактау кабылетінің төмендеуі;
  • сынағанды көтере алмау;
  • себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;
  • ақша сүрау, ақшаның жоқтығына көнбеу;
  • үйден бағалы заттар, киім мен акшаның жоғалуы;
  • белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу;

Кейбір «дәлелдер»:

  • денесінің кез келген жерінде, әсіресе білегінде тамырға жасалған инъекциялардың «көгерген» іздерінің болуы;
  • белгісіз сұйықтар кұйылған құтылардың, таблеткалардың, резеңке бұраулардың, инелердің, капсулалардың, шприцтердің болуы

Есірткілерге тәуелділік ұйқы бұзылуымен (мүлдем үйықтамау немесе тым ұзак үйыктау), бұлшықет, буындар сырқырауымен, артериалдық қан кысымының бұзылуымен, үнемі шөлдеумен, жыныстық әлуеттің төмендеуімен, етеккір циклының бұзылуымен, арықтаумен, дене салмағының бұзылуымен организмнің қорғаныш қасиеттерінің төмендеуімен ерекшеленеді.

Казакстандағы ахуал. Бүгінгі күні есірткілерді тарату мен тұтынуға байланысты Казакстандағы ахуал кәзіргі заманғы қоғамның әлеуметтік келеңсіз көріністеріне тез және жиі ұшырағыш кәмілетке толмағандардың, балалар мен жасөспірімдердің өміріне төнген нақты қатер болуда.

ҚР ДСМ нашақорлықтың медико-әлеуметтік ғылыми-практикалык Республикалык орталығының деректері бойынша 2008 жылмен салыстырганда 2009 жылы психоактивті заттарды тұтынудан туындаған психикалык және тәртіптік бұзылыстар диагнозы алғаш анықталған тұлғалар саны 61 396 адамнан 60 609 адамга (100 мың халық санына 390,4-тен 381,5-ке дейін) азайды. Бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары Алматы каласында (1351,1), Шығыс Қазакстан обл. (649,7), Атырау обл. (438,7), Қарағанды обл. (432,7), Павлодар обл. (424,9), Қызылорда обл. (354,0), Солтүстік Қазақстан обл. (336,2) жэне Астана қаласында (333,0). Анықтаудың төмен көрсеткіштері Қостанай обл. (251,0), Батыс Қазакстан обл. (229,7), Оңтүстік Қазакстан обл. (176,3), Жамбыл обл. (172,4), Ақтөбе обл. (151,7), Маңғыстау обл. (132,9), әсіресе Алматы облысында (89,1).

Нашақорлықтың медико-әлеуметтік проблемалары Республикалык ғылыми-практикалық орталығының деректері бойынша Қазакстанда жасөспірімдер арасында нашақорлыққа бастапқы шалдығу 2009 жылы 100 мың тұрғын халыққа 564,2 кұрады, атап айтқанда 2008 жылмен салыстырғанда (100 мың тұрғын халыкка 473,6) 20% өсті. Алкогольдік, седативтік және ұйықтататын заттарды, стимуляторларды, темекіні, сондай-ақ олардың коспаларынан туындайтын тәуелділік өскені байкалады. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыктың ең жоғары көрсеткіші Алматы каласында анықталды (100 мың жасөспірімге 2320,6).

Сонымен қатар, нашақорлыққа шалдығу балалар арасында 20% төмендеді және 2009 жылы 100 мың халық санына 13,5 құрады (2008 жылы — 14,9).

  1. Нашақорлықтын алдын-алу шаралары

Қазақстанда нашақорлықты жеңу бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі: есірткілерді еліміздің аумағына жасырын әкелуді болдырмау; есірткілерді таратуға және қолдануға тыйым салу; есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу. Өскелең ұрпак арасында жеке басының психологиялык киындыктарын және өмір проблемаларын өз бетімен шеше алатын, психоактивті заттарды, оның ішінде есірткілерді қабылдауды кажет етпейтін, психикасының саулығын, жан-жакты дамуды тәрбиелеуге ыкпал ететін профилактикалық жұмыс басымды бағыт ретінде мойындалды.

Нашақорлыктың алдын алу бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттык Орталығының кызметі:

Есірткілерді тұтынуды қысқартуға ыкпал ету Бағдарламасы 2007 жылдың 21 желтоқсанында Үкіметтің №1260 қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір салты» Бағдарламасының өмір салты факторларының колайсыз ыкпалын болдырмау басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мақсатты топтар: бүкіл халық, ерекше назар балаларға, жасөспірімдер мен жастарға аударылады.

Іс-әрекеттердің негізгі бағыттары:

  • Білім беру жүйесінде профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу аркылы есірткілер мен психоактивті заттарды тұтынуга байланысты, олардың зияны және салдары туралы балалар, жасөспірімдер мен жастардың хабардылық деңгейін арттыру;
  • Нашақорлықтың алдын алу бойынша бұқаралық ақпарат кұралдарын (БАҚ) кеңінен пайдалану;
  • Волонтерлік қозғалысыт әрі карай жетілдіру;
  • Кең ауқымды акциялар өткізу;
  • Әдістемелік және акпараттық-оқыту материалдарын әзірлеу;
  • Балалар, жасөспірімдер мен жастарда есірткілерді тұтынудан бас тартуға және оның келеңсіз көріністеріне қарсы тұруға мүмкіндік беретін дағдылар калыптастыру.
  • Интерактивті окыту негізінде өз денсаулығына, дұрыс шешім кабылдау мен тәртібіне жеке жауапкершілік калыптастыру.
  • «Тең-теңге» принципі бойынша волонтерлерді, педагогтарды окыту( жастарға арналған семинар-тренингтер өткізу;
  • Балалар, жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында кол жетімді балалар клубтарын, үйірмелер, секциялар, аула клубтарын, жазғы лагерлер жұмысын ұйымдастыруды камтамасыз ету; • Пара — пар козғалыстар дамыту (велосипед козғалысы, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.);
  • Балалар, жасөспірімдер мен жастарды қамтумен акциялар (диспуттарі пікірталастар, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарды қатыстырумен теле- және радиохабарлар өткізу, сазды және мәдени көпшілікке арналған іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;
  • Наркологиялық орталықтар, психологиялық көмек көрсету диспансерлері базасында ата-аналар үшін сабақтар, семинарлар өткізу, нашақорлықтың алдын алу бойынша отбасылық кеңес беру пункттерін ұйымдастыру;
  • Барлык мүдделі құрылымдардың өзара ыкпалдастық кызметін, сектораралық бірлескен жұмысты күшейтумен, жастардың есірткілерден бас тартуына бағытталған жастар мәдениетін қапыптастыруға ықпал ету;
  • Балалар, жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік колдау жүйесін дамыту;
  • Жастарға арналған денсаулық, кұпия кеңестер беру орталықтарын құру және дамыту, «сенім» телефондары жұмысын жетілдіру.

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардын қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.

Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстык шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, франция және баска да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазакстан -2030: Барлқ Қазақстандықтардың әл- ауқатының артуы, кауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін катаң жазалау қажет           »

Есірткі — ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан — оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында — оның «көмегімен» киылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік кұкықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында кабылданды.

Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін кылмыстык жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.

Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстык санкциялар колданылуы мүмкін: аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін — 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін — 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін — 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін — 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай- ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін — 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін — 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін — 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасйан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі кылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір кұрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.

Нашақорлыққа байланысты шараларды төмендегідей бөлуге болады:

  • Алдын-алу, ескерту;
  • Емдік-реабилитациялық;
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • Занды.

Нашақорлықтын алдын-алуына байланысты бірнеше модельдер бар: Морализация моделі — діни қағидаттарға қайшы келетін, есеңгіреудің күнәлілігі мен өнегесіздігін дәлелдеу негізінде кұрылған

Қорқыту моделі — есірткіні қолданудың кауіптілігі идеясын қолдану; негізінде құрылған.

Танымдық модель — есірткінің әсері мен оны қолданудағы қауіптілік туралы объективті ақпарат беруді ұсынады.

Мінез-құлык моделі — әлеуметтік трениниг арқылы қиын жағдайларды  карым-қатынас проблемаларын женуге бағытталған шешімдерді қабылдау дағдыларын үйретеді.

Аффектілі — ағарту моделі шеңберінде білім алумен қатар, есірткіні қолдануға деген сенім, бағалау, эмоционалды қатынастар қалыптасаы, әлеуетті қолданушылар мен өзін құрметтеу сезімін, есірткіге орын жоқ жеке құндылықтардың жүйесін калыптастыру бойынша жүмыстар жүргізіледі.

Денсаулықты нығайту моделі денсаулыққа зиян келтіретін мінездерге кедергі жасайтын есірткінің орнын «ауыстыратын альтернативті дағдылардың дамуын (спорт, бос уакытты белсенді ұйымдастыру, салауатты өмір салты. еңбек тәртібі және т.б.) қолдайды.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля