7 декабря, 2017 15:54
Қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей қатысты түркі жазба ес- керткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадурханның ерекше орын алды. Бүл шежіре тоғыз тараудан түрады. Шежіренің 1 —2 тарауларында Адам-атадан бастап, Шыңғысханға дейінгі оқиғалар, ал 3—5 тарауларында әлем әміршісінің Шағатай және Төле деген үлдарының Мауараннахр, Моңғолстан, Иран және Қашқария жерінде билік жүргізуі, 7—8 тарау- ларында Жошы балаларының Дешті Қыпшақтағы әкімшілік істері, қазақ хандары, шешендері мен ақындары туралы әңгіме болады. Автор қара сөздің өзін бейне бір үзақ жыр-толғау секілді ырғақпен, үйқаспен айтады. Мәселен: „Меңліхан тағы бир неша иллар ет жеп, кимиз ішіп, айдай, күндей сулулани қүшып, сынаптай йорғаларни мініп, көңлі тиген иерлерге учиб, ол дүниеге кетті.»
„Түріктер шежіресі» күні бүгінге дейін тек тарихи мүра
ретінде ғана қаралып келеді. Ал, кезінде ол өз дәуірінің көркем туындысы саналған. Демек, Әбілғазы шежіресінің қазак, әдебиеті тарихынан алатын өзіндік орны бар.
Бул шежіре өткен ғасырдың өзінде-ақ неміс тіліне, немісшеден француз тіліне, одан ағылшын тіліне аудары- лып басылып шықты.
Әбілғазының бүл еңбегі туралы белгілі ғалымдар А. Н. Ко- нонов және С. И. Иванов зерттеулері жарық көрді.[2] Ал, қазақ тілі мамандары Ғ. Айдаров пен Б. Әбілқасымов „Шежіре-и түрік» кітабының зерттелу тарихына шолу жа- сап, ондағы түрақты сөз тіркестерін тілдік түрғыдан талда- ды.
Қадырғали Жалайыри — қазақтың ғүлама тарихшысы, дарынды қаламгер, қоғам қайраткері. Ол XVI ғасырдың екінші жартысы, XVII ғасырдың басында өмір сүріп еңбек еткен.
Қазақ тілі тарихы мен қазақ әдебиеті тарихын танып- білуде баға жетпес жазба ескерткіштердің бірі — Қадырғали Жалайыридың „Жамиғ-ат-тауарих» («ІІІежірелер жинағы”) атты шығармасы. Бүл шежіре 1602 жылы Россияда жазылғаны мәлім. Мүнда XIV—XVI ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, бірқатар қазақ ханда- рының генеалогиясы, сахарадағы саяси-әлеуметтік оқиғалар айтылады.
„Қадырғалидің «Шежірелер жинағын» мазмүны, қүрылымы жағынан алып қарағанда, шартты түрде үш бөлімге жіктеуге болады.
- Ресей патшасы Борис Годуновқа арнау.
- „Джами ат-тауарих» атты Рашид-ад-диннің еңбегі негізінде жазылған тарих.
- Орыс ханнан Ораз-Мүхаммед сүлтанға дейінгі Шыңғыс әулеті үрпақтарының шежіресі.
Қадырғали Жалайыридың еңбегінің негізгі желісі — Ораз-Мүхаммед. Қадырғалидың шежіре жазудағы басты мақсаты да осы болуға тиісті»
„Жамиғ-ат-тауарих» өз дәуірінің дәстүрі бойынша сол кездегі әдеби түркі тілінде жазылды. Соның өзінде, автор қазақ тілінің зор мүмкіндіктерін, ғажайып теңеулерін, айшықты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерін, нақыл-
ғакдая сөздерін кеңінен пайдаланған. Мүның өзі көркем проза үлгісіндегі шығарма ретінде танылған.
Қадырғали Жалайыри шығармасының көркемдік дәрежесін, әдеби қүнын дәлелдеу үшін шежіреден бір ғана мысал келтірейік. „Жамиға-ат-тауарихта» орыс пат- шасы Борис Годуновқа арналған мынадай мадақтау жол- дары бар. „Жумләт алькристиан падшаһ хазратлари Барис Федурауч улүғ ақ хан дур… айналасы алты хан, тегүрәгі төрт хан, дүнианың төрт бурчын биләгән хан, халайқын адллік білән сургән хан, иәтім ләр гә рахим қылып, чығай лар на тойдырған хан, қыш уа йаз, ай уа йыл хазина да бар рмалын хақ йолында ихсан қылған хан, йеті иқлым кәшур ны алған хан.[3]»
Міне, осы мадақтау өзінің композициялық қүрылымы түрғысынан сол кездегі жыраулар поэзиясын еске түсіреді. Мүнда қара сөздің өзі бейне бір жыр-толғау секілді ырғақты, үйқасты болып келеді. Автор белгілі бір сөздерді немесе тұтас сөз тіркестерін рефран ретінде бірнеше рет қайталап айту арқылы осы үғымдарға оқушы назарын көбірек аударып отырады.
Бүл секілді сөз қайталау әдісін кезінде қазақ жырау- лары жиі қолданған. Мәселен, Қазтуған Сүйінішүлы (XV ғасыр) өзінің бір толғауында „туған жер“ деген мағынада қолданылған „жүрт» сөзіне ерекше екпін беріп, қайталап отырады:
Алаң да алаң, алаң жүрт,
Ағала ордам қонған жүрт.
Атамыз біздің бү Сүйініш,
Күйеу болып барған жүрт.
Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жүрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жүрт. Кіндігімді кескен жүрт,
Кір-қоңымды жуған жүрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жүрт
Орта ғасырда сол заманның ортақ әдеби тілі болған шағатай тілінде жазылған „Шежірелер жинағы» қазіргі түркі тілдерінің қайсысына жақын түр деген сауал туады. Белгілі тіл маманы Р. Сыздықова „Жамиғ-ат-тауарихты» тілдік тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттей келіп, „Қадырғали Жалайыридың ана тілі қазақ тілі болды, оның «Шежіресінде» тұрақты тіркестерді пайдалану саласында қазақ тілінің элементтері едәуір орын алды» деген қорытынды жасайды