„Салар Қазанның үйін жау шапқаны туралы»

7 декабря, 2017 19:19

 

Жырда көне түркілердің Көк Тәңірісіне табы- ну, көк бөріні киелі санап, тотем түтыну көріністері бар. Мәселен, жырда Салар Қазанның ел-жүртын өзі жоқта жау шауып кетеді де, батыр сол жауды іздеп жолға шығады. Салар Қазанның алдынан көк бөрі шыға келеді. Сонда батыр оған қарап: О, көк бөрі! „Кеш түсіп қараңғы басталған соң, сенің күнің туады. Қар мен жаңбыр саған бір есеп, батарсың. Қаба жал айғырларды сен қорқытып кісінетесің, қызыл бүйра нарлар сені көрсе, шошынып боздайды. Менің ордамды шауып әкеткен кім, білесің бе? ТТІын айтсаң, саған қара басымды берейін, көк бөрім» дейді 

Ал ғүндар дәуірінің мүрасы саналатын „Оғыз қаған» дастанында батырдың әскерін қиын қыстау жорықтарда көк бөрі бастап жүретінін жоғарыда айттық. Демек, „Салар Қазанның үйін жау шапқаны туралы» жыр мен „Оғыз қаған» дастаны бір дәуірдің, бір наным-сенімнің туындысы болып табылады.

Салар Қазан — «Қорқыт ата кітабының» басты қаһарманы. „Оғыз-наме» жырының суреттеуі бойынша, алып батыр Қазан — Қорқыт атаның замандасы. Ол оғыз- қыпшақтардың үлы қорғанышы Баяндыр ханның күйеу баласы, „таулы қүстың үрпағы, Түркістанның тірегі, Қарашақ таудың қабыланы, Қоңыраттың иесі, хан Ораз- дың атасы…»

Белгілі тарихшы Әбілғазының айтуынша, Қазанбектің жақсы көретін, әрі ордасының көп түрған жері, батырдың сиынып, ас-садақа беретін орны — Қазықүрт тауы болған. Ескі аңыздар бойынша, осы тауда ерте кезде үлы адамдар түрған киелі үңгір болған екен. Батырлар осында „Алтын қабақ» атысқан. Ақындар домбыра, қобыз тартып, жыр шығарған. Қорқьгг ата осы Қазықүрт тауына жиі келіп, Қазанбекті мақтап өлең айтқан.

„Салар Қазанның үйін жау шапқаны туралы» жырдың негізгі тақырыбы — оғыздардың көрші тайпалармен өзара қарым-қатынасы деуге болады. Көрші тайпалармен өзара қарым-қатынас — оғыз-қыпшақ дәуіріндегі ең көкейтесті мәселе болғанын тарихи деректер дәлелдейді. Сонымен бүл жырда сол дәуірдің ең маңызды деген мәселелерінің бірі жырланған.

Бүл жырда Салар Қазанның алдына қойған мақсаты, іс-әрекеті қазақ эпосының батырларына мейлінше үқсас болып келеді. Жырда Салар Қазан қиян кескі қанды шайқастар жүргізу арқылы өзінің ел-жүртын жаудан қорғап, баласы Оразды, әйелі Бөрте сүлуды, анасы Ша- шақтыны тұтқыннан босатып алады.

„Салар Қазанның үйін жау шапқан туралы» жыр Салар Қазанның жеңісімен, той-думанмен аяқталады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля