6 декабря, 2017 21:19
«Интерьер тарихы» курсы жұмыс оқу жоспарына сәйкес 5В042100 «Сэулеттік дизайн» мамандығына арналған базалық кәсіби пэн болып табылады. Пэн бір оқыту семестріне есептелген.Оқыту мақсаты: «Интерьер тарихы» пәнін оқытудың мақсаты тұрғын жэне қоғамдық ғимараттарды жобалау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағды алу болып табылады. Пэн бағдарламасымен лекциялық және практикалық сабақтар өткізу, семестрлік жүмыстар орындау қарастырылған.
Оқытудың міндеттері: Пәнді теориялық жэне практикалық оқу нэтижесінде болашақ маман төмендегілерді білуі тиіс: Интерьердің терең-кеңістіктік композициясын ұйымдастыру тэсілдерін; интерьерді жобалауда қолданылатын негізгі эргономикалық заңдылықтар мен параметрлерді; жаңадан тұрғызылған немесе қайта құрылған ғимараттардың конструктивтік ерекшеліктерін; жиһазбен қоса сэулет жэне интерьер дизайнының стильдерін. «Интерьер тарихы» курсын практикалық оқу нәтижесінде болашақ маман төмендегілерді істей алуы тиіс: Интерьерді жобалау үшін идеяларды тарту; интерьердің терең-кеңістіктік композициясының сұлбасын қалыптастыру; эргономикалық талаптар, сондай- ақ көркемдік және стилистикалық жобалау; әзірленетін интерьердің жиһаз және жабдықпен толтырылуымен тыгыз байланыста стилистикалық бірлігін қамтамасыз ету талаптарын қалыптастыру; өз жобасын материалдық іске асырудың ең жақсы тәсілін таңдау. Ерекшеліктер есебімен интерьердің негізгі функционалдық аймағын меңгеруі тиіс: әлеуметтік жэне демографиялық талаптарга байланысты интерьерді жобалау тәсілдерін; бөлменің функционалды аймақтары мен олардың өзара байланысын ұйымдастыру тәсілдерін; берілген интерьерге өңдеу материалдарын, жиһаз жинақтарын жэне эр түрлі функционалдық аксессуарларды таңдау дагдысын. Пәннің пререквизиттері: «Интерьер тарихы» пәнін оқу үшін студенттерге төмендегі пэндер бойынша білім қажет: «Материалдық мәдениет жэне дизайн тарихы», «Композиция I», «Түстану». Пәннің постреквизиттері: дипломдық жобалау. Пэн бойынша емтиханға рұқсат беру семестр бойы практикалық сабақтарда жэне өздік жұмыстарда (СӨЖ) орындалған жұмыстарды ұсыну түрінде семестр соңында өткізіледі. Емтихан қарастырылган. |
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ |
Кіріспе
Интерьер тарихын білу сәулеттік ортаны жобалаумен айналысатын дизайнердің кәсіби білімдарлығының жетекші бір бөлігі болып табылады. Бұл ғимараттың ішкі кеңістігі, сондай-ақ жиһаз және онымен ажырамас функционалдық жэне көркемдік бірліктен тұратын эр түрлі жабдықпен, қолайлылықпен қамтамасыз етуде адамның аса қажеттілігін қанағаттандыру үшін гана емес, сонымен қатар сол немесе басқа уақытта басым болған эстетикалық мүраты туралы түсінікті қамтып көрсетуге байланысты. Интерьер тарихы бойынша багдарламага теориялық және практикалық бөлік жатады. Семестр бойы пэнді оқу студенттердің интерьер тарихы туралы толық түсінік алуына және алган білімдерін практикада қолдануына мүмкіндік береді. Интерьер дизайны — тұтынушы талаптарының кешенін есепке алып, қолайлы және эстетикалық саналы кеңістікті үйымдастырудан тұратын күрделі көп деңгейлі үдеріс. Жобалау үдерісінде шешілетін негізгі міндеттер екі негізгі бөлікке бөлінеді: идеялық-бейнелі және практикалық. Интерьер дизайнының идеялық-бейнелік құрамы осы кеңістікте қолданылган идеялар мен тэсілдерді тудыратын атмосфера мен сезімге байланысты. Дизайнер жобасында берілетін бейне. Жобаның практикалық бөлігіне ғимараттың конструктивтік жүйесі, қолайсыз климаттық әсерлерден қорғау, бөлмені жэне негізгі функционалдық аймақтарды орналастыру қолайлылыгынан бастап техникалық жабдықтауға дейінгі барлық материалдық-техникалық мәселелер жатады. Әр дэуірде осы негізгі міндеттерді шешу нэтижесі осы оқу курсында оқытылатын эстетикалық және қолайлы мекендеу ортасын жасау үлгілері болып табылады. |
1. Лекция сабақтарының тізімі
1. Тарихқа дейінгі кезең интерьерлері. Кромлехтер мен дольмендер. Үңгірлер. Неолит дәуірінің интерьерлері. Андронов тұрғын үйлері, Аркаим. Чатал Гуюк. 2. Ежелгі Мысыр. Шіркеу жэне шіркеу кешендерінің интерьерлері. Карнак жэне Луксордагы шіркеулердің терең-кеңістіктік композициясын ұйымдастыру тэсілдері. Ежелгі Египетте тұргын үй интерьерін үйымдастыру. 3. Ежелгі Римдегі интерьер. Қоғамдық гимараттар интерьері, базилик, қалалық интерьер — римдік форумның терең-кеңістіктік композициясын үйымдастыру. Қалалық тұргын үй мен қала сыртындагы вилла интерьері. 4. Романдық және готикалық собор интерьері. Қорған жэне ауқатты қала |
тұрғыны үиінщ интерьері.
5. Италияның Қайта өрлеу дэуірінің интерьері. 6. Қайта өрлеу дәуірінің интерьері. Солтүстік Еуропа. 7. Барокко дәуірінің интерьері. 8. Классицизм дэуірінің интерьері. 9. Рококо дэуірінің интерьері. 10. Людовик 16 дэуірінің интерьері, директориялар, консулдық жэне империялар. 11. Классицизм дэуірінің орыс интерьері (В.Стасов, Старов, Н.Львов, Баженов, Казаков). 19 ғасырдың басы 20 ғасырдағы орыс сарай интерьері. 12. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы эклектика дэуірінің интерьері: Неоготика, неоклассицизм. «Өнер жэне қолөнер» қозғалысы. 13.19 ғасырдың екінші жартысындағы эклектика дәуірінің интерьері: Модерн. 14. Конструктивизм, функционализм интерьері. 15. Ар-деко интерьері. 2. Практикалық сабақ тақырыптарының тізімі 1. Тұрғын ғимарат интерьерін жобалау. 2. Тапсырыс берушінің «аңызын» құрастыру жэне негізгі пайдалану талаптарының тізімімен жобалауға тапсырма нұсқасы. 3. Студия-пәтер, «ас үй аймағы, қонақ бөлме, асхана» жоспарлы сұлбасымен қонақ бөлмелі тұрғын үй интерьерін жобалау. 4. Қонақ бөлме интерьерінің сәулет-жоспарлы жэне стильдік шешімі. 5. «Тұйық» емес, екі аймақ арасында шекаралық функцияны орындайтын интерьер элементі ретінде жобаланған қонақ бөлме мен ас үй аймағы арасындағы арақабырға функциясын орындайтын кірістірілген жиһаз әзірлеу. 6. Таңдап алынған стильге сэйкес негізгі бөлшектер, стилистикалық және түстік ерекшеліктер, жиһаз жэне аксессуарлар таңдау. 7. Қонақ бөлме интерьерінің үшөлшемді үлгісін жобалау. Интерьердің кеңістіктік шешімін компьютерлік жэне «қолмен» дайындау. 8. Қоғамдық ғимарат интерьерін жобалау. 9. Белгіленуі, келушілерінің сандық кұрамы бойынша қоғамдық ғимараттың сэулет-жоспарлы шешімін талдау. 10. Қоғамдық ғимарат холлының интерьерін жобалау. 11. Болашақ интерьерге қойылатын негізгі талаптар тізімін жазу. Интерьер үшін бөлменің функционалды-жоспарлы сұлбасын құрастыру. 12. Қоғамдық ғимарат холлы интерьерінің сәулет-жоспарлы жэне стильдік шешімі. 13. Қоғамдық ғимарат холлы интерьері үшін жобаланған интерьер элементтерін әзірлеу. 14. Холл интерьерінің үшөлшемді үлгісін жобалау. Интерьердің кеңістіктік шешімін компьютерлік жэне «қолмен» дайындау. |
СӨЖ арналған тақырыптар тізімі |
1. XX ғ. басы XXI ғ. сәулет жэне дизайндағы негізгі стильдер мен ағымдар.
2. Берілген тарихи стильде жобалау. 3. Атақты сәулетші жэне дизайнердің кеңістіктік композициясын композициялық тұрғызу және айқындау тәсілдерін оқу. 4. Заманауи материалдар жэне олардың қасиеттерінің жаңа форма жасауда пайдаланылуы. 5. Интерьер тарихы. Тұрғын үй интерьері. 6. Сэулет, жиһаз және басқа стильдер тарихы. Олардың интерьерде көрініс табуы. 7. Сәулет пен интерьер дизайнындағы классикалық стильдер. 8. Сәулет пен интерьер дизайнындағы заманауи стильдер. 9. Берілген тарихи стильде интерьерді жобалау. 10. Интерьердегі кірістірілген жиһаз. 11. Интерьердегі өзгертілген кеңістіктер. 12. Заманауи интерьерде хай-тек стилі. 13. Виртуалды интерьер. |
Интерьердегі жарық пен түс.