Үй тұрмысыңда тері бүйымдарын пайдалану

13 декабря, 2017 10:23

Тері — адам баласының өміріне, түрмысына қажетті шикізаттың бірі. Теріден, былғарыдан ыдыс-аяқтар мен аспаптар, белдік, кісе, қорамсақ пен әр түрлі киімдер, қамыт-сайман, кілем-кілемшелер, сандықтар жасалынады. Олар көшпелі халық түрмысына бейімделіп істелінді. Ағаш пен теріден жасалған бұйымдар — қолайлы, жеңіл, жыртылып, не сынбайтын болуы жан-жақты көзделіп, ескерілгенін байқауға болады. Оларды қолөнершілер адам тіршілігінің әр саласына икемдеп, композициялық қүрылысы мен көркемдеу төсілін өзіндік ерекшеліктерімен түрлі бітімде жасайды. Мысалы, торсық, көнек, саба, сүйретпе, құты, ожау т. б. (8-сурет).

Жанторсық — қүты, жұмыр келген, ықшам, мойынды, қымыз құюға арналған ыдыс. Кейде көнтеріден пішіп, жарты айға ұқса- тып татігеді, сыйымдылығы 2-3 литр. Көбіне өсімдік жапырақта- рына ұқсас ою-өрнекпен көркемделеді.
Көнек — бие саууға арналған ыдыс (көнек шелек) шәугімге үқсас келеді. Оны түйенің мойын терісінен тігіп, бедерлі өрнек- пен әшекейлеген, бие саууға қолайлы, сыйымдылығы 3 литрге цейін.

Саба — қымыз қүятын ыдыс. Жаңа сойылған жылқы терісін кептіріп, қүрымға салып қатырып, ыстайды. Сыйымдылығы 100 литрге дейін болады. Сабаны той-думанда және үлкен астарда пайдаланады. Оны семіз жылқының терісінен тіккен, теріні ашы- ған сүтпен, іркіт, құрт немесе қайнатылған талдың қабығының суымен жібітіп, содан соң жуып, ыстап кептірген.
Сүйретпе — қымыз қүюға арналған, торсықтан үлкен, сабадан кішірек, жоғарғы жағы сүйірленіп келген ыдыс. Түйе мен жылқы- ның мойын терісінен тігіледі, сыйымдылығы 20 литр.

Қой, ешкі терілерін сойғанда бітеудей сыдырып, түбін тара- мыспен тігіп, ыстап қымыз, айран құятын сүйретпеге ұқсас — мес деген ыдыс жасаған. Сыйымдылығы 30 литрге жетеді.

8-сурет

 

Тері бүйымдарын ыстау жүмысы арнайы дайындалған орын- дарда жүргізіледі. Ол үшін жерді қазып, оттық жасай істелінген мұржаның ішіне қалтқы қалап, бұрма жасайды, өйткені ол жалы- ны терілерге тимей, тек түтіні баруы қатты ескеріледі. Сонымен, мұржаның іші иректеліп келуі шарт. Мұржаның биіктігі 40-45 см, тереңдігі 35-40 см, ұзындығы 10-15 м болады. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке түтін шығатын мұржаның ұстіне тігіледі. Күрке бірнеше сырғауылдың басын тұйістіріп, іргесі жайылып құралады. Оның сыртын ескі құрым киізбен немесе тулақ терімен жауып қояды.
Кұркенің ішіне ысталынатын бұйымдардың ауыздарын төмен, түтінге қаратып іледі. Ыстау жұмысы үзіліссіз екі жұма көлемінде жүргізілуі керек. Ыс әбден сіңген бұйымдардың түсі біркелкі қызыл күрең, тобылғыдай, су өтпейтін дәрежеде болады. Саба, торсық, мес, құты, сүйретпе т. б. осындай әдіспен ысталынады.
Осы бұйымдардың көпшілігі ою-өрнекпен әшекейленіп көркемделеді. Теріден жасалған ыдыстарға өсімдік, жан-жануар- лар тектес “мүйіз”, “гүл” және геометриялық өрнек түрлері жүргізілген. Өрнектер мен оюлар анық, бедерлі болды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля