Геометриялық ою-өрнекке арналған тәжірибелік жұмыстар

11 декабря, 2017 17:14

ҮШІНШІ САБАҚ
Тақырыбы: Ырғақ, симметрия (4 сағат).
Сабақтың мақсаты: ырғақ, симметрия арқылы берілген нүктелерді сызықтар арқылы қосып, геометриялық оюдан өрнек- тер тізбегін алу.
Қурал-саймандар: қарындаш, сызғыш, қағаз, қылқалам, цир-
куль.

САБАҚТЫҢ МАЗМҮНЫ
Нүкте мен сызық арқылы ою-өрнектер тізбегін құру үшін, қағаздың бас жағынан 4 см горизонталь бойымен түзу сызықты жолақ жүргіземіз. Екі түзу арақашықтығы 2 см, енді осы сызық жолақтар бойына 2 см сайын нүктелер белгілеп, оларды бір-бірімен вертикаль және диагональ сызықтар арқылы қоссақ, жұлдызшаға

 

ұқсаған көп бұрышты фигура шығады. Осы фигураны ырғақ арқ- ылы горизонталь жолақ бойында орналастырсақ, өрнектер тізбегі шығады. Әрі қарай жолақтарды бірнеше қатар күрделі жолдармен ырғақпен тепе-тең қоссақ, жазықтықта геометриялық өрнектер жұбы пайда болады.
Міне, осындай жолмен көбелек, балық, құмырсқа, торғай, мүйіз, гүл, үш, төрт бұрыш, ромб т. б. ою-өрнектер тізбегін құруларыңа
болады.

Жоғарыда айтылған оюлардың кез келгенін өздерің тандап алып, көрсетілген жолмен өрнектер тізбегін құрып, білімдеріңді толық- тыруларың керек. Біз сендерге бірнеше түрлі өсімдік, жәндіктердің табиғи суреттерін беріп отырмыз (34 бетгегі сурет). Алдымен солар- дың стилистік суреттерін салып, оюлық қасиетін анықтап, өрнек- тер тізбегінің композициялық шешімдерін жасауларың керек.
Космогониялық ою-өрнектер
Космогониялық ою-өрнек біздің көркемдік мәдениетімізге өте ерте замандардан сіңіп қалыптасты. Бұл ою-өрнектің негізін өлем, аспан, Күн, Ай, жұлдыз, бүкіл кеңістік бейнелері күрайды.
Көк әлемді айналып жүрген планеталар мен аспан денелерінің бәрі Күн жүйесіне жатады. Күннің түтылуы кезінде Күн шеңберінде аппақ күмістей жарық пайда болады, бүл ғажапты Күн тажы деп атайды. Әлемдегі осындай табиғи кұбылыстар адамзатты әр түрлі сенімдерге әкелді. Соңдықтан ата-бабаларымыздың аспандағы бір тәңірге сеніп, жалбарынуы, жақсылық бата тілеуі осы сенімдерге негізделген. Осы сенім негізінде ән мен күйде, әдебиет пен өнерде көптеген фантастикалық бейнелер туды.
Қалай болсын Күннің шапағы мен Айдың шығып тууы, теңелуі, түтылулары, жұлдыздардың ағуы бәрі ерекше әсер қалдыратын құбылыстар. Аталарымыздың жаңа ай туғанда, шалқақ жатса, өзіне қолайлы, елге қолайсыз, тік жатса елге жайлы өзіне жайсыз деген үғымдарды ескере келіп:
“Ай көрдім аман көрдім,
Ескі ай есіркесін,
Жаңа ай жарылқасын”, — деген тілек баталардан сенім күшінің артып, бар әлемге тағзым етіп, тілдескендігін байқаймыз.
Космогониялық ою-өрнектің туу себептері де осы үлкен сенім күшінен туған бейнелер белгісі.

Космогониялық ою-өрнек Күн жүйесіндегі денелермен тығыз байланысты, олар геометриялық денелер арқылы беріліп, формала- ры мен атаулары арқылы космогониялық өрнектер тізбегін айқын бейнелейді (суреттер 35—36 беттерде).
Күн жүйесіндегі планеталар мен шоқжүлдыздардың бейнелері ертегілерде, аңыздарда, оқымысты ғалымдарымыздың жазғанына қарағанда әр ғасырда өзінше бейнеленіп ерте қалыптасты. Оларды археологиялық қазбалардан табылған заттардан көруге болады. Орталық Қазақстаннан табылған қыштардағы “айшық”, “жүлдыз- ша” оюлары осының дөлелі. Сол секілді осы оюлар, “Айшық”, “ай” өрнегі, жұлдызша оюлары “сақтар” кезінде жасалған көптеген зергерлік бұйымдарда, архитектуралық, сәулет мазарларында көптеп кездеседі.
Егер осы күн, ай оюлары ертеден келеді десек, оларға қосымша шұғыла, кемпірқосақ, жарты ай, толған ай секілді ою үлгілері қосы- лып космогониялық оюлар қатарын байыта түседі. Аталған оюлар сонымен қатар түр-түстерімен де бөлінеді.
Космогониялық оюлар қатарында “Күн нүры”, “Күн көзі”, “Күн сәулесі”, “шыққан, батқан күн”, “Ай-таң”, “Ай-гүл”, “Ай- таңба”, “Түнгіай”, “Жүлдыз”, “Аққан жұлдыз”, “Үркер” секілді өрнектер топтары пайда болды.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля