ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА ( Ж )

8 января, 2018 14:45

Жайлылық немесе комфорт (ағыл. сот/огі) — адам- ның қоршаған ортамен немесе белгілі бір затпен қаты- насында пайда болатын психикалық және физиология- лық жақсы әсерлер жинағы. Жайлылықтың мінездемесі түрғын үйдің, жұмыс орнының қажетті заттармен қам- тамасыз етілгенімен анықталады. Ал қызметтік жайлы- лық деңгейіне жету дегеніміз — оның эргономикалық талаптарының жобалау кезінде ескерілуі. Жайлылық қоғам тәжірибесіне байланысты дәстүрге, жеке сүраныс- тарға, қоғамның техникалық және эргономикалық мүмкіншіліктерімен бағаланады. Дизайн қолдану ыңғайлылығы, жөндеу жұмысының мүмкіндігі, өмір түрі және сапасы және т.б. көрсеткіштер жобалау кезеңінде ескеріледі.

 

Жакоб (фр. }асоЪ) — мыс, қола жалатып, қызыл ағаш- тан жиһаз жасау стилі. Жакоб отбасынан шыңқан фран- цуз шеберлері еңбектерінің арқасында ХУІІІ-ХІХ ғасыр- ларда пайда болған.

Жарнама дизайны — өткен ғасырда өндірістің қауырт өсуіне байланысты пайда болған көркемөнердің бір са- ласы. Мақсаты — сәйкес қасиеті және сапасы бар тауар- ларды неғұрлым көп тарату.

 

Жасанды зат — өндірістік өнімнің бір бөлігі, саны да-
ралап саналады. Соңғы өнім (дайын нәрсе) немесе жи-
налатын зат құрамын құрастырушы болып табылады.
Бір конструкция негізінде жиналған, ұқсас қызметтері
бар немесе бір қызмет барысын қамтамасыз ететін зат
жинағын гамма немесе заттар тобы деп атайды. Ал
пішіні бірдей, бір өндірісте жасалған затты серия деп
атайды. Оның көлеміне зат конструкциясы және техно-
логиясы әсер етеді. Осыған байланысты майда серияға,
ірі серияға және жалпыланған мөлшерге бөлінеді. Зат-
тың шектелген саны (майда серия) өндірістік жағдай-
ларды тексеру, жаңа өндірісті меңгеру, стандартты пы-
сықтау үшін шығарылады. Шығарылуына байланысты
эксперименттік, байқау, хабарландыру зат сериясы бо-
лып келеді. Заттар өндірістік, техникалық жәнетұрмыстық деп бөлінеді.

Желбау — шаңыраққа үш жерден
байланып, керегеге асып қоятын, ою-
өрнекті, төгілме күлте шашақты бау.

Мұны бау, салма деп те атайды. Жел-
баудың әрқайсысында үш шашақтан
төрт қатар шашағы төгіліп тұрады.

Қатты жел соққанда үйді ұшырып кет-
пеуі үшін желбауға сандық, т.б. ауыр
заттар байланады. Желбаудың Шым-
кент, Жамбыл, Қызылорда облыста-
рындағы теруін бұқар теру дейді. Оған
салынатын өрнекті қосмүйіз деп атай-
ды.

Жержастық — киізден жасалған үй жасауы. Қазақ- тар көне заманда жаппай тұтынған мүлік. Оңтүстік об- лыстарда ішіне мақта, жүн толтырған матамен тыстал- ған (көбіне құрақ салынған, қазір де қолданылады). Киізден жасалған жержастықтың қазақтың таза ұлттық бұйымы екёнін дәлелдеп, XIX ғасырдың басында

 

Б. Д. Дауылбаев былай деп жаз-
ды: «Бай қазақтардың өзінде
құс жүні салынған жастық бол-
маған, киізбен қапталып,
өрнектелген, жүн салынған
жержастық болған. Сондай-ақ,
бесінші Пазырық қорғанынан
қазақтың жержастығына ұқсас
жастық табылған. Бұғы жүні
салынған шағын жержастық
киізбен қапталған». Бұл
мәлімет көп нәрсені аңғартады.Өйткені, құстың жүні тұрмыс-
қа енген сайын, соңғы кезде
мақта салып жержастық жасау-
дың өзі де қалып бара жатыр.

Жоба — жобалау нысанының көркем-конституция- лық құжаттарға сәйкес тіркелген, техникалық құжат- ты құрастыруға қажетті, өндіруге және затты кейін қол- дану үшін керекті соңғы немесе орталықтағы көрінісі. Дизайн көркемдік жоба түрі ретінде болашақ бейненің моделін құрастыруға және оның құрылысын, пішіндеу тәсілін анықтауға қажетті ғылыми-техникалық көзқа- расты көркем бейнелеу көзқарасымен біріктіреді. Жоба тілі болып жобалық графика — ізденіс суреттері, жыл- дам сурет жинағы, көрсеткіш сурет, жалпы сызбасы (сыртқы пішіннің компоновкасы), оның көлемінің бөлшектерін пысықтау кездерінің тіркелуі, т.б. табы- лады. Жобалау графикасының дизайнда ерекше көркемдік дәрежеде және жобалау тапсырмасының бей- нелеу шешімін табуда маңызы зор.

Жіп жалғау — керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау. Егер ол байланбаса, кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.

Жіп қашу — кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуі.

 

Заттардың морфологиялық қызметі — зат құрамының ерекшелігіне сай қолданысңа түсуін қамтамасыз
ету

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля