ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

22 марта, 2018 18:05

 

Қазакстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толык іске асыруы үшін казак халкының тұрмыс-тіршілігін, салт- санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жакты зерттеуді колга алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері казақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазак тілі жөнінде айтылган алғашкы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.

Қазак тілінің фонетикасы туралы тұңгыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарык көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылган еді. 162-беттік еңбектің 140 беті казакша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор казақ тіл, оның дыбыстык жэне граматикалык жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен катар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашкы пікір айтылған. Н.И.Ильминский казак тіліндің дыбыстык құрамы 8 дауыстылардан жэне 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, в, ү, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, г, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н.И.Ильминский а жэне ә дыбыстарын бір фонема деп карастырған. Сонымен қатар қазак тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, өзара үндесіуі, дыбыстык алмасулар да зерттеуші назарынан тыс калмаган. Мэселен, Н.Ильминский сөздігінде «ауұтқу, бүгілөк, бұлдіргө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдүрөуүш, мұрұндұк, өмүлдүрүк, өтүрүк, сүңгүрүуұр, тұгөндө, үйүрүм, үрүптөс (сроду родившисеся двое)» деген сиакты сөздердің үндестік заңдылығына сай жазылуы XIX ғасырда казак тілінде ерін үндестігінің ыкпалы зор болғаныдыгынан хабар береді [6].

Н.И.Ильминскийдің сөздігі — тұңғыш казакша-орысша сөздік болуымен кұнды жэне автор өзінің еңбегі аркылы осы күнгі орыс графикасына негізделген казак жазуының негізін салды. Оның еңбегінде колданған кейбір қосымша таңбалар (а, б, у, і, \ү,), к, г’, нь) ғана өзгеріске ұшырады.

Қазак лексикографиясының тарихы үшін маңызы бар еңбек — Л.З.Бутаковтың (1812-1878) «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі томдық сөздігі. Еңбекте сөздер араб эріптерімен жазылган. Тек екінші томында гана сөздерің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген [7].

А. В. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, казақ, татар, тэжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте казак тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й,у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жок, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстык бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдүрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұган, күлтөлөнгөн, күлұмдө, кұцкұлдө, дауұл сиякты кітаптың сөздігінде енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.

Қазақтың агарту саласында маңызды орын алатын Ы. Алтынсариннің «Киргизская Хрестоматия» деп аталатын еңбегі. Аталған оку кұралы 1879 жылы жарыкка шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған казак алфавитімен басылып шыккандығымен ерекшеленеді. Өз заманы тұрғысынан қазак баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тиген бұл еңбекте казактың сөйлеу тілінін табиғатын дэл бере алмаған.

Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады [22]. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазак тілін жэне оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг каласында неміс тілінде жарык көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұңда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде казақ тілінің дыбыстык жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) жэне 20 дауыссыздан тұратынын аныктаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, ү), жуан (а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і), еріңдік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш), ұяң (г, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) жэне аралық немесе жарты дауысты (у, й) дыбыстар деп бөлген.

В.В.Радлов л дыбысын әрі жуан, эрі жіңішке айтылатын екі дыбыс деп караган. Бұдан өзге ол казақ тілінен екі, үш дыбыстың косындысынан тұратын дифтонг, трифтонгтарды көрсеткен. Бірақ бұл пікірі шындыка сай келмейді.

 

Түркітанушы В.В.Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Сонымен катар ол дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған. В.В.Радлов, әсіресе, дауыстылардың сингормизіміне айрықша назар аударады. Тіл үндестігіне зор мән береді де, ерін үндестігіне айырықша мән бермейді. Оның «Опыт словария тюркиских наречий» дейтін атақты сөздігінде қазақ сөздері мол қамтылган. Автор келтірген сөздерін барынша айтылуына жуықтатып жазғанын айтады. Сөздікте XIX ғасырда ерін үндестігінің жақсы сакталгандыгын көреміз. Мысалы: бүлдүргө, бүрмөлө, бүркөндүр, бүркөншүк, бүгөжөк, бүгөжөкте, бөлтүрүк, бөдөнө, бөпө, бөбөшүк, жүдүрүқ, жүлдүздү, жөндөндүр, көгүлдүр, жүрөксүздүк, көңүлшөк, көрүмдүк, көргөндү, көзүлдүрүк, көлөңкөлү, күңүрөндүр, күлдүрөуүш, төңөрөктө, тоқтаусүз, төбөлөстүр, түмүлдүрүқ, түймөлө, түймөлү, түгөндө, түңүлдүр, т. б.

XIX ғасырдың соңында бірнеше сөздіктер жарық көрді. «Киргизская хрестоматия» (авторы А.Е.Алекторов; 1898), «Краткий русско-киргиский словарь» (Оренбург, 1894), «Русско-киргизский словарь (1899) еңбектерінде де ерін үндестігінің жақсы сакталганын аңғарамыз.

Зерттеуші М.Мелиоранскийдің (1868-1906) «Киргизские пословицы и загадки», «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбектерін жариялайды. «Краткая граматика казах-киргизского языка» 1894 — 1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде казак тілінің дыбыстық, граматикалық кұрылымы біршама толық баяндалған. Аталган еңбекте казақ тілнің түркі халыктарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын колдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстык жүйесі 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 20 дауыссыздан тұратындыгын аныктайды (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, в). Автор көрсеткен дыбыстардың араб, орыс жазуындағы таңбалык сипаттарын жэне дыбыстық бейнелерін салыстырып келтіреді. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен катар казақ тілінде сингармонизм заңы жаксы сакталғанын, соган байланысты сөздер бірыңгай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.

Зерттеуші П. Мелиоранский араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздерінің қазақ тілінде игерілуінің заңдылыктарын зерттейді.

  • ғасырдың соңында орыс графикасы негізінде жазылған «Акыл бере тугун кнеге» (Қазан, 1884), «Езгілікке үйрететін кнеге» (Қазан, 1892), «Балыкшы мен балық хакында» (Қазан, 1899), «1897 жылғы казак үшін шығарылған календарь» деген эртүрлі мазмұндагы кітаптар жарык көрді.

‘ Аталған кітаптар казак жазуының даму тарихы, орфографиясын, орфоэпиясы зерттеуде тілдік материалдар ретінде колдануға болады.

  • ғасырдың басында жазылган И. Лаптевтің «Материалы по казах- киргизскому языку» (Москва, 1900), Н. Катановтың «Опыт исследования Урянхайского языка» (Қазан, 1903), «Букварь для киргизов» (1908), р.Созонтовтың «Записки по граматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарында қазак тілінің дыбыстык кұрылымына катысты пікірлер айтылғанымен, казак тілінің фонетикасы үшін маңызды емес.

Қазак даласында 1870 жылдан бастап шыккан тұңғыш газет «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уэлаятының газеті» араб графикасын пайдаланды. Газет беттерінде халыктың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, болашағы сиякты мәселелермен қатар қазак жазуына катысты пікірлер де басылды [Бұл туралы окулыктың 4-тарауында сөз болады — автор].

XX ғасырдың басы қазақ тіл білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ даласында болған саяси өзгерістер мен мэдени жаңалықтар ұлттык ғылымның дамуына игі эсер етті. Жазудың коғамдағы кең кызыметі казак тілінің көптеген мэселелерін аз уақыт ішінде шешуді талап етті. Сонымен катар қазак балаларының жаппай мектепке тартылуы жэне білімді ұлттық тілде алуы оларды оқулыктармен камтамасыз етуді керек етті. Осы сияқты оқиғаларға толы тарихи кезең сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу эрбір қазак азаматының мойнына үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақ мектептерінің ұлттык тіліде окып-білім алу қажетті оқу кұралдарымен камтамасыз етіуді қажет етті. Соған байланысты казақ тілі грамматикасының зерттелуі мэселелері күн тәрбіне қойылды. Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы казақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына, оның грамматикалык кұрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариалап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы эліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес коскан коғам кайреткері, зерттеуші А.Байтұрсынұлы.

А. Байтұрсынұлы 1912 жылы «Айкапқа» «Жазу тэртібі» атты макала жазып, сол тұстағы окудың жайына тоқтала келе: «Оқу кұралының ең ұлығы — бала окытатұғын кітап» [8,380] дейді. Бұл мақалада «бала жанын кинамайтындай» окулык жасау үшін, ең алдымен, дыбыстарды анықтап, жазуға мэн беру керектігін, сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың эріпін жазу керектігін айтады.

Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық кұрылымын зерттеудің нэтижесінде 1912 жылы «Оку кұралы. Қазақша эліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Еңбек сол кезде қазақ даласына кең тараған араб графикасын икемделген қазақ тілінде жазылды. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондагы артык әріптерді алфавиттен шығарып, алфавитті жеңілдетті. Әріптердің колдану ерекшелігін түсіндіре отырып, мысалдар, мәтіндер ұсынды. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды кызмет атқаратын казак тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз ішінде кездесетін қысаң дауыстыларды жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын кұрамын дұрыс ажыратылмай, окуда көп қиындыктар келтірді. Мысалы: қйсқ (қыйсық), алтн (алтын), салқн (салқын), сзқ (сызық)., т.б. Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды катаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. Қазак тілінде оқып, білім алушыларга лайықталған бұл әліппе кайта-кайта басылып отырылды.

А. Байтұрсынұлының «Тіл — кұрал» атты окулығы казак тіл білімінің дамуына үлкен үлес косты. Автор «Оқу кұралы. Қазақша эліппеде дыбыс, дыбыстың түрлері, сөйлем сиякты терминдер колданылғанымен, онда оларға аныктама бермеген. Бастауыш мектепке арналып жазылған «Тіл — кұрал» үш кітаптан тұрады. 1-жылдыкка арналған 1-кітап «дыбыс жүйесі мен түрлері», 2- жылдыкка арналган 2-кітап «сөз жүйесі мен түрлері», 3-жылдық арналган 3- кітап «сөйлем жүйесі мен түрлері» мәселелеріне арналған.

«Тіл — кұрал» бастауыш мектепке арналған оқулық болғанымен, білім алушының жас ерекшеліктерін, психологиясын ескере отырып жазылғаны, казак тіл білімі салалары жіктеліп берілуі жэне сонымен катар терминдер мен ережелердің накты және тиянакты берілуі еңбекті казак тіл білімінің бастауы болатындай дәрежеге жеткізді. «Тіл — құралда» алғаш рет берілген ережелер тілдің үш саласыны (фонетика, морфология, синтаксис) дамуына жол ашып, қолданылған терминдер көбі күні бүгінге дейін маңызын жоиған жок.

А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына байланысты бірнеше мақалалар жазды . Соның ішінде қорытынды макаласы 1928 жылы жарық көрді. Мақала «Дыбыстарды жіктеу туралы» деп аталады. «Қазак тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсак, әрі айтуына карай, эрі сөз жүзінде білінетін касиеттеріне қарай жіктеу керек» (Сонда, 372-6) — деп, акустикалык, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыкка алған.

Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы,) жэне шала (р, ң, л, м, н, у, й) деп екіге бөледі. «Толық» дауыстылары кең шығысты болып, оларда екіге айырылады», — дейді. Бірак қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала дауыстылар (казіргі үнділер) ауыз шыгысты (р, л, у, й), мұрын шыгысты (н, м, н) боп бөлінеді. Бүлар казір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала дауыстыларды одан эрі босаң жолды (р, у, й), кысаң жолды (л), босаң бөгеулі (ң), кысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, кысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұгыл дауыссыздар. Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы) және кымкырулысы (о, ү) деп бөледі. Оган себеп «Аңғалдары орын таңдамайтынын», ал «қымкырындысы бас буыннан баскасында келмейтінін» атап көрсетеді. Осылайша дыбыстардың ерекшелігін жан-жақты түсіндіреді. Орыс тілін үздік білгенмен, халыкаралык тіл терминдерін пайдаланбай, казактың өз сөзімен түсіндіруі казак тілінде Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетиканың зерттелуіне үлес коскан когам кайреткерлерінің бірі Х.Досмұхаметұлының (1883 -1939) есімін ерекше атауга болады. Алгаш «Шолпан» журналында жарияланып, 1924 жылы жеке кітап болып шыкқан «Қазақ-кырғыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегі қазак тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды гылыми зерттеу болып табылады. Мұнда қазак тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл үндестігі жан-жақты айтылған. Х.Досмүхаметұлы сингармонизмді «таңдайлық эуенді заң» деп атайды. Өйткені «Дыбыстарды жуандатып, жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді», — дейді де, кірме сөздердің жазылуына кеңірек тоқталады.

Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты.

Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазак тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнап, тілдік жүйемізді зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаган. Тұжырымдары кисынды, табиғатын дөп басып танытатындай дәлелді болуының сыры — оның зерттеулеріне басты тірек етіп тіл фактілерін алуында. Қ.Жұбанов еңбегінде: «Қазак тілін зерттеу деген сөз — дайын схемаға, белгілі ережелерге сай келетін жаңа мысалдар теріп жазу емес, материалдарды ұқыпты түрде жинап, соларды салыстырып, салгастырып отырып, сол талдаулардан қорытынды шығара білу. Тіл фактілерін сөйлете білу — бұл, тек зерттеушінің кабілеті мен шеберлігіне байланысты» деп жазады [14].

Қазак тілінің дыбыстык жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру кұбылыстары мен үндестк заңы, сөздің буын кұрылысы мен кұрамы жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғалымдар легінің келуіне жағдай жасап, сол аркылы казақ тіл білімі үшін ғылыми-теориялық зертгеулер кезеңін бастаушысы болды. Мысалы, «фонетика — дыбыс тілі дыбыстарының тілдік ұкас касиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жакты талдап-түсіндіреді . Негізгі нысанының мэнін терең түсініп болган соң, екінші кезекті сол дыбыстардың жасауға ат салысатын дыбыстау мүшелерді аныктаган. Тіл дыбыстарының касиетін эрі қарай тереңірек білу үшін олардың жасалу жолдарын түсініп, ең алдымен тілдің дыбыстау мүшелерінің кызметін жетік білу керек. Қ.Жұбанов «Қазак тілінін грамматикасы» окулығында бұл туралы толык канды пікірлер айткан.

Профессор Қ.Жұбановтың фонема теориясын Л.В.Щерба терең түсініп, тіл дыбыстарын фонологиялык тұрғысынан түсіндіруінен біз ғалымның бірнеше тілдерді білгендіктен, керекті зерттеулерді түпнұскасынан окиды. Мысалы; «тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының ұшы-киыры жок, бірак оның бэрінің бірдей сапасы эртүрлі бола бермейді. Сапасы әртүрлі болатын дыбыстар белгілі мөлшерде ғана болады да, көп болмайды».

Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін тапбай келе жаткан и, у жуан- жіңішкелі түрде колданылатын үу/ұу, ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбанов зерттеулерінеде 1935 жылгы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне аркау болып, макалады и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы окулығында косынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан кұралган деген шешімге келеді.

Араб алфавитінен латын графикасына көшетін тарихи кезеңмен Қ.Жұбановтың гылыми-теориялык аппараты калыптаскан кезі сәйкес келді. Қазак тілінін табиғи ерекшелігін түйсіне отырып, оның жазуда өмір сүру формасын латын графикасының өңделген түрімен таңбалауға болатындығын дәлелдейді. Латын алфавитін тіліміздің касиетін дәл танытуы үшін тілімізге бейімдеу керектігін айтады да, араб алфавитінің ережелері мен принциптері изафетгі, асты-үстілі диакриттік таңбаларға негізделгендігін, араб графикасының жазуда пайдалану таңбалар жүйесінің киындығымен қатар, бүкіл түрік тілінің фонетикалық жүйесіне қолайлы еместігін дэлелдейді. Шынында да, түрік тілдері, негізінен алғанда, вокализм ыңғайымен жазуды тілейді. Ал араб тілінде дауысты дыбыстың таңбасы жоктың касы. Мұның ішінде, әсіресе, қазақ тілінің үндестік заңы дауысты дыбыстардың таңбасы болуын талап етеді.

Қ.Жұбанов өзіне дейінгі буын өкілдерінің казак тіл білімі жайындағы барлық зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ тіл білімінің барлық саласында кұнды зерттеулер қалдырды.

Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер XX гасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мэселелерін түгел қамти отырып, І-бөлім «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік», ІІ-бөлім «Дауысты дыбыстар», III- бөлім «Дауыссыз дыбыстар», ІУ-бөлім «Буын», У-бөлім «Екпін», УІ-бөлім «Дыбыстардың үндесуі» деп жіктеп, әр мэселе бойынша қазак тіл білімінде соған дейін айтылған көзкарастар мен нәтижелерді қамтыған.

Бүгінгі кезеңде казак тілі фонетикасын эксперименталды түрде зерттеулер өз нэтижелер беруде. Тіл білімінің дамуына байланысты казак тілі фонетикасын Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, З.Базарбаева, т.б. зерттеуші-ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырым-дарымен байытып келеді [Біз оларды жекелеген мәселелер бойынша толығырак қарастырамыз].

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля