ЕСІМДІКТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ , ЕСІМДІКТІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ

19 апреля, 2018 9:42

ЕСІМДІКТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Есімдіктер жалпы магыналы сөздер болганымен, ол магыналар зат және заттык белгі деген ұгымдармен байланысты. Дәлірек айтсак, есімдіктер зат пен заттык белгіні білдіріп, солардың жалпылама түрдегі атауы болып саналады. Сондықтан есімдіктер, алдымен, заттық ұгымдагы сөздер — субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұгымындағы сөздер — атрибутивтік есімдіктер болып екіге бөлінеді. Осылай екі салага бөлінуі есімдіктердің түрленуінде де негізгі кызмет аткарады.

Есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады. Субстантивтік есімдіктер зат есімдер сиякты көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те жұмсала береді. Ал атрибутивтік есімдіктер өз магынасында жұмсалганда грамматикалык жағынан түрленбейді.

Сондықтан есімдіктердің бәріне бірдей ортак деп танитындай өзіндік морфологиялык түрлену ерекшеліктері жок.

ЕСІМДІКТІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ

Есімдіктер басқа да сөз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.

Есімдіктіц бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің барлыгына жуыгы бастауыш кызметін аткара алады.. Мәселен, Мен казак кыздарына қайран калам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған (И.Сапарбаев). Өзге емес, озім айтам өз жайымды… (Қ. Аманжолов). Қарагым-ай, еліктер осылай жосады екен, Жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сиякты мені ешкім еркелетіп, сен сиякты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов).

Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Кобінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі бастауыш кызметінде жұмсалады. Сондай-ак бұл кызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебаіідагы кыстаудың ең үлкен бөлмесі — осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да).


Бсімдіктіц толықтауыш қызметіпде жумсалуы. Есімдіктердің бэрі сөйлемде толыктауыш мүше қызметін аткара береді. Есімдіктер кимыл- эрекеттің тура жэне жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толыктауыш болады. Мысалы, Өзін сыйлай білмеу — бакытсыздық, өзіне шексіз риза болу — ақымактык (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай).

Есімдіктіц анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Аныктауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мына кыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас — деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына кағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішов).

Есімдіктіц пысықтауыш қызметінде жүмсалуы. Пысыктауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? неліктен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұл жақта жерден астык алу алтын алудан қиын (Ғ.Мұстафин).

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля