Жақ категориясы

30 апреля, 2018 9:57

 

 

Әрине жак пен жіктелу ұғымы бір-біріне толык балама емес. Әдетте мектеп окулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық кан тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелу деген парадигмалык жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толык ашыла алмайды,
әсіресе оның жактық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады.

Рас, окулыктар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалгау жүйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялык көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жактың эр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол аркылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық (жіктік) магынаны білдіріп, екінші жагынан, эр жакты (жекеше-көпше де) эр түрлі грамматикалык формалар арқылы бір-біріне кайшы грамматикалык магына білдіріп, морфологиялык түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын кұрау аркылы грамматикалық (морфологиялык) категория болып танылады.

Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жагынан, морфологиялық түрлену тұлгаларының жүйесі, екінші жагынан, сол арқылы берілетін грамматикалык магыналар жиынтыгы аркылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыган негіз болып отырган жіктік жалгаулардың синтаксистік кызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шыгаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, жіктік), кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудагы кызметі ерекше екені белгілі. Сондыктан да олар баска косымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалгаудың сонымен бірге сөйлем құрауга сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей катысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау аркылы, бір жагынан ойдың казыгы, кимыл, іс-эрекеттің иесі бастауыш пен (субъектімен) киыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалгауын баяндауыш (предикат) косымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлгасы деп атайды.

Қазак тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалгауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты карап, оны, жактык магынаны, предикативті мәнімен барабар деп түсінушілік те бар. «Жіктік жалгауы өзінің жалганган сөзіне тек кана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді»(М.И. ҚҚТ,85). Бірақ сол аркылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік жалгау тек жақтык мағынамен гана шектеліп қалмайды, онда жіктік жалгаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалык категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылыктары болмас та еді. Жақтық мэн жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Оның үстіне жактық магынаны тек предикативтік реңк деп түсінуге де болмайды. Бұлар, жақтык мағына, предикативтік реңк (дұрысында қатынас я қызмет), бір жагынан, бір-бірінен бөлек, екінші жағынан, эр тілдік кабаттың жүйесінен шығатын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфологиялық, сөздің бір кұрамды бөлшегі жэне оның білдіретін грамматикалық магынасы ретінде, екіншісі басқа бір сөз бен қатынасты негізінде) толықтырып отырады.

Төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар), әдетте, сөз табы жағынан зат есімге тэн, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірак жіктелетін тек етістік ғана емес. Әдетте жіктік жалғауы етістіктің түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір формаларының үстіне ған жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың тұлғалары да біркелкі болып келмейді, ал есім сөздерге жіктік жалғау тікелей түбірге жэне бір калыппен жалғана береді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл — жіктік жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екіншіден, ол жіктік жалғаудың тек семантикалык мэнінен ғана емес, функциялык сипатының, синтаксистік кызметінің ерекшелігінен туындаса керек. Яғни жіктік жалғаудың предикаттык мэні сөйлемді тиянактап, аяктап тұру касиетінде жатса керек. Ал предикат кызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де аткара алады.

Рас, казак тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек «функциялык етістік» деп аталатын ерекше грамматикалык формалары ғана жіктеле алады, яғни осы формалардың үстіне гана жіктік жалғаулар үстеле алады. Екіншіден, казак тілінде калып етістігі деп аталып жүрген отыр, тұр, жатыр, жүр деген төрт етістік те тікелей жіктеледі.

Үшіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларынын өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Әрине, бұлай болуы тегін емес. Бір жағынан, жеке сөз табы ретінде етістіктің өзі сан-салалы, күрделі екенін көрсетсе, екінші жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалык магынасы, эр жакка байланысты түрлену жүйесі, сөйлемде аткаратын кызметі, синтаксистік катынасты білдіруі бір кезде, бір түрлі, бір ыңғайда калыптаса коймағанын көрсетеді. Жіктік жалғаудың осындай эр жактылык сипатының себебін бір созбен дәлелді түсіндіру өте қиын. Етістіктің кай түрін жіктесек те, яғни жіктелу үлгісінің кай түрін соз етсек те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жагынан да, сырткы тұлғасы жағынан да, баска сөзбен байланысы жагынан да, бірінші және екінші жак бір түрлі, ал үшінші жак өзінше бөлек екені байкалып тұрады. Бұл — тек 1,2- жактың сөйлеуші мен тыңдаушы, ал 3-жактың богде болуымен ғана емес, сонымен бірге шыгу, калыптасу тарихымен, колданылу ерекшеліктерімен де байланысты.

Сөйтіп, кейбір етістік тұлғаларының баяндауыш кызметінің өзінде жіктелмей колданылуының сондай ерекшеліктері бар екен. Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тэн десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда корсетілгендей, етістік түбір тұлғасында тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлгада жіктеледі жэне 1-2-жактарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлгаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейяі| Атап айтканла. казак тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.

  • ЕтйТІСТІң ‘есімше тұлғалы түрі (-ган, -ген,»^қан-, -кен, -атын, -етін, — итын,-итін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 калып етістігі -уга, -уде, тұлғалык тұйык етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше -мын, -мін, -пын, -пін, көпше — мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жак анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, — сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз, көпше -сыздар, -сіздер; 3-жакта арнайы жалғау жок.
  • Етістіктің кесемше тұлғалы түрі (-а, -е, -и жэне -ьіп, -іп, -п) 1-жэне 2- жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді, -ты, -ті деген жалғау болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше тұлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянаксыз тұлғасы тиянақтылык сипатқа, аяқталғандык мәнге ие болады.

Етістіктің көсемше тұлғасы ма, ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3- жакта жіктік жалғаусыз колданылады.,Сондай-ак сөйлеу тілде 1-жакта -мын, — мін жалғау тек -м түрінде де кездеседі: барамын — барам.

  • Етістіктің шартты райы (-са, -се) жэне жедел өткен шак (-ды, -ді, -ты, — ті) тұлғалы түрлері шағындалған косымшалар жалғану аркылы жіктеледі: 1-жак жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жак анайы жекеше -ң, көпше — ңдар, -ңдер, сыпайы -ңьіз, -ңіз көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.

Сөйлеу тілінде -а, -е, -й тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғау (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді, тболып, — ган, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып та айтылады: бара-мын, келе-мін, сөйлей-мін деудің орнына бара-м, келе-м, сөйлей-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұска толык әдеби форма болып саналмайды.

Сонымен бірге 1-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, — пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі колданылады. Зерттеушілер -ман, -мен, — бан, -бен, -пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й- мін, ба-й-мын, бе-й-мін, па-й-мын, пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жак тұрінің қыскарған нұскасы деп аныктайды. Жэне әдеттегідей салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол тұлғаның өлең сөзде көбірек ұшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі.

  • Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрык райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігін де, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жак жекеше анайы тұлғасы — түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрык райдың 2-жак жекеше, анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік 2-жактык анайы жекеще арнайы тұлғасы жок нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, — ңіз, -ңыз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер, 3-жакта -сын, -сін жалғаулары жалғанады.

Бұйрык рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерекшелік — бұйрық рай формасының 3 жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікте таза бұйрық мәнінен гөрі тілек, ниет мэні басым байкалады.

  • Етістіктің ерекше жіктелетін түрі — калау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -гы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тэуелдік жалғауы жалғанып келеді немесе келді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау аркылы жакка жіктеледі, кимыл, іс-әрекет иесі, жак иесі атау түлғада емес, ілік септігінде түрады.

Бұл түрленудің ерекшелігі сол қалау рай тұлғалы күрделі етістік негізгі тәуелдік жалғау тұлғасында тұрады да, көмекші етістік кел жедел өткен шак немесе ауыспалы келер осы шак келеді тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3- жағында айтылады: келді дегенде нөлдік форма, келеді дегенде -ді жалғауы 3- жақ жіктік жалғауы.

Сондай-ақ -у тұлғалы тұйык етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, ксрск, қажет, мүмкін, тиіс сиякты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.

Сөйтіп, казак тілінде жіктелу тұлғаларын төмендегідей топтап беруге болады.___________________

Сөздер 1-жақ жекеше, көпше 2-жақ жекеше, көпше З-жақ
Есімдер, есімше, қалып етістіктері -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, — мыз, -міз, -быз, — біз, -пыз, -піз -сың, -сің, -сыз, — сіз, -сыңдар, сіңцер, -сыздар, — сіздер  
Көсемше -а, -е, — и, (-ып, -іп, -п) -мын, -мін, -пын, -пін, -мыз, -міз, — пыз, -піз -сың, -сің, -сыз, — сіз, -сыңцар, сіңдер, -сыздар, — сіздер -ды, -ді, “ТЫ, -ті
Жедел өткен шак, іпартты рай -м, -қ, -к -ң, -ңыз, -ңіз, — ңдер, -ңцар, — ңыздар, -ңіздер -ды, -ді, -ты, -ті
рұйрык рай

і

-айын, -ейін, айық, -ейік -ыңыз, -ініз, -ңыз, -ңіз, -ыңдар, ■індер, -ңдар, — ңдер, -ыңыздар, — іңіздер, -ыңдар, — іңдер -сын, -сін V іі

*

*

Қалау рай Модаль мэнді ^іркес

к_________

-ғы-мыз кел(е)ді -у-ым, -ымыз қажет -ғы-ң-ңыз кел(е)ді -ғы-лар-ың, ыңыз, -у-ың, -у- ларың, -ларыңыз қажет -ғы-сы кел(е)ді, — у,-ы-ла-рьі кажет

< т

-г———— і^—

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля