Көсемше оралымды сойлемдер

30 апреля, 2018 11:09

 

Көсемшелі оралым көбінесе өзі күрделендірген сөйлемнің басында тұрып, өз алдына бір синтагма болып, сөйлемнің баска мүшелерінен пауза арқылы бөлініп тұрады.

Көсемшелі оралым негізгі сөйлемдегі бастауышка ортак болып, соның (бастауыштың) іс-қимылының түрлі сипатын амалын, себеп-салдарын, мақсатын т.б. көрсетіп тұрады.

Оралым құралымындағы көсемше екі түрлі кызмет аткарады. Біріншіден, ұйымдастырушы тірек сөз ретінде, екіншіден, оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып тұрады.

Көсемше оралым — айтылатын ойды кеңейтіп, қосалқы эрекеттерден негізгісін бөліп, айқындай түсу үшін колданылады.

Қазақ тілінде көсемше оралымды сөйлемді жасауда -п тұлғалы түрі жиі Колданылады.

Көсемше оралымды сөйлемдер эр түрлі мағынада жұмсалады. Мысалы, Кемпір жүгіріп барып, Еламанның колынан баланы жұлып алды. (Ә.Н.) Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышка койды. (Сонда) Жас жігіт аксия күліп, жақындап келеді. (Қ.Ж.)

-й тұлғалы көсемше болымсыз -ма жұрнағы арқылы жұмсалып, оралымды сөйлемдерді жасауга катысады.

Артык отыра алмай, жас баласын сылтау ғып сыртка шығып кетті. (Ә.Н.)

Сонан эрі Мөңкенін келісімін күтпей, тыска шығып кетті. (Ә.Н.)

-а, -е тұлгалы көсемше оралымдар. Оралымды жинактаушы осындай тұлгалы көсемшелі сөздер эр түрлі магыналык қатынаста жұмсала береді. Көсемше оралымның осы түрі, негізінен, амал жэне мезгіл мэндерде жұмсалады: Шокан экесіне іштей наразы бола жүре, олар тез көнді. (С.М.)

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля