29 ноября, 2017 0:05
Мұғалім | Азимбаева Аяулым Қалиқанқызы |
Пән | Қазақ тілі |
Сынып | 5 «ә» |
Мерзімі | 06. 12. 2016 |
Сабақтың тақырыбы | Мақал-мәтелдер |
Сілтеме | «Тіл және әдебиет» пәндерінен оқу бағдарламасы
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 5-сынып. ІІ тоқсан. 6 желтоқсан, 2016 ж. |
Сабақтың мақсаты | Білімділік: оқушыларға мақал-мәтел туралы лингвистикалық білім беру, алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылқтарын арттыру. |
Күтілетін нәтиже | Мақал-мәтелдер туралы ұғымдары қалыптасады; Ауызша және жазбаша түрде қолдана алады; Өз пікірін қорғай алады; Дүниетанымы кеңейеді; Пәнге деген қызығушылығы артады. |
Қолданылатын модульдер | 1- модуль – оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс);
2-модуль – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3- модуль – бағалау; 4 – модуль – АКТ пайдалану; 7- модуль – көшбасшылық (топты басқару және сабақ барысында белсенділікпен қатысып отыру) |
Негізгі идеялар | Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: қалауын тапсаң, қар жанар. Сөйлем мағынасы ашылмай, жұмбақталып қалады. |
Ресурстар | Жалпы орта білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы |
Көрнекіліктер | слайд, үлестірмелі қағаздар, аудиожазба, түрлі-түсті қағаз қиындылары, «Білім кемесі» |
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы |