11 марта, 2015 0:33
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
сайыс
Әзірлеген: Ш.Д. Акауова
2014-2015 оқу жылы
Шабар ауылы
Түсінік хат
Талай ұрпақ ғасырлар бойы аңсап келген арман жүзеге асып, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Бүгінде Қазақстан – өзгелермен терезесі тең егемен ел. Ал осы еркіндік пен тәуелсіздікке жетуге ат салысқан ата-бабаларымыздың ерлігі, батылдығы, бірлігі, көрегендігі мен саясаткерліктерінің арқасында ұлан байтақ қазақ жерін аман сақтап, өскелең ұрпаққа паш етті.
Осыған орай сіздерге Қазақ хандығының құрылғандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандары» атты сайыс ұсынып отырмын. Осы сайыстың мақсаты: Оқушылардың ақыл-ойын, танымдық үрдістерін жетілдіру, шығармашылық деңгейін дамыту. Міндеттері: Қазақ хандығының гүлденуіне үлес қосқан тарихи тұлғалар жайлы толығырақ білуге жағдай жасау. Оқушыларды тарихи фактілермен жұмыс жасауға, шапшандыққа баулу, ойлау қабілеттерін дамыту, салыстыра білуге, алған білімін нақтылай алуға үйрету. Отансүйгіштікке, адалдыққа, жауапкершілікке, ержүрек болуға тәрбиелеу.
Жерімізді, елімізді, рухани мәдениетіміз бен материалдық мәдениетімізді сақтап Бізге аманат етіп келген мұрасын келешек ұрпақ дамытуға тиіспіз!
Тақырыбы: «Қазақ хандары»
Әдісі: сайыс
Көрнекілік: Қазақ хандарының портреттері, Қазақ хандығының картасы, схемалар, кестелер
Мақсаты: Оқушылардың ақыл-ойын, танымдық үрдістерін жетілдіру, шығармашылық деңгейін дамыту
Міндеттері:
Білімділік: Қазақ хандығының гүлденуіне үлес қосқан тарихи тұлғалар жайлы толығырақ білуге жағдай жасау
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи фактілермен жұмыс жасауға, шапшандыққа баулу, ойлау қабілеттерін дамыту, салыстыра білуге, алған білімін нақтылай алуға үйрету
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адалдыққа, жауапкершілікке, ержүрек болуға тәрбиелеу
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме қадірменді оқушылар мен қонақтар!
Қазақ хандығынының құрылғандығына биыл 550 жыл толып отыр. Міне 550 жыл бұрын Шыңғыс ханның ұрпақтарының бірі Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, өз алдына хандық құрып алғашқы тәуелсіздік туын асқақтатқан. Осы бір айтулы тарихи оқиғаның маңыздылығы өте жоғары. Себебі, ғасырлар бойы аңсап келген егемендігімізге қолжеткіздік. Ақылды, ержүрек, хандар мен билердің, батырлардың арқасында ғасырлар бойы ұлаң-ғайыр жерімізді сақтап қала алдық. Міне осы тарихи тұлғалардың тарихтағы орның бағалай отырып, біз келешек ұрпаққа осы оқиғаларды мақтанышпен айта алатындай деңгейде болуымыз керек.
Сайыс болғаннан кейін оның женімпазын анықтауы үшін әділ-қазылар алқасын сайлаймыз.
Әділ-қазы алқасы: _____________________________________________
Қатысушыларды шақырайық:
1/ «Білімділер» тобы — _________________________________________
2/ «Ақылдылар» тобы -_________________________________________
3/ «Ұшқырлар» тобы — _________________________________________
Мұғалім: Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең: «Хронологиялық жорық» / Хронологиялық шеңберлермен жұмыс/
ІІ кезең: «Тарихи тұлға» /Тарихи тұлғаларды портреттер арқылы, оқиғаларға байланысты табу/
ІІІ кезең: «Тарихи аумақ» /Оқиғалардың аумағын табу/
ІҮ. кезең: «Глоссари» /Терминологиямен жұмыс/
Ү кезең: Сөзжұмбақ
Әр қашанда алдында бол,
Артындағыны ұмытпа!
Болашағынды бүгіннен ойла,
Тарихынды ұмытпа!
— деп сайысымызды бастайық!
«Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң ұтарсың!»
— деп Хронологиялық жорықты бастаймыз!
Мұғалім: «Қазақ хандығы» атты хронологиялық кестені толыруымыз қажет. Сұрақтарды ретімен оқимын, ал сіздер жылдамдатып жауап берулеріңіз қажет. Бұл сайыста жылдамдық қажет. Бастайық!
Қазақ хандығы
№ | Оқиға | Уақыт /табу керек/ |
1 | Қазақ хандығының құрылуы | 1465-1466 жылдар |
2 | Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. Созақ пен Сауран Қазақ хандығына көшті | 1470 жыл |
3 | Қазақ хандығын Керей хан билеген жылдары | 1458/1465-1473 |
4 | Қазақ хандығын Жәнібек хан билеген жылдары | 1473-1780 |
5 | Қазақ хандығын Қасым ханның билік еткен жылдары | 1511-1518 жылдары |
6 | Қазақ хандығын Тахир хан билеген жылдары | 1523-1532 жылдар |
7 | Қазақ хандығын Хақназар хан билеген жылдары | 1538-1580жылдары |
8 | Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген Шығай хан қай жылдары биледі | 1580-1582 жылдары |
9 | Қазақ хандығын Тәуекел хан билік еткен жылдары | 1582-1598 жылдары |
10 | Қазақ хандығын Есім ханның билік еткен жылдары | 1598-1628 жылдар |
11 | Қазақ хандығын Есім ханның ұлы Жәңгір хан билік жүргізген жылдары | 1628-1652 жылдары |
12 | Қазақ хандығын Тәуке ханның билік еткен жылдары | 1680-1715 жылдары |
13 | Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған Орбұлақ шайқасы | 1643 жыл |
Мұғалім: ІІ кезең: «Тарихи тұлға» /Тарихи тұлғаларды портреттер арқылы, оқиғаларға байланысты табу/
1/ Сіздерге «Тарихи тұлғалардың» портреттерін көрсетеміз, ал сіздер олардың есімдерін дұрыс тауып алуларыңыз қажет.
Дұрыс жауап
Мұғалім:
2/Сіздерге «Тархи тұлғаларды» оқиғаларға байланысты табуымыз қажет.Мен сіздерге оқиғаларды оқимын, ал сіздер оқиғаны тиісті тұлғамен байланыстырасыздар.
№ | Оқиғалар | Тұлғалар /табу керек/ |
1 | 1711-1781 жылдары өмір сүрген, 1771-1781 жылдары хандық билік еткен Орта жүздің ханы, 15 жасынан Жоңғарларға қарсы шығып, Қалдан-Сереннің туысы Шарыштыны жекпе-жекте жеңіп көзге түскен, ХҮІІІ ғасырдың ІІ ширегінде жоңғарлардың қолында тұтқында болған, өзінің ақылдылығымен дипломатиялық мәмлегерлігімен беделі асқан тұлға | Абылай хан |
2 | 1686-1693 жылдары Сібірге 5 рет елшілік жіберген, 1694 жылы І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісімін жасаған, заңдар жинағын шығаруды ұйымдастырған | Әз Тәуке хан |
3 | Жәнібек ханның ұлы , Бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналған тұлға, Заңдар жинағының авторы, билік кезінде халық саны 1 млн-ға жеткен | Қасым хан |
Мұғалім:
3/ Сәйкестендіру тест:
№ | Тапсырма | Дұрыс жауап тізімі /табу керек/ | Қате жауаптар тізімі |
1 | Қазақ хандығының алғашқы хандары | 3 | 1/ Есім, Тұрсын |
2 | «Қатаған қырғыны» | 1 | 2/ Қасым, Есім |
3 | Билер | 5 | 3/ Керей, Жәнібек |
4 | Заңдар шығарған | 2 | 4/ Тәуке, Жәңгір |
5 | Жоңғарлармен күресті | 4 | 5/ Төле, Қазыбек |
Мұғалім:
4/ «Домино»
Қасым ханның тұсындағы қазақ халқының саны қанша | 1 млн-ға жуық |
Хақназар хан кімнің әскерінің қолынан қаза табады. | Баба сұлтан |
Ақылды да ержүрек Тәуекел хан кімнің баласы | Шығай сұлтан |
Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтіп, қайда жерленді | Йассауи кесенесі |
Ақылды, саясаткер билердің беделін көтерген хан | Тәуке |
Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісімін қай жылы жасады | 1694 жыл |
Тәуке хан 1686-1693 жылдары Сібірге 5 рет елшілік жібергендегі мақсаты | Орыс-қазақ баланысы |
Есім хан кезінде Қазақ хандығының астанасы қай қала болды | Түркістан |
Қасым ханның немере інісі Тахир таққа қай жылы отырды | 1524 жылы |
Қазақ хандығының 300 жылдан астам тарихында ең ұзақ билеген хан | Хақназар хан |
Мұғалім:
ІІІ кезең: «Тарихи аумақ» /Оқиғалардың аумағын табу/
№ | Оқиға | Аумағы |
1 | 1457 жылы күзде Керей мен Жәнібек ту тіккен жер | Моғолстан билеушісі Есен –бұға қарсы болмай, Жетісудың батысына қоныстануға рұқсат берген Шу бойы, Қозыбасы деген жер. |
2 | Ұлы жүз | Оңтүстік Қазақстан, Жетісу. |
3 | Орта жүз | Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Сыр бойы. |
4 | Кіші жүз | Батыс Қазақстан, Арал маңы. |
Мұғалім:
ІҮ. кезең: «Глоссари» /Терминологиямен жұмыс/
Қазақ хандығының басқару жүйесі.
№ | Термин/табу керек/ | Анықтамасы |
1. | Ауыл | Ең бірінші қоғамдық ұйым. Қандас жақын адамдардан, бірнеше отбасыдан тұрған |
2. | Ата-аймақ | Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. |
3. | Ру | Он немесе он бес аймақтан құралатын болған |
4. | Арыс | Бірнеше рудан құралған. |
5. | Ұлыс | Бірнеше арыстан құралған. |
6. | Жүз | Бірнеше ұлыстан құралды. |
7. | Хандық | Үш жүзден құралды. |
Мұғалім:
Батырлары үш жүздің бірігеді,
Сыналған барлығы да ірі еді.
Жәңгір хан, Жалаңтөс пен Бөдес болып,
Бас қосып барлығы да жүріп еді.
— дей отыра Ү кезең: Сөзжұмбақты бастаймыз
1/Қаракерей …
2/ Шапырашты …
3/ Алғашқы ту тігілген жер
4/Қанжығалы….
5/ 1710 қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер
6/ Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ.
7/ Он бесінде — «ат құлағында ойнап», он алтысында – «орда бұзар» атанған батыр, Ойрантөбе шайқасында қол бастаған
8/Ішкі Ордадағы 1836-1838 жылдардағы көтерілісті басқарған
9/ 1783-1797 жылдары Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басқарған старшын…
10/ 1837-1847 жылдардағы көтерілісті басқарған, Қазақ хандығының ең соңғы ханы…
11/1643 жылғы Орбұлақ шайқасы кезінде Жәңгір ханға көмекке келген батыр
12/ХІХ ғасыдың 50 жылдарындағы отаршылдыққа қарсы күресті ұйымдастырған жетекші…
13/Қазақ хандары мен батырлары жерленген қала
14/ Кенесары қолын басқарған батырлардың бірі…
1 | Қ | А | Б | А | Н | Б | А | Й | ||||||
2 | Н | А | У | Р | Ы | З | Б | А | Й | |||||
3 | Қ | О | З | Ы | Б | А | С | Ы | ||||||
4 | Б | Ө | Г | Е | Н | Б | А | Й | ||||||
5 | Қ | А | Р | А | Қ | Ұ | М | |||||||
6 | Б | А | Т | Ы | Р | |||||||||
7 | Р | А | Й | Ы | М | Б | Е | К | ||||||
8 | И | С | А | Т | А | Й | ||||||||
9 | С | Ы | Р | Ы | М | |||||||||
10 | К | Е | Н | Е | С | А | Р | Ы | ||||||
11 | Ж | А | Л | А | Ң | Т | Ө | С | ||||||
12 | Ж | А | Ң | Қ | О | Ж | А | |||||||
13 | Т | Ү | Р | К | І | С | Т | А | Н | |||||
14 | А | Ғ | Ы | Б | А | Й |
Мұғалім: Білім жинау мақсатында сайысқа шыққан осы оқушыларымыздың алған ұпайларын әділ-қазылар алқасы санағанша ортаға әнші баламыз Қабднасыр Дарико мен Ерғали Гульмираны шақырамыз!
Мұғалім: Рахмет!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным-жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы менің тілегім.
— дей отыра ендігі сөзді әділ-қазыларға берейік.
Марапаттау:
«Қазақ хандығы» сайысында белсенді қатысқаны үшін «_______________________» тобы марапатталады
«Қазақ хандығы» сайысында белсенді қатысқаны үшін «_______________________» тобы марапатталады
«Қазақ хандығы» сайысында жоғарғы деңгейде қатысып, жеңімпаз атанған «_______________________» тобы марапатталады.
Мұғалім:
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі көріскенше сау-саламатта болыңыздар!
Бағалау парағы:
Топ | І кезең | ІІ кезең | ІІІ кезең | ІҮ кезең | Ү кезең | Барлығы | |||
1/ | 2/ | 3/ | 4/ | ||||||
Білгірлер | |||||||||
Ақылдылар | |||||||||
Ұшқырлар |
Сәлеметсіздер ме? Сайтта жарияланған сабақтар үшін рахмет!Көріп шықтым, мен бастауыш сынып мұғалімі есебінде сол бағыттағы сабақтар мен тәрбиелік шаралар көп болса,жақсы болар еді,Рахмет!