Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы.

10 января, 2020 22:55

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

          Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

 

 

 

          

 

 

  Жетекшісі: Үсембаева Р.Б

                                                        Орындаған: :  ФК-08-3к2 топ студенті

Төлеева А

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2009 ж.

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..35

 

І. бөлім Елестетудің  психологиялық-физиологиялық сипаттары

1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама………………………………………………6-7

1.2 Елестетудің физиологиялық сипаты………………………………………………7-9

1.3. Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі орны мен маңызы…10-13

 

ІІ. Бөлім  Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

2.1 Елестетуді дамыту жолдары………………………………………………………..14-20

2.2 Қиял елестету және оны дамыту жолдары…………………………………20-24

2.3 Ес елестері…………………………………………………………………………………….25-27

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………28-29

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..30-31

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді.  Курстық құмыс тақырыбы: «Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы»

Қайта жаңғырту процесі елеспен тыгыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.

Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. И. М. Сеченов оны «Заттық ойлау» деп өте дұрыс анықтаған.

Елес — заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне (анализ, синтез, салыстыру т. б.) көшуге, оның менің танып, білуге көмектеседі. Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, оның ерекшелігін не үшін қажеттігін тезірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз.

Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мәселен, адам заттың түсін, пішінің, көлемін көру елестері арқылы: музыкалық шығармаларды, таныс адамның даусын, иттің үргенің, сиырдың мәңірегенің, мысықтың мияулағанын есту елестері арқылы; ал жусан, әтір, сабынды иіс елестері арқылы, мақпалды, тасты, тікенек шөпті сипай-сезу елестері арқылы ажыратамыз. Біздің елестеріміз — жеке қабылдаулардың жалпылауынын нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай жалпы, жеке болып екіге бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мәселен, адамның өзен туралы елесі — жалпы елес. Сырдария өзені — жеке елес болады.

Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондыкқтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсенің кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатка салатыны ескертілсе, баланың байқауы тереңірек болып, елесіне жаксы тірек болады. Баланың елестерін дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса, баланың көру елесі дами түседі.

Төменгі сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі әлі жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы тиіс. Мұнсыз жоғары сыныпқа барғанда балаға оқу материалдарын ұғыну қиынға түседі. Мектепке түскен балалардың елес қорының түрліше болып келуі оның отбасыдан алған телім-тәрбиесіне де байланысты. Егер үйде баланың ақыл-ойының дамуына жеткілікті көңіл бөлінген болса, мұндай баланың әр нәрседен хабары бар болып келеді де, оқуға алғыр болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: Адам елесінің айырмашылығы иен дамуын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау

Курстық жұмыстың міндеті: Адам жаруарлар елестер айырмашылығын белгілеп көрсету мен адам елесінің дамыту жолдарын айқындап көрсету

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты  психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік  әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.

Зерттеудің теориялық және практикалық  мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу,   даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.

 

 

І. бөлімі Елестетудің  психологиялық-физиологиялық сипаттары

1.1 Елестетуге психологиялық сипаттама

Адамда елестің болуы біздің қабылдауларымыздың ми қыртысында қандай да бір іздердің қалдыратынын, олардың бірсыпыра уақыт сақталатындығын көрсетеді. Біздің ойларымыз бен сезімдеріміз туралы да осыны айтуға болады. Есге сақтау және кейін оны жаңғырту немесе біздің бұрынғы тәжірибемізде болғанды білу — елес деп аталады.

Егер адамдар бұрынғы тәжірибені есте сақтамаса және өткен тәжірибесін жаңғырта алмаса, олардың ақылы ешқандай ілгері дамымас еді, білім жинақтай алмас еді, әрқашан да жаңа туған баланың интеллектуалдық дәрежесінде болар еді. Сондықтан әрбір адамның міндеті өзінің ой-өрісін байыта түсу болып табылады. В. И. Ленин: «Адам баласы жасап шығарған байлықтың бәрін білумен ой-өрісіңді байытқанда ғана коммунист болуға болады»,— деп тектен-текке айтпаған.

Есте қалдыру процесінде әдетте бір заттың немесе құбылыстың екінші бір заттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мысалы, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғаларымен байланыстырамыз, оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз т. с. с. Шетел сөзін, мысалы dаs Наus — деген сөзді есте сақтау үшін, бұл сөзді «үй» деген ұғыммен байланыс-тырамыз. Сөйтіп есте сақтау дегеніміз — жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.

Ежелгі гректер елестің  мәні заттар мен   құбылыстардың арасында байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар деп аталатын болды. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а) шектестігіне (немесе уақытына) қарай; мысалы, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау-бақшаны есіме түсіремін; белгілі бір уақиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б) ұқсастығына қарай (таныс адамның суретін көргенде мен оның өзін есіме түсіремін) және в)контрастылығына қарай (у-шуы мол қалаға барғанда мен деревня өмірінің тыныштығын есіме түсіремін). Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384—322 жылдар) көрсеткен болатын.

Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі (комплексті) ассоциация деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші құбылыстарға тәуелділігін түсіну (себептес-нәтижелестік байланысын түсіну) жатады. Мысалы, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын біледі. Бұл байланыс (теорема мен есептің арасындағы) мағыналық себептес-нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай ассоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.

 

1.2 Елестетудің физиологиялық сипаты

Елестердің физиологиялық негізі — заттар мен құбылыстарды қабылдаған үлкен ми сыңарлары кыртысында жиналған қозулар мен уақытша байланыстардың «іздері» осы жұмыстың мақсаты болып табылады.

Материалды есте қалдыру, есте сақтау және оны кейін жаңғырту— біздің миымыздың тамаша қасиеттерінің бірі. И. М. Сеченов елесті «жануарлардың, әсіресе адам организмінің нағыз маңызды кереметі деуге болады» деп тегін айтпаған.

Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерден миға баратын қозулар көп жылдар бойы (кейде бүкіл өмір бойы) есте сақталатын «іздер» қалдырады. Ми сыңарлары қыртысында қозулар үшін жол салынғандай болады, бұған байланысты нерв байланыстары онан әрі тез және жеңіл пайда болады. Егер қозулар қайталап тұрса байланыстар сақталып, күшейіп тұрады, егер қозулар қайталамаса байланыстар сөнеді. Бұл соңғы жағдайда білгендерін ұмыт болады. Уақытша байланыстардың жасалуы және сақталуы елестің физиологиялық негізі де болып табылады.

Сыртқы әсерлердің адамның ми қыртысында белгілі бір «із» қалдыратынын нейрохирургтер жасаған қазіргі кезгі тәжірибелер көрсетіп отыр. Мидың жеке бөліктерін электр тогымен қоздырған кезде ауру кейде өзі қатысқан уақиғаларды есіңе түсіреді. Ми сыңарлары қыртысында байланыстар жасалуының тездігі және олардың сақталуы мидың тітіркендіргіштерге жауап беру және бұрынғы қозулардың «іздерін» сақтау қабілеттілігіне тәуелді болады. Нерв системасының табиғи сапаларымен қатар мұнда адамның іс-әрекетінің сипаты, дағдылануы, машықтануы  үлкен роль атқарады. Белсенді ой еңбегі, ми қыртысында көптеген байланыстардың болуы жаңа ассоциациялардың тууын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Білімнің белгілі бір саласын жақсы білетін мамандардың сол саладағы ғылымның жаңа мәліметтерін оңай және жете ұғынып алатындығы да міне осыдан. Мектеп оқушысы да егер өткен материалды жақсы білсе, жаңа оқу материалына жақсы түсініп, еске сақтайды.

Елесті есте қалдыру. Елеске мынандай психикалық процестср: елесті есте қалдыру, білгендеріп есте сақтау, білу және жаңғырту кіреді.

Елес процестері есте қалдырудан, яғни заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасаудан басталады. Елесті есте қалдырудың физиологиялық негізі — үлкен ми сыңарлары қыртысындағы уақытша нерв байланыстары.

Есімізде сақталғандардың көпшілігін біз ырықсыз есте қалдырғанбыз. Бұл — ырықсыз есте қалдыру деп аталатынның нәтижесі: Адамның ықыласын аударған немесе оның сезіміне байланысты нәрселер ерекше жақсы есте қалады. Егер жас өспірімнің ықыласы автомобильге ауса, ол арнаулы түрде оқып, үйренбей-ақ машинаның бөлшектерін, құрылысын және олардың атқаратын қызметтерін т. с. с. оңай біліп алады. Нақ сол сияқты бізде қуаныш немесе реніш туғызған уақиғалар есімізде жақсы сақталады.

Бірақ адамның өмірі мен іс-әрекеті ырықты есте қалдыру дегенді де керек етеді, мұнда өзіңді-өзің бір нәрсені есте сақтауға ұмтылдырасың. Мектепте ғылым негіздерін оқып-үйрену, белгілі бір мамандыққа даярлау жұмысы әдетте ерікті есте қалдыруды керек етеді. Мұнсыз қажетті білім алуға, дағдылануға, икемделуге болмайды.

Елесті есте қалдыру мағыналы және механикалық болады.  Мағыналы елесті есте қалдыруда ойлау процесінің мәні зор болады. Мұнда адам әдетте есте қалдыруға керектілерді түсінуге тырысады, жаңа материал мен ескі материалдың арасында, белгісізден бұрыннан белгілінің арасында байланыс жасауға тырысады. Теореманың дәлелдерін есте қалдырған соң, оқулықта жазылғандардың бәрін қайталай берудің керегі жоқ, қайта ең алдымен онда не жөнінде айтылғанын түсіну, бұл дәлелдердің бұрын оқылған қандай математикалық ережелерге негізделгенін ойластыру қажет. Тек осыдан кейін ғана оны жақсы игеру үшін қайталау керек болады.

Механикалық елесті есте қалдыру тек қайталаудан тұрады, бұл көбінесе оқып отырған материалды түсінбей қайталау жағдайында өтеді. Мұнда қиын, түсініксіз материалды оқушы жәй жаттап алады. Мұндай есте қалдыру үшін әдетте көп еңбектену, көп уақыт жұмсау керек, ал игерілген материалдар тез ұмытылады. Бірақ кейде механикалық елестерді есте қалдыруды қолдану керек болады. Мысалы, бірнеше рет қайталау арқылы біз телефон нөмерін, таныс адамның адресін, сондай-ақ шетел сөздерін, қиын терминдердің т.с.с. елестерін есте қалдырамыз. Бірақ мұнда да есте калдырмақшы болғанынды, бұрыннан белгілі бір нәрселермен байланыстырып игерілгенді ойға тоқу керек болады, өйткені мағыналы елесті есте қалдыру механикалық елесті есте қалдырудан жемісті келеді.

Белгілі бір білім алу үшін жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын ерікті елесті есте қалдыруды жаттап алу деп атайды. Бұл мектеп оқушысының оқу жұмысының мақызды бөлігі болып табылады.

 

 

 

 

 

1.3  Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі

орны мен маңызы

Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары.мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.  Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы елес процесі деп аталады Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғаңдар еске түседі. Елестің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғыртуда тану мен елесті еске түсіру қызметі бірін бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселер елестерінің есте қалғаны елестің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны елестің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. Елесті есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану елесс процестері болып саналады. Елес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Елесті есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның елесі үнемі дамып, жетіліп отырмаса онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің елес процесінсіз болуы мүкін емес. Елес осы заманғы психология ғылымы-ның даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласыңда да ерекше маңызды. Елесті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған – елесті есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде елес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт елес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен кон-цепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары елес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде елестің: механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, елесті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.

Елестің психологиялық теориясы елес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде елестің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал елес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.

Психологиялық тұрғыдағы көзкарастар тобы —ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де,   оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық   байланыстар. Осы байланыстар психикалық мін-детті  түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте  әр түрлі   сыртқы   жағдайларға   байланысты пайда болып отыратын әсер-лер мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленген   объектінің   кеңістік   пен   уақытка орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.  Сыртқы дүние құбылыстарының өзара   қатынасынан    ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас   не   іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын — қысқа т. б.). Мұндай ассоциациялық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырым-даған — ертедегі грек   философы Аристотель (б. з. д- 384—322 жж.).   Атақты   физиолог ғалым И. П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы   екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып,   сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша   байланыстар деп анықтады. Бұл ілім елестің   физиологиялық  теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға елестің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің   механизм-дерінде елестің сақталуы мен   беку жағдайына   терең   мән   беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, ия өзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай кұрылымдарға сәйкес байланыс   пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады.   Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде   бірыңғай   механизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар  биохимиялық   зерттеу-лер арқылы ғана дәлелденбек.

Елестің биохимиялық теориясы. Елес механизмін нейрофизиология-лық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы саты-да тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимия-лық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белок-ты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді елесті  есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабау-құйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізін электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.

Елестің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның елесі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Кеген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттана-ды. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралық та болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.

Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіш-терді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 10′5 -1020 — ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақга адамның елес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның елес процесі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс.

 

ІІ. бөлім  Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

Елестетуді дамыту жолдары

Біздің елесті есте қалдырғанымыздың біршама бөлігі ғана есте ұзақ уақыт, кейде бүкіл өмір бойы сақталады. Игерілгендердің көпшілігі бірте-бірте ұмытылады, өйткені бұрын болған тітіркендіргіштер енді қайталанып отырмайды. Сондықтан игерілгенді ойда сақтау үшін оны қайталап тұру керек. Толық түсінбей сөзбе-сөз жатталынған материалға қарағанда, жақсы ұғынған материал елестері  есте жақсы сақталады.

Есте сақтауда кейде ерекше бір құбылыс болатыны байқалады: жаттап алынған материал бірден ойға түспейді, біраз уақыттан кейін (бір-екі күннен соң не онан да көбірек) жақсы ойға түседі. Меңгерілген материал бұл уақыттың ішінде ми қыртысында орнығып, оны еске түсіру оңайланатын сияқты болады. Мұның бірқатар себебі — тиісті ми қыртысы клеткаларының шаршауынан болуы керек. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін ол жоғалады, ми қыртысында жаңадан қажетті қозулар туады, тиісті нерв байланыстары жасалады.

Егер мектеп оқушысына оқу материалдарын меңгергеннен кейін басқа бір, бірақ алдыңғыға ұқсас материалдың елесін есте қалдыру тапсырылса (мысалы, әдебиеттен кейін тарих сабағымен шұғылданатын болса), онда ұқсас материалды есте қалдыру қиынырақ болады. Күшті қоздыру туғызатын кейінгі белсенді іс-әрекет те бұрынғы материалды толық немесе бірсыпыралап ұмыттырады. Мұның себебі — кейінгі іс әрекеттің елесін есте қалдырудың нәтижесінде ми қыртысында қалған «іздерді» өшіретін сияқты болады.

Түс кезінде үйреніп, ұйықтар алдында және ертемен оянғасын қайталанған материал елесі  есте жақсы сақталады. Мұның себебі — ұйқы кезінде игерілгенді естен ығыстырып, өшіретіндей күшті әсерлер болмайды.

Біз игерілген елесті есте берік және ұзақ уақыт сақтаудың қажеттігі туралы айтамыз. Бірақ мұнан адам өмірінде ұмытудың тек теріс салдары ғана болады деген сөз шықпайды. Егер біз ешқашан да ешнәрсені ұмытпайтын болсақ, онда біздің миымыз керегі жоқ хабарлармен толы болар еді, жаңа, пайдалы байланыстардың жасалуын қиындатар еді. Ұмыту бізге белгілі бір дәрежеде маңызы бар нәрселердің елесін  есте сақтауға мүмкіндік береді.

Елесті жаңғырту және тану. Біздің қабылдағанымыздың немесе жасағанымыздың көбі біздің тарапымыздан көп күш жұмсамай-ақ еріксіз еске түседі (жаң-ғыртылады). Мысалы, оқушы тарихты оқи отырып, өзі бұрын оқыған тарихи романды еске түсіреді. Бұл еріксіз (немесе байқаусыз) елесті жаңғырту болып табылады.

Бірақ көбінесе біз кейбір нәрселерді еске түсіруге бірқатар күш саламыз. Мысалы, оқушы Пифагордың теоремасын бірден есіне түсіре алмайды. Ол оқулықта көрсетілген чертежді есіне түсіруге тырысады, әңгіме тік бұрышты үш бұрыш жөнінде, оның жақтарындағы квадрат т.с.с. жөнінде болып отырған елесін еске алады. Ақырында барып оған теорема мазмұнының елесін еске түсіруге мүмкіндік болады. Бұл — ерікті (немесе әдейі) елесті жаңғыртудың мысалы. Әсіресе оқу жұмысында көбінесе осылай етуге тура келеді.

Адамнан белгілі бір күш салуды талап ететін едәуір ерік күшіне байланысты жаңғыртуы елесті еске түсіруі деп аталады. Бұл ойдың белсенді жұмыс істеуін керек етеді, егер еске түсірілмек затты не құбылысты қабылдаған кездегі жағдайларды, фактілерді қайта жаңғыртсақ, бұл онша қиын болмайды.

Елесті тану қайта жаңғыртудың ерекше формасы болып табылады. Бұл қайта қабылдау кезінде болады. Мысалы, біз көшеде өзімізге қарсы келе жатқан адамды көреміз. Біз онымен бұрын бір жерде кездескен сияқтымыз. Ол бізге: «Саламатсыз ба!» дейді. Енді біз оның даусынан өткен жылы демалыс үйінде онымен бірге болғанымызды білеміз.

Елесті  тану да еріксіз және ерікті болады. Жаңғыртуға қарағанда елесті тану процесі әдетте оңайырақ болады, өйткені ол қайта қабылдауға сүйенеді. Сондықтан, еске түсіргенде, біз кейде тануды да пайдаланамыз. Танысымыздың атын ұмытып қалып, біз ойымызша бірнеше аттарды: Петя, Ваня, Сережа т. б. айтамыз. Өзімізше «Қоля» дейміз де, таныс адамның атын табамыз.

Бірақ елесті тану есте қалдырудың толықтығының және беріктігінің критерийі (өлшемі) бола алмайды. Кейде оқушылар оқу материалын қайталап оқуда оны өздері игеріп алған сияқты болады. Шындығында олар бұл материалды біліп қана отыр. Оқушыларға материалды кітапқа қарамай айтуға тура келгенде, оларға бұл материалдың елесін  есте қалдырудың әлі қашық жатқанын біледі. Сондықтан елесті есте қалдырудың сапасын тек қайта жаңғыртудан ғана білуге болады.

Елестің сапасы. Елестің сапасына мыналар жатады: а) адамнын белгілі бір уақытқа дейін есте сақтауға қабілеті бар заттардың немесе фактілердің саны, яғни көлемі; б) жаңғырту дәлдігі; в) елесті есте қалдырудың шапшаңдығы; г) игерілгеннің ойда сақтауда ұзақтығы; д) елестің дайын екендігі, яғни керектілердің елесін тез еске түсіре білу.

Бұл көрсетілген қасиеттердің бәрі жеткілікті дамыған адам елесті келеді. Бірақ бұл біршама сирек болады. Әдетте адамдарда елестің бірқатар сапалары жақсы дамыған да, екінші біреулері нашар дамиды. Кейбіреулердің елесінің көлемі үлкен болады, бірақ есте сақтауы баяу болады, материалды тез ұмытады, екіншілері біршама азғантай материалды тез үйреніп алады, бірақ оны жеткілікті дәл жаңғырта (елесін есіне түсіре) алмайды.

Елестің түрлері. Игерудің және жаңғыртудың ерекшеліктеріне
қарай елестің бірнеше түрлері болады. Мысалы, қала сыртында
болған экскурсияның елесін еске түсіре отырып, өзіміз көрген заттардың,
өзіміз болған уақиғалардың бейнелерін көз алдымызға елестетеміз. Бұл — образды елес. Мұнда бірінші сигнал системасы үлкен роль атқарады.

Экскурсоводтың түсіндірмелерін, онымен әңгімелескенімізді, зкскурсия жөнінде жолдастарымызбен пікір алысқанымыздың елесін еске ала отырып, біз мағыналық, немесе сөзлогикалық елесті, яғни ойды сөзбен айту жөніндегі елесті пайдаланамыз.

Бұл елес екі сигнал системасының өзара әрекетіне, екінші сигнал системасының басым болуына сүйенеді.

Егер біз досымыздың басына түскен бақытсыздықтың елесін еске түсірсек, мұнда біз тағы да тіпті қайғыра түссек, онда бұл — эмоциялық елестің немесе елестің сезімде пайда болғаны болып табылады.

Біздің іс-әрекетіміздің бірсыпырасын — ерте бала кезімізде есте қалдырған, дағдыланған қозғалыстар (жүріс-тұрыс, жүгіру, тілдің, көмейдің қозғалысын керек ететін дыбыс шығарулар т. с. с).

Қозғалысқа құрылған елесті моторлық немесе қозғалыс елесі деп атайды.

Жеке адамның қасиеті ретінде елестің ерекшеліктері адамның қабілетінің дамуына, іс-әрекетіне ықпал жасайды. Елесі нашар дамыған адамдар, елесін есте күшті ұстайтын адамдарға қарағанда, оқу материалын игеруге көп уақыт, көп күш жұмсайды. Көптеген мамандықтарда  елесті есте сақтай білу жақсы болуы керек.

Адамдарды игерген елестерін есте қалдырып, ойда сақтауына (елес сапасына) қарай төрт топқа бөлуге болады: а) тез және берік елесті  есте қалдыратын, көпке дейін ұмытпайтын адамдар; б) материалды игеруі тез бірақ берік емес, тез ұмытатын; в) баяу елесті есте қалдыратын, бірақ игергендерін көп уақытқа дейін ұмытпайтын; г) баяу игеретін және тез ұмытатын (елесі неғұрлым нашар) адамдар.

Адамдардың арасында әдетте анализаторларының игеру процесіне және есте қалған материалдың елесін жаңғырту процесіне көбірек қатысуында айырма болады. Мысалы, кейбіреулерге елесті есте қал-дыру үшін затты қалайда көзімен көруі немесе ол туралы жазғанды өзі оқуы керек. Материалды жаңғыртқанда бұл адамдар оқылған текстіні көзімен көріп отырғандай болады, сөз басылған беттер салынған суреттер оның есінде болады. Мұндай адамдарда елестің көзбен көру типі үлкен роль атқарады.

Екінші біреулер елесті еске сақтау керек болатын текстіні дауыстап оқығанда жақсы игеріп алады. Оны жаңғыртқанда олар бұл текстіні оқыған адамды естіп тұрғандай болып, соның ізімен қайталайды. Бұларда елестің есту типі жақсы дамыған.

Кейбіреулерге материалды есте қалдыруға әр түрлі қозғалыстар көмектеседі; мұндай адамдар шетел сөзін жаттағанда оны бармағымен столға немесе ауаға жазуға тырысады. Бұл адамдарда елестің қозғалыс немесе моторлық типі жақсы дамыған.

Егер адамда есте қалдырудың және жаңғыртудың белгілі бір типінің басым болуы оны тиісті іс-әрекетке неғұрлым жарамды ететін болса, өз тарапынан белгілі бір мамандық оған керекті елестің типін дамытуға көмектеседі. Сондықтан суретшілерде елестің көбінесе көзбен көру типі, музыканттарда елестің есту типі жақсы дамыған болып келеді. Елестің моторлық типі спортшыларда жақсы дамыған болады.

Тиісті мамандығына байланысты елестің бір типі ерекше күшті дамыған адамдар да кездеседі.

Мысалы, Рахманиновтың консерваторияда студент болған кезіндегі мынандай бір жағдай әңгімеленеді. Бір күні оның оқытушысы Танеевке өзінің жаңа шығармасын ойнап беруге композитор Глазунов келеді. Рахманиновтың музыкалық есінің ерекше күшті екендігін білетін Танеев әзілдеп шәкіртін көршілес бөлмеге қаман қояды. Глазунов өзі шығарған күрделі музыкалық пьесасын ойнайды. Біраз уақыттан кейін Рахманинов кіреді. Глазуновпен сәлемдесіп болғаннан кейін, ол рояль жанына отыра салады да, композитордың жаңағы жаңа шығармасын ойнайды.

Адамдардың едәуір көпшілігінде елестің аралас типі дамыған болып келеді, бұларда елесті есте қалдырудың көру, есту және моторлық типтерінің элементтері ұштасып жатады.

Жақсы елесті есте қалдырудың кейбір шарттары

Ұмытшақпын деп өзін-өзі кінәлайтын адамдар көбінесе жәй елесті есте сақтай білмейді және жақсы елесті есте қалдырудың қажетті шарттарын есепке алмайды.

  1. Оқу материалын тез және ұзақ уакытқа елесті есте сақтаудың манызды шарты — есте сақтайтындарына ықылас қою және ма-териалды игеру, жаңғырту процесіне зейін аудару. А. С. Пушкин поэзияға үлкен ықылас аударған. Өлеңді ол өте жақсы көріп, беріліп оқитын болған, сондықтан оны жақсы есте сақтайды екен. Пушкинге кейбір өлең жазылған кітап бетін бір-екі рет оқыса болғаны, енді ол бұл өлеңді жатқа айтып беретін болған. Поэтикалық шығарманың елесін есте қалдыруда Владимир Маяковскийдің қабілеті де ерекше күшті болған».
  2. Елесті есте қалдыруда сезімнің маңызы зор. Адамның селсоқ, нем кетті қарайтынынан гөрі қуанышпен, қайғы-мұңмен, ашумен байланысты нәрселердіңғ елесі көбіне есте жақсы сакталады.
  3. Жақсы елесті есте қалдырудың маңызды бір шарты — игеретін нәрсені жақсы түсіну. Егер есте қалуға керекті ойлар оқушыға айқын болмаса, ол бұларды механикалық түрде, сөзбе-сөз жаттайды; мұндай оқу жұмысы оның ой-өрісінің дамуына тек зиян жасайды, ал бұлай етіп жатталынған сөздер тез ұмытылады.
  4. Өзінің алдыңа ұзақ уақыт ұмытылмайтын етіп, жақсы игеру керек деген міндет қоюдың да маңызы үлкен. Егер оқушы сабақты ертең мұғаліміне жауап беру үшін (ал кейін бәрін ұмыту үшін) оқитын болса, әдетте мұндай мақсатпен үйренгендер адам есінен тез-ақ шығып кетеді. Ал егер мектеп оқушысы бұл материалды ұзақ уақыт есте сақтау қажет, өйткені ол өмірде керек болады деген оймен оқыса, мұндай материалды адам неғұрлым тез, жақсы игереді. Бір экспериментте бір топ оқушылар қиындық жағынан бірдей екі әдеби текстің үзіндісін оқиды, оларға бірінші үзінді ертең, екіншісі бір аптадан кейін сұралады деп айтылған. Бірақ екі үзінді де екі аптадан кейін сұралды. Бірінші үзіндіні оқушылар түгелінен ұмытқан, өйткені оларда мұны ұзақ уақыт есте сақтаудың (ертеңге дейін) керегі жоқ деген еріксіз ұғым туады, ал екінші үзінді олардың есінде жақсы сақталған (мұнда оларда ұзақ уақытқа дейін ұмытпау керек деген ой болған).
  5. Оқу материалын игеріп алу үшін елестерді есте қалдыруды адамның ойлауды, белсенділікті керек ететін іс-әрекетімен ұштасты-
    рудың маңызы үлкен. Егер оқушы елесті есте сақтау процесінде
    басқа материалдармен салыстырса, қорытып қорытынды жаса-
    са, бұл жағдайларда игеру процесі ерекше болады, сондықтан да ойдағыдай болып шығады. Мынадай тәжірибе өткізілген. Оқушыларға әрқайсысы емленің белгілі бір ережесіне арналып құралған сөйлемдерді оқып шығуға тапсырма берілген. Балалардан бұл сөйлемдердің қандай ережелер үшін берілгенін сұрайды. Мұнан кейін олар осы ережеге өздері сөйлемдер жазуға тиісті болды. Бірнеше күннен кейін оқушылар ол сөйлемдердің бәрін қалай есте сақтағанын білуге көңіл аударылады.
    Дайын түрінде берілген сөйлемдерге қарағанда оқушылардың өздері ойлаған сөйлемдерінің елесін есте үш есе жақсы сақтағаны анықталды.
  6. Материалды игеруге керекті оқу пәні жөнінде оқушылардың бұрыннан білімі болуы оны жақсы есте қалдыруға көмектеседі, өйткені жаңа материалды бұрыннан белгілі материалмен байланыстыру оңай болады және ол берік те болады.
  7. Елесті есте қалдыру — еңбек, кейде қиынға түсетін еңбек, сондықтан оқу материалын игерудің маңызды шарты — табандылық және еңбекте қажымау, оны жарты жолда қалдырып қоймай, толық және берік есте қалатындай етіп игеру. Бұл — ерік сапасы, мұнсыз елеулі ой жұмысымен шұғылдану мүмкін емес.

 

2.2 Қиял елестету және оны дамыту жолдары

Қиял елестету дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз  еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, бейнелі формада жасалады. Қиял елестету түзілетін нақты бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.  Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде  өз  ойын  басқаларға  дерексізденген ұғым-дармен емес,  нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады- Мұның дәлелі — тымсал, ертегі, мақал-мөтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен қойылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.  Қиялға тән және бір ерекше белгі — оның бастау  деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» формасы ретінде қызмет атқарады.

Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып,                К.Д. Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял — ақылдылықтың нышаны», — деген.

Сонымен, қиял — алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.

Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымөн бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.

Қиялды елес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет   атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Қиялды елестің бөлінуі адамның түрлі әрекет   ерекшеліктеріне   сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда   есту   елесі мен көру елесі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс-әрекет сипаттарына орай, елес мынадай үш түрге   негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік   сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік мағыналық (логикалық);    2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай:    ерікті,    еріксіз    елес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа   дейін есте сақтай алатындығына карай: қысқа және ұзақ мерзімді (түлкілікті), сондай-ақ оперативтік елес.

Қимыл-қозралыс елесі дегеніміз — ойын, спорт, енбек, оқу  әрекет-теріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки
тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс  дағдыларын   қалыптастырудың негізі болып табылады.

Адамның   бастан    кешірген    түрлі сезімдері мен змоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік елес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға же-телейді.

Эмоциялық елес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл елестің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-көрнекілік елес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Елестің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілік елес — көру, есту, сипау, иіс, дәм елестері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту елесі мен көру елесінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм елестері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа елестердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі елес, әсіресе, көркеменер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эстетикалық елесі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.

Сөздік-мағыналық (логикалық) елес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қоры-тындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Елестің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің кызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық елес оқушылардың білім жүйесі мен   оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Елестің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай турлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.

Елес — күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Елесті есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Елестерді есте калдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз.

Елесті сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда елесті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп аталады. Бұл латын сөзіней шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, елесті дамытудың тиімді жолының бірі. Елестің жемісті болу шарттары № 2; 3 сызбаларда көрсетілген.

 

Әр адам елесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Елес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен: көру елесі, есту елесі, қимыл-әрекет елесі, аралас елес. Көру елесіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бойы есінде сақтай алады. Ұлы ақын А. С. Пушкиннің есту елесі өте күшті болған көрінеді. Есту елесінің күштілігі мен нәзіктігі—қазақ ақындары мен жырауларына да тән қасиет.

Елесті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты-адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс — елес ақыл-ой кені. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу елестің мән-мазмұнын тереңдете түспек.

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Ес елестері

3-8 жастағы  балалардан өздеріне жақсы таныс заттардың (мысалы , адамның, иттің, автомобильдің  фигуралары) қате , көбіне  барынша  кеміс етіп салынған  бейнелерін ала отырып, авторлар  осы суреттер балалардың барынша  қате түсінігінің   дәл жаңғыртылуы , яғни  бейнелдеу  бейнеленуімен теңестірілді деп дәлелдеген.

  1. Балалардың заттарды    бейнелеуіндегі   тұрақты процесті
    байқай отырып, П. Штернгр    ілесе, балалар    салған    суреттер
    бойынша олардың түсінігінің дүниедегі бзр   заттарды бейнелеудің барынша ұсақ   салынған, схемаға құрылған   және осыған тән «символикалық»    белгілерінен бастап,   заттардың шын
    суреттеріне дейінгі даму сатыларын анықтайды, яғни бала дұрыс түсінікке өсіп жетілетіндей.
  2. Заттарды бейнелеудегі әрбір жаңа   кезенің тууы  және
    олардың өмір сүру мерзімі баланың жас шамасына сәйкес анықталады, яғни биологиялық фактордың әрекетіне    байланысты. Үйрету баланы бйнелей білудің жоғары сатысына    көтере алмайды.

Бірақ көптеген мектеп жасына дейінгі балалар педагогтары мен төменгі класс оқытушыларының сурет пәнінің   мұғалімдерінің,  сондай-ақ арнайы психологиялық  зерттеулердің  (Е.И.Ковальская, Н.П.Сакулина, О.И.Галкина, Е.И. Игнатьев, Н.А. Корниченко, В.С.  Мухина, И.П.Глинская т.б. ) нәтижелері кейбір   бүржуазиялық психологтар  қолдап, даматып, отырған бала түсінігі  туралы кереғар ілімді абтыл  түрде жоққа шығарды. Тіпті 4-5 жастағы  балаларды өзі адам суретінің  барынша кеміс, ұқсамайтын  етіп сала отырып, оны  таңдамайды, бірақ басқаларынан гөрі  өзі салған  суретін «ең тамаша» деп есептейді. Әдетте   олар шындығында  дұрыс салынғ,ан суретке  сенімді  түрде әділ  бағаларын берді.  Балалар көп қателік  жібере, отырып, суреттер салады  немесе тіпті  дайын формалардан  бүтін фигураны жасайды. Осы қателерді және оларға балалардың көзқарасын  талдау,  қателердің  ең жиі  кездесетін   себебі балалардың заттардың кеңістік  белгілері мен   оның бөлімдері  және  бүтін заттардың  өзара қатынасын көре білмеуінен  болатындығын   дәлелдеді. Сонымен бірге совет  педагогтары мен психологтарының  зерттеулері , педагогикалық тәжірибие , балалардың  бұрыннан таныс  немесе тіпті  алғаш рет  қабылданған  заттарды  бейнелеудегі  прогрессивтілікті , оның ішінде заттың, оның  әр бөлігінің  формасын,  олардың суреттегі  орналасу орнын  анықтау,  баланың бойына біткен  бейнелей білу  қабілетінің немесе  оның заттар туралы  түсінігінің пісіп жетілуі   нәтижесі ретінде  өзінен-өзі  болмайтындығын   нанымды  дәлелдейді . Бұл  прогресс  баланың  жас  шамасының  ғана  нәтижесі  емес, әр баланың  өмірріндегі  жеке тәжірибие жинақтауға  , оның ішінде   бапқылау тәжірбиесмін , жаңаны танып , оның бейелеу  арқылы тәжірибиесін  жинақтауға  кеткен жылдарының нәтижиесі.

Бала өмірінің  уақыты-бұл оны  үлкендердің үйретуге кеткен уақыты,  яғни тәрбиешілердің  тәрбиенушілерге  ықпал   жасаудың   педагогиканың  арнаулы  системасын пайдалануға  кеткен  уақыты. Баланы  бақыланған  затты  қарай    және көре  білуге ғана  үйрету   жеткіліксіз, бұған қоса заттың   бөлшектерін  , олардың  арасындағы  байланыстарды   көре білуге,   қағаз бетінде , жапсыру  және тағы басқа құралдар   арқылы затты   бейнелей білуге  арнайы үйрету қажет.

Әрине, заттарды  қабылдай білмеуіне байланысты  балалар түснігінің  өзіне  ьән көптеген   ерекшеліктері болады,  сондықтан да баланың, әсіресе   бұрын таныс  емес зат  туралы елесі көбіне көмескі, дәл емес   және әлсіз болып келеді. Баланың  есінде  итсақталған жануардың (мысалы, жирафтың, насорогтың), машинаның  бейнелері , басқа  бір объектілердің   бейнелерімен,  тіпті соңғылардың  алғашқыларымен  ұқсастығы   болатындықтан,  тез көмескеленіп , бір-бірімен   араласып, «шатасып» кетеді. Кинодан жабайы  қабанды   көрген  І класс оқушаларды , осылайша, өздері  де байқамастан  оны носорог  бейнесімен  алмастырып  алған; ІІІ класс оқушыларды   елесінде әлі жеткілікті  түсініліп   үлгермеген  жазықтық  бейнесімен бірігіп кеткен; сол  сияқты 15 саны туралы  игерілмеген  елесм екі таңбалы санды  құрайтын  сандар ұқсас  болғандықтан 51 санымен шатастырылған.

Бала елесінің үзінді  түрінде  болатындығы (ойдым-ойдымдығы)-олардың қабылдауындағы  «бөлшектеушіліктің», біріктірілмейтіндіктен   нәтижиесі. Бүтін заттың (мысалы,  картинаның) кейбір   детальдарын  белгілей  отырып, оның  мәнді   құрамдас   бөліктерін  қабылдамай  және олардың  арасында   болатын өзара  байланысты  ( тіпті «көрінетінін») ерекшелемей-ақ балалар   қабылдаған  заттары туралы   үзінді  түріндегі елесін сақтайды. Уақытқа байланысты   кейбір  мәліметтер  түсіп қалады,  кейбіреуі  өзіне жақсы таныс, бірақ басқа  бір жатқан белгілермен   бұрмаланып немесе  алмастырылып  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, қайта жаңғырту процесі елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.

Елесті түйсікпеп қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуте болады. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай  бейнелей алуға мүмкіндік алады. И. М. Сеченов оны  «Заттық ойлау» деп өте дұрыс анықтаған.

Елес — заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне (анализ, синтез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз боса  ғана оның ерекшелігін не үшін қажеттігін тезірек ұғынамызда, еске жақсы сақтай аламыз.

Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мәселен, адам заттың түсін, пішінін, көлемін көру елестері арқылы; музыкалық шығармаларды, таныс адамның даусын, иттің үргенін, сиырдың мөңірегенін, мысықтың мияулағанын есту елестері арқылы; ал жусан, әтір, сабынды иіс елестері арқылы, мақпалды, тасты, тікенек шөпті сипай-сезу елестері арқылы ажыратамыз. Біздің елестеріміз — жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай жалпы, жеке болып екіге бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мәселен, адамның өзен туралы елесі — жалпы елес. Сырдария өзені — жеке елес болады.

Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде анық, елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсенің кейін қажет болатындығын сезінетін болса, опың елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа салатыны ескертілсе, баланың байқауы тереңірек болып, елесіне жақсы тірек болады. Баланың елестерін дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса, баланың көру елесі дами түседі.

Төменгі сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі әлі жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы тиіс. Мұнсыз   жоғары   сыныпқа   барғанда   балаға   оқу материалдарын ұғыну қиынға түседі. Мектепке түскен балалардың елес қорының түрліше болып келуі оның отбасыдан алған тәлім-тәрбиесіне де байланысты. Егер үйде баланың ақыл-ойының дамуына жеткілікті көңіл бөлінген болса, мұндай баланың әр нәрседен хабары бар болып келеді де, оқуға алғыр болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ  университеті», 1992.

2.Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалык ұгымдарды   меңгеру
психологиясы. Алматы. «Мектеп», 1983.

  1. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық
    практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. Алматы, 1978; Екінші бөлім.1979.
  2. Аймауытов Ж.. Психология (оқу құралы). Қызылорда —Ташкент, 1926.
  3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
    сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976.
  4. Жарықбаев К. «Психология» Алматы, 1993жыл.
  5. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  6. Жалпы психология. В. В. Богословский т. б. редакциясымен. А, «1980.
  7. Гиппенрейтер Ю.Б. «Введение в общую психологию» М, 1988год.
  8. Гоноболин Н., Психология. Алматы, «Мектеп», 1976.

11 .Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.

  1. 1 Мұқанов М. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1956.
  2. 1 Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
  3. 1 Мұқанов М. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  4. Тәжібаев Т. «Жалпы психология» Оқулық – Алматы, 1993жыл.
  5. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
  6. Рубинштейін С.Л. «Основы общей психиологии», Москва, 1989год.
  7. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
  8. 1 Теплов Б. М. Психология. Орта мектептерге арналган    оқулық.  ОПБ,А,1953.
  9. Темірбеков А., Балаубаев С.      Психология.   Пединституттар        мен университет студенттеріне арналған. Алматы: «Мектеп», 1966.
  10. Елікбаев Н. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,2000.

22.Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И.Жалпы педогогика.-Алматы:Заң мектебі,2005.

  1. 23. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.
  2. 24. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№5(11).
  3. Жанғозиева М.С. Ұлт психологиясы этнопсихологияның негізгі мәселесі//Бастауыш мектеп,2007, №7-б. 26-28.
  4. 26. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№6(11).
  5. Писаренко В.И. О когнитивной лингвистике и семантике термина

«когнитивный».

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля