6 августа, 2017 10:09
Қуат. Қуаттың өлшем бірліктері жайлы
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің
физика пәнінің мұғалімі
Әлімбетова Индира Амангелдіқызы
Сабақ жоспары
Сынып: 7«А» Пәні: Физика күні: «15 » сәуір 2017 ж
Тақырып: Қуат.
Негізгі идея: Қуат. Қуаттың өлшем бірліктері жайлы
Оқу мақсаты: Қуат ұғымымен танысу. Қуаттың белгіленуін,өлшем бірлігін білу. Формуласын есептер шығаруда пайдалану.
Табыс критериі
|
|||||||
Барлық оқушылар | Оқушылардың көпшілігі
|
Жекелеген
оқушылар |
|||||
Қуат ұғымымен танысады.Қуаттың белгіленуін,өлшем бірлігін біледі.
Формуласын есептер шығаруда пайдаланады. |
Қуаттың формуласын қолдана отырып,есептерді дұрыс шығарады. | Қуат тақырыбына берілген эксперименттік есептерді шығарады. | |||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім не
істейді? |
Оқушылар не істейді? |
Ресурстар |
||||
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут |
Сәлемдесу үш тілде.Топтарға бөліну үшін оқушыларды ортаға шақырады.Барлығына шеңбер жасап тұруды ұсынады.Одан кейін барлығына ұйымшылдықпен үшбұрыш жасап тұруды, шаршы жасауды ұсынады.Осы шаршының төрт қабырғасынан төрт топ жасақтайды. | Оқушылар үш тілде сәлемдеседі.
Топтарға бөліну үшін мұғалімнің айтуымен ойын ойнай отырып,топтасады |
|||||
Үй тапсырмасын тексеру
5 минут |
« Механикалық жұмыс»
тақырыбына тест жұмысын ұсынады.Тест 5 сұрақтан тұрады.Дайын дұрыс жауабын тақтадан қарап өздеріне тексеруді ұсынады. |
Оқушылар тест жұмысын белгілейді.Дұрыс жауаппен салыстырады.Табылған қатесін жояды.Берілген дискриптор бойынша ұпай санын анықтайды.Өздерін бағалайды. | Дұрыс жауап парағы | ||||
Білімді, білуді, дағдыны тексеру
10 минут
|
«Нәтиже аймағы» ойынын ойнатады.Әр топқа бастапқы 10 ұпайлық лот беріледі.
Барлығы 8 сұрақ ұсынылады.Осы сұрақтар үшін өз бәстерін тігеді.егер дұрыс жауап берсе,сол тіккен ұпайларын еселейді.Ал егер дұрыс жауап бермесе,ол тіккен ұпайларын жоғалтады. |
Топ оқушылары сұраққа дұрыс жауап беріп,ұпай жинауға тырысады.Топ арасында бәсекелестік туындайды. | Ұпай құны жазылған фишкалар,
мультимедия лық тақта |
||||
Жаңа материалды игеруге дайындау
1 минут
|
Тақырыпқа сай білімін пайдаланып,жаңа сабақты ашу үшін алдыңғы ойындағы соңғы сұрақты пайдаланып,жаңа сабақтың тақырыбын ашады. | Оқушылар сұраққа жауап беріп,жауаптарын мысал арқылы негіздейді.Барлығы бірлесе отырып,жаңа сабақтың тақрыбын ашуға атсалысады.Мұғаліммен бірлесе жаңа сабақтың мақсатын анықтайды. | Мультимедия
лық тақтадағы суреттер
|
||||
Жаңа білімді игеру
5 минут |
Жаңа тақырып жайлы таныстырылым жасайды.Сұрақтар қоя отырып,жаңа физикалық шамамен,оның формуласымен,өлшем бірліктерімен таныстырады. | Оқушылар мұғалім көрсеткен презентациядан негігі ұғымдарды біледі,түсінеді.Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып,алған білімдерін жүйелейді,сипаттайды. | презентация | ||||
Түсінуін тексеру
6 минут
|
Жұптық жұмыс жасау ұсынылады.Оқушыларға негізгі формулалар беріліп,белгісіз шаманы анықтау қажеттілігі айтылады.Формуланы қорыту алгоритмін көрсетуді сұрайды.Қатемен жұмыс
жасалады. |
Барлығы берілген формуланы пайдалана отырып,белгісіз шаманы анықтауға тырысады.Формуланы жазады,оқиды.Жаңа сабақта жіберген қателерін анықтап,түзейді. | Формулалар жазылған парақтар | ||||
Жаңа материалды бекіту
10 минут |
Тақырыпқа сай есептер беріледі.Есептер тексеріліп,
критерий арқылы бағаланады. «Кім жылдам?» ойыны ойналады.Топпен жұмыс жасауға тапсырма беріледі.Дұрыс шығарылған әр есепке 2 ұпай береді.Есепті бірінші шығарған топқа ұпай есептеледі де,қалған топ келесі есептердің ұпайын алуға тырысады. |
Жаңа ұғымға қатысты формуланы пайдалана отырып,берілген есептерді тезірек шығарады.Ұпай санын арттыру үшін топ мүшелері бірлесіп жұмыс жасайды. | Есептер жазылған парақшалар,
бағалау парағы
|
||||
Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау
3 минут |
Үйге тапсырма № 52 тақырып.Оқушыларға жаңа тақырыпты түсінгенін білу мақсатында эксперименттік есептер ұсынады.Орындау жөнінде нұсқаумен таныстырады. | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады
Дәптерге орындалу әдістемесін жазып алады.Тапсырманың орындалу жолымен бөліседі.Берілген нұсқаулықты алады. |
Эксперимент
тік есептің жасалу реті жазылған нұсқау парағы |
||||
Қорытынды-сын шығару
3 минут
|
Оқушылардың ынта- ықыласын ескере отырып,бағалау жүргізеді. | Сабақ барысында орындаған жұмыстарын талдап, өзін-өзі бағалайды
Топтық жұмыс нәтижесін талдап, бағалайды |
Бағалау парағы | ||||
Тексерілді: Ш.Казимова
Пән мұғалімі: И.Әлімбетова