21 апреля, 2015 22:19
Тәрбие сағатының тақырыбы: “Өмірің өз қолында!”
Тәрбие сағатының тақырыбы: “Өмірің өз қолында!”
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Жас балғындарды мектеп партасынан- ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге, ХХІ ғасыр басындағы СПИД ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, балалар салған суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз “Өмірің өз қолында!” деп аталады. Өздеріңіз білесіз, қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтарымызда байқалып келеді. Оған өздеріңіз күнделікті өмірден көріп жүрген оқиғалар куә. Арақ, темекі, нашақорлық, СПИД деген індеттер пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД- пен күрес күні деп аталады. Сонымен бірге қоғамдағы басты індет темекі, арақ, нашакорлық болып отыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2050 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Аданың ақыл – ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығн, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығрмашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған қойылым салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.
Жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының дректеріне сүйенсек, республика бойнша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдрдың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.
Жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы ншқорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім , әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдр екенін көреміз.
Жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты » осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олрдың жан – жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
1- оқушы: Темекі – әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт.
2 – оқушы: Темекінің адам денсаулығы үшін зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да , азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек.
3 – оқушы : Алкоголь – адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
4- оқушы : Алькоголь – «нерв уы » деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс – қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады .
5 – оқушы: СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазқсатнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД – ке шалдыққан.
6- оқушы: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.
Викторина — Сұрақтар:
- СПИД ауруы туралы не білесіз?
- Арақ пен темекі адам үшін қауіпті ме? Өз ойыңды айт.
- СПИД-ті жұқтырған адам сол күннен бастап неше жыл өмір сүре алады?
- Арақ, темекі туралы қандай нақыл сөздер білесің?
- СПИД ауруымен ауырып, жер шарында неше миллионға жуық адам дүниеден өтіп, неше млн. бала жетім қалды?
- СПИД ауруы қорқынышты ма? Қалай ойлайсың?
- Не себептен балалар темекі шеге бастайды деп ойлайсың?
- Есірткі қолданып, оны тартқан адамдарды заңға тарта ма?
- “Салауатты өмір салты” дегенді қалай түсінесің?
Сөзжұмбақ
С | |||||||||
А | |||||||||
Қ | |||||||||
Т | |||||||||
А | |||||||||
Н |
- ХХІ ғасыр індеті.(СПИД)
- Спирт ішімдігі құрамындағы зат.(алкаголь)
- Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық (қылмыс)
- Көп таралған ауру.(туберкулез)
- Маскүнемнің “сусыны”(арақ)
- Темекідегі улы зат.(никатин)
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
- Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
- Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
- Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
- Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
- Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
- Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
Топта жұмыс
8-9 сынып – конкурс плакатов, защита плакатов «Денсаулық — зор байлық»
10-11 сынып – Эссе «Қазақстан біз сенің балаларыңызбыз»
Денсаулық- зор байлық.
Дені сау адам өмаірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын.
Кесір сумен санаңды сен улама,
Көкірек қапқан көк түтінге жолама.
Өзіңді қорға, ортаңды қорға, ағайын.
Саулық керек, өмір керек адамға.
Ей, адамзат!
Өмір керек саған да, маған, оған да,
Есіңде сақта, осыны ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Кесірлерден бөлек жүргін алшақта.
Пешенеге жазылған ғұмырыңның
Тамырына, ұрпағым, балта шаппа!
Осымен бүгінгі “Өмірің өз қолында!” атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.