3 апреля, 2015 1:23
Жүктеу: Білім бәйгесі география сыныптан тыс іс шара
Қарағанды облысы Шет ауданы «Батық ЖОББМ» КММ — нің география- тарих пәнінің І санатты мұғалімі Акмолдина Умитжан Нуралиевна
Сайыс кезеңдері
- Тіркелу
- Жорға жарыс
- Аударыспақ
- Теңге алу
- Көкпар
- Жабағы жарыс
1 Тіркелу
- Топ аты
- Ұраны
- Эмблемасы
- Бапкер сайлау
2.Жорға жарыс
- Бұл жарыста жылқы өзінің жайлы жүрісімен көзге түседі.
- Ал сіздер өздеріңізге қойылған сұрақтарға асықпай толық жауап беріңіздер
- Әр сұрақ 5 ұпай, әр топқа 12 сұрақ
Теңге алу
Сұрақтарыма жауап берсең, сыйлыққы 50 ұпай берем
Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай,
1 сандық сұрақтары
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
2 сандық сұрақтары
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
3 сандық сұрақтары
Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.
Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы — материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи — мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта — ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
4 сандық сұрақтары
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте
Жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте» даңқ символы» ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
5 сандық сұрақтары
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
6 сандық сұрақтары
Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда «төмен жатқан жер»
деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы — көкөніс және жеміс — жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі — сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
Көкпар
- » Географиялық ассоциация»
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай
5- сынып
- Мұхит, мұз, тау, «Титаник», қауіп — қатер.
- Москва, Дели, Мадрид, Пекин,Астана, Бішкек.
- Атлас, Аппалач, Алатау, Алтай, Кавказ.
- . Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
- Гоби, Сахара, Такла — Макан, Тар , Қарақұм, Қызылқұм
- Жусан, қарақат, қараағаш, тал, үйеңкі
Кг, грамм
6 сынып
- Толқын, қауіп — қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.
- Теңіз, көл, өзен.
- Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия
- . Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган
- Гвинея, Бискай, Парсы.
- Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория
- Гигрометр, сырық, флюгер, термометр
7- сынып
- Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.
- . Игуасу, Анхель, Виктория
- Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
- . Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
- Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай
- Ла-Манш, Беринг, Гибралтар
- Тайга, тундра, саванна, льянос, кампос
Кедергіден секіру
- Капитандар сайысы
Бәйге төбе
Жарысты қорытындылау