28 января, 2020 20:17
Жоспары
Кіріспе
I Негізгі бөлім
1.1 Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
1.2 Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері
1.3 Меншік құқығын қорғау және пайда болу негіздері
1.4 Ортақ меншік
1.5 Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесіндс алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншідсн құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық катынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қон-дырманың элемент болып саналғанмсн қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтгы реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құкығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құкықтары тиесілі.
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқаңда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті тиесілі құқығы басқа субъектік берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру жәке т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, тел алу жөке өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорға-латын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуіне құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.
- АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады,» — деп жазылған.
«Игілік» пен «ауыртпалық’ тіркесінің өзі, —дейді КА.Сухашов, — нағыз меншік иесін сипаттайды және осы екі элементтің біреуінің болмауы иеленушіні шын мәніндегі қожайын етуге мүмкіндік бермейді». Суханов Е.Л.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда — жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құкығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Заң меншікті түрлергеде бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару орындарының қарауына жатады делінген. Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдар мен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қаты-сушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Казақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (А к-тің бабының 1 және2 тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі «жеке меншік» деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жекедара (өзіндік) (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да («Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 33-бабы І-тармақ) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады.
Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды, Кондоминиумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң кұжаттарымен айқындалады, ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда тұрғын үй коңдоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ, меншік құқығымен тиесілі болады.
Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсы бір түріне жататындығына байланысты келеді.
Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар: жеке және мемлекеттік.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру — құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды тұлғалар үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлға-лардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік коорпаративтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардан қатары да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану жөне билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мумкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар, Республика қазынасының катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеге өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына негіздеп жүзеге асыруы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық болғандықтан оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайлалану және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар құруға, жеке
кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға, өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз кызметінің мақсатына» меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін; қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден, қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме де өз жабдықтарын сметалық көлемінде жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару, әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құкықтық құдіреті заң құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар» туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол мүліктің меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқылы. Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорынның жарғысында анықталады. Сонымен қатар, қазыналық кәсіпорын меншік иесінің келісімінсіз негізгі қорларға байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық келісімдердің негізінде алуға тыйым салынған («Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлықтың 35-ші бабының 2-тармағы).
Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімсн иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ. Егер құрылтай құжаттарына сәйкес мекемеге табыс келтіретін қызмстті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған табыстар және сол табыстардың есебінен сатып алынған мүлік мекеменің дербес билігінс беріледі және жеке баланста тексерілуі қажет.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті.
КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халыктың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтар мен басқа да коғамдық ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конституциясының 10,11,12-баптары, Қазақ КСРО-Конституциясының 10,11,12-баптары). Оның үстіне КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық, яғни мемлекеттік меншікті жекелеген азаматтардың өзіндік меншігінен басым бағалады. Ал оның соңғысы тиісті кұқық жағынан қорғалмады және өңдіріс құралы болып есептелмеді.
90-шы жыдардың басынан бастап «социалистік меншіктен» бас тарту үрдісі басталды. КСРО Конституциясының 10-бабы (КСРО Заңының редакциясы 1990-жылғы 14-наурыз) және 1990-жылғы 6-наурыз КСРО-дағы «Меншік туралы» Заңның 4-бабы тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінді: «азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік.» КСРО Конституциясының 4-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтардың игілігі деп танылды. Мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір қорды құрды, ол бұл меншіктің дара және бірден-бір субъектісі болды, ал Қазақ КСРО-нің егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның «Меншік туралы» заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және
басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің құрылымының қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да, республикаларға да бірдей қарайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субъектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар республикаға өз меншік құқығын бермей қойып, мынадай салдарға душар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинның жерін меншіктеуге, керісінше, Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. Әлгі «жалпы игілік» деген ұғымның өзі бұл мүлікті иесіздікке душар етті, зат бір карағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес. Демек, ол бастан «халықтың игілігі» категориясы заңмен бекітіле тұрса да, ешқандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСРО-нің Конституциясы да меншік бүкіл халықтікі деп жар салды, бірақ та «халық» деген сөз де тағы келіп нақтылықты көрсете алмады. Егер меншік субъектісі экономиқалық мағынада — халық десек, оның бір де бір бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкіл халықтық болуы тауар — ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесінде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып қалды. Біріңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде затқа халық емес, оның бір бөлігі (заңды тұлғалар мен азаматтар) иелік ету тиіс.
- КСРО-дағы меншік туралы заңда бұрынғы «өзіндік меншік» ұғымының орнына «азаматтардың меншігі» деген жаңа ұғым пайда болды (2-бөлім). Заң әдебиеттерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды.
Қазақ КСРО-нің өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымында Қазақстан КСРО шеңберінде дербес республика ретінде шаруашылық жүргізуді бекіту мен дамыту жағдайларын қарастырды, сол арқылы жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде жеке дара (өзіндік) меншікті және жеке дара өндірістік меншікті енгізу идеясы ұсынылды.
Қазақ КСРО-нің 1990-жылғы 15-желтоқсанында кабылдаған «Меншік туралы» заңында тұңғыш рет меншік құқығының принцптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСРО-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды.
Қазақ КСРО-нің меншік туралы заңындағы ең бір ұнамды тұс оның 7-бабы 2-тармағында азаматтың меншігі былайша тұжырымдалды; «азаматтың дене және рухани қажеттерін табыс келтірмей қанағаттандыруға арналған өзіндік меншігі табыс келтіруге арналған жеке меншік түрінде көрінеді». Бірақ та Заңның бірқатар ережелеріне елеулі түзетулер кажет еді. Сонымен, мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі Халық депутаттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүліктің меншік иесі Кеңестер болып табылатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік аумақтык кұрылым деп аталды. Бұл Заңда көңілге қонбайтын ережелерде кездесті. Мысалы: Қазақ КСРО-ні мемлекет ретінде коммуналдық меншіктің субъектісі бола алмады (Заңның 19-бабы).
Қазақ КСРО-нің «Меншік туралы» заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттін айрықша меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлық мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды. Тұңғыш рет осы Заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу құқығы және т.б,).
1994 жылы 27-желтоқсанда Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік қүқығының жағдайына түбірімен өзгертті.
Азаматтық кодекс азаматтық-кұқықтық ғылымының нәтижелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктерінің ең тандаулысын заңды түрде тұжырымдады да, нарық талаптарына сәйкестендірді.
- МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Меншік қуқығының пайда болу негіздері дегеніміз азаматтық құқық субъектілерінін белгілі затқа (мүлікке) байланысты меншік құқығын алуын заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар. Заң әдебиеттерінде қалыптасқан көзқарастар бойынша оларды екі топқа бөлуге болады: бастапқы және туынды.
Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірінші рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құкығында болмаған.
Туынды тәсіл дегеніміз-мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға акт нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иліктен шығаруда оның тоқтатылуы. Туынды тәсілінің негізінде меншік құқығынан пайда болуына көбінесе азаматтық-құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу-сату, қарыз емес несие шарты, жекешелендіру және т.б.
Меншік құқығы ел экономикасының негізін қалайтын болғандықтан оны қорғау мәселесіне аз уақытта да үлкен көңіл бөлінген. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының каіі құқық саласын алып қарайтын болсақ. та, меншікті қорғауға аса ыігга қойылып, оны бірінші кезектегі мәселелер қатарына шығарып отыр. Солардың ішінде ерекше орын алатын азаматтық-құқықтық тәсілдер. Меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуі, Виндикациялық талап. Азаматтық Кодекстің 260-шы бабына сәйкес меншік иесі өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Виндикациялық талап қанағаттандырылған кезінде меншік иесіне өз мүлкі қайтарылып берілуі тиіс. Виндикациялық талап арқылы мүлікті меншік иесіне қайтару үшін белгілі жағдайлар сақталуы тиіс: біріншіден, талапкер мен жауапкердің арасында ешқандай да азаматтық шартқа негізделген қатынастар болмауы тиіс. Егср олардың арасында мұндай қатынастар болатын болса, онда міндеттемелік кұқықтық әдістің ережелері қолданылуы тиіс. Екіншіден, мүлік жекелеген белгілері бойынша ажыратылуы тиіс. Үшіншіден, аталған талап бойынша нақты мүлік (жоғалған, ұрланған немесе еркінен өзге жолмен шығып қалған) ҚЗУІ-тарылуы тиіс. Төртіншіден, талап арызы берілгсн кезеңде мүлік заңсыз иеленушінің иелігінде болуға тиіс.
Сонымен қатар, виндикациялық талаптың негізінде мүлік иесіне қайтарылып берілуі заңсыз иеленушінің адал немесе арам ниетті екедігіне де көп байланысты. Адал иеленуші дегеніміз, мүлікті иеліктен айыруға құқығы болмаған тұлғаны білмеген немесе білуге тиіс емес иеленуші (Азаматтық Кодекстің 261-ші бабының 1-тармағы). Бұл жерде сатып алушы мүлікті иеліктен шығарушының пиғылының арам екендігін білуі де тиіс емес шы-ғар, өйткені мүлік баршаға тең жағдайда сатылуы тиіс қой.
Иеленушілік адал немесе арам ниеттілігі байланысты көптеген заңды сұрақтар тууы мүмкін. Арам ниетпен иеленушіден мүлікті әруақытта да талап етуге болады, егер талап мерзімі өтпеген жағдайда, ал адал иеленушіден мүлікті талап ету үшін белгілі шарттар сақталуы тиіс.
Егер мүлік адал иеленушіге ақылы түрде өткен болса, меншік иесі ол мүлікті төмендегі негіздер бойынша ғана талап етуге құқылы: 1) егер мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі иеленуге берген тұлға жоғалтып алса; 2) егер мүлік меншік иесінен немесе ол берген тұлғадан ұрланса; 3) меншік иесінің немесе меншік иесі иеленуге берген тұлғаның еркінен тыс өзге жолмен шығып қалса; мысалы, мүлік тасқын судың ағымымен ағып кетсе…
Егер мүлік оны иеліктен шығаруға құқығы жоқ тұлғадан тегін алынған болса, меншік иесі мүлікті қайтаруды талап етуге барлық реттерде де құқылы. Азаматтық Кодекстің 261-ші бабының 3-ші тармағына сай сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіп бойынша сатылған мүлік адал иеленушіден меншік иесіне еш уақытта да қайтарылып берілмейді. Заңның талаптары бойынша адал иеленушіден ұсынушыға берілетін ақшаны немесе бағалы қағаздарды қайтарып алуға да жол берілмейді.
Азаматтық Кодекстің 263-ші бабында заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу тәртібі де анықталған. Меншік иесі мүлікті талап ете отырып, арам ниетті иеленушіден бүкіл уақыт бойы иеленген кезінде өзі алған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе өтеуді талап етуге құқылы, ал адал иеленушіден иеленудің заңсыздық туралы білген немесе білуге тиіс болған немесе меншік иесіне мүлікті қайтару туралы талап қою жөніндегі хабарламасын алған кезден бастап өзі алған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін талап етуге құқылы.
Адал иелснуші өз кезегінде мешік иесінен мүліктен табыс есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жұмсалған шығындарды меншік иесінің өтеуін талап ете алады. Арам ниетгі иеленуші мұндай өтемді иеленушінің талабын сот негізгі деп тапқан реттерде толық немесе өзара алуға құқылы
Көрсетілгсндсй мүмкіншіліктер жоқ.
Меншік иесінің кұқықтарын иеліктерін айырумен ұштаспаған бұзушылықтан қорғау (негаторлық талап). Кейбір жағдайларда меншік иесінің иесіне құкықтарына бұзушылық болмағанымен, оның пайдалану және билік ету құқыктарына нұқсан келтірілуі мүмкін, Мысалы: биік қоршаудың нәтижссінде үй иесінің бөлмелеріне жарықтың аз түсуі немесе т.б. Азаматтық қүқықта мұндай талаптарды негаторлық дсп атайды.
Негаторлық талап деп меншік иесінің пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді жоюға бағытталған талаптарды айтамыз, Көрсетілген ережелер Азаматтық Кодекстің 264-ші бабында орын алған. Меншік иесі өз құқықтарын бұзу иеліктерін айыру құқығымен ұштаспаса да, ол өз, құқықтарын бұзудың қандайын болса да жоюды талап ете алады. Бұл ереже меншік иесі болып табылмайтын субьектілерге де тән (Азаматтық Кодекстің 265-ші бабы).
1.4 ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге бірнеше субьектілік меншік құқығы пайда болады. Азаматтық құқығында мұндай ереже ортақ меншік құқығы деп аталады. Азаматтық Кодекстің 209-шы бабында анықталғандай, екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мысалы: екі азаматтың меншігіндс бір тұрғын үйдің болуы.
Ортақ меншіктің субъектілері болып жеке тұлға да, заңды тұлға да болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Заңдары ортақ меншік субъектілеріне байланысты шектеу қоймаған, сондықтан ортақ меншікке байланысты болатын құқықтық қатынастарға шетел азаматтары мен заңды тұлғалар да қатыса алады.
Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан, бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Егср барлық катысушылардың келісімімен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасауға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушының қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпке көріне білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Нотариаттың куәландыруын немесе — мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасау кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуы тиіс.
Ортақ бірлескен меншікке қатысушылардың үндестері белгіленбегендіктен қатысушылар арасында оларды болу, сондай-ақ біреуінің үлесін бөліп шығару, қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заңда немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады. Заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін бөлу және одан үлесті бөліп шығару ережелері анықталғандықтан, ол Азаматтық Кодекстің 2І8-ші бабында көрсетілген; тәртіп арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Меншік кұқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік кұқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар катысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік кұқығының пайда болуы (236-бап, 1-тармақ); өңдеу (237-бап); иелену мерзімі (240-бап); олжа (245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап); кәмбе (247-бап).
Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.
Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие жәнет.б), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық касиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, занды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.
Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын не қоз-ғалмайтын болуы мумкін, Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап алынған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда — оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.
Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235-бабы І-тармақ). Зат күйіндегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім және т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар (жөне т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді, бұл АК-тін І93-бабында қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе осы мүлікті заңды негізде меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеуге жатады (бір тұлға материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Бұл екі жағдайда да өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Бұл сұрақтың шешімі мынадай; өз материалдарынан дайындалған затқа меншік кұқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.
Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауға, балық, аң аулауға арналған кәсіпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады, Заңдармен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 24Ьбабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (ан аулау, балық аулау және т.б.). Мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.
Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі — 15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке — 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену кенелігіне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың кажетті жағдайы мынадай болады: иелену, яғни «тура өзінің мүлкіндей көру», адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім. «Тура өзінің мүлкіндей көру» теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады, Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Иелену мерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің зандық негізін естен шығармайды. Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не зандық не әддекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті де АК-тің 240-бабының 4-тармағында тұлғада болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену кенелігінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.
Үздіксіз пайдалану иелену мерзімінің шарты ретінде иелену мерзімінің уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек мұндай құқық іс жүзінде де, заң жүзінде де тоқтатылмауы керек.
Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін — 15 жыл, ал қозғалатынына — 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне жүгінетін азамат немесе заңды тұлға өздері құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғанын осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.
Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлап, табылған затты оған қайтаруға міндетті. Егер зат үй-жайдың ішінде немесе көлікте табылған болса, ол сол үй-жайдың немесе көліктің иесі болып табылатын адамға тапсыруға тиіс. Мұндай ретте осы иеленуші затты тапқан адамның құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін мойнына алады.
Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі не тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті. Сонымен затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не полицияның, жергілікті атқарушы органның немесе олар көрсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындары оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім сомасын растайтын жазбаша дәлелдер алып, сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға және затты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуы немесе бұл заттың өзі үшін белгіленген тәртіп пен жағдайларда басқа адамдардың меншігіне берілуге тиіс. Жаңа кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі затты тауып алған адамға сыйақы беруді қарастырған, яғни затты тауып алушы затты алуға құқығы бар адамнан зат кұнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы өзінің олжа туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алу құқығынан айырылады.
Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу да Азаматтық кодекстегі олжа туралы ережелерге өте ұқсас келеді (АК-тің 246-бабы). Қараусыз немесе қаңғып жүрген немесе қожайынының меншігінен әлдебір себептермен адасып қалған мал, қолға үйрегілген үй жануарлары қараусыз жануарлар деп аталады. Егер мал, қолға үйретілген үй жануарлары басқа біреудің отарына, үйіріне барып қосылса, оны жайылып адасып жүрген деп есептейді. Қараусыз немесе каңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап 10 күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар өз кезегінде меншік иесін іздестіру шараларын қолға алады.
Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңіндегі жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін. Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және оларға жануарларды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады.
Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шшыңцарына өтем алуға құкылы (АК-тің 246-бабы 4-тармағы).
Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардын бұрынш меншік иесі келген ретте сол жануарлардын өзіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал, өзгеде мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін жағдайлар болған кезде, меншік иесі жаңа меншік иесімен келісім бойынша белгіленетін шартгармен, ал келісімге кел-еген кезде — сот арқылы оларды езіне қайтарып беруді талап етугеқұқылы (АК-тің 246-бабы 5-тармақ).
Қараусыз заттар құрамьшда көмбе де бар, көмбе дегеніміз — жергекемілген немесе басқа әдіслен жасырылған, меншік иесін аныктау мүмкін болмайтын не зандарға сәйкес оларға құқығьшан айрылған ащіга немесе өзге де бағалы заттар болып табылады (АК-тін 247-бабы). Бұрынғы азаматтык занда көмбені мемлекет меншігі деп қарастырды, ал жаңа Азаматтық кодекс бойынша көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің және көмбені тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбеген болса, меншігіне тең мөлшерде бөлінеді.
Егер бағалы затты іздеу мақсатында қазу не іздестіру жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүліктің меншік иесінің рұқсатынсыз болса, көмбе табылған күнде ол сол жер учаскесі иесінің меншігіне беріледі (АК-тің 247-бабы 1-тармақ). Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапкан адам осы көмбе құнының елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында осы баптын 6 тармағында көзделген ережелер қолданыла отырып бөлінеді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, меншік күкығын алудың туынды негіздері мирасқорлыққа сүйенеді. Меншік құқығын алудың ең көп тараған туынды негізі затты бөтен біреуге беру болып табылады. Осындай жағдайларда шарт бойынша затты алушының меншік құқығы дәл қашан пайда болғанын анықтау манызды. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшетін болғандықтан, аталған мәселе іс жүзінде маңызды рөл атқарады (АК-тід 190-бабы).
Азаматтық кодекстің 238-бабы шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болатынын бекітеді.
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншігі құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де кажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.
Азаматтық кодекстің 238-бабының диспозитивтік норма екендігін заң мәтінінен байқаймыз, ондағы тұжырым меншік құқығы ауысар сәтте тараптардың келісімімен немесе арнаулы заңмен өзгертілуі мүмкін. Тараптар мынадай келісімге келе алады: меншік құқығы (шаруашылық жүргізу құкығы, оралымды басқару құқығы) мүлік алушыда шарт жасалған сәттен басталады, заттың толық құнын төлеу жеткізілгеннен кейін жүзеге асады және т.б.
Азаматтық кодекстің 239-бабына сәйкес, заттардың алушыға тапсырылуы сол сияқты, егер заңда немесе шартта көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айрылған заттарды жеткізіп беру міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу берілу деп танылады. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап жіберілген деп танылатыны тұжырымдалған.
Затқа коносамент немесе өзгеде әкімші құжат беру заттарды беруге теңестіріледі (АК-тІң 239-бабы 2-тармағы).
Меншік құқығына ие болу негіздерінін тізбесі Азаматтық кодекстің 235-бабында қарастырылған, бірақ ол бәрін бірдей қамтыды деп айтуға болмайды. Оған алдымен Азаматтық кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінің мүшелері, жарна жинақтауға кұқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген баска адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл заттарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінің үлестік жарнасын төлесе жетіп жатыр.
Қорытынды
Қазіргі Азаматтық кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі, 14-тараудағы «Меншік құқығы мен өзге де затты құқықтардың тоқтатылуы» деген арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтық кодекстің 249-бабы меншік құқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.
Меншік құқығын тоқтатудың аталған негіздерінде меншік құқығынан бас тартуды ерекше бөліп қараған жөн (АК-тің 250-бабы). Меншік құқығынан бас тарту болған жағдайда мына бір жағдайды есте ұстау керек, яғни меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Айталық, азамат немесе занды тұлға өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл жер учаскесіне қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шектейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқықтарынан (басқа жаққа кету, учаскені ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және т.б.) бас тартатындығын дәлелдейтін дейіс-әрекет жасаған жағдайда, бұл учаске иесіз мүлік ретінде есепке алынады.
Иесіз мүлік ретінде есепке алынған күннен бастап бір жыл өткен соң мұндай жер учаскесі жергілікті атқару органының талап етуі бойынша сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады («Жер туралы» Заңның 74-бабы, 2тармақ).
Заң меншік иесінен мүлікті ықтиярынсыз алуға байланысты қатынастарды бүге-шігесіне дейін реттейді. Меншік құқығын алып қою үшін: а) негіз занда қарастырылған болуы керек; ә) соттың шешімі болуы міндетті.
Азаматтық кодекстің 249-бабьт 1-тармақ меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мұндай өндіріп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тін 251 бабы, 1-тармағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп алудың басқалай жолы шарт арқылы болуы мүмкін. Ақы өндіріп алынатын мүлікке меншік иесінің меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.
Мүлікті меншік иесінен ықтиярынсыз алып қою заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-бабы, 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүліктің меншік иесі егер заң құжаттарында өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс.
Реквизициялау дегеніміз дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, міндеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік билік және басқару органдарың режимі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайдарға меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы болып табылады. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады.
Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алуы мүмкін екендігін білдіреді (АК-тің 254-бабы). Тәркілеу тәркіленетін барлық мүліктің бәріне қолданылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстык кодексінің 51-бабында оған мынадай тұжырымдама берілген, мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі больш табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу пайда күнемдік ниетпен жасалған кылмыс үшін белгіленеді және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Мүлікті ықтиярсыз ақысыз сот шешімімен мемлекет меншігіне алып қою мынадай жағдайларда жүзеге асады: егер мәміле қылмыстық мақсатқа бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардын мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі сот шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс (АК-тің 157-бабы, 4-тармағы). Аталған жағдайда кінәлі жақ алғанынан немесе аларынан айрылады, сондай-ақ келісімде көзделген мүлікті пайдаланудан да құр қалады.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 255-бабына сәйкес мемлекеттік органның меншік иесінен мүлікті алып қоюға тікелей бағытталмаған шешіміне, соның ішінде меншік иесіне тиесілі үйі, өзге де қора-қопсы, кұрылыстар мен өсімдіктер бар жер учаскесін алып қою туралы шешіміне байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының заң құжаттарымен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана меншік иесіне құны тең мүлік беріп жөне өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып, немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемінде етей отырып, тоқтатылуына жол беріледі. Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Жер учаскесін алып қоюға қала салу мен жер орналастыру құжаттарында тағайындалған, бекітілген тәртіпке сәйкес қала мен елді мекен салуға арналған бас жоспар мен аумақты шектеу сызбасы негіз болады.
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңына орай жер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін сатып алу тәртібі қарастырылған.
Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.
Сот мүлікті алып қою мәселесін меншік иесіне құны тең мүлік беріп өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемінде өтей отырып тоқтату арқылы жүзеге асырады (АК-тің 255-бабы, 1-тармағы).
Жер учаскесін алып қоюға қаралатын талап бір жыл өткен соң, бірақ меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға хабарлама жіберілген сәттен бастап екі жылдан кешіктірмей қойылуға тиіс («Жер туралы» Заңның 70-бабы).
Дауды шешу кезінде меншік иесіне келтірілген залалды қалпына келтіру мәселесі де қаралады.
Осы баптың ережелері мемлекеттік органның мүлік орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерін және басқа учаскелерді алып қою туралы шешіміне байланысты тиісінше қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы тоқтатылған кезде қолданылады (АК-тің 255-бабы, 3-тармағы).
Затты құртып жіберу меншік иесінің еркімен де, еркінен тыс болуы да мүмкін. Мысалы, мұндай жағдай табиғат күшінің әсерінен немесе бөтеннің мүлкін жойған субъектілердің теріс қылығынан орын алады делік. Оның соңғы жағдайында меншік иесі келтірілген мүліктік залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы, ал егер мүлік сақтандырылып қойылса және апат нәтижесінде жойылса, онда шығынды сақтандырушы өтейді.
Меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқықтарын тоқтату Азаматтық кодекстің 249-257 баптарындағы меншік құқығын тоқтату ережелері арқылы жүзеге асады, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы 2004
- Қазақстан Республикасы Мемлекеті мен Құқығының негіздері.
Алматы 2003
- Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, Алматы «Жеті жарғы», 2001.