30 января, 2020 20:15
РЕФЕРАТ
Назарларыңызға ұсынылып отырған бітіру жұмысым, кіріспеден,
III тараудан, қорытындыдан және 25 қайнар көзден, 60 беттен тұрады.
Жұмыс жауап алу тактикасына, алдын ала тергеуде жауап алудың жалпы ережелеріне, жауап алуға шақыру тәртібіне, және де іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға және тергеудің процессуалдық тәртібіне арналған.
Бітіру жұмысының II тарауында кәмелетке толмаған айыпталушы мен куәдан жауап алу тактикасы кең ауқымды қарастырылған. Сондай-ақ кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу процессінің ерек-шеліктеріне, және де кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық даму деңгейіне, балалардың психикасын басшылыққа ала отырып кәмелетке толмаған айыпталушылардың берген айғақтарын қалып-тастыру процессінің ерекшеліктеріне тоқталып өтілген.
Айыпталушыдан соның ішінде кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу, жауап алу орнын таңдап алу, қажетті жағдайды жасауға негізінен мән берілген. Кәмелетке толмаған айыптаушыларға қатысты жауап алу процесіне үшінші жактардың, яғни ата-аналарының, педагогтарының, психологтардың шақырылуына көңіл бөлінген. Айыпталушыдан және куәдан жауап алуды бекіту кезінде хаттамамен қоса, қосымша құрал, аудио — және бейне жазбаларды қолдану ұсынылады. Материалды тергеу практикасынан алынған бірнеше мысалдар келтірілген.
Айыпталушы мен куәдан жауап алған кездегі тергеушінің тактикалық тәсілдерді қолдану қызметінің негізгі ерекшеліктері, осы жұмысымда сөз болып, тергеушінің жауап алар алдындағы дайындық жұмыс-тарымен таныстырып өтуге тырыстым. Әртүрлі авторлардың осы тергеу әрекетіне байланысты жазған еңбектерінен үзінділер келтірдім.
КІ РІСП Е
1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз — Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» — деп аталған, осыған сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау, қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар арасында кең етек жая бастады.
Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде
күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Қылмыстылықпен күрес жүргізу мәселелерін шешу, қылмыстық іс жүргізу мәселелерін шешу, қылмыстық іс жүргізу заңдарын сәйкесінше ұқыпты, білікті және ғылыми негізде қолданумен анықталады.
Қылмыстылықпен күрес жүргізу кезінде тергеу әрекеттерін, соның ішінде ең көп тараған түрі — жауап алуды дұрыс қолданғанда ғана, табысқа жетуге болады.
Осы тақырыптағы бітіру жұмысымда, айыпталушыдан жауап алуды, оның мүддесін қорғау құралы және дәлелдеу құралы ретінде, этникалық және тәрбиелік жақтары бар әлеуметтік құбылыс есебінде, психологиялық жағынан алып қарағанда ерекше қатынастар процесі есебінде қарастыруға тырыстым.
Жауап алудың мазмұны криминалистік тактиканың тергеу және сот практикасы негізінде қалыптасқан тәсілдер арқылы жауап берушіден айғақ беруді талап етуден тұрады.
Айыпталушы мен куәдан жауап алудың пәні бұл тергеліп отырған іс үшін маңызы бар, жауабы алынып отырған адамның білетін мәліметтері мен мән-жайлары.
Бітіру жұмысының бұл тақырыбын, алдағы құқық қорғау органдарында жұмыс істеуімнің ерекшелігіне және де тәжірибелік
жұмысымда теориялық көмек беретіндігіне байланысты таңдап алдым.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Соңғы жылдарда, қылмыс саны, әсіресе жасөспірімдердің жасаған қылмыстарының жалпы саны 30,1% өскен. Бұл көрсеткішті көрсетіп отырғанымның себебі, бітіру жұмысымның бір тарауы кәмелетке толмағандарға арналған, онда олардан жауап алу тактикасының жүргізілу тәртібі, олардан жауап алу орны мен уақыты және т.б. мәселелер қаралған.
I ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жауап алудың түсінігі, маңызы және
процессуалдық негіздері
Жауап алу дегеніміз — занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пай-даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бүл тергеу әрекеті төрттүрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғүрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бүған тиімді, ыңғайлы тактикалық әдістер қол-данылады. Бірақ ол каншалықты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмыстық оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқа-ны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмыстық оқиғаның басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар — занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралық түрінің, қылмыстық оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дүрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сон-дықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан қүтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің түжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.
Жауап алу — ең көп тараған, ал тактикалық мағынада — ең күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.
«Жауап алу — бұл дәлелдемелерді алу және тексеру жөніндегі тергеу әрекеті. Жауап алудың көмегімен қылмыстық істің дұрыс шешілуі үшін қажетті қылмыс туралы мәліметтердің айтарлықтай бөлігін алуға және белгілеуге, қылмыстың ниеті мен мақсатын, сондай-ақ оған түрткі болған жағдаяттарды анықтауға болады.
Әдебиетте кездесетін әр авторлардың түсінігінде, жауап алу, қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатаң түрде қолдану арқылы, сонымен қатар, жауап берушіге психикалық, физикалық зорлық, не болмаса қандай да бір күштеу сияқты заңсыз әрекеттерді қолданбай жүргізу керектігі айтылады.
Практикада жауап алу процесінсіз қылмыстық істің болуы тіпті мүмкін емес. Яғни, қандай да болмасын қылмыстық істі тергеген кезде, тергеуші куәдан, айыптаушыдан, жәбірленушіден жауап алады.
Жауап алу, сипатына байланысты — көп жоспарлы, күрделі, процессуалдық, криминалистикалық, ұйымдастырушылық және этникалық аспектілері бар әрекет жауап алу — бұл жоғары шеберлікті талап ететін өнер болып табылады.
Жауап алудың түсінігі туралы пікірлерін басқа да көптеген авторлар өз еңбектерінде білдірген. Досболов Г.Г. психологиялық
тұрғыдан алғанда жауап алуды — жауап берушінің қабылдаған және ойында сақталған қылмыс жөніндегі толық мәліметін Заңға сәйкес жауап алушыға беру деп сипаттайды.1
Жәкішев Е.Ғ.: Жауап алуды — жасаған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтерді алуға бағытталған, Заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті деп санайды.2
Осы келтірілген түсініктерге ұқсас пікірлерді Заң әдебиеттерінде басқа да авторлар береді.3
Психологиялық жағынан алғанда жауап алудың негізгі мақсатының сипаты, тергеушінің айыпталушының психикасына еніп, оған белсенді түрде әсерін тигізуін талап етеді.4
Жауап алу кезінде криминалистік тактика, сот психологиясы, логика, педагогика және сот этикасы кең қолданылады.
Жауап берушілер (куәлар, жәбірленушілер, айыпталушылар, сотталушылар) бір-бірінен өмірлік тәжірибесімен, мамандығымен, білімімен, психикасымен ажыратылады, әрі ерекшеленеді.
Жауап алуды ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін, тергеуші, жауап берушіге сенімсіздік білдірмейтіндей жеке қасиеттерге ие болуы керек, яғни ол, объективті, зергек, ұтқыр, ақылды, тәкәппар болуы тиіс. Тергеушінің жағымсыз, жат қылықтары жауап берушінің шынайы және толық айғақ
беруге, тіпті айыпталушының тергеушіні ауыстыру туралы берген өтінішін
қанағаттандыруға әкеп соғады.
Жауап алу кезінде сөйлеу және өзін-өзі ұстай білу мәнерінің де
жауап берушінің психологиясын зерттеп қоймайды, сонымен қатар
_________________
1 Досбулов Г.Г. «Психология допроса в Уголовном процессе», «Ғылым», А., 1996, 7 бет.
2Жәкішев Е.Ғ. «Криминалистік тактика» «Жеті жарғы», А., 1997, 46 бет.
3Порубов Н.И. «Допрос» Минск, 1973, 10 бет.
4 Васильев А.Н. «Тактика отдельных следственных действий». М., 1981, 8 бет
айыпталушы да өз тарапынан тергеушінің психологиясын, әрекеттерін, әрбір мимикасын, қимыл-әрекетін зерделеп отырады.
Жауап алынатын адамдардың әрбіреуіне қатысты, олардың қуқтарына қатысты, заңды мүдделеріне қатысты өрескелікке, менмендікке, келесітушілікке жол берілмейді.
Екінші жағынан жауап берушіде өз тарапынан шектен шығып кетпеуі тиіс. Кейбір жауап берушілер жауап алу кезінде өзін жүгінсіз үстап, тергеушінің күйгелектеуіне және күйіп-пісуіне әкеп соғады.
Ұрлық қылмысын жасаған айыпталушы Сабиров, жауап алу кезінде өзін тыныш, тіл алғыш үстады, айғақтарды еркін баяндау жолымен берді, бірақта келесі күні іске қатысты белгісіз болған мән жайларды анықтау қажеттілігі туған кезде Сабиров түйық болып, айғақтарды бергенін мойындамады. Осының салдарынан тергеуші күйгелектеп, жауап алуды келесі күнге ауыстыруға тура келді.
Толық әрі шынайы айғақ алуға, тек, тергеушінің қүққа сай белгілі бір тактикалық тәсілдерді қолдану кезінде ғана жетуге болады. Тергеушінің таңдап алған тактикалық тәсілі жалпы талаптарға, сондай-ақ жауап берушінің түлғасының ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Жауап алу процесін тактикалық магынада төмендегідей сатыларға бөліп, қарастыруға болады:
Кіріспе
Жауап берушінің еркін баяндауы
Тергеушінің сұрағына жауап беру.
Осы жұмыста келтірілген және алда кездесетін мысалдардың барлығы өндірістік практикамнан алынған.
Кіріспе сатысында, жауап алуға келген тұлғаның жеке басын анықтау, жауап берушіге оның процессуалдық құқтарын және міндеттерін түсіндіру, жауап беру тілін анықтау мүмкіндігі туады.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады.
Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны хабарланады, Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойлады…» (ҚР ҚІЖК 213-бап 1,2 тармақтар).
Екінші сатысы, жауап берушінің жауапты еркін баяндау түріндегі, өзіне белгілі мән-жайларды, яғни іс бойынша мән-жайларды айтумен басталады. Еркін баяндау кезінде тергеуші жауап берушіні бөлмей, мұқият тыңдайды. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуі қажет. Еркін баяндау жауап алудың барлық мәселелерін шешіп қоймайды. Сондықтан, жауап берушіге нақтылаушы сұрақтар қою қажеттілігі туындайды, бұл сұрақтар жауап берушінің жауабындағы қайшылықтарды болдырмау үшін қолданылады.
Тергеушінің жауап алынатын адамға қойылатын сұрақтары: негізгі, қосымша, нақтылаушы, еске түсіруші, бақылаушы сұрақтар болып бөлінуі мүмкін.
негізгі сұрақтар — жауап алу пәнінің толығымен бір бөлігін қамтиды;
қосымша сұрақтар — жауап алынып отырған адамның еркін баяндау кезінде ұмытып кеткен мән-жайларды анықтау үшін қолданылады;
нақтылаушы сұрақтар — жауап алынып отырған адамның берген айғақтарын анықтау, нақтылау үшін қолданылады;
еске түсіруші сұрақтар — ұмытылғанды еске түсіру үшін қолданылады;
бақылаушы сұрақтар — жауап берушінің іс үшін маңызы бар берген айғақтарын тексеру үшін қолданылады.
Өз еңбектерінде Карнеева Л.М., С.С.Ординский, С.Я.Розенблит сияқты авторлар криминалистердің пікірлеріне сүйене отырып, жауап алудың түсінігін 2 мағынаға бөліп қарастырады. Тар мағынада және кең мағынада. Тар мағынадағы жауап алу — жауабы алынатын адамға сұрақ қойып, оған берілген жауапты тыңдауды айтса, кең мағынадағы жауап алу бұл айғақты жауап берушінің еркін баяндауымен қоса, жауап берушіге сұрақ қойып, ал өз тарапынан қойылған сұраққа жауап беруі, сондай-ақ жауапты хаттамаға тіркеп, жауап берушінің айғағын алу деп түсіндіреді.
Жорғарыда аталғандарды қарастыра келе, жауап алу — бұл құқ қорғау органдарының іс үшін маңызы бар нақты және шынайы мәлімет алу үшін жүргізетін тергеу әрекеттері деген қорытындыға келдім, жауап алудың қылмысты тез, әрі толық ашу үшін маңызы зор. Оның маңызы мыналардан тұрады:
.Жауап алудың көмегімен: -Болған қылмыстың көрінісін
анықтауға болады.
-Кінәліні жауапқа тартуға болады.
— Нақты мәлімет алуға болады.
— Жасалған қылмыстың механизмі мен ескіру мерзімін анықтауға болады.
Жауап алу тергеу органдарының немесе соттың іс жүргізу заңдарымен белгіленген жауап алынатын адамның дәлелдеу пәніне кіретін мәліметтері туралы айғақтарын, тергеу органдарының және соттың әрекеттерін анықтай алады.
-Жауап алуға шақыру тәртібі келесідей жүргізіледі:
Куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген сезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қол хат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақыртылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің, көршілерінің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады. Жауап алынытын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.
Хабарлау қағазында кімнің және кім ретінде, кімге және қандай мекен жай бойнша шақыртылатыны, жауап алуға келетін уақыт (күні, сағаты), сондай-ақ дәлелсіз себептермен келмеудің салдары көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері арқылы шақыртылады.
Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады.
-Жауап алудың орны мен уақыты:
Жауап алу алдын ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі. Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізуге құқылы. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды дем алу мен ас ішүге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық дәләлдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде белгіленеді.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тіл білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауп бергісі келетіні анықталады. Жауп алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады. (ҚР Қылмыстсқ іс жүргізу Кодексі 211-214 б.б. )
1.2.Жауап алар алдында жүргізілетін
дайындық жұмыстары
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде қажет адамның мінез-қүлқы, моральдық және зияткерлік (интеллектуалдық) қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, кай күні алу керектігін шешу керек. Бүл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шар-шап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқтала-ды. Жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
Айыпталушыдан жауап алудың жалпы тәртібі ең бастысы ҚР ҚІЖК-нің 217-бабында қарастырылған, осыған сәйкес, айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі. Айыпталушыдан жауап алудың көлемі айыпкер ретінде тану туралы қаулымен шектелген. Бұл дегеніміз, айыпталушы осы қаулыда қалыптасқан жағдайлар, мән-жайлар бойынша жауап беретіндігін білдіреді.
Айыпталушының ойынша, іс үшін шындыққа жеткізетін маңызы бар мән-жайларды, айтуға құқылы. Айыпталушыдан жауап алу пәні, куәден жауап алуға қарағанда кең ауқымды, фактілі жағдайларға байланысты болады. Айыпталушы өзі жасаған әрекеттері үшін ғана емес, сонымен қатар осы іске қатысты басқа да айыпталушылардың айыбын мойнына салу фактілер мен жағдайлар туралы жауап беруі мүмкін.
Айыпталушының айғағы іс бойынша орынды дәлелдеме болып табылады, барлық дәлелдемелер сияқты тексеруді және бағалаүды қажет етеді.
Айыпталушының берген айғағын дұрыс бағалау керек. Оның өз кінәсін мойындауы жәй ғана дәлелдеме болып табылады.Бірақ та тергеуші айыпталушыдан мойындау мен шынайы айғақ алу маңызды болып табылады: айыпталушы, басқаларға қарағанда өзі жасаған қылмысының мән-жайын жақсы білетіндіктен, тергеушіге белгілі болмаған қылмыстың жасалу ниетін, оның айғағын дәлелдейтін тұлғаларды және т.б. дәлелдемелерді анықтап бере алады. Сонымен қатар, айыпталушының кінәсін мойындаудың үлкен тактикалық маңызы бар.
Айыпталушыдан жауап алуға дайындық және жауап алудың өзіне тән сипатты белгілері бар: айыпталушы, сезікті ретінде бұрындары жауап берген, мүмкін осы тергеуші жауап алған да шығар. Бір жағынан, тергеуші айыпталушыны танығандықтан, бұл тергеушінің жауап алуға дайындығын жеңілдетеді, ал екінші жағынан — іс бойынша жауап алудың өзін қиындатуы мүмкін, себебі тергеушінің қолданғалы отырған дәлелдемелері, осы тұлғаны сезікті ретінде жауап алу кезінде қолданылады. Осыдан, біріншіден, осы тұлғадан алдыңғы жауаптарын бағалап, осыған байланысты енді болғалы отырған жауап алу тактикасын құру, екіншіден, іске байланысты тергеуді бір ғана тергеуші жүргізуі керек, істі бір тергеушіден, екінші тергеушіге себепсіз беру келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін (айыпталушымен қатынастың бұзылуы, тергеу мерзімнің созылуы, тергеудің толық еместігіне әкелуі т.б.).
Л.Р.Шейнин айыпталушыдан жауап алуға мұқият түрде дайындалу қажеттігіне байланысты, тергеушіге: «Бір сағаттан кейін сені жауап алу күтіп тұр. Сен оған дайындалып, мықты қарулануың керек. Айыпталушыдан жауап алған кезде, сен онымен жекпе-жекте кездесетініңді есте ұста. Бұл жекпе-жекте ол күшті қарсылас, себебі ақиқатты біледі және де ол ақиқатты сенен жасыруға тырысады, ал сен ол шындықты кейде аңғарып қаласың, сол себепті оны алуға
тырысуың керек. Сондықтан, жауап алуды қалай жүргізетініңді мүқият ойланып ал. Ол үшін, сен қарсыласыңның осал жерін тауып, біліп алуың керек».1
Жауап алуға мүқият дайындалу көп жағдайда табыстарға әкелетіні анық. Ол жауап алынатын адамның процессуалдық жағдайымен және жауап
_________________________
1 Шейнин Л.Р. Советский следователь. «Настольная книга следователь». М., 1969, 11 бет.
алудың пәнімен анықталады. Істің нақты мән-жайларына байланысты жауап алуға дайындықтың тактикалық тәсілдері: іс үшін маңызы бар мән-жайларды білетін адамдар тобын анықтауға, болғалы отырған жауап алудың пәнін анықтауға, жауап алу орнын, уақытын анықтау және оларды жауап алуға шақыру тәсіліне; заттай дәлелдемелер мен басқа да заттарды жауап алуда пайдалану үшін дайындауға, шешілуі үшін арнайы білімді қажет ететін сүрақтарды белгілеуге және қажетті көлемде арнайы әдебиеттермен, терминологиямен таныстыруға бағытталуы керек.2
Дайындықтың негізгі элементі болып, жауап алу кезінде айқындалуға қажетті, мән-жайларды анықтайтын және нақты айғақ алуды қамтамасыз ететін тактикалық тәсілдерден түратын жауап алу болып табылады. Алдын-ала мақсат қүрып алмай және жүргізілу жолын белгілемей жүргізілген жауап алу, қайта жауап алуға, әкеп соқтырады, ал бүл тергеуді қиындатуы және біраз мақсаты көп жағдайда тергеушінің тәжірибесіне, болғалы отырған жауап алудың күрделілігіне байланысты. Жауап алуға дайындық кезінде жекелеген сүрақтарды анықтау үшін жазбаша жауап алудың қажеттігі шамалы. Ал күрделі жауап алу кезінде кейде тек қана жазбаша жоспар ғана қүрып қоймай, жауап алудың графикалық үлгісін қүрып алу керек, сонымен қатар негізгі қойылатын сүрақтарды түжырымдап алу керек. Жауап алу жоспары
әдетте кесте түрінде қүрылады, ол жерде біртекті элементтер графаларға бөлінеді. Жауап алудың уақытымен өткізілетін орнын анықтаудан басқа, ол келесідей графалардан түруы мүмкін:
- айғақ алу күтілетін мән-жайлар және оларды анықтау
жүйелілігі;
2. әрбір мән-жайларды анықтау үшін қомылатын сүрақтар;
- қажет болған жағдайларда айыпталушыға көрсетілетін заттай
________________________
2 «Криминалистика» Оқулық. Редакциясы А.Г.Филипов пен Волынскидікі. М., 1998, 287 бет.
дәлелдемелер, суреттер, қүжаттар және т.б. материалдар;
- әрбір мән-жайларда бар материалдаргасілтеу;
- жауап алу кезінде тергеушінің қолданғалы отырған басқа да тактикалық әдістері.
Бұл негіздер болғалы жатқан жауап алудың ғана түсінігін бермейді, сонымен қатар, оған дайындық жүмысының көлемі туралы да түсінік береді.
Осы түрғыда Карацев К.М-ның жауап алу жоспарында, қылмыстың жасалуына себепші болған себептер мен
жағдайларды анық тауға әсерін тигізген, тергеліп отырған
жағдайдың жасалу тәртібін анықтауға бағытталған, тергеушінің алдын алу сипатындағы шараларды қарау қажеттілігі туралы айтқан пікіріне келіспеуге болмайды. Өндірістік практиканы өту барысында, менің байқағаным, қылмыстың жасалуына себепші болған мән-жайларды анықтау, әр кезде барлық істерге байланысты жүргізілмейді және алдын-ала тергеу жүргізудің қорытынды сатысында әрдайым бүл немқүрайлы және формальді ғана болады.
Алдын-ала тергеу аяқталған кезде де қылмыстың болуына әсер еткен жағдайларды анықтауға және шараларды қолдануға болады,
осы кезде жауап алу жүргізілген уақытта айыпталушыға нақты сұрақтар қою жолымен, қылмыстың болуына әсерін тигізген себеп пен жағдайларды уақытылы, (алдын-ала тергеу аяқталған кезде емес) толықтай және детальді анықтап алуға болатындығын айта кетуім керек.
Тергеу үшін маңызы бар информацияны иемденуші куәлар мен жәбірленушілер қылмыстық іс материалдарын оқып үйрену кезінде анықталады.
Жауап алуға дайындық кезінде айыпталушының тұлғасы туралы толық, жеткілікті мәлімет болу керек, сондай-ақ оның осы іске және осы істің қатысушыларына қандай қатысы бар екендігін анықтап алу керек. Мүндай түсінік, яғни мәлімет объективті болу үшін, бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне байланысы жоқ қайнар көздер қолданылады.1
Тергеуші жауап алынатын түлғалардың жеке басы жөніндегі мәліметтерді, оның психофизиологиялық қажеттерін жауап алудың дайындық сатысының өзінде-ақ тактикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланады.2 Бірнеше айыпталушы болған жағдайда, олардан жауап алу кезегі, олардың, жауап алу кезінде беретін мәліметтерінің көлемімен, анықталады.
Айыпталушыдан жауап алу үшін тергеушінің істің мән-жайына байланысты анықтайтын жауап алу сәтін дүрыс таңдап алудың маңызы зор. Бүл жерде екі аспект анықталады:
1) бір-біріне қайшы келмейтін процессуалдық және тактикалық аспектілер. Қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет
жасайды, немесе қылмыстық әрекетінен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға негіз болған кезде (ҚР ҚІЖК-нің 139~ бабы) және тағылған айыптың; ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, немен шуғылданатындығы, мүліктік жай-күйі,
түрақты түратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескеріле отырып (ҚІЖК-нің 141-бабы) бүлтартпау шаралары қолданылуы (ҚР ҚІЖК-нің 142-бабы) мүмкін. Бүл реттегі айыптау айыпталушыға бүлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірмей, ал егер сезікті үсталып, содан кейін қамауға алынса, — үсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс.
Сонымен қатар адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тағылады және бұл
қаулымен айыпталушыны қаулы шығарылғаннан кейін, қырық сегіз сағат ішінде, таныстырып және осыдан кейін бір тәуліктен кешіктірмей
______________
1 Митусевич И.А. «Изучение личности обвиняемого в процессе предварительного
следствия «Минск, 1975, 66-68 беттер.
2 Гилзбург А.Я. Белкин А.Р. Криминалистическая тактика. Алматы. 1998 г. с. 238
айыпталушыдан жауап алу керек. (ҚР ҚІЖК-нің 209, 211-баптары). Осы
мерзімдердің шегінде тергеуші, тактикалық көзқараспен жауап алудың
ыңғайлы сәтін таңдап алады.
Айыпталушы жауап алуға, одан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы немесе өзге де байланыс қүралдарын, яғни телефонограмма, телеграмма арқылы шақыртылады (ҚР ҚТЖК-нің 211’бабы). Тергеушінің жауап алуға шақыру тәсілі, шақырылушының жауап алу орнына уақытылы келуіне қамтамасыз етуі керек. Шақыру фактісін қүпияда сақтау қажеттілігі туған жағдайда, тергеуші өзі немесе басқа адамға жауап алынатын адамды шақыртуы керек. Жауап алуға шақырудың тездету шаралары, қылмыстың алдын-алу, қылмыстан сақтандыру үшін мәліметтер бере алатын тұлғаларға қатысты қолданылады. Жауап алуды, айыпталушылардың сөз байласуына немесе оған мүдделі тұлғалардың әсер етуі мүмкін деген қауіпке негіз болған кезде де кейінге қалдыруға болмайды.
Заңға сәйкес жауап алу тек қана күндізгі уақытта жүргізіледі, бірақ кейінге қалдыруға болмайтын айырықша жағдайларда ғана -түнгі уақытта жүргізіледі.
Тергеуші айыпталушыдан өз кабинетінде, үшінші жақтардың қатысуынсыз (егер айыпталушы қамауда болса-тергеу изоляторында) жауап алады. Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда, жауап алуды жауап алынатын адамның тұрған жерінде жүргізілуі мүмкін, мысалы, тергеушіге келе алмайтын тұлғадан (науқас) жауап алу. Емделіп жатқан тұлғалардан жауап алу тергеуші үшін кейінге қалдырылмайтын жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Осы кезде тергеуші жауап алудың науқас адамның денсаулығына әсерін тигізбейтіндігіне көзі жетуі керек. Денсаулығының ауыр жағдайында жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен өткізіледі.
Заңда кей жағдайларда, жауап алуға прокурордың, аудармашының, қорғаушының қатысу міндеттілігі айтылады. Прокурордың жауап алуға қатысу құқығы ҚР ҚіЖК-нің 62-бабына сәйкес жүргізіледі, осы бапқа сәйкес прокурор анықтау және алдын-ала тергеу органдарына қадағалау жүргізе отырып, жауап алу кезінде қатысуға құқұлы. Жауап алуға аудармасының қатысуы ҚР ҚУЖК-нің 85-бабында айтылған. Егер де қорғаушы, айып тағылған кезден бастап іске қатысқан болса, ол айыпталушыдан жауап алу кезінде де қатысып, тергеушінің рұқсатымен айыптаушыға сұрақ қоя алады.
Қылмыстың кейбір түрлерін тергеген кезде жауап алудың пәні -өндірістік-техникалық жағдайлар болуы мүмкін, бұларды анықтау үшін, сәйкесінше халық шаруашылығының белгілі бір салаларының ережелерін білу, арнайы атаулар мен терминдерді біліп, олардың мағынасын түсіну қажет етіледі. Айғақтардың пәні болып табылатын процестің мәнін түсінбей, қажетті криминологияны біле алмай, тергеуші айыпталушымен «ортақ тілге» келе алмауы, тіпті айыпталушының берген айғағының мағынасын түсінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда сәйкесінше нормативті материалдарды және арнайы әдебиеттерді оқып — білу, не болмаса маманнан консультация
алу қажет. Кей жағдайларда сәйкес мекемелерге алдын-ала барып,
сол жердің өндірістік технологиясымен танысып алу пайдалы болады. Кейбір жағдайларда, зерттеліп отырған фактілер терең білімді қажет етеді. Осы кезде жауап алуға сәйкесінше тергеушінің айыпталушыға қоятын сұрақтарын құруға көмек беретін және оның айғақтарын дұрыс бағалайтын маман шақыртылуы керек. ҚР ҚГЖК-нің 84-бабына сәйкес, «Тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін
іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақыртылуы мүмкін.
Іске маманды шақыртқан кезде, жауап алуды маман емес, тергеуші жүргізіп жатқанын есте ұстау керек.Жауап алу басталар алдында тергеуші, жауап алуға қатысып отырған тұлғаларға, тергеу шінің рұқсатымен сұрақтар қоюға жауап алу хаттамасымен танысуға, ондағы жазылғандардың дұрыстығына және толықтығына байланысты жазбаша ескертулер
жасау құқығы түсіндіріледі.
Жалпы тәртіп сияқты, айыпталушыдан жауап алу, тергеушінің айып тағуы үшін жеткілікті дәлелдемелерді жина ғаннан кейін жүргізіледі.
Жауап алудың басында тергеуші, айыпталушыға, тағылған айыптың мәнісін түсіндіре отырып, оның тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара кінәлі екенін мойындайтынын, не өз кінәсін теріске шығарытынын анықтайды (ҚР ҚІЖК-нің 217-6.).
Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін, тергеуші, оған тағылған айып пен іс үшін маңызы бар басқа жағдайлар бойынша айғақ беруді ұсынады. Алдын-ала тергеуде айыпталушының айғақ беруден бас тартуы тергеушіге істі аяқтауға кедергісін келтірмейді.
«Тағылған айыпқа және айғақтың объективтілігіне қатынасына сәйкес 5 түрлі негізгі тергеу жағдайларын анықтауға болады:
а) айыпталушы өзінің кінәлі екендігін мойындайды және іс
бойынша жиналған материалдарға сәйкес өзінің жасаған әрекетін
шын жүрекпен және объективті түрде айтып береді;
б) айыптаушы өзінің кінәсін толығымен мойындайды, бірақ оның
айғағында, осы материалдарға қайшы келетін мәліметтер болады;
в) айыпталушы өзінің кінәсін ішінара мойындайды және оның
берген айғақтарында, осы материалдарға қайшы келетін
мәліметтер болады;
г) айыпталушы өзінің кінәсін мойындамайды және оның себебін
түсіндіреді;
д) айыпталушы өзінің кінәсін мойындамайды және айғақ беруден бас тартады».1
Айыпталушыға, «тағылған айып бойынша өзінің кінәлі екенін мойындайды ма?» — деген сүраққа жауап алғаннан кейін, тергеуші айыпталушының
тағылған айыпқа кінәлілігін айқындайтын еркін баяндау түріндегі айғағы
тыңдалады. Тергеуші айыпталушының айғағын тыңдай отырып, ондағы нақты мәліметтерді зерттеп, басқа түлғалардың айғағымен салыстырып, өзіне
___________________
1 Пантелеев И.Ф., Селиванов Н.А. «Криминалистика». Москва, 1984, 326 бет
белгісіз болған, оқиғаның деталдарын анықтайды.
Айыпталушының еркін баяндауы аяқталғаннан кейін, жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сүрақтар қойылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 213 бабының 4-тармағы).
Бұл сүрақтар негізгі, қосымша, айқындаушы, еске түсіруші, бақылаушы сұрақтар болып бөлінеді. Ол сүрақтар қысқа, анық, нақты болып.сәйкесінше айғақтың да толық болуын қамтамасыз ету керек. Сүрақтар айғақты еркін баяндау барысында толық ашылмаған фактілер туралы мәліметтер алу үшін, кейбір жағдайларды нақтылау үшін, оның үмытып қалған фактілерді еске түсіру үшін, қарама-қайшылықты болдырмау үшін егерде айыпталушы шынайы айғақ бермеген болса, оның берген айғағын тексеруі үшін қойылады. Жауап алудың жалпыдан жекеге көшіп отыруы, жауап алынатын адамға жауап алу тактикасымен тергеушідегі бар дәлелдемелерді және жауап алу тактикасын шамалауға мүмкіндік береді. Айыпталушының әрбір сүраққа берген жауабы сол сәтте хаттамаға жазылып, бірден оған қол қоюға беріледі. Ойланып, дұрыс қойылған сүрақтар және уақтылы көрсетілген дәлелдемелер жауап алу соңында айыпталушының жауабының жалған екендігін мойындауға әкеп соқтырады.
Айыпталушыға қойылатын сүрақтардың қойылу тактикасы әртүрлі болуы мүмкін. Кейде негізгі сүрақтар жайбарақат қойылуы мүмкін. Басқа жағдайда негізгі сүрақ айыпталушыға кенеттен қойылуы мүмкін. Мүндай әд і сті қолданудың мәні жауап алынып отырған адамға жалған жауапты тез арада ойлауына мүмкіндік бермеуінде. Сүраққа алдын-ала дайындалмай, және оның негізіне қандай дәлелдемелер қойылғанын білмей, кей жағдайда айыпталушы шынайы жауап береді. Кездейсоқтық факторын ойдағыдай жасау үшін, айыпталушының ойын алдандыратын әртүрлі сүрақтар қоюға немесе басқа да тактикалық әдістерді қолдануға болады.
1.3.Жауаптың калыптасу кезеңдері
Жауап алушы — тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, куәнің, жәбірленушінің ойында жауаптың қалыптасу ерекше-ліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең — оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабыл-дау (көру, есту), екінші — осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші — осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге ай-тып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәлімет-тердіңтолыққабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер — көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті — есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, ты-ғыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың түсу жағдайының на-шар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі
ақпараттыңтолықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемісті-гімен, есту, көру мүшелерінің қабылдау қабілетініңтөмендігімен бірге, оқиғаны толық және анық қабылдауға жауап беруші адам-ның мамандығы, жасы, интеллектуалдық кабілеті, ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осы-ның бәрі әсер етеді. Айталық, жол-көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлардың біреуі — айта-лық қарт адам, екіншісі — автокөлік жүргізушісі. Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашықтықтан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнің қайсысынан оқиға жөнінде толық мәлімет алуға болады? Әрине, оқиғаны бірдей жағдайда көргенімен толық мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машина-ның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның оқиғаны қабылдау қабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалақ адамдар-дан мұны күту қиын. Сондай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялында-ғысын қосып, асыра айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондықтан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Жауаптың толықтығына, шындығына, сонымен қатар куәнің, жәбірленушінің болған оқиғаны ұмытпай, ойында сақтау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр түрлі — кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сақтайды, екінші біреу — көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, қажеттілік туса ұмытылған жайттарды еске түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.
Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінің болған оқиға-ның мән-жайын еркін баяндауынан басталады. Куә, не жәбірле-нуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауабын өз қолымен жазуына құқығы бар. Тергеуші толық жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сұрақтар қойып, істің кейбір мән-жайын нақтылайды.
Қосымша сұрақ бергенде тергеуші занда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:
қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;
жетектеуші сұрақгарды қоюға болмайды;
берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қор-лауға, қорқытуға бағытталмауы керек.
Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, қобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-құлқын, мінезінің психологиялық ерекшеліктерін (мақтаншақ, кызба, сабырлы) ескерудің маңы-зы айрықша. Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағыт ұстауына негіз бола алады.
II ТАРАУ
Куәдан, айыпталушыдан, сезіктіден және жәбірленушіден
жауап алу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер
2.1. Куәдан,айыпталушыдан, сезіктіден, жәбірленушіден
жауап алудың тактикалық әдістері
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялықтүрғы-дан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мүндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.
Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің қейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп
саналады.
Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады. . Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері үмытылып қалған окиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның щындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады. , Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жа-уап үстінде пікір қайшылығы жок жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолда-нылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.
Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағ-дай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жа-уап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез түсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауа-бын толықтыруы мүмкін.
Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс — ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажет оқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б.- ға тергеуші мынандай сұрақ қояды.
Тергеуші: Сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылғы тамыздың басында көрдіңіз бе?
Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не көрмегенім есімде жоқ.
Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаңғыртуына сонымен қатар, жауап үстінде құжаттарды, фото-суреттерді көрсету де үлкен әсер етеді. Кейде куә көрген адам-ның бет-әлпетін сипаттап беруде қиналады. Мұндай жағдайда криминалистикада қалыптасқан, бет-әлпетін сипаттау термин-дерін айтып көмектесуге болады.
Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерге барып алса, жауап беруші көптеген мән-жайды қайтадан көз алдына келтіріп,
оқиға жөнінде толығырақ, қанықты жауап бере алады. Естіген
фактілерді де ойға түсірудің тиімді әдістері бар. Айталық, куә
бір кісінің тегін, немесе есімін есіне түсіре алмай отыр дейік,
бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын ұмытпаған.
Мұндай жағдайда оған телефон анықтамасы берілсе, ондағы
есімдерді тізбектей оқи келе ұқсас есімге келгенде ол ұмытыл-
ған есімді есіне түсіріп, айтып береді.
Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қай-шылықты жағдай қалыптаскан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағ-дай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қыл-мысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде бол-дым деп шындықтан жалтарған кезінде кездеседі. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл — жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шы-ғарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.
Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану керек.
Деректерді пайдалану тәсілдері бар. Ең алдымен дәлелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойын-дамаса неғұрлым маңызды, бұлтартпас деректерге көшіп, жал-ған жауапты әшкерелеуге болады. Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақ айыпкер ол пәтер-де болғанын мойындамады делік. Мұндай жағдайда үстел үстінде қалған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің қалған қол-таңбасын көрсетіп, айыпкердің ол пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Қолтаңба сараптама қорытындысымен бекітілуі тиіс.
Айыпкерден жауап алудың тағы бір тактикалық әдістерінің бірі ішкі істер органдары арқылы жауап алу процесіне жедел-іздестіру деректерін пайдалану. Мұндай деректер:
- жауап берушінің қылмыстық оқиғаға қатыстылығын, оның
жасалған қылмыс жөнінде каншалықты хабардар екендігін бол-
жаттыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оның аталған
істің нәтижесіне мүдделілігіне;
қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың ашылуына;
жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне қатысты пайдаланылады.
Аталған деректерді жауап алу барысында пайдалану сипаты әрқилы. Егер жауап берушінің жеке басына қатысты мәліметтер жауап алу тактикасын саралаған кезде ескеріліп, бірақ оның жауабында айтылмаса, жауапты тексерудің мүмкін жолдары туралы мәліметтер, жауап алу процесінде ғана ескерілсе, онда қылмыстық оқиға және оның жасалу тәсілі туралы жедел-іздестіру деректері, жауап берушінің жауабына қолданылуы керек.
Жауап алу кезінде жедел-іздестіру барысында алынған деректердің орнын мейлінше құпияландырудың маңызы өте айрықша. Сондықтан, тергеуші жедел-іздестіру деректері бо-йынша айыпкерден жауап алғанда, қойылатын сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс. Егер жауап алу күрделі жағдайда өтетін бол-са, онда тергеуші ең маңызды сұрақтарды алдын ала іріктеп, құрастырып алғаны жөн. Жедел-іздестіру деректерін пайдаланғанда, мұның маңызы өте зор болады. Әйтпесе, сәтсіз қойыл-ған бір сұрақтың өзі жедел-іздестіру деректерінің алынған көзін айыпкерге сездіріп алуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ, мұндай деректерді қай кезде, қалай пайдалану керектігін де ескеру қажет. Жедел-іздестіру деректеріне қатыс-ты сұрақтар, оның құпиясы берік сақталған кезде қойылуы тиіс.
Жедел-іздестіру деректерін белгілі бір мәліметтермен бірге қатарластыра пайдалануға болады. Мұндай жағдайда, бұл дерек-терге жауап берушінің назары әдейі аударылмайтындай деңгейде әрекет еткен жөн.
Жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың барлық әдістерін егжей-тегжейлі сипаттап беру мүмкін емес. Өйткені, ол тексері-летін нақты іске байланысты өзіндік ерекшелігімен, өзіндік тәсілдерімен анықталады. Дегенмен, криминалистика ғылымы жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың жалпыға, мейлінше ортақ бірқатар тәсілдерін ұсынады.Ондай тәсілдер төмендегідей:
а) жауап алу барысында сұрақтардың сипатына орай айып-кер оның шыққан көзін байқап қалатын деректерді пайдалан-бағаны жөн;
ә) егер қолданылған шаралардың барысында айыпкердің қылмыстық жолмен жинаған құнды заттары, мүліктері, т.б. зат-тай дәлелдемелері жасырылған жерлерді анықтайтын қайсыбір деректер табылса, ол заттарды, не мүліктерді тергеу әрекеттері (тінту, т.б.) арқылы қолға түсіріп, содан кейін ғана оның нәти-желерін, жауап алу кезінде пайдалану өте орынды болады.
Мұның өзінде бұл заттай дәлелдемелердің қалай алынғандығын айыпкер білмеуі тиіс;
б) жауап алу барысында қаралатын іс бойынша барлык айғақтарды айыпкерге толық көрсетуге асықпау керек. Мұндай асығыстық тергеу орнына қайсыбір заттай дәлелдемелердің қалай түскенін айыпкердің байқап қалуына соқтыруы мүмкін;
в) егер жауап алушыға жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталған қайсыбір фактілерді жауап алу жөніндегі хаттамаға енгізу қажеттігі туындаса, ол фактіні растайтын жайтгарды (уақытқа, тұраққа т.б. байланысты) алдын ала мұқият тексеріп алу керек. Егер жауап беруші тергеушінің назарын аударған мәселеге қажет қосымша деректерді білдірсе, ол де-ректер ұсақ-түйегіне дейін сұралып, кейін егжей-тегжейлі тексерілуі тиіс.
Қылмыскерлер, әсіресе, аса қауіпті қылмыскерлер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелердің, келтірілген құжаттардың бұлтартпайтындығына көздері жеткен, бірақ қылмысын қалай, қандай жолмен болсын мойындаудан бас тартуға әбден бекінгендер, жаңағы заттай дәлелдемелердің, құжатгардың көзін құртуға тырысады. Сондықтан тергеу кезінде оның сақталып, қорғалуына мейлінше мұқият болу керек. Ол құжаттарды ай-ыпкерге үстелдің әйнегініңастына қойып көрсету немесе оның көшірмесін жасау, сондай-ақ жауап алу кезінде айыпкердің зат-тай дәлелдемелерді немесе құжаттарды құртып жіберуінен сақ-тану үшін екінші бір куәні де жауап алу процесіне қатыстырып, сактық шараларын қолдану керек. Берілген жауап хаттама жазу арқылы бекітіледі. Қосымша бекіту әдісі есебінде дыбыс және бейнежазбалары қолданылады.
Біз айыпталушыдан жауап алудың тактикалық тәсілдері деп -тергеушінің тәртібінің заң негізінде жасалған белгілі бір бағытын, оның осы жағдайда құрылымды түрде қалыптасқан, айыпталушыдан айғақ алуға бағытталған оптимальды әрекеттерін түсінеміз».1
Тактикалық тәсілдер тергеу әрекетінің барлығын толықтай, белгілі бір түрлерін немесе оны өндірудің нақты кезеңдерін қамтуы мүмкін. Толық және нақты айғақ алуға мүмкіндік беретін, жауап алуды рационалды түрде жүргізуді қамтамасыз ететін тактикалық тәсілдер, оньің тактикасын құрайды. Жауап алу тактикасы, оның жүзеге асырудың тәсілдерінің жиынтығы. Оның мақсаты-айыпталушының әрекетін толық және объективті түрде ашу үшін алынатын айғағы.
Айыпталушыдан жауап алу тактикасы — ең қиын, әрі күрделі тергеу әрекеті. Тактикалық тәсілдерді дұрыс таңдап алу -айыпталушының тұлғасын, жауап берушінің жеке басын, жауап берушінің және басқа да істің мән-жайларының мүмкіндігін қоса алғанда, шынай және толық айғақ алуға, айыпталушының өтірігін ашуға, жауап алу барысында айғақтың ақиқаттылығын тексеруге мүмкіндік беруіне өзінің септігін тигізеді.
Айыпкер тағылған айыпты мойынына алып, істің мән-жайын өз еркімен баяндаса, қайшылықсыз ситуациялық жағдай байқалады.
Егер айыпталушы жасаған қылмысын мойнына алып жауап берсе, қылмыстың мән-жайы толық анықталады. Бірақ айыпкердің жауабы істегі басқа деректермен бекітілуі тиісті. Сол жағдайда ғана оны дәлелдеме деп есептеуге болады.1
Тергеу практикасында өзін-өзі айыптау жағдайлары кездесіп тұрады. Сондықтан, айыпталушыдан жауап алу детальды, ал айғақтары тексерілген және сыналған алған болу керек.
Егер айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындаса, онда
тергеуші ол аса ауыр қылмысты жасырып қалу мақсатымен
мойындаған жоқ па екен соны анықтайды. Өз кінәсін жалған
мойындау айыпталушының тәсілі болып табылады, осының
___________
Досполов Г.Г. «Психология допроса вуголовном процессе». А., «Ғылым», 1996, 11 бет.
нәтижесінде айыпталушы аса ауыр қылмыс үшін жауапшылықтан
қашуды және де мойындауды қабылдаған тергеуші істі «бұрып»
әкетуі мүмкіндігіне, соның салдарынан ең басты мән-жайларды
білмей қалуы мүмкіндігіне үміттенеді.
Тергеушілер айыпталушылардан не болса да тезірек мойындау айғағын алуға тырысады. Мұндай мойындау іс бойынша тергеу жүргізуді басқа жаққа «бұрып» әкетіп нақты объективті дәлелмелерді жіберіп алады. Бұндай жағдайлар, тергеу барысында қылмыс жасаған тұлға белгілі болып, оқиға болған жерде қылмыскер ұсталған жағдайда көп кездеседі.
Осындай жағдайда тактикалық тәсіл, оның ойын жаңғыртуға
бағытталады, бұл жағдай — психологиялық түйсік деп саналады.
Мұнда барлық тергеу нақты тұлғаның жанында жүргізіледі, оқиға
болған жер формальды түрде ғана қаралады, іздер алынбайды
және тіркелмейді. Осындай қылмыстық істің материалдарымен
таныс болып, айыпталушы өзінің айғағы ештеңемен бекітілмегеніне
көзі жетеді, сондықтан өз әрекеттерінің жаңа тактикасын таңдап алып соттағы бұрын берген айғақтарынан бас тартады, бас тарту себебін, айғақты күш көрсету салдарынан бергенін немесе тергеуші оны дұрыс түсінбеді, оның айғағын дұрыс жазбады және т.б. жалған себептермен түсіндіреді. Сондықтанда, айыптаушыдан шынайы айғақ алдым, осыменен іс бітті деп санауға болмайды. Шынайы айғақтарды басқа да дәлелдемелермен бекіту қажет, оның бірнеше жолы бар. Біріншіден, айыпталушыдан тек қана қылмыс жасаған тұлға ғана білетін факторлар туралы айғақ алу керек. Екіншіден, оның айғақтарын уақтылы жазып отырып, әрбір мән-жайды «бұл фактіні немен дәлелдейсіз?» — деген бақылаушы сұрақтар қойылып, тексеріліп отыруы керек.
Үшіншіден, айыпталушының айғақтарын тексеру, нақтылау немесе жоққа шығару үшін оның айғақтарынан туындайтын басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу қажет.1
Досполов Г.Г. «Психология допроса вуголовном процессе». А., «Ғылым», 1996, 11 бет
Мысалы айыпталушы, қылмыс қаруының немесе ұрланған заттың қайда екенін айтып береді. Тінту нәтижесінде аталған заттар алынады. Осындан айыпталушының айғақтары объективті нақтыланады. Өз кінәсін мойындаған айыпталушыға қатысты қолданылатын жауап алудың негізгі тәсілдерінің бірі болып, оның өз айғақтарын талдау болып табылады. Бұл тәсіл айыпталушының әрекетінің жолын дәлме-дәл, уақтылы анықтауға, тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жауапты алу кезінде іс үшін
маңызы бар мән-жайларды өткізіп алу қауіпті болмайды. Айғақты
талдау мақсатымен, заттай дәлелдемелер және ең бастысы әртүрлі құжаттар, соның ішінде бухгалтерлік құжаттар көрсетіледі. Айғақты талдаудың көмегімен, сондай-ақ қылмысқа қатысушыларды, айдап салушыларды және көмектесушілерді анықтауға, тәркіленуге тиіс ұрланған мүліктің қайда екенін анықтауға және айыпталушының айғағының шынайлығын дәлелдейтін жаңа дәлелдемелер алуға болады. Кейінірек, егер айыпталушы өз айғағын өзгерткісі келсе, ол оны жасай алмайды, жасаған күнде де, оның мәнісі болмайды.
Айыпталушының айғақтарын тексерудің тағы да бір тактикалық тәсілі болып, бұрындары осы мән-жайларға қатысты жауап берген тұлғадан қайта жауап алу.
Айыпталушылардың, егер олар іс бойынша бірнешеу болса, берген айғақтары бірдей болса, онда мұны сөз байласу нәтижесінде туындаған келісім болуы мүмкіндігін анықтау,тергеушіге жүктеледі.
Болған оқиғаға ешқандай кінәсі жоқ тұлғалар кейде өздерінің кінәсіз
екендігін оңай және тезірек дәлелдейміз деген қате оймен, жалған
айғақ береді, мұндай жағдайлар тәжірибеде кеп кездеспейді, бірақ
болады.
Өтіріктің себебі болып, әртүрлі мағынасыз ниеттер болуы мүмкін.
_____________
1 Леви А.А., Пичкалева П.И. «Получение и проверка показании следователей». М., 1987, 19,20 беттер.
Сондықтан тергеушінің мақсаты -айыпталушының не себепті шындықты
жасырғандығын анықтау болып табылады. Айыпталушының айғағында еске түсіру қабілетінің нашарлығының нәтижесінде, қылмыс жасау салдарынан пайда болған қобалжу нәтижесінде қателіктер кездеседі. Қайшылығы жоқ жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғалардың кейбір мән-жайларын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруге бағытталған.
Кейбір куәлардан жәбірленушілерден жауап алғанда кебінесе жауап алу үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал күдікті адамдардан және айыпталушыдан жауап алғанда келіспеушілк жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді калыптасатын тактикалық жағдайларға сәйкес қарайық. Біріншіден, жауап алынып отырған адамға жайлы, тыныш жағдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны хронологиялық тәртіптермен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мұндай жағдайларда жауап беретін адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез түсіреді. Сонымен қатар болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталаса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайларын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін.
Жауап берушінің ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет:
1) жауап үстінде құжаттарды, фотосуреттерді көрсету;
2) естіген фактілерді де ойға түсірудің тиімді әдістері бар.
Мысалы, естіген атын, алфавит бойынша есімдерді айта
отырып есіне түсіру.
Нақ сондықтан «…заң айыпталушының қандай позиция қолданғандығына қарамастан, айыпталушының кінәсін нақты негіздейтін қортынды шығаратын дәлелдемелер жинауы керектігін міндеттейді».
Жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.
Айыпкерден жауап алғанда көбінесе қайшылықты ситуациялық жағдай байқалады. Кей жағдайларда айыпкер өз алибиін айтып қылмысқа қатынасы жоқ екенін баяндайды (алиби-латын тілінде аІіЬі — басқа жерге).
Қайшылықты жағдайдағы тактикалық әдіс — жауап беріп отырған адамның өтірігн шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.
Жауап алушы және жауап берушінің арасында қайшылықты жағдай қалыптасқан кезде басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағдай көбінесе айыпталушыдан жауап алғанда, яғни айыпталушының қылмысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарған кезде кездеседі. Мұндай айыптаушының алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл-жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұқсас оқиғаның бәрін қамту. Айыпталушы жалпы оқиға бойынша беретін жауаптарын алдын-ала дайындап келгенмен, сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шығарып алады. Әсіресе қайта жауап алғанда осылай болады. Жауап беруші адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа
дәлелдемелерді, айғақ заттарды пайдалану керек.
Шынайы айғақ бермейтін айыпталушыдан жауап алуды
ұсақ-түйектен, алыстан, бұрын сотталған болса, сотталғандығы туралы сұрап алу керек, сондай-ақ жазасын өтеген жерін, бұрын қайда жұмыс істеді, қайда тұрды осы сияқты ұсақ түйектерді анықтап алу керек. Бұл жерде айыпталушының жеке басын анықтаудың және онымен байланыс жасаудың, хаттаманың анкеталық бөлігі бойынша жауап алудың соңына дейін өзіне белгілі мән-жайларды айтуына мүмкіндік беріп, оны бөлмей және мүмкіндігінше айғағын хаттамаға сөзбе-сөз кіргізу керек. Айғақ алу кезінде болар болмас және маңызды сүрақтар қойылады, олардың ішінде нақты, дүрыс жауабы барлары да кездеседі.
Айыпталушыдан жауап алу кезінде айыпталушымен психологиялық байланыс жасауды анықтаудың ерекшелігі бар.
Алғаш рет қылмыс жасап, оны жасағаны үшін өкінген адам, жауап алуға дейін, үялып, жасаған әрекетіне өкінеді. Жалған айғақ беруге үмтылған, сондай-ақ бүрындары сотталған айыпталушымен байланыс жасау қиынға соғады. Кейде мүндай қайшылықты жағдайларда байланыс жасауға мүмкіндік болмайды. Жауап алу қарсыласу сипатында болады және осындай жағдайда тергеушінің психологиялық мақсаты болып, айыпталушыға қарсыласын сыйлау қажеттігін айтып түсіндіреді.
Айыптаушының айғақ беруден бас тартуын алдын-алатын тактикалық тәсілдер;
айыпталушыға үстанған позициясының дүрыс еместігін айтып түсіндіру;
қатысушылардың мүдделерінің арасындағы қайшылықтарды пайдалану;
3) айыпталушының, қатысушылардың айғақ беру фактісін
пайдалану, соның ішінде айғақ беруге әшкерелеуші хабарлар
арқылы себепші болу.
Айыпталушыдан жауап кезінде тергеліп отырған қылмыс жөнінде немесе осы тұлғаіжасаған өзге де қылмыстардың мән-жайлары жөнінде айғақ алумен қатар, қылмыс туралы мәліметтер, оны шешу мәселелері, бұрын жасаған қылмыстарды ашу, сондай-ақ тергеу материалдарына байланысты ескерту жұмыстарын жүргізу, маңызды болып табылады.
Куәдан жауап алу алдында қылмыс ісіне байланысты деректермен, куәгерін жеке тұлғасымен танысуы керек. Содан кейін жауап алу жоспарын дайындап, қай кезде және қандай кезекпен нендей сұрақ қою керектігін жауап қай жерда алу керектігін сонымен қатар жауап қай жерде алу керектігін сонымен қатар жауап берушіге қандай жағдай жасау екендігін ойластырып алу тиіс.
А. Б. Соловьев өзінен «Допрос свидетелья и потерпевшего » деген еңбегінде жауап алуға дайындық қандай тарамдардан тұратынын көрсеткен олар:
— Жауап берущінің жеке тұлғасымен танысу
— Іс материялдарымен танысу және анықтауға қажетті қандай сұрақ қою керектігін жоспарлау
- Іс құжаттарында бар мәліметтермен танысу және соларға байланысты білімін кенңейту
- Жауап алуға шақыру жолын белгілеу
- Жауап алатын жерді таңдау
Куәнің жеке тұлғасымен танысу, жауап алуға шешім қабылданған күнінен бастап басталады, содан жауап алу жұмыс біткеннен дейін созыла береді. Жауап берушінің жеке тұлғасымен танысу күрделі мәселе сондықтан оны екі кезенге бөлуге болалады:
- Жауап алу алдында
- Жауап алу кезінде
Бірінші кезендегі тұлғамен танысудың негізгі жолы:
- Іс қағазында бар құжаттарды тыңғылықты сараптау
- Басқа тергеу жұмысын жүргізу кезінде сол тұлға туралы деректер жинау.
(Оны жақсы білетін адамдардан жауап алу, жеке басынын тірлігі туралы мәлімет алу мақсатында, оқитын немесе қызмет өтетін мекемесінен деректермен, мінездеме жинау).
Жеке тұлғамен танысу үшін негізгі қажетті деректер мыналар:
а) жауап берушінің психикалық қисиеті
б) оның қоғамдық-саясаттық мінездемесі
в) кәсібі
г) тұрмысы мен моральдық қасиеті
______________________
- 1 А.Я.Гинзбург, А.Р.Белкин. «Криминалистическая тактика» А., 1998, 261 бет.
- 2 А.Я.Гинзбург, А.Р.Белкин. «Криминалистическая тактика» А., 1998, 261 бет
Тұлғамен танысу тек жоғарыда көрсетілген ғана шектелмейді, сонымен қатар тергеуші куәгермен жеке сұхбатын да, ол туралы біраз мәлімет ала алады. Айталық оның сырт-пішіні мінез құқы сөйлеу ерекшілігі, психалық жағдайы және сол сияқты туралы. Сол себептен тергеушінің ойлау қабілеті жоғары болу керек және ғылымның, техникалық әр саласынан хабардар болу керек.
Қылмыс ісіне байланысты құжаттармен танысу. Тергеушіге жауап алу кезінде, куәге қандай сұрақтар және оны қандай кездерде қою керектігін жоспарлауға мүмкіндік береді, сонымен қатар осы іске байланысты қандай деректер түскенін анықтайды.
Құжаттармен танысу кезінде, тергеуші өзіне таныс емес терминдерді кездестіру мүмкін, сол себептен оның қажетті мамандармен кенесуіне тура келеді немесе кезекті арнайы оқулықтардан анықтап алуы керек.
Тергеуші жауап алу жұмысын жүргізу үшін куәні шақыру жолымен тәртібін анықтап алуы тиіс. Зан бойынша жауап берушіге шақыру қағазы жіберіледі, көбінесе ол соның қолына ұстатылады, ол жоқ кезде тұған тұысқандарына, немесе жұмыс орнына беріледі. Кейбір жағдайларда ғана куәгер телеграмма немесе телефонмен шақырылады.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта алу, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғарып, көндіру мүмкін, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соңы мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған басқа да жұмыстар кат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды.
Қай жерде жауап алу керектігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады кей жағдайларда жауапкерлердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады.
Жауап алынатын барлық адамға арнап құрған жоспарға, оған қойылған сұрақтар жазылады, істі қандай деректермен фактілер дәлелденілетіні көрсетеді, ол деректерді қандай кезекте көрсету кезектігі белгіленеді.
Көп эпизодты істерді мұндай жоспар істін, мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
Жауап алу үстінде ситуациялық жағдайларға байланысты қолданыдатын әдістер.
Жауап алу тактикасы – бұл, обьективті, толық және сенімді мәлімет алуды қамтамасыз ететін, қылмыс ісін нормаларына негізделген ең ұтымды тәсілі мен жолы.
Тергеуші куәгерден жауап алу жұмысын жүргізу кезінде екі турліжағдайға кез болуы мүмкін. Ол жағдай куәгердің жауап беру тәртібінде байланысты. Олар :
- Өзінің ниеті мен жауап беруші
- Ниетсіз жауап беруші
Біріншісінен жауап алу ешқандай қиындық туғызбайды, тек қана жауап берушіге тергеу ісіне қажетті мәліметтерді мен деректерді мүмкіндігінше дәлірек және болығырақ есіне түсіруге көмегін тигізеді.
Ал екіншісінен сенімді жауап алу әлде неше қиындау болады. Жауап беруге ниет жоқ куәгерге, қол байлау ететін әрқилы себептер болуы мүмкін. Сондай себептер:
- Жариялықтан қорқу
- Айыпкердің немесе соның жақындарының кегінен қорқу.
- Айыпкерге қасық ойлауынан
- Айыпкермен ара қатынасын бұзбауынан
- Тергеу және сот оргынына шақырмау үшін
- Өзінің қылмыс іс ашылып қалмауы үшін
Сол себептен, тергеушінің алдында оның жалған мәлімет берушін кері жолына тосқауыл мәселесі тұрады . Ол үшін мынандай әрекеттер стелінеді.
- Куәгердің мәліметтерін сараптау
- Жауап алу тактикасын қолдану.
- Мәліметтердің жалпы нанымдылығына баға беру.
- Мәлімет берушінің, болған жәйтті өз көзімен көргендігіне көз жеткізу.
- Мәліметтердің әр тармағын ішкі сәйкестігін тексеру.
- Мәлімет берушінің соңынын бақлау.
Куәнің мәліметтерін нанымдылығына баға берген кезінде, бұлардың қайдан алынған егжей тегжейін ескере отырып, мәліметтер бір тұтас бағаланды. Куәгер көбінесе қойылған сұрақтарға байланысты жайларды құлақ қағысы бойынша білгендіктен соны айтып береді. Сондықтан тергеуші оны кімнен естігенін анықтап сол жайда тікелей анықтайды.
Егер куә жайларды тікелей өзі көрген болса, тегеуші бұны қандай жағдайда, қай кезде көргенін анықтайды. Бұл жерде тергеуші куәгер дұрыс жауап отырма. Соған көңіл аударуды объективтік және субъективтік жағдайлар оның көргендерінше ешқандай кедергі жасамаған болса бірақ, ол әдейі мәліметтерді бұрмалап айтып отырса тергеуші мұның себебін анықтау тиіс.
Мәліметтердің әр тармағының ішкі сәйкестігін куәгердің оларды еркін мазмұндағаны мен берілген сұраққа қайтарған жауаптарын салыстыра отырып тексереді. Сол арқылы жалған мәлімет беріп отырған анықталады, немесе керісінше.
Қарама қайшылық куәнің берген мәліметтері мен алынған дәлелдемелері мен, немесе басқа адамдардың мәліметтерімен болуы мүмкун . Сөйтіп жауап берушінің ниетсіз куәгер екені анықталады.
Куәнің ниетсіздігін тергеуші жеке бақылауы арқылы да
анықтауға болады.
Ниетсіз куәнің жалған мәлімет беруіне тосқауыл жасау мен нанымды мәлімет алу үшін тергеуші жауап алу тактикасын қолданады.
А.Н. Василиев бұған мынандай жолмен қол жетізуге болады деп көрсетуде:
А) Көрсетулердің ішкі қарама қайшылығын қолдану арқылы
Б) Мәліметтердің басқалардың көрсетуімен қарама- қайшылығын қолдану арқылы
В)Жалған мәлімет беруінің себебін анықтау және соған тиісті шара қолдану арқылы
Г)Жауап берушінің жағында жағын қолдану арқылы
Сонымен бұл тактиклық жол жауап берушіге психологиялық әсер ету болып табылады, сондықтан ол таңғылықты орындалумен қатар процессуалдық тәртіпті сақтау керек.
Тергеушінің нақты шеңберлігі бар деректердің негізінде сонымен қатар бар тәсілдерді дұрыс пайдалану арқылы істі дұрыс шешу үшін, куәнің нанымды мәліметтер беруіне ықпал ету болып табылады.
Айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтаған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізеді. Жауап алу басталар алдында тергеуші айпталушыға оның айғақ беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпталушының айтқандары оның өзіне қарсы пайдалануы мүмкін екенін хабарлайды. Бір іс бойынша шқырылған айыпталушылардан жеке-жеке жауап алынады, бұл орайда тергеуші олар өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады. Жауап алудың басында тергеуші оған тағылған айыптың мәнісін түсіндіре отырып, ол тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара кінәлі екенін мойындайтынын не өз кінәсін теріске шығаратынын анықтайды. Егер айыпталушы жауп бермесе, онда ол өзінің кінәлі екенін мойындамады деп есептеледі. Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін оған тергеуші тағылған айып пен іс үшін маңызы болуы мүмкін басқа жағдайлар бойынша айғақтар беруді ұсынады.
Бір іс бойынша шақырылған куәлардан, жәбірленушілерден басқа куәлардан және жәбірленушілерден бөлек жауп алынады. Тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады. Жауап алу алдында тергеуші куәның, жәбірленушінің айыпталушыға немесе сезіктіге қандай қатысы бар екенін анықтайды, оларға іс жургізудегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, айғақ беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді. Бұл ретте тергеуші куәгерге, жәбірленушіге өзінің, ерінің (зайыбының), жақын туыстарының, қылмыс жасағанын ашатын, сондай-ақ діни қызметшіге тәубе үстінде оған ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті. Бұл құқықты пайдаланбаған куә, жәбірленуші көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі.
Сезіктіден жауап алу ол ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулы жарияланған кезден бастап жүргізіледі.
Егер сезікті ұсталған немесе күзетпен қамауға алынған болса , ол өз айғақтарын қорғаушының қатысуымен баяндауға құқылы. Қорғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті. Жауап алу басталар алдында тергеуші сезіктіге сезік келтірудің мәнісін хабарлайды, сондай-ақ оған айғақ беруден бас тарту құқығын қоса құқықтарын түсіндіреді. Жауап алу сезіктіге күмән туралы және өзінің пікірінше іс үшін маңызы бар басқа барлық мән-жайлар бойынша айғақтар беруін ұсынудан басталады.
2.2. Кәмелетке толмаған айыпталушы мен куәдан жауап алудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандар болып, қылмыстық құқықта 16 жастан 18 жасқа дейінгілер танылады, ал кейбір жағдайларда 14 жастағылар табылады. Қылмыс жасаған уақытта 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар — кәмелетке толмағандар болып табылады.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушылардан жауап алу, ересек айыпталушыларға қатысты қолданылатын жауап алудың процесуалдыкітәртібімен жүргізіледі.
«Жауап алуды ойдағыдай жүргізу үшін тергеуші мұқият дайындалуы керек. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға дайындық жауап алынатын адамның жеке басын тереңірек оқып білуді, сонымен атар оның тұрғылықты жағдайын және тәрбие алатын ортасын зерттеп; сонымен қатар жауап алу орнын белгілеу, жауап алынатын адамды тергеушіге шақыру, жауап алынуға жататын тұлғаларды анықтау, жауап алу жоспарын құру және сұрақтарды дайында.у қажет».1 Соның ішінде ең басты мынандай сұрақтар анықталып алуы керек:
- жауап алынатын тұлғаның жеке басын анықтау;
- жауап алынатын түлғаның психологиясын анықтау;
- кәмелетке толмаған айыпталушыны жауап алуға шақыру;
- тергеушінің қоятын сүрақтарын дайындау;
5) кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу кезінде
қатысатын түлғалар.
Кәмелетке толмағанның жеке басын анықтаған кезде тергеуші ең бірінші, оның жағымды жақтарын, оның тәртібінің жаман жаққа
ауысуының уақытын, мүндай өзгерістердің себебін, бүл жанүядағы
1 Яблоков Н.П. «Криминалистика». «Юридическая литература». М., 1996.
жағдайларға не болмаса басқа да келеңсіз жағдайларға, ата-анасының біреуінің науқастануына не қайтыс болуына байланысты себептен болуы мүмкін. Тергеуші, осы жағдайларды анықтау үшін ең бастысы, оның ата-анасынан, мүғалімдерінен, жүмыс істеп жүрген жеріндегі және оқуындағы жолдастарынан, мастерінен жауап алу қажет. Осы түлғалардан жауап алу нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жеке басы туралы көп жағдайды білуі мүмкін. Мысалы, үрлық бойынша айыпталушы 15 жастағы Смирнов Виталий, жауап алу кезінде үндемей, жанында болып жатқан нәрсенің бәрі де ол үшін бәрібір болған. Осыдан кейін тергеуші, оның шешесінен жауап алған кезде, Смирновтың әкесі қайтыс болғалы бері қатты өзгергенін, өзін
тыңдамайтындығын, сабаққа бармай жүргенін анықтады, бүған себеп — әкесінің қайтыс болуы еді. Сондай-ақ түлғаның жеке басын анықтау үшін тергеуші келесі жағдайларды анықтау керек:
- кәмелетке толмаған айыпталушы кіммен түрады;
- әке-шешесі немен айналысады;
3) кәмелетке толмаған айыпталушы қайда оқиды немесе
оқыған, қай жерде жұмыс істеген немесе істейді;
4) қылмыс жасағанға дейін қанша уақыт үйінде тұрмаған;
5) бүрындары қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылықтарға
тартылған ба, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда
ол туралы талқылау жүргізілген бе, осы мәселелерді анықтау керек.
Жауап алу процесінде анкеталық көрсеткіштерде кәмелетке
толмаған аиыпталушыны анықтаған кезде оның жасы, теп, аты-жөні
туралы берген айғағының нақты болмауы мүмкіндігін ұмытпаған
жөн, сондай-ақ кәмелетке толмағандар әркезде өзінің лақап аты,
жалған аты, мазақ аты, қысқартылған аттарды қолданады, бұл
мәселелер қылмыстық құқтық және қылмыстық процессуалдық
маңызы бар нақты мән-жайларды анықтаған кезде қиындыққа әкеп
соғады.
Кәмелетке толмаған айыпталушының тұлғасын анықтау үшін тек қойылған сұраққа берген айғағымен шектеліп қана қоймай, іс материалдарына кәмелетке толмағанның тууы туралы куәлігін, жеке бас куәлігін (паспортын) қосу керек, егер де іс үшін манызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған ретте немесе күмән туған жағдайда айыпталушының жасын анықтау үшін сараптама тағайындау және жүргізу міндетті болып табылады (ҚР ҚУЖК-нің 241 -бабының 2 -тармағы).
Кәмелетке толмаған айыпталушының психикасын анықтау, нақты айғақтар алу үшін, оларды дұрыс бағалау үшін және тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін маңызы зор.
Кәмелетке толмаған айыпталушыларды жауап алуға шақыру, айыпталушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің, яғни асырап алушыларының, қорғашыларының, қамқоршыларының көмегі арқылы жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушыларға қойылатын сұрақтар нақты, түсінікті, айқын, анық болуы керек. Кәмелетке толмағандарға қойылатын сұрақтар түсінікті, қысқа, нұсқа, жәй болуы қажет.
Егер жауап беруші сұрақтың мәнін түсінбесе, оның құрылысын өзгертіп, сұрақты нақты,әрі айқын, сондай-ақ жәй сұрақтарға бөліп,қою керек.
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға, оның ата-аналары, қамқоршылары, педагогтері және т.б. тұлғалар, сонымен қатар қорғаушылары шақыртылады.
Анықтағанымыздай, жауап алуға дайындық кезінде, негізгі мән, жеке басын және психологиясын анықтауға бағытталуы керек, мұндай мәселелерді шешу, қылмыстық жауаптылыққа дұрыс тарту үшін, жазалау шарасын анықтау үшін, тергеліп отырған істі дұрыс саралау үшін маңызы бар.
Тергеуші қажетті мәліметтерді оқып білгеннен және мұқият дайындалғаннан кейін жауап алуға кіріседі.
Жауап алу заңға сәйкес жүргізілуі керек. Жауап алу күндізгі уақытта жүргізіледі. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың 2 кезеңін қарастыруға болады:
- Кәмелетке толмаған айыпталушыға істегі бар дәлелдемелер мен өзге айыпталушыға белгілі мән-жайлар бойынша, тағылған айып бойынша еркін баяндауын тыңдау.
Кәмелетке толмаған айыпталушының еркін баяндауын тыңдап отырған кезде, шыдамдық пен тыңдай білу қажет. Еркін баяндауды сұрақтар қою арқылы бөлуге болмайды, себебі оның салдары айғақ беріп отырған айыпталушының ойының бұзылуына және айғақтың толық әрі нақты болуына кері әсерін тигізеді. Кәмелетке толмаған айыпталушы іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтқан жағдайда ғана тоқтатуға болады.
- Жауап алуға қатысып отырған тұлғалардың қойған сұрақтары және оған кәмелетке толмаған айыпталушының берген жауабы. Жауап алуға қатысушы тұлғалар, ең бастысы тергеуші, педагог, ата-аналары және т.б. заңды өкілдері.
Кәмелетке толмаған айыпталушыға сұрақты бірінші болып, тергеуші (сот мәжілісінде төрағалық етуші), содан кейін ғана жауап алуға қатысушы өзге тұлғалар қояды.
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу кезінде жауап алынатын адамдарды өзіне жақын тартудың маңызы зор. Кәмелетке толмаған айыпталушының сенімін жауап берушіге заңмен белгіленген процессуалдық құқтарын объективті және толығымен түсіндіру жолымен алуға болады. Жауап алу кезінде, сондай-ақ, кәмлекетке толмаған айыпталушы тергеушінің сұрақтарын қалай қабылдайтынын, ренжігіш емес пе, ұялшақ немесе қорқып отырған жоқ па, ұяң емес пе сол себептерді анықтау керек. Оның қорқу себебі неде, кімнен немесе неден қорқады, осы мәселелердің басын ашып алу қажет. Олар қорғаушы, ата-анасы, педагогы, немесе өзге де заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың маңызды процессуалдық негізі болып, кәмелетке толмаған айыпталушының қорғаушысының және де өзге заңды өкілдерінің қатысуы болып табылады. Айтып өткеніміздей, олардың сұрақтар қоюға, кәмелетке толмаған айыпталушының мүддесін қорғауға құқығы бар.
Кәмелетке толмаған айыпталушы, ересек айыпталушыларға қарағанда, қорғаушының және өзге де заңды өкілдердің іске қатысуын қажет етеді.
Көп жағдайларда жауап алуға ата-аналар қатысады. Кейбіреулер педагогтың жауап алуға қатысуын дұрыс деп санайды, себебі педагог, кәмелетке толмаған айыпталушы мен тергеушінің арасындағы байланысты жасай алады. Педагог, кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға қатысуымен, жауап алудың заңдылығын және кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу хаттамасының дұрыс толтырылуын қамтамасыз ете алады. Педагогтің бүкіл жауап алу процесіне қатысуы міндетті емес. Педагогтің, тергеушіге айғақты белгілеген кезде көмек көрсету үшін қатысуына болады.
ҚР ҚІЖК-де кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға, айыпталушының ата-анасының қатысуы әр кезде мақсатты болмайды, біріншіден, істегі жақын туыстарының рөлі бірден айқын емес, олар мүдделі тұлға болғандықтан, жауап алынатын адамға кері әсерін тигізуі мүмкін. Кей жағдайларда жауап алуға ата-аналарының қатысуы, жауап алынатын айыпталушыға қорқыныш, ұялу және т.с.с. себептерін тигізуі мүмкін. Сол сияқты ата-анасының жауап алуға қатысу кезінде, айыпталушыға олардың эмоциясы, мимикасы, ымы, қозғалысы өзінің белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді, соған сәйкес айыпталушы ата-анасынан алған әсерге байланысты айғақ береді. Бұл алдын-ала тергеу кезіндегі жауап алуға жатады. Сот залында ата-аналарының, жақын туыстарының ролі айқындалады, сондай-ақ істі көпшілік алдында талқылау нәтижесінде, ол тұлғалардың кәмелетке толмағанға қатысты кері әсерін тигізбеуіне мүмкіндік береді және ол жеңілдік болады. Сондықтан да заң, сот мәжілісіне ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің қатысуын міндеттейді және оларға өзге де құқтармен қатар дәлелдемелерді зерттеуге қатысу құқығын береді.
ҚР ҚІЖК-нің 71-бабының 1 — тармағының 1 — тармақшасы бойынша, сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуын міндеттейді.
Айыпталушыға айып тағылғаннан кейін, кәмелетке толмаған тұлғаға қорғаушы тағайындалады. Айып тағылған кезде тұлға 18 жасқа толса, бірақ қылмыс жасау уақытында кәмелетке толмаған болса, тергеуші немесе прокурор, қылмыстың сипатына, істің мән-жайына, және айыпталушының жеке басына, тұлғасына байланысты, айыпталушыға айып тағылғаннан бастап қорғаушының қатысуы қажетті деп табуға құқылы (бірақ міндетті емес).
14 жасқа толған айыпталушыдан жауап алу тактикасының, 17 жастағы айыпталушыдан жауап алу тактикасынан айырмашылықтары бар. 17 жастағы айыпталушыдан жауап алу, негізінен ересек айыпталушыдан жауап алу кезінде қолданылатын тактикалық әдістері қолдана отырып жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушылардың берген жалған айғағы неге әкеп соқтыратыны туралы мағлұматы болмайды. Сондықтан жалған айғақ беру қылмыстардың жасалуына жекешелейтін айғақ болатындығын ескеру және түсіну керек.
Қылмысты топ болып жасаған жағдайда, олардан жауап алу, шынайы, ақиқат айғақ алу үшін, бір бірінен бөлек жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушының айғағы тексеріліп бағалануы қажет (ҚР ҚІЖК-нің 71-бабының 1 — тармағының 1-тармақшасы).
Жауап алу кезінде басқа да тактикалық тәсілдерді қолдана отырып, кәмелетке толмаған айыпталушының өзімен бірге қылмысқа қатысушыларды, ең бастысы, қылмыстық топты басқарушыны немесе өзінен жасы үлкендерді ұстап беруден қорқатындығын есте ұстау керек. Достық туралы жалған түсінік, кейде кінәні өз мойнына алуға, өзімен бірге қылмысқа қатысушыларды жақтауға әкеп соғады, сөйтіп өзін «батырмын» деп санайды.
Ересек қатысушылардың тікелей айтқаны бойынша, кәмелетке толмаған айыпталушы кінәні өз мойнына алуы мүмкін. Олар жасөспірімді қорқытып не болмаса кәмелетке толмағандар үшін кінәні мойындау айтарлықтай жазаға әкеліп соқтырмайтынын, ал оларды, яғни ересектерді ең қатаң жаза күтетіндігін айтып, сендіреді. Егер тергеушінің осындай әсер ету үшін негіздері болса, ондай жағдайда ол асықпай айыптаушыға, оның істеп отырған әрекетінің қате екендігін түсіндіруі керек. Себебі оның осы тұрғыда берген айғағының салдары, әділетсіз түрде біреудің істеген қылмысы үшін жазаға тартылуына және де осындай жақтаудың нәтижесі қылмыстың көбеюіне және қылмыстардың көптеген түрінің ашылмауына әкеп соқтырады.
Заң куә болуға мүмкіндік беретін жастың ең аз шегін белгілемеген. Практикада 4-5 жас балалар куә ретінде іске қатысқан
жағдайлар болған. Яғни олар болған оқиғаны есіне сақтап, тергеуге қажетті заттардың орналасқан жерін, белгілі бір адамның бейнесін есіне сақтап дұрыс айтып бере алған. Қажет жағдайда баланың куә болуға қабілетін сот-психологиялық сараптамасы арқылы анықтауға болады.
Көрсетпе берудің қалыптасу процесіндегі маңызды жағдайлардың бірі – есте сақтау. Баланың есте сақтауына оның қандай көркем әдебиет кітаптарын оқуы, белгілі бір нәрсемен шұғылдануы әсер етеді. Осыған орай, бала фантазиялауға яғни ойдан шығаруға бейімді болып келеді. Бұл болған оқиғаны асыра қабылдауға және қосып айтуға итереді. Кәмелетке толмаған куәға затты немесе белгілі бір жерді сипаттап беруден гөрі, тану жеңілге соғады. Сондықтан тану баланың есінде бұрын болған оқиғаны жаңғыртудың әсерлі тәсілі болып табылады.
Он төрт жасқа дейінгі куәлар мен жәбірленушілерден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі куәдан жауап алуға қатысу үшін педагог шақырылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы.
Он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбірленушілерге айғақ беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді. Мұндай куәлар мен жәбірленушілерге іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екені атап көрсетіледі. Кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіге өздерінің немесе жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі.
ІІІ ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫ БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ
Айғақты және мәліметті бекітудің негізгі және міндетті құралы болып, жауап алу хаттамасы танылады. Жауап алу хаттамасы — бұл жауап алудың қорытындысын көрсететін, айыпталушының айғақтарындағы мәлімет көзі болып табылатын, айғақты еркін баяндау және сұраққа жауап түрінде жазылатын-процессуалдық құжат. Хаттама — бұл айыпталушының берген ауызша мәліметінің жазбаша нысаны. Айғақтарды бекіту қасиетінің, жауап алуды жүргізу өнері сияқты маңызы зор.
«Жауап алу хаттамасы төрт бөлімен тұрады:
- анкеталық, мұнда жауап алынатын адамның тұлғасы туралы қажетті мәліметтер көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және жері, ұлты, білімі және т.б.);
- жауап алынатын адамның еркін баяндауын, оған қойылған сұрақтарды және оған берілген жауаптарды жазып баяндау;
- куәландыратын, мұнда жауап алынатын адамның жазылған айғақтармен танысқаны туралы белгі болады;
4) оның хаттаманың дұрыстығын қол қою арқылы куәландыру».1
Жауап алу хаттамасы ҚІЖК-нің 203 және 218-баптарының
талаптарын сақтай отырып жасалады.
Хаттамада жауап алудың бүкіл процесі: тергеу іс-әрекетімен жүргізу орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейін дәл, жауап алу үзілісінің уақыты көрсетіледі.
____________
А.Я.Гинзбург, А.Р.Белкин. «Криминалистическая тактика». Алматы, 1998, 281 бет.
Жауап алу хаттамасы жауап алу кезінде немесе тікелей ол аяқталған
кезде жасалады. Жауап алу хаттамасын толтыруды кейінге қалдыруға жол берілмейді. Бұндай жағдайлар, тергеушінің басқа істермен айналысуынан болады және олар практикада кездесіп тұрады.
Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады. Жауап алу хаттамасы қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкін. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенографиялау, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкін, бұлар хаттамаға қоса тіркеліп, қылмыстық іспен бірге сақталады. Ондағы сұрақтармен жауаптар жауап алу кезіндегі реті бойынша жазылады. Жауап алынып отырған адамға көрсетілген заттай дәлелдемелермен өзге де қылмыстық іс материалдары көрсетіледі.
Бірінші.жауап алу хаттамасында,жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, сондай-ақ істің мән-жайы бойынша қажет болатын басқа мәліметтер көрсетіледі. Бұдан кейінгі жауап алуларда жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректерді, егер олар өзгермеген болса, оның аты-жөні көрсетумен шектеуге болады.
Тергеуші Қ[ЖК-нің 99-бабының 2-тармағына сәйкес, жауап алынған тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, осы тұлғаға қауіпсіздік шаралары қолданғандығы туралы қаулы шығарылған жағдайда, оның жеке басы туралы деректер бөлек сақталып, ол туралы жауап алу хаттамасында айтылып кету керек.
Хаттаманың өзінде жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер келтірілмейді. Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаға қатысты қауіпсіздік шарасын қолдану туралы тергеушінің қаулысы конвертке салынып, желімделеді, оның ішіндегілермен тергеушіден басқа прокурор және сот таныса алады.
Егер жауап алу кезінде сызбалар, схемалар, жоспарлар қолданылып, осыған байланысты айғақтар берілсе — мұның бәрі міндетті түрде хаттамада көрсетілуі тиіс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс.
Еркін баяндаудан кейін жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы ҚР ҚІЖК 218-бап 5-тармақ. Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу туралы талабы міндетті түрде орындалуға тиіс.
Осы жерде, тәжірбиеде кездесетін қателікке көңіл бөлу керек, тергеуші жауап алынатын адамға сұрақ қойғаннан кейін, бірден айғақты өз қолымен жазуын талап етеді. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңдарының бұзылуы болып саналады, айғақты өз қолымен жазу тек қана тергеуші куәгердің еркін баяндауын тыңдап болғаннан, яғни жауап алудың бірінші кезеңі аяқтағаннан кейін ғана жүргізіледі.
Жауап алу аяқталғаннан кейін хаттама оқып шығу үшін жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтініш бойынша дауыстап оқылады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу туралы талабы міндетті түрде орындалуға тиіс. Бұл, жауап алу хаттамасының өзінде не болмаса оның жалғасында, немесе қайталап жауап алу хаттамасында көрсетілуі мүмкін. Осы кезде айғақтарды өзгерту, толықтыру, түзету, жауап алынып отырған адамның, тергеушінің қол қоюымен куәландырылмаса және ескертілмесе, рұқсат етілмейді. Онда мұндай жауап алу хаттамасы іс жүргізу заңын өрескел бұзу нәтижесінде дәлелдеу көзі болып, табылатын мәнін жоғалтады.
Айғақтармен таныстыру фактісі және олардың дүрыс жазылғанын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам, сонымен қатар хаттаманың әрбір бетіне қол қояды. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тергеуші бас тарту себептерін анықтайды, оларды хаттамаға енгізеді және хаттаманы өзі қол қойыпкуәландырады.
Жауап алу хаттамасының барлығы, тергеушінің хаттама соңында қол қоюымен куәландырылады. Қажет болған жағдайда тергеуші хаттаманың әрбір бетін өзінің қолын қойып куәландыра алады, әсіресе хаттама машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалса, онда қылмыстық істі басқа тұлғаларға бергенде, істің ақиқаттығын анықтауға кедергі келтіреуіне мүдделі, жауап алу хаттамасының белгілі бір бетін ауыстыру мүмкіндігі жоқ емес.
Жауап алу хаттамасына жауап алуға қатысқан барлық түлғалар қол қояды. Олар: қорғаушы, тергеу бөлімінің бастығы, прокурор, сарапшы болуы мүмкін. Жауап алуды ғылыми-техникалық қүралдардың көмегімен бекітуді жүзеге асырушы маман да, осы фактіні жауап алу хаттамасына қойған өз қолымен куәландыру керек. ҚР ҚІЖК-нің 219- бабына сәйкес, тергеушінің шешімі бойынша, сондай-ақ айыпталушының, сезіктінің, куәнің немесе жәбірленушінің өтініші бойынша жауап алу кезінде дыбыс — және бейнежазба қолданылуы мүмкін.
Дыбыс -және бейнежазба кезінде де, жауап алу
хаттамасындағыдай, тергеу іс-әрекетінің орны мен уақыты,жауап алудың басталу және аяқталу уақыты, айғақтарды бекітуде пайдаланылатын техникалық қүралдардың сипаттамасы, оларды
қолдану ерекшеліктері, жазбаны тоқтату фактісі, тоқтатудың себебі және ұзақтығы, жазба жүргізуші маман туралы мәліметтер көрсетілуі керек.
Дыбыс — және бейнежазба алудың барысын толығымен бейнелеуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиіс. Жауап алудың бір бөлігін дыбыс — және бейнежазба түсіруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берілген айғақтарды жазып алу үшін арнайы қайталауға жол берілмейді.
Жауап алу аяқталғаннан кейін дыбыс — және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып, көрсетіледі. Жауап алынып отырған адамның дыбыс — және бейнежазбаға толықтыру ретіндегі айғақтары да дыбыс жазу мен бейнежазуға енгізіледі.
Дыбыс — және бейнежазба қолданылған жауап алу барысында алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгізіледі. Дыбысжазба мен бейнежазба іспен бірге сақталып, алдын-ала тергеу аяқталғаннан кейін олар мөрмен бекітіледі.
Айғақтардың дыбыс — және бейнежазбасы басқа тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде тыңдатылып, көрсетілген жағдайда тергеуші бұл туралы тиісті тергеу іс-әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.
Жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған жеке басы туралы деректер, соның ішінде : тегі, аты, әкесінің аты туған уақыты мен жері , азаматтығы, ұлты, білімі, отбасылық жағдайы, жұмыс орны, жұмысының түрі немесе лауазымы, тұратын жері, сондай-ақ істің мән-жайы бойынша қажет болатын басқа мәліметтер көрсетіледі. Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу хаттамасында бұрын сотталмағаны немесе сотталмағаны туралы деректерді, егер олар өзгермеген болса, оның аты жөнің көрсетумен шектеуге болады.
Заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсету, хаттамаларды жариялау және төргеу іс-әрекеттерінің дыбыс және бейнежазбаларын, киноға түсірілуін, сондай-ақ осыған байланысты жауап алынушы берген айғақтарды көрсету міндетті түрде хаттамада жазылуы тиіс.
Жауап алынып отырған адам тергеу іс-әрекеті барысында схемалар, сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тігіліп, хаттамада ол туралы белгі қойылады.
Еркін баяндаудан кейін жауап алынып отырған адам айғақтарына өз қолымен жазуға құқылы. Жауап алынатын адам өз қолымен жазып, оған қол қойылғаннан кейін тергеуші толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя алады.
Жауап алу аяқталғаннан кейін хаттама оқып шығу үшін жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтініші бойынша дауыстап оқылыда. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау еңгізу туралы талабы міндетті түрде орындалуға тиіс.
Айғақтармен танысу фактісі және олардың дұрыс жазылғанын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда тергеші бас тарту себептерін анықтайды, оларды хаттамаға енгізеді және хаттаманы өзі қол қойып куәландырады.
Егер жауап алынып отырған адам тән кемістігіне немесе өзге себептерге байланысты хаттамаға өзі қол қоя алмайтын болса, оның өтініші бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетін өкілі немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда олда хаттаманың әрбір бетіне және тұтас хаттамаларға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз қолымен жазған айғақтарының аудармасын да қол қояды.
Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өзімнің бітіру жұмысымды «Айыпталушыдан жауап алу тактикасы» тақырыбында жаздым. Бұл жұмыста. ең басты назар, айыпталушыдан жауап алу жүргізудің тактикасына, психологиясына және этикасына бөлінген.
Менің ойымша, ешбір тергеу әрекеті, тергеушінің алдына, жауап алу сияқты күрделі және көп түрлі талаптар қоя алмайды.
Айыпталушыдан жауап алу қорытындысы криминалистиканы, психологияны білумен ? тергеушінің өмірлік тәжірибесінің дәрежесімен, оның бойындағы ықыластық, бақылағыштық, болып жатқан жағдайлардан хабардар болу сияқты қасиеттердің болуымен, айыпталушының психологиялық тұлғасын жасай біу қабілетімен, мақсатқа жету тәкәппарлығымен, қиындыққа төзе білу және жауап алу жүргізген кезде этиканы сақтай білуімен қамтамасыз етіледі.
Айыпталушыдан жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің қиындықтары туралы мәселені қарастырған кезде, ең бастысы, мұндай қиындықтар қылмыскерлердің өзінің жасаған қылмысы үшін жауапгпылықтан қашуымен анықталатынын ең алдымен көрсету керек. Нақ осы негіздер айыпталушының кінәні мойындамауына, тергеуге қарсылық көрсетуіне, оған жалған түсініктеме беруіне себепші болады. Міне сондықтан, тек сирек кездесетін ерекше жағдайларда ғана оңды нәтижеге жетуге болады. Жауап алу тергеуші үшін күрделі, ауыр жұмыс болып табылады.
«Негізінен жауап алу, ғылыми ізденуге ұқсас (білмегеннен білгенге), ал тергеушінің еңбегі оқымысты-ғалымның еңбегін еске түсіреді» — дейді Найденов В.В. Жауап алудың оңды нәтижесі, тергеліп отырған қылмысты ашуға жиі мүмкіндік бермейді. Кей жағдайларда айыпталушыдан жауап алу, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстың дәлелдемесін алудағы құрал болып табылады.
Болашақ тергеуші профессионалдық дайындықты жоғарғы оқу орнынан алады, ал нағыз маман болып тек жұмыс барысында болады. Өмір, тәжірибе, әрбір жаңа іс — ең мықты, ең күшті мұғалім болып табылады.
Жауап алу қылмыстың толық және объективті ашылуына әкеледі.
Қорыта келе А.Бондаренконың: «Адамнан жауап алып отырған сәтте, сен өзіңнің күнделікті, үйреншікті ісіңді жасап отырғаныңды, ал ол болса оны әбіржіп отырғандықтан, көп жылдар бойы есінде сақтап қалатынын ұмытпа. Сен үшін ол — көптің бірі. Сен ол үшін билік өкілісің. Сондықтан да ықылас, байсалды, биязы, әдепті, сыпайы әділетті бол, өзіңнің мемлекет және халық алдында жауапты екеніңді, адам өмірі үшін жауапты екеніңді есте ұста».
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Нормативтік актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл.
- Қазақстан Республикасының Кьілмыстық Кодексі, 1 қаңтар 1998. 3 Казақстан Республикасының Қылмыстық Істер Жүргізу Ко-
дексі, 1 қаңтар 1998 жыл.
- II. Арнайы әдебиеттер
2.4.. Белкин Р.С. «Криминалистическая тактика» экнциклопедия, М., 1997.
2.3. Жәкішев Е.Ғ., ИсаевӘ.А. «Криминалистика » оқулық, «Жеті жарғы» А . 2006.
- Васильев А.Н. «Тактика отдельных следственных действий». М., 1981.
- Герасимов И.Ф., Драпина Л.Л. «Криминалистика». М., 1994.
- Гинзбург А.Я., А.Р.Белкин «Криминалистическая тактика». А., 1998.
- Доспулов Г.Г. «Психология допроса в уголовном процессе». «Ғылым». А., 1996.
- Жәкішев Е.Г. «Криминалистік тактика» «Жеті жарғы». А., 1997.
- Зубарев В., Мешков Ю. «Защитник на предварительном следствии». «Социалистическая законность», 1998, N 2.
- Рыжаков А. «Допрос: основания и порядок производства», Феникс М. 2006
2.13. Пронин К. «Тактика допроса в суде» Юстицинформ , М. 2006
2.14 Леви А.А. «06 участии защитника на предварительном следствии». «Социалистическая законность», 1987, N 4.
- Леви А.А., Пичкалева П.И. «Получение и проверка показа-нии следователей». М., 1987
- Митусевич И.А. «Изучение личности обвиняемого в процессе предварительного следствия». Минск, 1975.
- Пантелеев И.Ф., Селиванов Н.А. «Криминалистика» М., 1984.
- Порубов Н.И. «Допрос». М., 1973.
- Порубов Н.И. «Допрос в советском уголовном судопроиз-водстве». Минск, 1973.
- Порубов Н.И. «Научные основы допроса на предваритель-ном следствии». Минск, 1978.
- Филипов А.Г., Волынский. «Криминалистика». М., 1998.
- Яблоков Н.Г. «Криминалистика». «Юридическая литерату-ра». М., 1996.
- Яблоков Н.Г., Колдин В.Я. «Криминалистика» издательство Московского Университета. М., 1990.
III. Тәжірибелік материалдар
3.26. Өндірістік практикамнан алынған мысалдар.