Ағымдағы міндеттемелер есебі.

10 января, 2020 22:43

Тақырыбы: Ағымдағы міндеттемелер есебі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  міндеттемелерінің экономикалық-құқықтық маңызы.. 5

1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі 7

 

2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ  АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ, СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ («ЖАРАСЫМ» ЖШС НЕГІЗІНДЕ) 14

2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу. 14

2.2 Кәсіпорынның бюджетке салық және басқа да төлемдер бойынша берешек есебі 17

2.3 Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 20

2.4 Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі 21

 

3 АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 22

3.1 Ағымдағы міндеттемелер есебін жүргізуде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктері 22

3.2 Салық төлемдері бойынша бюджетпен есеп айырысудың автоматтандырылуы (Соно , Салық төлеушінің кабинеті бағдарламалары) 23

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 28

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

 

 

Кіріспе

 

 

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.

Қазіргі таңда барлық кәсіпрындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі міндеттемелерінің бірі болып табылады. Несие беру және оның  операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға  несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк  акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ағымдағы міндеттемелердің экономикалық мағынасын ашып, аналитикалық және синтетикалық есептерін көрсету.

Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі  «Жарасым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:

  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің есебінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктеу;
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебін «Жарасым» ЖШС нег зінде талдау
  • Ағымдағы міндеттемелер есебін жетілдіру жолдарына баға беру

Жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып бухгалтерлік есеп  саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым мақалалары табылады.

 

1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің есебінің теориялық негіздері

 

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  міндеттемелерінің экономикалық-құқықтық маңызы

 

 

Шаруашылық жүргізуші субъектілер деп пайда табу үшін қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын коммерциялық ұйымдар.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсан N 269-XIII  Азаматтық кодексіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъекті заңды тұлға болады, егер :

  • Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар болса;
  • сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса;
  • атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алса;
  • өзі сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады
  • Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс;
  • Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Міндеттемелердің тууы, олардың түсінігі және орындалуы  Азаматтық кодекстің 3-бөлімі « Міндеттмелік құқық» бөлімімен реттелі отырады.

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.

Мiндеттемеде оның әр тарабы — несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады . Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.  Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.

Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:

1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру — мүлiк орналасқан жерде;

2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру — мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру — мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;

4) ақшалай мiндеттеме бойынша — несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса — мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа — орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;

5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша — борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса — оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.

Бухгалтерлік есепте «міндеттеме» терминін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы былай тұжырымдайды: «Мiндеттеме — дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

В.Л.Назарова өзінің «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтердік есебі» оқулығында міндеттмені былайша түсіндіреді: Міндеттеме — бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордьң нақты эрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартынау (бас тарту), ал кредит беруші борьшқорынан өз міндетін орьндауын талап етуге құкылы.

Міндеттеме — өткен кезең окиғасыынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағымына әкеп соғады.

Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:

ақшалай қаражатпен төлеу;

активтерді табыстау: қызмет ұсыну;

міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру; міндеттемені капиталға аудару.

 

 

1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі

 

 

Халықаралық қаржылық есеп сандарты және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бойынша міндеттемелер келесі топтрға бөлінеді. Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жьшдан көп) болып жіктеледі.

Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің жіктелуіне толығырақ тоқталайық. Бухгалтерлік есепті жүргізу мақсатында ағымдағы міндеттемелердің құрамын төмендегі міндеттемелер құрайды:

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;

2) Салықтар бойынша міндеттемелер»;

3) Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер;

4) «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек», оның құрамы:

— Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек,

— Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі;

— Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар

— Алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуы;

— Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек.

Сонымен әр-біріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

І Қаржылық міндеттемелер. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер қаржылық қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның банк алдындағы қаржылық міндеттемесі алған несиесін қайтару және оған пайдалан ғаны үшін пайызын төлеу, сондай-ақ банк қызметтерін төлеу. Сондай-ақ қазіргі таңда шаруашылық жүргізуші субъектілердің несие алудағы маңызы сөзсіз.

Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты..

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын  растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.

Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.

Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін  пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.

Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-Жеткізушілерлер  мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 «Банк несиелері» шоты кредиттеледі. Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.

Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 «Банк несиесі» шотына: «Мерзіміңде өтелмеген ссудалар» немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» шотынын дебеті және 3380 «Төленуге тиісті процснтгер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

ІІІ Салықтар бойынша міндеттемелер. Салық міндеттемесі мемлеқет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады жөне ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2008 жылдың 10-ы. № 99-ІV  ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі кабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.

Мемлекеттің салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:

1) салық органында тiркелу есебiне тұрады;

2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;

3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердің сомасын есептейдi;

4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;

5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

  1. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
  2. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
  3. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
  4. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
  5. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
  6. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме салық кодексінің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
  7. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

Салық кодексі республикалык және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан  Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салыктың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен баска да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сөйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және баска да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құкьіғы Қазакстан Республикасының зан органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек ғана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық  төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінІң міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердін мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқада міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен баска да міндетті төлемдері есептелінеді.

Казакстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

ІІІ Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер.

Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер және занды түлғалар, сондай-ақ басқа да қызметпен айналысатын, занды тұлға болып саналмайтындар (бір сөзбен айтканда, салық төлеушілер), міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнетақы корларына төлеуші ретінде тіркелгсндер, өзінің түрған жеріндегі салық қызметінің органдарына аударады.

Егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса ай сайың олардың жалакысынан есептеп және ұстап, сосын оларды жинак зейнетакы корына аударып отыруы керек.

Әскери және ішкі істер органдарынын кызметкерлері үшін 1998 жылдың қаңтарынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен аталған кызметкерлердін міндетті зейнеткерлік жарнасын аударып отырады.

Зейнеткерлік жарнасы келесі мөлшерлеме бойынша есептелініп және ұсталып отырады:

егер занды тұлға, сондай-ак жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және нотариустер, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса, онда сол енбеккерлердің табысынан 10% деңгейінде ай сайын міндетті зейнеткерлік жарнасына аударады;

  • жеке кәсіпкерлер өздері үшін салық салынатын табысынан 10% деңгейінде аударады;
  • адвокаттар да, жеке нотариустер өздері үшін Салық Кодексіне сәйкес анықталған табысынан 10% деңгейінде аударады.
  • Міңдетті зейнеткерлік жарнасы келесі төлемдерден ұсталмайды:
  • еңбеккерлердің денсаулығынын бұзылуына әкелген зардаптар үшін төленетін төлемдерден;
  • егер де тұракты жұмыс орны жолда немесе жүріп-тұру сипатында болса, онда оларға төленген төлемдерден;
  • ядролық сынақ немесе экологиялық апаттардан зиян шеккеңдерге берілетін әлеуметтік жәрдем ақыдан;
  • медициналық қызметке төлеу үшін біржолғы төлемдерден, бала талқан кезде төленетін төлемдерден;
  • пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілер төлеген компенсациясынан;
  • сақтандыру сыйақысынан;
  • берілген арнайы киімдер құнынан;
  • және т.б.

Одан баска зейнеткерлік жасқа жеткендер міндетті зейнеткерлік төлемдер төлеуден босатылады.

Міндетті зейнеткерлік жарналар ақшалай да, акшасыз да төленеді. Жинақ зейнеткерлік  қорға аударылған ақшаға банк заңды тұлғаға үш данада, жеке тұлғаға екі данада төлем тапсырмаларын ұсынады. Оның бірінші данасы банкте, калған екеуі төлеушіде калады.

Егер де заңды тұлға-төлеуші ретінде жойылса, ондағы зейнеткерлік жарна туралы құжаттар міндетті түрде Ммемлекеттік архивке беріледі.

ІY Қысқа мерзімді кредиторлық берешек міндеттемелері. Кәсіпорынның кредиторлық берешегі деп басқа ұйымдарға, жеке тұлғаларға қарызын айтады. Қысқа мерзімді берешек құрамына:

Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек,

— Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі;

— Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар

— Алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуы;

— Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады. Осдан бастап жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек пайда болды.

 

 

2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ  АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ, СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

 

2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

 

 

«Жарасым» ЖШС-нің банктер мен банктен тыс мекемелрідң несиелерін есепке алуы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 3-4 бөлімдерімен айқындалады.

Келесі шоттар қолданылады:

3010 – «Қысқа мерзімді банктік қарыз», онда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады, 4010 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;

3020 – «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар», 4020 – «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар»;

3050 – «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері»,  4030 – «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер».

Несие алған жағдайда: 1040 – «Банк шоттардағы ақша қаражаты –ұлттық валютамен»-ақша банктегі есеп шотына түскен жағдайда, 3310 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешегі», 3390 – «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттары дебеттеліп және 3010 «Қысқа мерзімді банк несиелері» шоты кредиттеледі. Несиені өтеген жағдайда 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз», 4010 – «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар»шоттары дебеттеліп және 1040 немсе 1050 шоттары кредиттеледі.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызын есептейді. Есептелінген пайыздардың сомасы 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» шотынын дебеті және 3380 «Төленуге тиісті проценттер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

«Жарасым» ЖШС 1 жылдық мерзімге 10 % -бен 1000000 теңге несие алу үшін банкпен келісім-шартқа тұрды. Келісім шарттың негізі болып несие алған жағдайда несие сомасы теңгемен 7500 долларға пара-пар, мерзімі өткен соң қайтарған жағдайда теңгемен 7500 долларға пара-пар. Пайыздық өсімді әр квартал соңындағы 7500 долларға эквивалент теңгемен есептеледі.

Есме пайызын есептеу сомасы келесідей анықталады: Жылдық пайыздық мөлшері× қалдығы× күнінің саны /360

Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік. (1-кесте)

 

1 – кесте. «Жарасым» ЖШС-нің 2008 жылғы шаруашылық операциялары

 

.№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы теңге дебет кредит
1 2 3 4 5
1 03.01.2008 ж есеп айырысу шотына несие аударылды 1000000 1040 3010
2 Келісімшарттың жағдайына сәйкес несие қаражатын пайдаланған мерзіміне есептелген пайызы:

—          І тоқсан

7500×132,4×10%×90/360 = 24825

теңге

—          ІІ тоқсан

7500×121,83×10%×90/360=22843

теңге

—          ІІІ тоқсан

7500×131,4×10%×90/360=24638

теңге

—          IV тоқсан

7500×136,67×10%×90/360=25626

теңге

Алынған несие бойынша барлық есептелген пайызы 97032 теңге.  (56720+57040+57100+57800+38100)

  7310 3380
3 Есептелген пайыз сомасы төленді 97932 3380 1040
4 Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді, яғни 7500 АҚШ долларының эквивалентінде

—          алғашқы алынған несие сомасы

—          бағамдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, айырма сомасы

 

 

 

100000

 

25025

 

 

 

3010

 

7430

 

 

 

1040

 

1040

 

Шетелдік валютада алынган несиенің есебі. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға құкылы. Несие занды тұлға-резиденттерге қолма-қолсыз, яғни акшасыз тәртіпте ғана беріледі. Валюталық құңдылыктарды өкілетті банк-кепілдік ретінде занды тұлға-резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және ол шетел және ұлттык валютада беріледі.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес, егер олардын сомасы 100 мың доллардан және 120 күннен аспаса. Бұлардын, қатарына каржылық  лизингі де жатады.

Несиені алған кезде 1010 немесе 1050 шоттары дебеттеліп, 4010 шоты кредиттеледі. Ал егерде алынған несие кайтарылса, онда 4010 шоты дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі, 4010 шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі жүргізіледі.

Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге үстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай, несие берудің баскд түрлері 4030 «Басқа да несиелер» шотында есебі жүргізіледі. 4030-шы шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары, кызметтері) және берілген вексельдері есепке алынады.

Тауарларды (жумыстарды, қызметтерді) алу үшін берілетін вексельдердің есебі. Сатып алушы сенімхат арқылы жабдыктаушыдан жеткізілген тауармен (жұмыспен, кызметпен) есеп айырысу кезІнде жай немесе аудармалы вексельді пайдалануы мүмкін.

Вексель ұстаушы жабдыктаушылармен, мердігерлермен және баска да кредиторлармен есеп айырысуда берілген вексельмен қамтамасыз етілген карызын 4030 шотта есепке алады.

Пайыздық вексель бойынша 4030 шотка «Берілген вексель» деп аталатын субшотың ашуды ұсынады.

Пайыздық вексельдің пайызсыз вексельден айырмашылығы, олар өзінің номиналдык (аталуы) құнына пайызды қоспайды, ал пайыздыкта ол қосылып келеді.

Пайызсыз вексельде пайыз мөлшерлемесі көрсетілмейді, бірак, марапаттау сомасын анықтайды. Пайызсыз берілген вексельге 4030 «Берілген вексельдің сомасынан марапаттау сомасы шегерілген» және 4030 «Берілген вексель бойынша марапаттау сомасы» деген косымша екі субшоттар ашылуы мүмкін.(2-кесте)

 

2-кесте. Пайыздық вексель мен пайыссыз вексель есептерінің айырмашылығы.

 

Пайыздық вексель бойынша Пайыссыз вексель бойынша
Алғашқыда, марапаттау сомасы, толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді
2160 шоты дебеттеліп, 3380 шоты кредиттеледі 1620 шоты дебеттеліп, 4030 «берілген вексель бойынша марапаттау сомасы» субшоты кредиттеледі
Содан соң,  есептік кезеңнің  барысында тең үлесте есептелген пайыздық сомасы шығысқа жатқызылады
7310 шоты дебеттеліп, 1620 шоты кредиттеледі 7310 шоты дебеттеліп, 1620 шоты кредиттеледі

 

Кәсіпорын қызметкерлері үшін берілетін банк несиелерін есепке алу. Кәсіпорын өз кызметкерлеріне банктен жеке түрғын-үй құрылысына, саябақ үйлерінің құрылысына және т.б. мақсаттарға алған қарыздары бойынша делдал ролін атқара алады. Алынған несиелер бойынша банктермен есеп айырысуды есепке алу үшін 4030 шоттың аралық шоты (субшоты) колданады. Қәсіпорынның алынған қарыздары бойынша қызметкерлермен есеп айырысу үшін 1251 «Жұмыскерлердің жәңе басқа тұлғалардаң  карыздары» деген шотында есепке алынады.

Алған қарыздарды өтеу кезінде 1040, 1010 шоты кредиттеліп. 4030 шоты дебеттеледі. Банк үшін төленетін пайызын есептегенде 1251 шоты дебеттеліп, 4030 шоты кредиттеліп; содан соң сол есептелінген пайызды төлеген кезде 4030 дебеттеліп жөне 1040 немесе 1010 шоттары кредиттеледі.

 

 

2.2 Кәсіпорынның бюджетке салық және басқа да төлемдер бойынша берешек есебі

 

 

Бюджетпен салық бойынша  есеп айырысу 3-бөлімнің «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің 3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер» шотында  және оның келесі субшоттарында: жүргізіледі:

3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;

3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;

3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

«Жарасым» ЖШС корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылады. Жыл бойына кәсіпорын аванстық төлемдер төлеп отырады. Аванстық төлемдер өткен жылғы және осы жылғы болжамдық салық төлеуіне байланысты есептеледі.

 

Салық Кодексінің 135 статьясына сәйкес корпоративтік табыс салығының 2009 ж келесі ставка қолданылған: залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады

Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.

Кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 4310 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотта көрініс табады.

«Жарасым» ЖШС-нің 2008 жылы корпоративтік табыс салығы  19493 теңгені құрады. Бухгалтерияда табыс салығына келесі шоттар корреспонденциясы жасалды:

 

  Дебет Кредит
7710 – «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар»

 

19493 мың теңге  
3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы»   19493 мың теңге

 

Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айрысу.. «Жарасым» ЖШС-де әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айрысу 3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімінің 3150 – «Әлеуметтік салық» шоты 7210 – «Әкімшілік шығыстар» шотымен корреспонденцияланады.

«Жарасым» ЖШС-нің өз меншігі бойынша бюджетпен есеп айрылысуын қарастырайық. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 – «Жер салығы» шотында көрініс табады. Жер салығын есептеген жағдайда 7210 – «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, 3160 – «Жер салығы» шоты кредиттеледі. Көлік салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3170 – «Көлік құралдары салығы» шотында көрініс табады. Көлік салығын есептеген жағдайда 7210 – «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, айырысу 3170 – «Көлік құралдары салығы»  шоты кредиттеледі.

Көлік салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3180 – «Мүлік салығы» шотында көрініс табады. Мүлік салығын есептеген жағдайда 7210 – «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеліп, айырысу 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.

Салық кодексінін 396-бабына сәйкес, Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшiн негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы  ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ   жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрі – ғимараттар) салық салу объектiсi болып табылады.

Бухгалтерлік есеп бойынша «Жарасым» ЖШС-нің ғимаратының бағасы 722073735 теңгені құрайды. 2009 жылдан бастап  ҚР Салық кодексінің 398-бабына Заңды тұлғалар  мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының  1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. Демек «Жарасым» ЖШС-нің мүлік салығы 10831105 теңгені құрайды.

Ал енді салықтар бойынша шоттар корреспонденциясын көрейік. (3 -кесте).

Таблица 3 — Корреспонденция счетов по учету расчетов с бюджетом по прочим налогам ТОО «Уют» за 2006 год

3-кесте «Жарасым» ЖШС-нің басқа да салықтар бойынша шоттар корреспонденциясы.

 

Операция мазмұны Шоттар корреспонденциясы сомасы,

мың.тг

Дебет Кредит
1 Көлікке салық салынды 7210 3170 10615
2 Мүлікке салық салынды 7210 3180 10831
3 Жер салығы 7210 3160 8425
4 Мүлік салығын төлеуге шоттан ақша аударылды 3180 1040 10831
5 Көлік салығын төлеуге шоттан ақша аударылды 3170 1040 10615
6 Жер салығын төлеуге шоттан ақша аударылды 3160 1040 8425

 

Сонымен біз бұл бөлімде «Жарасым» ЖШС-нің бюджетке төлейтін салық бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есепте қалай көрініс табатынын қарастырдық.

2.3 Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

 

 

«Жарасым» ЖШС Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша Жеткізушілерлермендың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.

2009 ж қаңтарында «Жарасым» ЖШС 29072 мың теңгеге тауар сатып алынды. Сонымен  алынған тауар 1330 – «Тауарлар» шотының дебетінде көрініс табады, ҚҚС есептелмеген 3310 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттеледі.Сондай-ақ кәсіпорынға АО Қазақтелекомнан 7500 теңгеге шот-фактура келіп түсті.

Нәтижесінде бухгалтерлік есепте келесі шоттар көрініс тапты:

 

4-кесте. «Жарасым» ЖШС-нің 2009 ж қаңтарында Жеткізушілерлермен есеп айырысуы

(мың.теңге)

Операция мазмұны Шоттар корреспонденциясы сомасы,

мың.тг

Дебет Кредит
1 Складқа тауаркеліп түсті 1330 3310 25502
2 Алынған тауар бойынша ҚҚС көрініс тапты, алынған сома есепке алынды

 

1420 3310 3570
3 АО Қазақтелеком жеткізушісінен шот-фактура алынды

 

7210 3310 6579
4 Зачетка алынған ҚҚС көрініс тапты 1420 3310 921

 

Қосымша құн салығы бойынша есептелген сомалар 3130 – «Қосылған құн салығы» шоында дебеттеліп, 1420 – «Қосылған құн салығы» шотымен кредиттелді.

 

 

2.4 Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі

 

 

Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша сондай-ак ішінара дайындығына карай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемақысы бойынша есеп айырысу үшін 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»  және 3510 – «Алынған қысқа мерзімді аванстар», деп аталатын шоттары пайдаланылады.

Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды ішінара дайындау кезінде, алынған төлемақы сомасына 1040, 1010 шоттары 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты кредиттеледі, бірақ ол кезде төлемдердін мақсаттарына карай бухгалтерлік жазбалар жазылады.

Алынған аванстар және толық дайын бүйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлемақы сомасы 3510 шотының дебеті және сәйкесінше, 1210-шоты немесе 1210-1230 шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.

3510 шоты бойынша талдамалық есеп әрбір несие беруші бойынша тізімдемеде жургізіледі.

 

3 Ағымдағы міндеттемелер есебін жетілдіру жолдары

 

3.1 Ағымдағы міндеттемелер есебін жүргізуде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктері

 

 

1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті. [15]

Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін. Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.

Еңбекақы бойынша міндеттемелер есебі 1С:Бухггалтерия бағдарламасында төмендегіше көрініс табды:

 

 

1-сурет. Еңбекақы есептеудің 1С:Бухггалтерия бағдарламасындағы көрінісі

 

Сондай-ақ 1С Бухгалтерия бағдарламасында айырысудың салықтарды есептеуге болады. Ол үшін бағдарламаны жаңа салық кодексіне сәйкес жаңарту қажет. Яғни жаңа салық ставкаларын енгізу керек. Сонда бағдарлама салықтарды автоматты түрде өзі есептейді. (2-сурет)

 

 

2-сурет. Салықтарды есептеудің 1С:Бухггалтерия бағдарламасындағы көрінісі

 

 

3.2 Салық төлемдері бойынша бюджетпен есеп айырысудың автоматтандырылуы (Соно , Салық төлеушінің кабинеті бағдарламалары)

 

 

Бізде де салық төлемдерін ақпараттандыру мәселесі қолға алынған, ақпараттандыру жүйесі даму үстінде.

Ақпараттық жүйені жетілдіру үлкен қаржыны, уақытты талап етеді. Дегенмен нәтижесі зор. Салық жүйесін ақпараттандыру да инновация. Тауар өндіруде ғана емес, институтционалдық дамуда да инновация болуы шарт. Біз салық жүйесін неғұрлым ақпараттандырсақ, соғұрлым мемлекетті басқару, жеке адамның мәдениеті де әлдеқайда жоғары болады. Әкімшілік басқарудың ақпараттық жүйемен өте жоғары деңгейде қарулануы — заман талабы.

Қазіргі таңда салық төлеуді ақпараттандыру жүйесі өз деңгеінде дамып отыр, әрине кемшіліктер де көп және ол кемшіліктер күн санап жойылуда.

Қазіргі таңда салық есептілігін өңдеу жүйесі СОНО (Система отправки нологовой отчетности) ақпараттық жүйесі өңделіп, 28-сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Әрине бұл ақпарттық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Артықшылығы бір бағдарламаның ішінде барлық нысандар бар, бағдарламадай шықпай-ақ бірнеше салық төлеуші өз төлемдерін жүргізуге болады. Яғни СОНО ақпараттық жүйесі бұрын, кемшілігіне келетін болсақ СОНО ақпараттық жүйесі толығымен өңделіп болған жоқ, яғни онда санаулы ғана нысандарды есептеп жіберуге болады. Ал Акциз салығын төлеушілер үшін нысандар әлі бағдарламаға ендірілмеген. Сондықтан да Акциз АЖ-сі қолданыстн әлі шыққан жоқ.

2009 жылдың наурыз айының 20-нан бастап СОНО Ақпараттық жүйесінен басқа салық төлеушіге өте ыңғайлы, «Салық төлеушінің кабинеті» деп аталатын жаңа портал іске қосылды. Бүгін қаржы министрлігінің мамандары ғаламтор арқылы салық төлеудің жетілдірілген түрін таныстырды. Енді Қазақстанның кез келген нүктесінде отырып-ақ осы портал арқылы салық төлеп, декларация толтыруға болады..Нысандар жылдам әрі дұрыс толтыру үшін толық анықтама және тексеру жүйесімен қамтылған. Нысаны бірден дербес сандық сертификат арқылы таңбалап Салық комитетіне жіберуге болады, сонан соң салық төлеушінің СЕН қабылданғаны жөнінде хабарлама, сондай-ақ жіберілген нысандардың ағымдағы күйі жайлы ақпарат алып отыруға болады. Қолданушы ертерек дайындаған салық есептілігі нысандарымен таныса алады.

Салық төлеуші кабинеті келесі ақпараттық сервистер береді: салық төлеушінің бет есебін көру және бет есептен үзінді алу, салықтық берешегі жөнінде хабарлама алу және өзінің тіркеу мәліметтерін алу, сондай ақ басқа да пайдалы ақпарат алу Мәліметтер қорғалған байланыс каналы арқылы Қазақстан Республикасы Салық комитетінің Куаландыру Орталығында (СК КО) берілген сандық сертификатты қолдану жолымен жіберіледі (КМЖЖ криптографиялық кілті).

Салық төлеуші Кабинеті пайдаланушыларға салық есептілік нысанындарына (әрі қарай СЕН) интернет арқылы кіруге мүмкіндік ұсынады.  СЕН жылдам, әрі дұрыс даярлауға көмек беретін толық анықтамамен және толтырылуын тексеру жүйесімен қамтамасыз етілген. Дайын болған нысандарды, оларға сандық сертификат арқылы таңбалап, Қазақстан Республикасының Салық комитетіне жіберуге болады.

СТ Кабинеті салық төлеушілерге салық есептілігін тапсыру бойынша пайдаланушы міндеттерімен байланысты, сервистерге бірегей кіруді қамтамасыз етеді.

Салық төлеушіге арналған (әрі қарай СТ) «Салық төлеуші Кабинеті» web-қосымшасының міндеттері,  салық есептілік нысанын электрондық түрде құру бойынша  жұмысты автоматтандыру,  құралатын және жиналатын ақпараттың нақтылығын жоғарылататын, салық органдарына ақпаратты ұсынудың шапшандылығын жоғарылату және СТ үшін салық органдарының жұмыстарының тазалығын арттыру үшін арналған. Бұл қосымша дербестелген болып есептеледі және оған кіру мүмкіндігі тек салық төлеушінің тіркеу сертификатын қолдану арқылы ғана алуға болады. СТ Кабинеті екі негізгі есептен тұрады. Ол салық есептемелік нысанын электрондық түрде дайындау мен тапсыру және пайдаланушыға ақпараттық сервистерді ұсыну.

  • Ақпараттық сервистер тізіміне келесілер жатады:
  • Тіркеу мәліметтерін ұсыну.
  • Тіркеу мәліметтеріндегі байланыс ақпараттарын өзгерту.
  • Дербес шотты ұсыну.
  • Толық дербес шотты ұсыну.
  • Дербес шоттан көшірме ұсыну.
  • Салықты есептеу туралы хабарламаны ұсыну.
  • Салықтық оқиғаларының күн тізбесін ұсыну.

Салық төлеуші Кабинетіндегі негізгі навигация, жоғарғы деңгейлі мәзірінің көмегі арқылы жүзеге асырылады (3- сурет).

 

 

3-сурет. Жоғарғы деңгейлі мәзір

 

«Салық есептілік нысандары» бөлімінде (4-сурет) салық есептілік нысандарымен жұмыс істеуге арналған функциялар ұсынылған:

  • Нысанды толтыру.
  • Нысандар журналы.
  • Нысандарды импорттау.
  • PDF форматындағы нысандар бланктері.

 

 

4-сурет. «Салық есептілік нысандары» бөлімі

«Сервистер» бөлімі салық төлеушілердің тіркеу мәліметтерін алып және онда байланыс мәліметтерін өзгерту үшін арналған.

Бұл бөлім қолданушы жұмыс істейтін, нысандар тізімін баптау үшін, сол сияқты қолданушының профилін баптау үшін қызмет етеді.

«Салық кодексі» бөлімінде актуалды салық заңнамалары көрсетіледі.

Бұл бөлім салық төлеушілер Кабинетіндегі жұмыс бойынша қолданушы басқармасынан тұрады.

СТ Кабинетінің анықтама жүйесі жоғарғы деңгейлі мәзірде көпшілік пайдалануға арналған, «Көмек» функциясы арқылы ұсынылған.

«Көмек» функциясын шақыру кезінде СТ Кабинетіндегі жұмыс бойынша басқарманы жүгіндіруге мүмкіндік ұсынылады.

 

5-сурет. «Нысандар тізімін күйге келтіру» бөлімшесі

Қолданушы жұмыс істейтін, нысандар тізімін баптау үшін, «Нысандар тізімін күйге келтіру» бөлімшесіндегі тізімнен сәйкес нысандарды таңдау қажет (5 сурет). Барлық нысандарды белгілеу/тазарту үшін автоматтандырылған режимде «Барлығын белгілеу/Барлығын тазарту» пернелерін қолдану қажет.

Барлық қажетті нысандар белгіленгеннен кейін, «Сақтау» пернесін қолдану арқылы, нәтижені сақтау қажет.

Жаңа нысанды толтыру үшін «Жаңа нысан толтыру» бөлімшесіне кіру қажет және сәйкес атауы бар сілтемені басу арқылы, СЕН тізімінде нысанды таңдау қажет.

СЕН толтыру мерзімін таңдау терезесінде келесі мерзімдер әдістері жетімді:

  • Тоқсан.
  • Жыл.
  • Кезеңнің бастапқы және соңғы мерзімі.

Растау үшін «ОК» пернесін басу қажет, таңдауды болдырмау үшін – «Жою» пернесін басу қажет.

Таңдалған күн автоматты түрде СЕН барлық беттерінде қойылады.

Кезеңді растағаннан кейін толтыруға арналған СЕН шығарылады (6-сурет).

Беттер және СЕН нысандары арасында алмасуға ыңғайлы болу үшін беттің сол жағында СЕН құрылымы орналасқан. СЕН бас нысанмен нысан қосымшаларынан тұрады.

 

 

6 — сурет. Салық есептілік нысаны.

 

Таңдалған декларацияны толтыру барысында, ашылған беттің жоғарғы жағында декларация толтыру көмекшісі тұрады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен курстық жұмысты түйіндей келе төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Міндеттемелердің тууы, олардың түсінігі және орындалуы  Азаматтық кодекстің 3-бөлімі « Міндеттмелік құқық» бөлімімен реттелі отырады.

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап ет Бухгалтерлік есепте «міндеттеме» терминін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы былай тұжырымдайды: «Мiндеттеме — дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

Халықаралық қаржылық есеп сандарты және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бойынша міндеттемелер ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек,  ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жьшдан көп) болып жіктеледі.

Бухгалтерлік есепті жүргізу мақсатында ағымдағы міндеттемелердің құрамын төмендегі міндеттемелер құрайды:

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;

2) Салықтар бойынша міндеттемелер»;

3) Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер;

4) «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек», оның құрамы:

— Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

— Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек,

— Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі;

— Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар

— Алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуы;

— Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек.

Несие алған жағдайда: 1040 – «Банк шоттардағы ақша қаражаты –ұлттық валютамен»-ақша банктегі есеп шотына түскен жағдайда, 3310 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешегі», 3390 – «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттары дебеттеліп және 3010 «Қысқа мерзімді банк несиелері» шоты кредиттеледі.

Салық бойынша бюджетпен есеп айрысу 3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімінің 3150 – «Әлеуметтік салық» шоты 7210 – «Әкімшілік шығыстар» шотымен корреспонденцияланады.

Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі

Тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемақысы бойынша есеп айырысу үшін 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»  және 3510 – «Алынған қысқа мерзімді аванстар», деп аталатын шоттары пайдаланылады

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  • Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
  • Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик’С, 2003
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
  • Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
  • Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 03.2008
  • Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик’С, 2003. — 360 бет..
  • Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық — Алматы 2006 жыл.
  • Нысанбаев С.Н., Қожамкүлова Ж.Т.Коммерниялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004. — 138 бет..
  • Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005, 257с.
  • Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
  • О бухгалтерском учете и финансовой отчетности. Закон Рес­публики Казахстан от 24 июня 2002 г., №329-11, Алматы; Юрист, 2002г.
  • Мычкина О.В. МСФО: Рекомендации по применению рабочего плана счетов: Практическое пособие – Алматы: Центральный дом бухгалтера, 2006 – 104с.
  • Платова О.В. Международные стандарты финансовой отчетности. Краткий перекрестный конспект-комментарий// Вопросы учета и налогообложения. – 2006, №4. –с.7-19
  • Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Учеб­ное пособие. — Алматы: Экономика, 2000 г.
  • Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62, 06.07.2008 ж.
  • Мукашева Д.Л. «1с:кәсіпорын» жүйесінде материалды емес активтер есебін жүргізудің жетісіктері.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля