Акционерлік қоғам « Ертіс – ГЭС » инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.

12 февраля, 2020 22:20

 

Жоспар

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..3

  1. Қаржылық инвестициялар туралы теориялық ұғым…………………..4

1.1 Инвестицияның маңызы және оларды жіктеу…………………………….4

1.2 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері…………………………….13

 

  1. Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау…………………………21

2.1 ЖШС « Тамир » инвестициялық жобасы………………………………….21

2.2 Акционерлік қоғам « Ертіс – ГЭС » инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері…………………………………………………………………………….24

 

  1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару………………………29

Қорытынды………………………………………………………………………………………33

Қолданылған әдебиеттер. ………………………………………………………………..34

Кiрiспе

Менiң курстық жұмысымның мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиiмдiлiгiн бағалау.

Өзiмiзге мәлiм болғандай әрбiр кәсiпорын өз қызметi барысында мiндеттi түрде пайдасын максималдағысы келедi. Осыған орай олар максималдаудың әртүрлi жолдарын iздейдi. Сондай жолдардың бiрi инветицияларды құю болып табылады.

Компания қандай да бiр инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезiнде, оны зен қойып талдауы керек. Өйткен қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарсa, онда соншалықты ол тиiмдiрек болады.

Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлi әдiстерiн қолданады. Жалпы олардың негiзгiлерi болып келесiлер табылады:таза келтiрiлген күн, таза терминалдық күн, инвестицияның қайту деңгейi, инвестицияның тиiмдiлiк коэффициентi, инвестицияның кайту мерзiмi. Бұл көрсеткштер одан әрi жалғасулары мүмкiн, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиiрек қолданады.

Компания үшiн инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар компанияның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкiн. Қаржы менеджерi өз қызметi барысында компанияның инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа сәйкестiгiн анықтауы тиiс.

Курстық жұмыста тек теориялық аспектiлер қарастырылмаған, сонымен қатар тәжiрибелер де қарастырылған. Яғни қандай да бiр компания өзiнiң инвестициялық саясатын жүргiзу үшiн екi жобаны талқылайды.

Инвестициялар тек компанияға үлесiн қоспайды, олар тағы да мемлекетке де, халыққа да өз әсерiн тигiзедi. Яғни одан түсетiн пайда зор.

Қандай да болмасын жоба, ол әрдайым тэуекелмен байланысты болады. Қаржы менеджерi бұл жағдайды да ескеруi керек. Әрине, ол тек инвестициялық тәуекелдi ғана емес, оған қоса жалпы тәуекелдердi қарастырып, талқылауы тиiс.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу сатысында, сондықтан отандық компанияларға сырткы нарыққа шығу жолдарын iздеу керек. Бұндай жолдардың бiрi болып шетел мемлекеттерiне инвестиция құю болып табылады. Кейбiр компаниялар нақтылы жобаларды iске асырмай, тек қана қор баржаларында жанама түрде өздерiнiң бос ақша қаражаттарын жұмсаулары мүмкiн.Бұл да инвестициялаудың бiр жолы. Ал, бiздiң елiмiзге күнделiктi инвестициялар құйылуда, бұл жағдайдың да өзiнше жағымды және жағымсыз әсерi бар. Осы жағдайлардың барлығын өз курстық жұмысымда талқылауға  тырыстым.

  1. Қаржылық инвестициялар туралы теориялық ұғым.

 

  • Инвестицияның маңызы және оларды жіктеу.

 

Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі-инвестициялық әрекет болып есептеледі.

Кәсіпорындардың қаржы ресурстары-ағымдағы шығындарды-қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады.

Инвестиция-бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы басқа белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.

Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді, жаңа кәсіпорынды сатып алады,бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады.

Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар.

Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активкеьақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.

Қаржы инвестициясы пайда табу мақсатымен-құнды қағаздар түріндегі активтерді  алу. Бұл салымдар құнды қағаздар портфелін қалыптастыруға бағытталады.

Венчурлық инвыстиция-жаңа технологияға шағын фирмалардың жаңартпашылықтарын қаржыландыру қажетті тәуекел капиталды салуын айтады.

Аннуитет-инвесторға белгілі бір уақытта тұрақты табыс әкелуші инвестиция. Бұлар негізінен сақтандыру және зейнетақылық қорға қаржы салу.

Қысқы мерзімді инвестициялар-ақша қаражаттарын бір жылға дейінгі мерзімге салу.Әлбетте фирмалардың, кәсіпорындардың қаржы инвестиция қысқа мерзімді болып есептелінеді.

Инвестициялық әрекеттің субъектілері.

Инвестиялық әрекеттің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық объектілерді пайдаланушылар, жабдықтаушылар, әртүрлі кәсіпкерлікпен айналысушы-банктер, сақтандыру және ортақолдық ұйымдар есептелінеді.Инвестициялық әрекеттің субъектілері болып жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет және халықаралық ұйымдар есептелінеді.

 

1-сызба. Инвестициялық әрекеттің объектілері.

 Мүлікке қақы
Бағалы қағаздар
Мақсатты ақша салымдары
Ғылыми-техникалық өнімдер
Интеллектуалды меншікке қақы
Инвестициялық әрекеттің    объектілері

 

 

 

 

Қалыптастырылған және жаңартылған негізгі құралдар
Басқадай меншіктік объектілер

 

Инвестициялық әрекеттің негізгі субъектісі-инвестор.Ол меншік, қарыз және қатыстырылған қаражаттарды инвестиция түрінде жұмсауды асырады.

Негізгі шаруашылық әрекетінің бағытына инвесторларды жеке және инстетутционалды инвесторларға бөледі. Жеке инвестор-негізгі өндіріс шаруашылық әрекеттің дамуына инвестиция түрінде салым салушы жеке және заңды тұлға. Инстетутционалды инвестор-жеке инвесторлар қаражатын жинақтап, инвестициялық әрекет жасайтын қаржы ортақолдықтар. Инстетутционалды инвесторларды әлбетте құнды қағаздар операцияларымен мамандандырылған инвестиционалды компаниялардың инвестициялық қорларды жатқызуға болады.

Барлық инвесторлар:

  • кез-келген түрдегі инвестициялық әрекет жасаумен инвестицияланатын объектіні иемдене пайдалануға, өнім жасауға.
  • Инвестицияның көлемін және бағытын өз еркімен анықтауға болады.
  • Инвестициялық әрекетке келісім бойынша басқа объектілерді қатыстыруға.
  • Инвестициялық қаражаттың мақсаты жұмсау, бақылау жасауға және тағы басқа тең құқықты.

Инвестициялық әрекеттің келесі субъектісі тапсырыс беруші. Тапсырыс берушілерге инвестициялық жобаларды іске асырушы, бірақта кәсіпкерлік әрекетті араласпайтын инвестормен уәкіл етілген жеке және заңды тұлғалар жатады.

Мердігерлер болып тапсырыс берушімен келісілген  жұмыс атқарушы жеке және заңды тұлғалар есептелінеді. Мердігерлердің әртүрлі әрекетте жұмыс істеуіне құқықты лицензиясы болуы керек. Инвестициялық  объектілерін пайданушыларға кіретіндер: инвесторлар, жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік ұйымдар. Инвестициялық әрекеттің субъектілері практика жүзінде қаржы салымдарын іске асыруды орындаушы инвестициялық салада жұмыс істейді.

Инвестициялық салаға жатындар: өндірістік және өндіріске жатпайтын негізгі құралдарға инвестиция салынатын, күрделі құрлыс саласы.

Жаңартпашылық салаға-ғылыми-техникалық бөлімдерді және парасатты әлуетті іске асыруда жатқызады.

Қаржы капиталының айналым саласына: ақша, қарыз және әртүрлі түрдегі қаржы міндеттемелері жатады.

Субъектілердің инвестициялық әрекеттері Қазақстан Республикасының Азаматтық   кодексімен, «Құнды қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының инвестициялық әрекеті» туралы заңдарымен реттеледі. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекет меншік түріне қарамай инвестицияны қорғауға кепілдік береді.

Инвестицияны басқару.

Инвестицияны басқаруға қатысатындар:

  • инвестициялық әрекеттің мемлекеттік деңгейде басқару, сол арқылы инвестициялық әрекетті реттеу, бақылау, ынталандыру.
  • Жекелеген инвестициялық жобаларды басқару. Ол жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды қоса басқарып, инвестициялық жобаны қазіргі жүйе әдістерін және техникаларды басқаруды қарайды.
  • Жекелеген шаруашылық етуші субъекті-кәсіпкерлік етуші фирманың инвестициялық әрекетін басқару-инвестициялық объектіні таңтауды, инвестициялық процестің жайын бақылауды басқарады.

Фирмалар бойынша инвестициялық әрекетті басқару ең тиімді капитал салымын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты инвестицияны басқару бірнеше кезеңдерден тұрады, олардың негізгілері.

1-кезең. Кәсіпорын деңгейінде инвестицияны басқару елдегі инвестициялық климатқа талдау жасау. Ол өзіне келесі болжауларды зерттейді:

— ішкі жалпы өнімдер серпіні, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі.

— Ұлттық табысты тарату серпіні жекешелендірілген процесінің дамуы.

—  Инвестициялық әрекетті мемлекеттік заң арқылы реттеу.

— жекелеген инвестициялық нарықтардың дамуы, ақша және қор қарқынның ерекшелігі.

 

2-сызба. Негізгі белгілері бойынша инвестицияны жіктеу.

 

         Инвестицияның түрлері

 

 

 

 

Инвестицияланатын капиталды объектілерге салу

 

Нақтылы
Қаржы

 

 

Инвестициялау кезеңі бойынша
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді

 

 

  Кәсіпорындардың инвестициялық процеске қатысу сипатына байланысты

 

Тура
Жанама

 

 

  Инвестицияланатын капиталдың меншіктілік түріне байланысты

 

Меншік
Мемлекеттік
Аралас

 

 

 

2-кезең. Фирмалардың экономикалық және қаржылық дамуының стратегиясына байланысты нақтылы инвестициялық бағытты таңдау. Бұл кезеңде фирма өзінің салалық бағытының инвестициялық әрекетін анықтайды. Бұл үшін жекелеген салалардың инвестициялық тартымдылығы-олардың коньюнктурасы, серпіні және осы салалардың өнімдеріне сұраныстың болашағы зерттелінеді.

Салалар экономикасының инвестициялық тартымдылығы үш бөлімнен тұратын индустриалдық талдау барысына қарай бағаланады:

-саланың өмірлік кезеңін анықтау

-саланы іскерлік кезеңіне қарай анықтау

-сапалы талдау және саланың болашақ дамуына болжау жасау.

Саланың даму кезеңдері:

  1. пионерлік саты, өнімдерді сату көлемінің өсуімен және пайданың өсуімен, тәуекелдік және бәсекелестік деңгейінің жоғарғы деңгейімен сипатталады.
  2. Кеңею сатысы, оның негізгі сипаты-сату көлемі өсу бір деңгейде, бағаның өсуі тоқтайды немесе аздап кемиді, инвестицияны қатыстыру қарқындайды, машина, жабдықтарды салу шығыны, жоғары төленетін девиденттің өсуімен сипатталады.
  3. Тұрақтану сатысы-сату және пайда табу қарқыны азаяды, өнімдерді жаңғырту аяқталады, ассортимент тұрақталынады, күрделі шығындардың өсуі тоқталады және олардың кемуі байқалады.
  4. Өшу сатысы-саладағы компаниялардың азаюымен сипатталынады, соған байланысты пайда, сату және күрделі қаржы мөлшері келмейді.

Инвесторларға ең дұрысы капиталды салалардың даму сатысындағы обектілеріне салған тиімді.

Көрсетілген материалдар негізінде көрсетілген саланың кәсіпорынына болашақ қаржы салу туралы шешім қабылданады.

Саланың инвестициялық тартымдылығы бағалаудың негізгі көрсеткіші пайдаланған активтердің пайдасының деңгейі ол екі вариантта есептелінеді:

  • Активтердің жалпы соммасына есептеген өнімдерді сатудан түскен пайда.
  • Баланстық пайда.

Саланың инвестициялық тартымдылығын бағалаудан басқа, инвестицияны басқару процесінде аймақтардың да инвестициялық тартымдылығын бағалайды, өйткені бір саланың кәсіпорындары әртүрлі аймақтарда орналасуы мүмкін. Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы төмендегі факторлармен қалыптасады: орналасу орны, көлік желісінің дамуы, әлеуметтік жағдайдың сипаты, кәсіпкерлік инфрақұрылымының дамуы, табиғат-климаттың жағдайлы ресурстардың жеткіліктігі және тағы басқа.

Аймақтардың инвестициялық тартымдылығын бағалау әртүрлі маңызды факторларды  орташа аймақтық көрсеткіштерін орташа республикалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтайды.

Алынған нәтижелер негізінде кәсіпкерлікпен айналысатын фирма нақтылы инвестицияны таңдау шешім қабылдайды.

3-кезең. Инвестицияның өтімділігін анықтау.

Инвестициялық әрекетті орындау процесінде кәсіпкерлік етуші фирманың-жекелеген инвестицияның объектісінің инвестиция климатының өзгеруінәтижесінен күткен табысқа әсерін есепке алу керек. Сондықтан болатын құбылыстарды мұқият байқай отырып, уақытында жекелеген инвестициялық бағдарлаиада шығу туралы шешім қабылдаған жөн. Осындай болатын жағдайды есепке ала отырып, әрбір инвестицияланатын объект бойынша инвестицияның өтімділік деңгейін бағалау керек, оның ішінде алдыменен барынша өтімділігі жоғары бағдарламаға жол беріледі.

Инвестицияны басқарудың маңызды 4 кезеңі- инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қалыптастыру көзін іздеу. Осы кезеңде кәсіпкерлік етуші фирма жоспарланған бағыт бойынша инвестициялық ресурстарды болжамдайды. Қажетті инвестициялық ресурстарға сай оны қалыптастыру көздері анықталады. Меншік қаржы қаражаттары жетіспеген жағдайда қарыз қаражаттарын қатыстыруға шешім қабылданады.

Жоғарыда айтылған шараларды орындау нәтижесінде инвестициялық портфель қалыптастырылады.

Инвестицияны басқарудың қортынды 5 кезеңі-инвестициялық тәуекелдікті басқару. Бұл кезеңде алдыменен фирманың барлық  инвестицияланған объектілері бойынша кездесетін тәуекелдікті анықтайды, соңынан инвестициялық тәуекелдікті азайту үшін шаралар жасалынады.

Инвестициялық әрекетті орындау көздері.

Фирмалардың инвестициялық әрекеттерін орындау көздері болып есептелетіндер:

  • Инвестордың меншік қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері, шаруашылық ету әрекетінен түскен пайда, амортизациялық төлем, сақтандыру компаниясына төленген қаражат және тағы басқа.
  • Инвестордың қарызға алған қаржы қаражаттары, оларға жататындар: банк несиесі, бюджет несиесі және тағы басқа.
  • Инвестордың қатыстырған қаржы қаражаттары: акцияларды сатудан, пай-жарнасы, фирма қызметкерлерінің басқадай жарналары мен төлемдері.
  • Мемлекет бюджетінен инвестициялық қаржы бөлу (аймақтың, салалық мақсатты бағдарламаларға).
  • Шет ел инвесторларының қаражаттарының бірлескен кәсіпорындардың жарғы капиталдың қатысуы және тағы басқа.

Шет ел инвесторларын қатыстыру халықаралық экономикалық байланысты дамытады және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге әсер етеді.

Фирма өз инвестициялық әрекетін қаржыландыруына байланысты, үш негізгі инвестициялық қаржыландыру түріне бөледі:

  • Өзін-өзі қаржыландыру
  • Несиелік қаржыландыру
  • Үлестік немесе аралас қаржыландыру

Өзін-өзі қаржыландыру — фирманың инвестициялық әрекетті толығымен меншік қаржы ресурстары арқылы қаржыландыруын айтады, қаржы ресурстары фирманың ішкі көздері арқылы қалыптастырылады. Мұндай қаржыландыру түрі әлбетті қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылып, оның рентабельдік мөлшері онша жоғары болмайды.

Несиелік қаржыландыру — қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылып, инвестицияның рентабельдік мөлшері өте жоғары болады. Бұл қарыз капиталының ерекшелігі, алдын-ала келісілген жағдайға байланысты, несиені қатыстыру керек.

Үлестік қаржыландыру — қаржыландыру бірнеше көздерінің құрамдастыруын қарастырады. Инвестициялық әрекетте бұл ең көп тараған түрі.

Нақты инвестицияның маңызы.

Нақтылы инвестициялау процесі бірнеше кезеңге және сатылар арқылы орындалады. Халықаралық практикада бұл процесс үш негізгі кезең арқылы орындалады:

  • Инвестициялауға дейінгі кезең – бұл жайда нақтылы инвестициялық жоба таңдалынады және оны бағалайды.
  • Инвестициялау кезеңі – нақтылы инвестициялық жобаны іске асырумен болады.
  • Постинвестициялық кезең- инвестицияланған объектіні пайдалану кезеңі.

Инвестициялауға дейінгі кезең, нақтылы инвестициялау процесінің негізін құрайды, осы кезеңде альтернативті инвестициялық шешімдер жасалынады, инвестициялық жоба дайындалады. Өз кезегінде бұл кезең төрт сатыдан тұрады: инвестициялық идеяны іздеу сатысы, инвестициялық жобаны алдынала дайындау сатысы, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық тартымдылығын бағалау сатысы, инвестициялық жобаны қабылдауға ақырғы шешім қабылдау.

Нақтысында, нақтылы инвестициялау процесін орындау үшін алдыменен инвестициялайтын объектіні анықтау қажет. Соңынан инвестициялық идеяны орындаудың барлық аспектісін қарау қажет және инвестициялық жобаны жасау қажет. Ол бизнес-жоспар түрінде орындалады.

Нақтылы инвестициялауды орындау процессі инвестициялық идеяны іздеуден және таңдаудан басталады. Алдыменен кәсіпқой фирма өзінің даму мақсатына байланысты инвестициялық идеяны іздеудің шекарасын белгілейді. Нақтылы инвестицияның орындалуы туралы шешім фирманың келесі мақсатын белгілеу негізінде шешіледі:

  • Өндіретін тауар үшін немесе қызмет көрсету үшін нарықтағы үлесті сақтау немесе өсіру
  • Жаңа тауарларды шығарудың қажеттігі.
  • Фирманың жақсы атаған қалыптастыру және ұстап тұру.
  • Фирманың ресурстарын барынша пайдалану.

Бұл аталғандардан басқа кәсіпкерлік фирманың инвестициялық идеяны анықтауда нақты инвестиция саласында жинақталған тәжірибені, өз әрекетін салалық бағытын, фирма қызметкерлерінің біліктілік инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарының барлық және басқадай факторларды есепке алады.

Инвестициялық идеяны таңдау халықаралық практикада қолданылған сыныптамаларға негізделген болады. Бұл сынаптамалар өзіне келесі мүмкіншілікті қосады:

  • Қайта өндеуге және өндіріске пайдалануға жарайтын пайдалы жер асты байлықтары және табыс ресурстардың барлығы.
  • Демографиялық немесе әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен нарықта жаңа тауарларға сұраныстың өзгеруі.
  • Импорттың көлемі және құрылымының импорттың орнын басушы өндірісті жасауға бағытталған проектісін жасауға әсер етуі.
  • Басқа елдердегі өндіріс құрылымының беталысы және тәжірибесі.
  • Тұтынушы-салаларда өндірісті ұлғайту жоспарлау жөнінде немесе дүниежүзілік нарықта өндірілген өнімдерге сұраныстың өсуі жөніндегі ақпарат.
  • Өндірісті әртараптандыру мүмкіншілігі.
  • Жалпылама өнімдерді шығаруда өзіндік құнын азайту үшін, өндіріс көлемін ұлғайтудың қажеттігі.
  • Жалпы экономикалық жағдай.

Әрине, аталған мүмкіншіліктер негізінде кәсіпорын,фирма өте іріленген инвестициялық проектінің идеясын құрауы мүмкін, яғни нақтылы инвестицияны орналастыру бағытын таңдайды. Егерде таңдалған тұжырымдама фирманың алдына қойған мақсатына сәйкес келсе фирманың басшылары қабылдаса, тұжырымдама жасалынады, оған қажетті қосымша ақпараттар жиналады және талдаулар жасалынады.

Инвестициялық жобаны жасау.

Инвестициялық жоба – күрделі қаржы салымдарының көлемін және мерзімін анықтауға жасалатын экономикалық негіздеме, оның ішінде қажетті жобалық-сметалық құжаттар, сондай-ақ инвестициялық жобаның орындалуы жөніндегі практикалық әрекеттің мазмұны (бизнес-жоспар).

Нақтылы инвестициялаудың белгілі түріне байланысты фирма жасалынатын инвестициялық жобаға қойылатын талаптарды қалыптастырады.

Инвестициялаудың бұндай түрі үшін, жабдықтарды ауыстыру немесе түрлерін алу, яғни ірі қаржы салымын талап етпейтін инвестициялау түрі фирманың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады,бұл жайда инвестициялық жоба ішкі құжат болып есептелінеді. Жоба қысқартылған бөлімдерден және көрсеткіштерден құрастырылады, бірақта міндетті түрде инвестициялық проектінің мақсаты, оның негізгі параметрлері, қажетті қаржы ресурстарының көлемі, сондай-ақ  инвестициялық жобаның тиімділігі және оның орындалуының календарлық мерзімі қаралады.

Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:

  1. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
  2. Жобаның негізгі идеясы.
  3. Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
  4. Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың еөлемін негіздеу.
  5. Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
  6. Жобаның тұрған жері.
  7. Басқаруды ұйымдастыру.
  8. Қажетті еңбек ресурстары.
  9. Жобаның орындалу кестесі.
  10. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.

Кезкелген инвестициялық жоба алдымен қысқаша сипаттау берумен басталады, өйткені бұл бөлім қортындылаушы бөлім және ол барлық қалған бөлімдерді дайындалғаннан кейін жасалынады.Жобаның сипаттамасы барлық ресурстардың тізімін, оның ішінің жобаны орындауға қажетті қаржылық ресурстардың жобаның орындалу мерзімі және салынған қаражаттардың қайтуы, сонымен қатар жобаның экономикалық жағдайын, қаржылық тиімділігін және әлеуметтік қажеттіліктерді бағалауды қамтиды.

Инвестициялық жобаның келесі бөлімі «Жобаның негізгі идеясы». Бұл бөлімде талданатын жобаның ең маңызды параметрі қаралады.

Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасына арналған бөлімде, нарық потенциалын талдауда нәтижесі, сондай-ақ маркетингтік зерттеудің нәтижесі қаралады, оған жататындар: сұраныс және ұсыныс, нарықтағы баға, нарықты сегменттеу, несиелік бәсекелестер және тағы басқа. Инвестициялық жобаларды орындауда қолданылатын маркетингтік тұжырымдамалар қаралады.

Инвестициялық жобаны іске асыру процесінде қажетті материалдық ресурстар көлемін негіздене қолданылатын шикі заттар және материалдарды жіктелуі, инвестициялық жобаны орындаудың барлық сатысында олардың қажетті көлемі қаралады. Жобаның орындалатын аймақтағы негізгі шикі заттар көлемі талданады. Шикізаттар және материалдарды жетілдіру бағдарламасы жасалынып, оған кететін шығын бағаланады.

«Жобаның іске асырудың техникалық негізін сипаттаушы» бөлімде өндірістік бағдарлама және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын талдау қаралады. Осы бөлімде болашақ технология негізделеді, сондай-ақ жобаны іске асыратын нақтылы аймақты таңдау негізделеді, өндірістік және коммерциялық инфрақұрылымға, нарықтық және ресурстар ортасына талдану жасалынады, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және инвестициялық климат қаралады. Бұл жерде қоршаған ортаға сипатта беріледі және инвестициялық жобаны орындауда пайда болатын мүмкінді экологиялық проблемалар бағаланады.

«Басқаруды ұйымдастыру» бөлімінде фирманың ұйымдық құрылымына сипаттама беріліп, оның нақтылы түрі және қазіргі басқару жүйесі негізделеді. Бұл бөлімде өндірістік және басқару қызметкерлерінің еңбек әрекетін ұйымдастыру, олардың еңбек ақысы, сондай-ақ қосақы шығындар құрылымы және мөлшері қаралады.

Жобаның орындалу кестесі маңызды бөлімдердің түрі болып есептелінеді, өйткені бұл бөлімде инвестициялық жобаның орындалуының жекелеген сатысы негізделеді және әрбір саты бойынша қаржы, материалдық және еңбек ресурстарына қажеттілік қаралады.

Қорытынды бөлімде жобанықаржымен қамтамасыз ету сипатталады және оның тиімділігі бағаланады.Бұл бөлімде қажетті инвестиция сомасы, мүмкінді өндіріс шығыны қаралады,инвестициялық ресурстарды алу кеңістері негізделеді және инвестицияның тиімділігінің есебі жасалынады.

 

 

  • Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.

 

  Уақыт параметірі ескерілуіне немесе ескерілмеуіне байланыссыз инвестициялық қызметтерді зерттеуде қолданылатын критерилерді келесі екі топқа бөлуге болады:

А) Дисконттауға негізделген

В) Есептеуге негізделген

Бірінші топтағы критерийлерге жатады: таза келтірілген құн (NPV), таза терминалдық құн (NTV), инвестициялар рентабельділігінің индексі (PI), пайданың ішкі нормасы (IRR), инвестицияның дисконтталған өтелу мерзімі (DPP). Ал, екінші топқа келесі критерийлер жатады: инвестициялардың өтелу мерзімі (PP), инвестициялардың тиімділік коэффициенті (ARR).

Енді, жоғарыдағы аталған инвестициылық жобаларды бағалау әдістерінің критерийлерін ауқымырақ қарастырайық.

1.Таза келтірілген құнды есептеу әдісі.

Бұл әдістің негізінде компания иелерінің басты мақсаттары жатыр, яғни фирманың құндылығын көтеру, бұл оның нарықтық құнының сандық бағасын көрсетеді. Алайда, инвестициялық жобалар бойынша шешімдерді қабылдау жиі компания иелерімен емес, оның басқарма жұмысшыларымен ойластырылып іске асады. Сондықтан бұл жерден көретініміз, меншік иелері мен басқарманың мақсаттары бәсекелес, яғни ішкі фирмалық келіспеушіліктер ескерілмейді.

Бұл әдіс бастапқы инвестициялар көлемі (/с) мен жоспарланған мерзімде оның әкелетін дисконтталған таза ақша ағынына қатынасымен анықталады. Ақша қаражаттарының ағыны уақыт бойынша бөлінетін болғандықтан, ол  «r» мөлшерлемесі бойынша дисконтталады. Ол инвестициялаған капиталға келетін жыл сайынғы қайтару пайызынан туындайды және оны аналитик (инвестор) өз бетінше тағайындайды.

Мысалы, мынандай блжам жасалынды, n жыл ағымында инвестиция (/с) жұмсалынады, ол бойынша жылдық табыс көлемі Р1,Р2, ….. Рn.. Дисконтталған табыстардың жалпы жиналған мөлшері (PV) және таза келтірілген құн (NPV) сәйкесінше келесі формулалармен есептелінетін болды:

 

PV=ΣPk / (1-r)k             (1)

                              

                              NPV=ΣPk / (1+r)k – IC  (2)

 

Жоғарыда атап көрсетілгендей кез-келген компанияның  барлық іс-әрекеті мақсатқа жету үшін орындалады. Компания иелері тұрғысынан NPV критериіне төмендегідей экономикалық түсінік беругн болады:

  • Егер NPV<0, онда жобаны қабылдау кезінде компанияның құны төмендейді, яғни компания иелері шығынға ұшырайды.
  • Егер NPV=0, онда жобаны қабылдау кезінде компанияның құны өзгеріссіз қалады, яғни оның иелерінің қаржылық жағдайы бір қалыпта қалады.
  • Егер NPV>0, онда жобаны қабылдау кезінде компанияның құны, сонымен қатар иелерінің қаржылық жағдайы өседі.

NPV=0, болған жағдайды ауқымырақ қарайық. Бұл жағдайда, шын мәнінде, компания иелерінің жағдайы өзгеріссіз қалады, алайда, алдында атап өткенімдей, инвестициялық жобаларды басқарушы персонал жиі қабылдайды, сонымен қатар бұл жағдайда менеджерлер өз таңдауына ие болады. Алайда, NPV=0 тұжырымы оң нәтижеге де ие болады- жобаны іске асырғанда өндіріс көлемі өседі, яғни компанияның ауқымы өседі.

Компанияның ауқымының өсуі жағымды жағдай болғандықтан (мысалы, менеджерлер жағынан мынандай көзқарас: ірі компанияда жұмыс істеген пристижді, сонымен қатар, еңбекақысы да көп жағдайларда жоғары), жоба қабылданады.

Жылдар бойынша табыстылықты жоспарлағанда мүмкін болғанша осы жобаға байланысты барлық өндірістік және өндірістік емес түсімдер түрлерін ескеру керек. Жобаны іске асыру кезеңінің соңында құрал-жабдықтардың немесе босатылған айналым құралдарының құны ретінде қаражаттардың түсімі болжанады, олар сәйкес кезеңнің табысы ретінде есепке алынады.

Егер жоба инвестицияның бірден емес, m  жыл аралығында қаржы ресурстарының біртіндеп инвестициялануын көздесе, онда NPV-ді есептеу формуласы төмендегі түрге келтіріледі:

 

NPV=ΣPk / (1+r)k – ΣICj / (1+i)j     (3)

 

      K=1 J=1

 

Мұндағы, i-жоспарланатын инфляцияның орташа қарқыны.

Келтірілген формулалар арқылы есептеу өте қиын, сондықтан дисконттау бағаларына негізделген  бұл және басқада әдістерді қолдану үшін арнайы қаржылық кестелер ойластырылған. Оларда күрделі пайыздардың, дисконтталатын көбейткіштердің, дисконтталатын ақша бірлігінің және тағы сондай сияқты мәндері, уақытаралығы мен дисконттау мөлшерлемесінің мәніне байланысты көрсетілген.

NPV есептеуде дисконттаудың тұрақты мөлшерлемесі (ставкасы) қолданылады, алайда кейбір жағдайларда жылдарға байланысты жекелеген мөлшерлемелердің мәндерін қолдану мүмкін, имитациялық есептеулер кезінде дисконттаудың әртүрлі мөлшерлемелері қолданылса, онда біріншіден екі формула қолдануға жатпайды, екіншіден, біркелкі дисконттау мөлшерлемесіне қолданатын жоба, бұл жағдайда қолданылмауы мүмкін.

NPV көрсеткіші коммерциялық ұйымның қарастырылған жобаны қабылдаған жағдайда экономикалық жағдайының өзгеруін болжамды бағалайды, ал бағалау, жоба аяқталғанда жасалады,бірақ бүгінгі уақыт позициясынан, яғни жобаның басынан. Бұл көрсеткіш уақыт аралығында өзгеріссіз болады, яғни әртүрлі жобалардың NPVқосуға болатынын көрсетеді. Бұл өте маңызды ерекшелік осы көрсеткішті қалғандардан бөліп, көрсететін және инвестициялық портфельдің тиімділігін бағалауда басты көрсеткіш етіп қолдануға мүмкіндік береді.

 

2.2 Таза терминалдық құнды есептеу әдісі.

NPV жобаның басында қажетті ақша ағынына негізделіп, яғни оның негізінде дисконттау операциясы жатыр. Алайда, бұған кері, әрі ұқсас операцияны қолдануға болады-өсірумен.(1-сурет) Бұл жағдайда ақша ағынының элементтері жобаның аяқталуында анықталады, бұл критерий өз кезегінде «таза терминалдық құн » атауына ие болып, NTV белгісімен белгіленеді.

 

1-сурет. NPV және NTV критерийлерін есептеу лигасы.

 

 

NTV есептеу үшін өнім

 

 

 

 

 

 

 

NTV   критериін есептеу формуласы келесідей түрге ие:

 

 

NTV=ΣPk / (1+r) n-k — IC*(1+r) n     (4)

 

K=1

NTV критерийі негізінде жобаны қабылдау жағдайлары, NPV жағдайындай.

Егер NTV’>0, онда жобаны қабылдау керек.

Егер   NTV<0, онда жобаны қабылдау керек.

Егер NTV=0, онда жоба пайдасыз да, шығынсыз да..

NPV мен NTV критерилері бір-біріне қарама-қарсы.

NTV=NPV*FM 1 (r,n) немесе  NPV=NTV*FM 2 (r,n)  (5)

Бұл критерилер бір бірін толықтырып тұрады, яғни біреуімен таңдалған жобаның нәтижелерін басқасы да береді.

 

2.3. Инвестиция рентабельділігінің индексін есептеу әдісі.

Бұл әдіс NPV әдісі есептеулерінің жалғасы болып табылады. Рентабельділік индексі (PI) келесі формуламен есептелінеді:

 

PI=ΣPk / (1+r)k / IC   (6)

 

Көріп тұрғанымыздай, егер: PI>0, онда жобаны қабылдау керек.

PI<0, онда жобаны қабылдамау керек.

PI=0, онда жоба пайдасыз да, шығынсыз да.

Таза келтірілген тиімділікке қарағанда рентабельділік индексі шағын көрсеткіш: ол шығынның бір бірлігіне келетін табыс деңгейін сипаттайды, яғни салымдар тиімділігін-бұл көрсеткіш неғұрлым үлкен болса, онда осы жобаға инвестицияланған әрбір теңгенің қайту деңгейі жоғары. Осыған байланысты PI критериі NPV нәтижелері бірдей, ұқсас жобалардың арасынан біреуін таңдауда (әсіресе, егер екі жобаның NPV нәтижелері бірдей, бірақ қажетті инвестиция көлемдері әртүрлі, онда көріп тұрғанымыздай, олардың қайсысының салымдар тиімділігі жоғары болса, сол тиімдірек болып келеді), немесеNPVжиынтық нәтижесін максималдау мақсатымен инвестициялар портфелін жинақтау кезінде, өте тиімді.

 

2.4 Инвестиция табыстылығының ішкі нормасын есептеу әдісі.

Инвестиция табыстылығының ішкі нормасыретінде (синонимі: ішкі табыстылық) дисконттау ставкасының r мәнін түсінеді, бұл жағдайда f(х)=0:

               IRR=r; бұл жағдайда NPV=f(r)=0

Басқа сөзбен айтқанда, егер IC=CFo деп белгілесек, онда IRR теңдіктен шығады:

n

Σ CFk / (1+IRR)k    (7)

k=0

 

IRR критериінің табиғатын түсіну үшін графикалық әдісті қолданайық. Онда:

 

n

У=f(r)=Σ CFk / (1+IRR)k  (8)

k=0

Бұл функция бірнеше ерекшелігімен ерекшелінеді: кейбіреулері жай сипатқа ие, яғни ақша ағынының түріне байланыссыз болады, ал басқалары белгілі бір жағдайлар туындағанда ғана келеді, яғги ағындарға байланысты болады. Біріншіден, у=f(r) – түзу сызықты функция емес, төменде байқайтынымыздай, бұл ерекшелік IRR критериін есептегенде үлкен қиындыққа әкеледі.

Екіншіден, егер r=0 болса, онда (8) формуланың оң жағындағы мән бастапқы ақша ағынының элеменнтерінің сомасына айналады, басқс сөзбен айтқанда, NPV графигі  дисконтталмайтын ақша ағынының барлық элементтерінің сомасына, сонымен қатар бастапқы инвестициялар көлеміне тең болатын, ордината осіндегі нүктемен қиылысады.

Үшіншіден, (8) формуладан көріп тұрғанымыздай, жоба үшін у=f(r) функциясы сәйкесінше кемімелі  болып келеді. Себебі, инвестициялау жағынан бұл жобаның ақша ағының классикалық деп айтуға болады, өйткені кететін қаражаттың (инвестиция) орнын одан жоғары сомада болатын ағын иемденеді., яғни rөсуіне байланысты функция графигі абцисса осьтеріне ұмтылады және оны белгілі бір нүктеде қияды, ол IRR  болып табылады.

(2-сурет)

 

NPV

 

 

 

 

 

 

IRR

r

y=f(r)

 

 

2-сурет. Классикалық инвестициялық жобаның NPV графигі.

Төртіншіден, у=f(r) функциясы түзу сызықты болмағандықтан, сонымен қатар ақша ағыны элементтері белгілерінің әртүрлі болып келуіне орай, функция обцисса осімен бірнеше нүктеде қиылысу мүмкін.

Бесіншіден, тағы да, у=f(r) түзу сызықты функция болмағандықтан, IRR критериі қосындылар ерекшелігіне ие болмайды.

Жоспарланатын инвестицияның тиімділігін зерттеу барысында пайданың ішкі нормасын есептеудің мәні келесіде көрініс табады: Жобаның күтілетін табыстылығын көрсетеді және сәйкесінше, осы жобамен байланысты мүмкін болатын шығынның максималды мөлшерін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен коммерциялық банк берген несие есебінен қаржыланса, онда IRR мәні банктің пайыз мөлшерлемесінің ең жоғарғы шегін көрсетеді, одан жоғарыласа , жоба шығынды деп таңылады.

Тәжірбиеде кез-келген коммерциялық ұйым өзінің, онымен қоса инвестициялықта қызметін әртүрлі көздерден қаржыландырылады. Ұйым қызметіне қолданған аванстық төлемдер үшін пайыз, дивидент, сыйақы және тағы сондай сияқты төлейді, басқаша айтсақ, экономикалық потенциалын ұстау үшін кейбір шығындар шығарады. Осы шығындардың ұзақ мерзімді қаржы көздерін қатынасын көрсететін көрсеткішті «капиталдың орташа құны»  (WACC) деп атайды.

Сонымен, IRR критериінің экономикалық мәні келесіде: рентабельділік деңгейі «капиталдың орташа құны» СС  көрсеткішінен, немесе WACC көрсеткішінен, төмен болмайтын кез-келген инвестициялық ұйым қабылдай алады. Белгілі бір жобаға есептелген IRR СС көрсеткішімен салыстырылады, бұл кезде олардың арасындағы байланысты былай түсіндіруге болады:

Егер: IRR>СС, онда жобаны қабылдау керек.

IRR<СС, онда жобаны қабылдамау керек.

IRR=СС, онда жоба пайдасыз және шығынсыз.

IRR-ді қандай көрсеткішпен салыстырмасақта, мынаны байқауға болады: жоба қабылданады, егер оның IRR қандай да бір шекті мөлшерден жоғары болса, сондықтан басқа жағдайларды ескермегенде, IRR үлкен мәні жағымды болады.

Тәжірибеде бұл әдісті есептеу  қиынға түседі, егер қолыңызда арнайы қаржылық калькулятор болмаса. Бұл жағдайда дисконтталатын көбейткіштің мәнін қолдану арқылы интерация әдісін қолданамыз. Бұл үшін кесте арқылы дисконттаудың 2 мәнін таңдаймыз r2, осылайша, (r1, r2) аралықта NPV=f(r) функциясы өзінің мәнін «+» — дан «-» — ға немесе «-‘» — дан «+’» — ға ауыстыратындай. Оған кейін, мына формуланы қолданамыз:

 

IRR=r1+ f(r1) / [f(r1) — f(r2)]*(r2-r1)   (9)

 

Мұндағы, r1-f(r1)>(f (r1)<0) жағдайында табуляцияланған дисконттау мөлшерлемесінің мәні.

r2-f(r2)<(f(r2)>0) жағдайында табуляцияланған дисконттау мөлшерлемесінің мәні.

Нақты есептеулерді кері жүргізсек (r1, r2) интервалға пропорционал болады, ал табуляцияланатын мәндерді қолданып ең жақсы нәтижеге жету үшін интервал ұзындығы минимум (f %- ке тең), болуы керек, яғни у=f(r)ּ«+» — дан «-» — қа жағдайын қанағаттандыратын r1 және r2 – дисконттаудың бір-біріне жақын мөлшерлемелер:

r1-NPV  көрсеткішінің теріс мәнін минималдайтын, дисконттаудың табуляцияланған мөлшерлемесі, яғни

f(r1)=min { f(r)>0}

r2- NPV көрсеткішінің теріс мәнін максималдайтын, дисконттаудың табуляцияланған мөлшерлемесі, яғни

f(r2)= max {f(r)<0}

r1 және r2 мөлшерлемелерін сәйкесінше алмастыру арқылы функция «-» — тан «+» — ға ауысады.

 

 

2.5 Инвестицияның қайтарылу мерзімін анықтайтын әдіс.

Дүние жүзілік есептеу-аналитикалық тәжірбиесінде ең оңай және кең тараған әдістерінің бірі болып табылады және ақша ағындарының біркелкі түсуін қарастырмайды. Қайтарылу мерзімін есептеу алгоритмі (РР) инвестициялардан түсетін жоспарланатын табыстардың тең бөлінуіне байланысты болады. Егер табыс жылдар бойынша тең бөлінсе, онда жылдық табыс көлеміне келетін біркелкі шығындарды бөлу арқылы қайтарылу мерзімін табамыз. Бөлшек мәнді тапқанда, ло алғашқы бүтін санына дейін жуықталады. Егер пайда біркелкі бөлінбесе, онда кумулятивті табыс арқылы инвестициялардың өтелетін мерзімі, тікелей жылдарды санау арқылы қайтарылу мерзімін есептейміз. РР көрсеткішін есептеудің жалпы формуласы келесідей түрге ие:

n

РР=min, бұл жағдайда ∑ Pk >=IC   (10)

k

 

РР көрсеткіші жиі дәлірек есептелінеді, яғни жылдың бөлшек бөлігі де қарастырылады, бірақ бұл жағдайда ақша ағындарының жыл бойы біркелкі түсуі туралы ұжым жасалады. Мысалы, жобаның келесідей ақша ағындары бар (млн.тг): -100,40,40,40,30,20 РР көрсеткішінің мәні 3 жылға тең, егер есептеу дәлдігімен 1 жылға жасалса немесе 2,5 жыл тура есептеу жасасақ..

Кейбір мамандар РР көрсеткішін есептеу кезінде уақытты ескеру керектігін айтады. Бұл жағдайда есептеу кезінде, WACC көрсеткіші бойынша дисконтталған ақша ағындары есептеуге алынады, алформула келесі түрде болады:

 

n

DPP=min, бұл жағдайда ∑ Pk / (1+r)k >=IC  (11)

                                                                         k

 

Еептеу оңай болу үшін дисконттау, көбейткішін пайдалануға болады.

FM2 (r %, n) көріп тұрғанымыздай, дисконттау кезінде қайтарылу мерзімі ұлғаяды, яғни ылғи DPP>РР. Басқа сөзбен айтқанда, барлық критерилер бойынша таңдалатын жоба, DPP критериі бойынша қабылданылмауы мүмкін.

 

1.6 Инвестиция тиімділік коэффициентін есептеу әдісі.

Бұл әдістің 2 жағы бар: біріншіден, ол табыстылық көрсеткішін дисконттауды көздемейді. Екіншіден, табыстылықты таза пайда PN (пайда минус бюджетке аударымдар) көрсеткіші сипаттайды. Алгоритімді есептеу оңай болғандықтан, тәжірибеде оны жиі қолданады: инвестиция тиімділігінің  коэффициентін немесе басқаша айтқанда пайдалықтың есепті нормасы (ARR), орташа жылдық пайданы PN инвестицияның орташа көлеміне бөлу арқылы анықталады. Инвестициялардың орташа көлемі капитал салымдарының бастапқы сомасын екіге бөлу арқылы анықталады, егер зерттелетін жоба бойынша барлық капитал шығындары мерзімі аяқталғанда есептен шығарылса, егер қалдық немесе құн (RV) ұйғарылса, онда оның бағалануы есептеулерде ескерілуі керек. Басқаша айтсақ, (12) формула бойынша ARR көрсеткішін есептеу алгоритмі әртүрлі болады, олардың кең тарағаны:

 

                                          PN

ARR=—————————

                                   ½ * (IC+RV)

 

Бұл  көрсеткішті жиі авансталған капитал рентабельділігінің коэффицентімен салыстырады. Ол өз кезегінде қызметіне авансталған қаражаттардың жалпы сомасына коммерциялық  ұйымның таза пайдасын бөлу арқылы есептелінеді (баланс- неттоның орташа нәтижесі). ARR – мен салыстыру үшін арнайы шекті белгілеуге де болады немесе жобалар түрлері, тәуекел деңгейі, жауапкершілік орталары бойынша дифференциалданатын жүйелері де салыстырылатын.

Инвестиция тиімділіп коэффициентіне негізделген әдістің кемшіліктері ақша ағындарының уақыт компоненттері ескерілмейді. Орташа жылдық пайдасының сомасы бірдей жобалардың арасындағы айырмашылықты бұл әдіс жасамайды, бірақ жылдар бойынша пайда сомалары қалқымалы болатын болса. Сонымен қатар, әртүрлі жылдар көлемі және тағы сол  сияқты аралығында іске асатын, бірдей орташа пайданы иемденетін жобалар арасында айырмашылықты жасамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау.

 

2.1 ЖШС « Тамир » инвестициялық жобасы.

 

ЖШС ″ Тамир ″ инвестициялық жобасы.

Ұйым ерекше табиғи бұлақ ас суын өндірумен айналысады.

Кәсіпорын туралы ақпарат.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Асанбай Асқаров көшесі 32.

Телефон: (3252) 751446

Кәсіпорын басшысы: Дугоев Валерий Астраханович.

ЖШС ″ Тамир ″ арнайы бұл жобаны іске асыру үшін 2005 жылы ұйымдастырылған. ЖШС ″ Тамир ″ Шымкент қаласында орналасқан, ол біздің республикамыздың маңызды қалаларының бірі.

Жобаның жалпы тұжырымдамасы.

Жоба бойынша ұйым бұлақ ас суын 1,5 және 5,0 литр көлемі бар политилен бөтелкелеріне құюмен айналысады.

Химикалық құрамы ерекше және құрамындағы тұздар бойынша ультрапрестік, жұмсақ, гидрокарбанаты, кальциі бар ″Куаридон″ қайнар көзінің таулы-бұлақ суы (теңіз деңгейінен 1832м) құйылады және сатылуға ұсынылады. Оның артықшылықтары: төлем дәрежелі минералдары бар-50 мг/л, үнемі қолдану жүйке жүйесінде тұздардың жиналмауына әкелді. Бұндай суды тамақ даярлауда қолдануға болады. Бұл суды балаларға өмір сүре бастаған күндерінен бастап, сонымен қатар олардан үлкен балаларға құрғақ тамақтану тағамдарына қосуға болады.

Жоба мақсаттары:

Бәсекеге қабілетті, рентабельділігі жоғары, жылына төмендегідей тауар көлемін өндіріп, шығара алатын кәсіпорын (мың бут.):

 

 

      Көлемі                       газдалған                              табиғи

 

1,5 л бөтелке                 1000 (0,10 долл. )                 4000 ( 0,10 долл. )

бойынша

 

5,0 л бөтелке                1000 ( 0,13 долл.)                   4000 ( 0,14 долл.)

бойынша

 

 

 

 

Ескерту, жақшада бір бөтелкені өндіруге кететін нақты шығындар көрсетілген ( жалпыдан 95% тікелей шығындар)

Нарықтар және бәсекелестер.

Мамандардың айтуы бойынша ауыз су нарығы Қазақстанда әлі толығымен дамыған жоқ. Бір адамға шаққандағы жылына қолданылатын су 3л, минералды су институтының зерттеуі бойынша қажеттіліктері 17 л- ға дейін жетеді.

Басты бәсекелестер болып отандық өндірушілер табылады: ″Серебренная″, ″Тассай″, ″Тибетская″. Агрессивтібаға саясатын ұстану арқылы тауар бағасы төмен болады. Осыған байланысты сұраныстың болмауы қауіпі жоқ.

Жіберу бағалары ( ҚҚС қоспағанда):

 

 

 

 

   Көлемі                          Газдалған                 Табиғи

 

1,5 л бөтелкелері           0,234 долл.                0,232  долл.

бойынша

 

5,0 л бөтелкелер              0,530  долл.              0,504 долл.

бойынша

 

 

Қажетті инвестициялар.

1 тоқсан жобаны іске асыру үшін — 435,71 мың доллар.

3 тоқсан жобаны іске асыру үшін – 440,50 мың доллар.

Капиталды қолдану.

 

Шығындар                                       Құны, мың долл

Жөндеу жұмыстары                                   506,29

Құрал жабдықтар                                       307,28

Басқа да инвестициялық                           62,64

шығындар

 

Қаржылық болжам.

Тартылған қаражаттар нысанында қаржыландыру.

 

Займ атауы- несие.

Сома, мың долл- 876,21

Мерзімі, ай- 36

Пайыз мөлшерлемесі, %-15.

 

 

 

 

 

(мың долл)

 

                                                                Жылдар

Көрсеткіштер             1-ші          2-ші          3-ші           4-ші         5-ші

 

Өткізу көлемі                     2080          2140          2220         2200          1900

Ағымдағы шығындар       1400          1502           1607         1715           1827

Тозу                                    300            300             300           300             300

Салық салынатын             380            338              313          185             73

табыс

Табыс салығы                    114            101,4         93,9            55,5           21,9

Таза  пайда                         266            236,6         219,1        129,5           51,1

Таза ақша ағындар            414             401,4

 

 

 

 

А) (2) формула бойынша таза келтірілген құнды есептейміз. r=15%

NPV=-8762100 + 4140000 * 0,8696 + 3555000 * 0,5718 + 219000 * 0,4972=

-8762100 + 3600144 + 3035386 + 2590286 + 2032749 + 108886,8 = 2605351,8

 

Б) (6) формула бойыеша инвестиция рентабельділігінің индексін есептеу:

 

PI= ( 4140000*0,8696 + 4014000 * 0,7562 + 3939000 * 0,6576 + 3555000 *

0,5718 + 219000 * 0,4972) / 8762100 = 0,702

 

В) IRR көрсеткішін есептеуге қажетті мәліметтер:

 

 

  Тоқсан             Ағын              r=15%                        PV

 

0 тоқсан            — 8762100         1314315           — 10076415

1 тоқсан             4357100           653565              5010665

2 тоқсан                0                        0                      0

3 тоқсан               4405000         660750               7704372,3

 

2638622,3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2638622.3

IRR=15% + ————————  = 16%

2638622.3

 

 

Г) Өтелу мерзімін (10) формула арқылы есептейміз.

Бірақ, бұл көрсеткішті кестеден де байқауға болады, яғни таза ақша ағындары 3 жылдан кейін 12093000 дейін жетеді. Бұл өз кезінде құйылған капиталдан  асып тұр. Олай болса, инвестицияның қайтарылу мерзімі 3-ші жылдың басында немесе ортасында болады.

Д) Жобаның тиімділік коэффициентін есептеу формуласы (12):

Таза пайданың орташа жылдың көлемі 1804,6 мың долл;

Капитал салымдарының орташа мөлшері: 4381050 долл.

 

18046000

ARR= ——————   = 4,11 = 411%

4381050

 

 

 

 

2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс — ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.

 

АҚ ″Ертіс —  ГЭС″ инвестициялық жобасы.

Ертіс көлі жағалауында ГЭС каскадының салынуы аяқталды. Жылдық электроэнергия шығарылымы 810 млн. кВт/сағат.

Мекен – жайы:

Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, ул. Рудниковая 133.

Кәсіпорын басшысы: Кочиев П.Г.

Кәсіпорын туралы ақпарат.

″Ертіс —  ГЭС″ АҚ-н құру бойынша жоба арнайы Ертіс көлінде ГЭС каскадасын салуға әзірленген.

Жобаның жалпы концепциясы.

Бұл жобада Ертіс көлінде ГЭС каскадасын салуды аяқтау қарастырылады. Бүгінгі таңда капитал салымдарының 50%-ы, жүзеге асырылды. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің сметалық құны 58 млн. доллардан көп.

Жоба мақсаты.

Жоба мақсаты-810 млн. кВт/сағ – электрэнергиясын өндіру деңгейіне шығу.

Нарықтар және бәсекелестер.

Қазақстан Республикасында электрэнергия нарығын аса деффицитті деп айтуға болады. Ертіс ГЭС-мен шығарылатын электрэнергиясына сұраныс бар деп айта аламыз. АҚ «Қазақ — энерго» арасында «Электр энергиясы мен қуатты тасымалдау туралы» келісім шарт жасалынып қойған.

Сонымен қатар электрэнергиясын Қытай мемлекетіне тасмалдау нұсқалары қарастырылып жатыр. Бұл елде сұраныс бар және сатып алу бағасы жоғары. Ал, бұл өз кезегінде жобаның қаржылық тұрақтылығының резервін қалыптастырылады: қаржылық міндеттемелер бойынша өтелетін қаражаттар жетіспеген жағдайда, сыртқы нарыққа электр энергияның бір бөлігін шығару арқылы орнын толтыруға болады.

 

Инвестициялар қажеттілігі.

 

 

Жылдар                     1             2              3            4              5         Барлығы

Инвестиция

( млн. долл.)               4,76       11,32       14,92       15,48     11,76       58,24

 

Капиталды пайдалану.

Шығындар                                       Құны млн.долл.

Негізгі құралдар                                     20,24

Басқа да шығындар                                37,36

Айналым капиталын ұлғайту                0,64

 

Қаржылық ұсыныстар.

Жобаны (20%) меншікті және (80%) тартылған қаражаттар есебінен қаржыландыру көзделіп отыр. Электр энергиясының тарифін әртүрлі етіп ұстауға ( шетке тасымалдау есебінен) саны мен қатар тарифтерді өсіруге мүмкін болғандықтан несиелендіру келісім шартының әртүрлі нұсқаларын қолдануға болады. Нақты жағдайлар келіссөз кезінде нақтыланады.

 

Қайтарылу жылдары бойынша несие келесі сценариге ие:

Жобаның қаржылық бағасы.

А) (2) формула бойынша таза келтірілген құнды есептейміз. r=10,15,20,25.

 

NPV= -58240000 + 6133300 ∕ 1,10 + 14128000 ∕ 1,10 * 1,15 + 14014600 ∕ 1,10 * 1,15 * 1,20 + 10839400 ∕ 1,10 * 1,15 * 1,20 * 1,25 + 9251800 ∕ 1,10 * 1,15 * 1,20 * 1,25 * 1,30 = -582400000 + 5575727,2 + 11168379 + 9232279,3 + 5712463,3 + 3750603 = -22800548

 

 

Пайыз мөлшерлемесі,     Орта шамалы тариф; долл / кВт сағ.

%                          0,01                0,02           0,03               0,04          0,05

 

10                                17,9               8,5               6,6              5,8            5,4

15                                 —                 10,0             7,3              6,3            5,6

20                                 —                 13,5             8,2              6,7            6,0

25                                 —                  —               9,7              7,4            6,4

 

 

 

 

(Мың.долл.)

 

        Көрсеткіштер                                      жылдар

1               2             3             4               5

Сату көлемі                      14499     25920      25758      21222     18954

Ағымдағы шығындар               7472       7472        7472      7472        7472

Амартизация                              4048       4048        4048       4048        4048

Салық салынатын пайда           2979       14400     14238      9702        7434

Пайда салығы                             893,7      4320       4271,4    2910,6     2230,2

Таза пайда                                 2085,3     10080      9966,6     6791,4     5203,8

Таза ақша ағындары                6133,3     14128      14014,6   10839,4   9251,8

 

 

 

 

Б) (6) формула бойынша инвестиция рентабельділігінің индексін есептеу:

PI= (6133300 ∕ 1,10 + 14128000 ∕ 1,10 * 1,15 + 14014600 / 1,10 * 1,15 * 1,20 + 10839400 / 1,10 * 1,15 * 1,20 * 1,25 + 9251800 / 1,10 * 1,15 * 1,20 * 1,25 * 1,30) / 58240000 = 35439451 / 58240000 = 0,608

В) IRR көрсеткішін есептеуге қажетті мәліметтер.

 

 

1) PV=-58240000/1,1= -52945454

PV =20240000/1,1= 18400000

PV =37360000/1,1= 33963636

PV =640000/1,1= 581818,18

 

 

 

жылдар ағын R=10% PV R=15% PV R=20%
0 -58240000 -5824000 -52945454 8736000 -50643478 -11648000
1 20240000 2024000 18400000 3036000 17600000 4048000
2 37360000 3736000 33963636 5604000 32486956 7472000
3 640000 64000 581818,18 96000 556521,73 128000
      0,18   -0,27  

 

 

 

PV R=25% PV
-48533333 14560000 -46592000
16866666 5060000 16192000
31133333 9340000 29888000
533333,33 160000 512000
-0,67   0

 

 

2) PV =-58240000/1,15= -50643478

PV =20240000/1,15= 17600000

PV =37360000/1,15= 32486956

PV 640000/1,15= 556521,73

 

3) PV =-58240000/1,2= -48533333

PV =20240000/1,2= 16866666

PV =37360000/1,2= 31133333

PV =640000/1,2= 533333,33

 

4) PV = -58240000/1,25= -46592000

PV =20240000/1,25= 16192000

PV =37360000/1,25= 29888000

PV =640000/1,25= 512000

 

IRR=10%+0,18/0,18-(-0,27)*(15-10)= 12%

 

IRR=20%+-0,67/-0,67-0*(25-20)= 25%

 

IRR=10%+0,18/0,18-0*(25-10)= 25%

 

Г) Өтеу мерзімін ( 10 ) формула арқылы есептейміз.

 

ДРР=58240000/13591775= 4,3 жыл

 

Д) Жобаның тиімділік коэффициентін есептеу формуласы (12 ):

Таза пайданың орташа жылдық көлемі 6825420

Капитал салымдарының орташа мөлшері: 11648000

 

ARR =6825420/11648000=0,59*100%= 59%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару.

 

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның ұзақ мерзімді дамуына байланысты, сондықтан ол арнайы инвестициялық саясатқа бағынуы тиіс.

Инвестициялық қызметтің басты мақсаты капиталды тиімдірек салып, жұмсап, кәсіпорынның экономикалық беделдігін көтеру. Осы мақсатты ескеріп, кәсіпорындар инвестициялық мақсаттарын қалыптастырады.

Инвестициялық саясат кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясы шаруашылық қызметінің экономикалық беделділігінің өсуі мен оның дамуының жоғары темптерін қамтамасыз ету мақсатында оның нақты және қаржылық инвестицияларының тиімді формасын таңдап, іске асыруын көрсетеді. Кәсіпорынның инвестициялық  саясатын даярлау келесідей негізгі сатыларды қамтиды (1 – сурет).

  1. Оның экономикалық және қаржылық даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын инвестициялық қызметінің жекелеген бағыттарының қылыптасуы. Бұл бағыттарды даярлау келесі шешімдерді шешуге әзірленген: кезеңнің жеке этаптарында инвестициялаудың негізгі формаларының сәйкетігін анықтау; инвестициялық қызметтің салалық бағытын анықтау (көп салалы шаруашылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін); инвестициялық қызметтің регионалдық бағытын анықтау. Оның экономикалық және қаржылық даму стратегияларына сәйкес кәсіпорынның инвестициялық қызметінің жекелеген бағыттарының қалыптасуының келешек кезеңдегі сатылардағы қызметтің мақсаттары мен бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
  2. Инвестициялық нарық конъюнктурасы мен сыртқы инвестициялық ортаны зерттеу және жағдайларын ескеру. Бұл зерттеу барысында инвестициялық қызметтің жалпы және жеке инвестициялау формаларының құқықтық шарттары зерттеледі («Инвестициялық климат»); инвестициялық нарық конъюнктурасы мен оны анықтайтын факторлар зерттеледі; кәсіпорын қызметіне байланысты, жеке сигменттері аумағында инвестициялық нарық  болашақ конъюнктурасы болжамдалынады.
  3. Инвестициялаудың жекелеген объектілерін іздеу және оларды кәсіпорынның инвестициялық қызметі бағыттарына сәйкестігін бағалау. Инвестициялық саясаттың бұл бағытын іске асыру барысында инвестициялық нарықтағы сұраныс зерттеледі.зерттеуге жеке нақты инвестициялық жобалар мен қаржылық инструменттер таңдалып алынады, бұлар кәсіпорынның инвестициялық қызметінің бағыттарына толығымен сәйкес келу керек ( оның салалық және аймақтық диверсификациясына ); қызмет етіп жатқан жекелеген активтер түрлерінің құрамын жаңарту жағдайлары мен шарттары қарастырылады ( техника, технология және тағы сондай сияқты ).
  4. Инвестицияның жоғары тиімділігін қамтамасыз ету. Таңдалып алынған инвестициялаудың объектілері экономикалық тиімділік позициясы зерттеледі. Бұл кезде әрбір инвестициялаудың объектісі үшін тиімділікті бағалаудың нақты методикасы қолданады. Бағалаудың қорытындылары бойынша тиімділікті қамтамасыз ететін инвестициялық объектілер таңдалып алынады.

 

1 – сурет. Кәсіпорының нвестициялық саясатын қалыптастырудың негізгі сатылары.

 

 

  1. Инвестициялық қызметпен байланысты тәуекел деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету. Инвестициялық саясаттың бұл бағытын іске асыру үшін, ең біріншіден, әрбір нақты инвестициялық объектіге тән тәуекелдерді бөлу және бағалау. Бағалау нәтижелері бойынша жеке инвестициялық объектілер тәуекел деңгейлеріне байланысты бөлінеді және олардың ішінен тәуекелдің төмен деңгейін қамтамасыз ететіндері ғана таңдалып алынады. Инвестициялау объектілерінің жекелеген тәуекелдерімен қоса, инвестициялық қызметпен байланысты қаржылық тәуекелдер де бағаланады. Бұл қызмет қаржы қаражаттарының жоғары көлемімен, сонымен қатар ұзақ мерзімге тартумен байланысты болғандықтан, бұлар кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері бойынша төмен қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Сонымен бірге, жекелеген инвестициялық жобаларды қаржыландыру тартылған қаражаттар есебіне жиі жүзеге асырылады, ал бұл кәсіпорынның ұзақ мерзімдегі қаржылық тұрақтылығы деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан инвестициялық саясатты даярлау барысында алдын-ала инвестициялық тәуекелдер кәсіпорынның табыстылығына, төлем қабілеттілігіне және қаржылық тұрақтылығына қандай әсер ететінін болжау керек.
  2. Инвестицияның өтімділігін қамтамасыз ету. Инвестициялық қызметті орындау кезінде, инвестициялық ортаны, инвестициялық нарықты немесе кәсіпорынның даму стратегиясының ауқымды өзгерістеріне байланысты инвестицияның жекелеген объектілері бойынша лезде күтілген табыс төмендеп, тәуекелдер деңгейі көтеріліп, кәсіпорын үшін тартымды басқа да көрсеткіштерінің төмендеп кетуіне әкелуін ескеру керек. Бұл жекелеген инвестициялық бағдарламалар мен капиталды жұмсаудан уақтылы бас тарту туралы шешімді қабылдауды қажет етеді. Осы мақсатта әрбір инвестициялау объектісі бойынша инвестиция өтімділігінің деңгейі бағалануы тиіс. Бағалау нәтижелері бойынша нақтылы жекелеген инвестициялық жобалар мен қаржылық инструменттер өтімділік критериі бойынша бөлінеді. Басқа шарттары бірдей жобалардың ішінен өтімділік деңгейінің потенциалы жоғарылары іске асырылады.
  3. Қажетті инвестициялық ресурсының көлемін анықтау және көздері құрылымы оптималдау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының бұл бағытын іске асыру барысында көзделген көлемде инвестициялық қызметті іске асыруға қажетті инвестициялық ресурстардағы жалпы қажеттіліктері болжанады; бұл ресурстарды меншікті қаржы көздері есебінен қалыптастыру мүмкіндігі анықталады; капитал нарығындағы жағдайға байланысты инвестициялық қызмет үшін тартылған қаржы қаражаттарының тартудың қажеттілігін анықтайды. Инвестициялық ресурстарды қалыптастыру көздері құрылымын лицензиялау барысынды меншікті және тартылған қаржыландыру көздерінің арасында жекелеген кредитолар мен болашақ төлемдер ағымдарына байланысты тепе-теңдігі сақталады. Бұл болашақ кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін төмендеуден қорғау мақсатында жасалады.
  4. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін бағалау және қалыптастыру. Инвестициялық ресурстар көлемін тарту мүмкіндігін, сонымен қатар жекелеген инвестициялау объектілерінің инвестициялық тартымдылық ( инвестициялық сапа) бағаларын есепке алып, кәсіпорынның жиынттық инвестициялық портфелі қалыптасады ( нақты немесе қаржылық инвестициялар портфелі). Бұл кезде қаржы менеджерлерінің менталитеттерін есепке алып оның қалыптасуының қағидалары анықталады, ал одан кейін жиынттық инвестициялық портфель табыстылық, тәуекел және өтімділік деңгейлері бойынша жалпы бағаланады.
  5. Инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың жолдарын қамтамасыз ету. Келесілер есебінен инвестициялық бағдарламалар тезірек іске асулары қажет: ең біріншіден, әрбір инвестициялық бағдарламаның іске асуының жоғары белсенділігі жалпы кәсіпорынның экономикалық дамуын тездетуге көмектеседі; сонымен қатар неғұрлым тезірек инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылса, соғұрлым пайда және амортизациялық төлемдер түрінде қосымша таза ақша ағыны қалыптасады; инвестициялық бағдарламаның іске асуы тездетілсе, тартылған капиталды қолдану мерзімі қысқарады; соңында, инвестициялық бағдарламаның тезірек іске асуы инвестициялық нарық конъюнктурасының жағымсыз өзгеруі мен сыртқы инвестициялық ортаның бұзылуына байланысты инвестициялық тәуекел деңгейінің төмендеуіне әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мен өз курстық жұмысымды аяқтағанда, келесідей қорытындыларға келдім:

  1. Инвестициялық жобалар компанияға ғана емес, сонымен бірге барша халық пен мемлекетке тиімді ( егер сол мемлекет шегінде жүзеге асса );
  2. Инвестициялық жобаларды есептеудің бірнеше жолы бар. Қандай да бір жолды таңдау компанияның ішкі саясатына байланысты болады;
  3. Компания инвестициялауды өз қаражаты есебінен, әлде тартылған қаражат есебінен жүзеге асыратынын анықтауы керек;
  4. Инвестициялық жоба біреу ғана болмау керек. Себебі, басқа да альтернативті инвестициялық жобаларды қарап, салыстырмалы түрде, бірнешеуінен біреуін таңдауы қажет;
  5. Әрбір жоба секілді, инвестициялық жоба өз кезегінде көптеген тәукелдерге дұшар болады. Менеджер осы тәуекелдерден сақталудың немесе оларға қарсы тұрудың жолдары мен әдістерін іздейді;
  6. Инвестициялық жобаның қайтарылу мерзімі, менің ойымша, өте үлкен мәнге ие. Өйткені, инвестор қандай мерзімде салған ақша қаражаты оралатының айқын білуі керек;
  7. Инвестициялық жоба міндетті түрде компанияның жалпы экономикалық және қаржылық саясаттарына сай келуі керек.

Мен курстық жұмысымда екі түрлі инвестициялық жобаны талқыладым. Оның біреуі ас суын өндірумен айналысады, ал екіншісі Ертіс көлі жағалауында жаңа ГЭС салуды көздеп отыр.

Қорытындылай келетін болсам, онда жалпы бұл екі жоба ұтымды. Алайда инвестициялық тартымдылық және таза құн балансын қарастыратын болсақ, онда екінші жоба тиімдірек болады. Ал инвестицияларды қажет етуіне байланысты бірінші жоба тиімдірек болып келеді. Компания өз кезегінде екі жобаны да қабылдады. Бірақ менің ойымша егер компания екінші жобаны қабылдаса, онда пайдасы көбірек, ал шығыны аздау болады.Өйткені бірінші жоба бар жоғы тек компанияға пайда әкелетін еді, ал екінші жоба бойынша мемлекетке, сол жерде тұратын халыққа да өз үлесін қосар еді.

Біздің мемлекетіміз үшін инвестициялар өте қажет, және олар пайда алудың бір көзі болып келеді. Сондықтан инвестициялық жобалар экономикаға да, мемлекетке де, компанияға да қажет.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Основы финансового менеджмента – И.А. Бланк – Киев : Ника – Центр, 2000
  2. Финансирование и кредитование капитальных вложений. Учебник/ Под. Ред. Молякова Д.С. – М.: Финансы и статистика,1988
  3. Финансовое планирование и контроль. Под ред. М.А. Поукока и А.Х. Тейлора пер. с англ. А.Г. Пивовара – 2-е издание М.: ИНФРА – М,1996
  4. Финансовый менеджмент: Учебник/ под рад. В.С. Золоторева. Ростов Н/Д: Феникс 2000
  5. Финансовый менеджмент: Учебник/ под ред. Ковалевой.М – Н ИФРА – М:2004
  6. Финансовый менеджмент: Учебник/ под ред. Н.Ф. Самсонова. – М: Финансы 1999
  7. РЭЖ – 1998 — №3 стр.90
  8. Бизнес и банки – 1998 — №6 стр.3
  9. Финансы и кредит – 2004 — № 4 стр.5
  10. Қаржы – қаражат – 2002 — №3 стр.37
  11. Вестник КазЭУ – 2004 — №2 стр. 58
  12. Финансы – 2000 — №8 стр.50
  13. Финансы – 2003 — №9 стр.56
  14. Банковское дело – 2004 — №1 стр.28
  15. РЦБК – 2000 — №5 стр.65
  16. Мир финансов – июль 2004 – стр.13
  17. Мир финансов – август 2004 — стр.35
  18. Мир финансов – сентябрь 2004 – стр 38

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля