Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектепте алатын ролі.

10 января, 2020 22:38

                                 Жоспары

 

Кіріспе

 

  • Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және

 

мектепте алатын ролі.

 

Негізгі бөлім

 

2.1. Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты,

      

мазмұны және маңыздылығы.

 

2.2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

 

2.3. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

 

2.4.Орта мектептегі шетел тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы

 

оқытудағы қолданылатын әдістер.

 

Қорытынды

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер. 

 

1.1.Сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын орны.

Егеменді ел болып, етек – жеңіміді жинап, болған қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр.

Заманымыздың өздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім-өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес,оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып саналатын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мұмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру- басшылық ролі әбден қажет.

Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жұріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттырудыестен шығармаған жөн.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Шетел тілін оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жұйесі оқушының дамуын қамтамасыз етуі керек деген. Осы тұста ойлау қабілеттерін дамыту мәселелерінің  шешімін дұрыс табуда оларға тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қосымша жұмыстар жұргізу арқылы білім беру керек болып табылады. Соның арқасында оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, яғни сөйлеу дағдылары қалыптасады.Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы күшті : оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады, оларды өз бетінше жаттығулар жасауға, сөйлеуге, ойлауға баулыйды. Қазіргі таңда көптеген жұмыстардың жұргізілмеуі салдарынан, олар ағылшын тілі сабақтары бойынша көптеген мәселелерді тұсінбей, пәнді оқымайды. Осындай қайшылықтардышешудің тиімді жолы- сабақтан тыс уақытта жұмыстар ұйымдастыру болып табылады. Оқу процесінде сыныптан тыс жұмыстардың ролі өте зор. Себебі шетел тілін және басқада пәндерді оқытуда өте актуалды және оқушылардың білімін тереңдете оқытудың ең жаңа,ең тиімді жолы болып табылады.

Оқушылар жалпы сыныптан тыс жұмыстарға 6 сыныптан бастап, өз     еркімен,қалаған пәні бойынша қатысуға мұмкіндігі болады. Ағылшын тілін оқытудағы

сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға өздерінің мұмкіндіктерін бағалауға және өз-

өзіне сын тұрғысынан қарауға мұмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасында былай делінген: «Ағылшын

тіліндегі сыныптан тыс жұмыс–осы пәннің білімдік системасы бойынша жалпы білім

беретін мектепте маңызы өте зор.Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе

сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі.Сыныптан тыс жұмыстар оқушының

білімін одан әрі дамытуға және оқу, жазу, сөйлеу, ойлау дағдыларын қалыптастыруға

көмектеседі, ал мұғалімге өз пәні бойынша практикалық, тәрбиелік, білімділік және

мақсаттарына жетуіне көмектеседі.Сыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибелік кәсіптік

бағдар тұрғысынан бағалауға болады.Ағылшын тілін білу мүмкіндігі күннен күнге

өсіп келеді. Шетел тілі пәнін оқыту-жаңа қоғамды дамыту этабы мақаласының авторы.

Шетел тілінің ролі жаңа қоғамның өндірістік- материалды сферасына сілтейді. Ғылым

мен техниканың жоғарғы қарқынмен дамуы, барлық халық шаруашылығының ақпарат

алмасуынсыз, шетел тілінсіз дамуы мүмкін еместігін дәлелдейді. Бұл мәселені жұзеге

асыру үшінең аз дегенде  1 шетел тілін білуі тиіс. Ағылшын тілі мамандары

экономикалық категория тұрғысынан қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуын

жылдамдатады. Жалпы оқушыларды сынып тыс жұмыстар арқылы оқыту міндетті

емес. Біз сыныптан тыс жұмыстарға жағымды жақтарын қарастырайық. Сынып тыс

жұмыстар арқылы оқыту жоғарғы сапаға ие және оның мектепте меделі өте зор. Қазргі

таңда сыныптан тыс жұмыстарға өте тез жиналады. Бұл топқа кіретін оқушылар

тереңдетілген тіл білімін дамыту және оны келешекте пайдалану үшін атсалыса

қатысады. Бұл мәселені екі бағытта қарастырады. Олар мыналар:

«Гуманитарлық»     Тілге қызығушылар үшін меңгеру процесі мынандай: тілді оқу

барысында қолдану және ауызша сөз іскерліктерін дамыту.

«Өз мамандығының шебері» тілді түсінуге және өзінің қызығатын пәні бойынша білімін кеңейту.

-Оқырмандар шетел тілі мамандығымен өзінің болашағын байланыстыратын адам.

-Оқушылар өзі меңгерген тілде музыкаларды тыңдағанды дұрыс көреді. Джаз Рок топтармен айналысады. Әдістемеде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда жоғарғы мотивациялық деңгейі жоғарғы сұранысқа ие болады. Осындай аудитория шебер ұстазды қажет етеді. Мұғалімге өзінің кәсіби білімін жоғарғы дәрежеде ұстауды қажет етеді. Себебі оқушылардың жоғарғы мотивациялық қабілетін сақтау үшін. Осының нәтижесінде оқушымен мұғалімнің арасында сыйластық және сенім  сонымен қатар жақсы атмосфера туғызады. Бұл оқытудың ереше әдістемелік түрі болып табылады. Атлған атмосфераны қалыптастыру үшін көптеген қажетіліктер бар. Олар: Кабинетті қажетті аппаратуралармен дидактикалық – методикалық фонд  мұғалі мен оқушы арасында жағымды атмосфера туғызады.  Сонымен қатар мұғалім оқушының қызығушылығын арттыру үшін өзінің кабинетінде қызықты поэтикалық шығармалардың үн таспа түріндегі көшірмесі, жаңа және танымал әндер, диафильмдер топтамасы, диапозитивтер және әрине оқуға арналған әртүрлі жанрдағы шығармалар, кітаптар қажет болады.Жаңа заман талабына сай кабинетпен арнайы кітаптарды пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Атам қазақ айтқандай «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» — деп бекер айтпаған екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты,  мазмұны мен маңыздылығы.

Қай кезде де тәрбие, білім беру, дамыту, практикалық мақсаттарын жұзеге асыратын орта және жоғарғы мектеп болып табылады.Оларда жастардың басым көпшілігі оқып өмірге жолдама алады.

«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан- жақты дамуына мүмкіншілік жасау» .

Ағылшын тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудың нақты мақсаттары оқушылардың ақыл-ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Білім берудің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу жәнеоның өздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету. Мектепте ағылшын тілінде білім берудің нақты мақсаттары оқушылардың ақыл-ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, шетел тілінің қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы азаматтық мәдениеттің дамуындағы ролі жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа ғылыми көз- қарастарын қалыптастыру болып табылады. Бірақ, мектептің ағылшын тілі бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен ағылшын тілінде білім берудің нақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды.Өйткені шетел тілін сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытып, ал нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бірден-бір жолы  ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білу болып табылады.

Оқушылардың сабақтан тыс жұргізілетін тәрбие жұмыстарды көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады.

Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жұзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып,ең алдымен балалардың таланттарымен ынтасын ояту құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізгі ретінде қызмет атқарады.

«Шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстар деп- шет тілін оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан тыс уақытта істейтін қосымша жұмыстарын айтамыз.»

Сыныптан тыс жұмыстардыңнегізгі мақсаттары:

1.Оқушылардың шетел тіліндегі білімдерін толықтыру,  тереңдету, кеңейту, дамыту.

2.Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта – ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру

3.Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

4.Жастарға саяси – экономикалық, ғылыми- материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Сыныптан тыс жұмыстар ойлау қабілетін дамытады және тілдік материалдарын, сөз іскерліктерін, аудармалық сөз топтарын көбейтуге көмектеседі. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім деңгейін арттырады, яғни оның әлеуметтік – экономикалық мақсаты мен мағнасы  шетел тілін не үшін меңгеру керек екнін түсінуге көмектеседі.  В. А. Шерстеникинойдың жұргізген сауалнамасының нәтижесі мынандай:

1.Оқушылардың 16% ағылшын тілі пәнін не үшін оқып жатқанын мүлдем білмейді.

2.15%  оқушылардың ағылшын тілін оқуға қызығады. Бұл 5 – сыныптың

Оқушыларымен жұргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша.Өздеріңіз

білетіндей неғұрлым жас ұлғайған сайын, шетел тіліне деген қызығушылығы

төмендейді.

3.15% оқушылар ағылшын тілін баға үшін оқитындығын айтты.

4.60%  0қушылардың қызығушылығы орташа.

5.40% оқушылар ағылшын тілінің мазмұнын түсінеді, не үшін оқып

Жатқанын, келешекте мұғалім, аудармашы, сыртқы істер, дипломатилық

қарым- қатынас мамандықтарын таңдау барысындакөмегі тиетіндігін

түсінеді.

В.А Шерстеникинаның жасаған жұмысының нәтижесінде мынандай тоқтамға келдік. Әдістемелік топтамада сыныптан тыс мерекелер мен қажетті мтериалдар ұйымдастыру барысында шетел тілінің жоғары мотивциялық дайындығының маңызы зор.

Жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен күнделікті сабақтың мақсаты бірдей.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушының оқу-танымдық тұлғасын қалыптастырады. Тілдік білімінің деңгейін жоғарлатады және оқушыларды әлем халықтарының мәдени, әләуметтік, экономикалық өмірімен таныстырып қана қоймай, оқушылардың білімдік кемшіліктерімен жұмыс жасауға көмектеседі.

Осы арадан сыныптан тыс сабақ пен күнделікті сабақтың айырмашылығы не? деген актуалды сүрақ туады. Шетел тілін оқытатын барлық әдіскерлердің пікірлері бойынша жетістіктердің көпшілігі практикалық, білімдік, тәрбиелік мақсаттары шетел тілінде оқушы тұлғасының максималды интенсификациялық сөз байлығын дамытудың және де барлық жұмыстардың жетістігі, нәтижесі сыныптан тыс жұмыстарға байланысты.

Ағылшын тілі күнделікті сабақта және сабақтан тыс уақыттағы арасындағы байланыс қажет екенін сезіне отырып, мұғалімдер қиналмастан негізгі бағыттың осы екенін қолдайды.Негізгі әдеби әдістемелік анализ бойынша сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттың байланысы келесі бағытта анықталады.

1.Мақсаттары бойынша байланыстар: коммуникативтік, тәрбиелік және жалпы білімдік. Бұл байланыстар шетел тілінің бағдарламасында белгіленген.

  1. Мазмұны бойынша байланыстар: Шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстардың екі формасының мазмұны : сөлеу дағдыларын, шетел тілі бағдарламасы бойынша тілдік материалдарын, сөз іскерліктерін, ауызша және оқу тематикасын қалыптастыру.
  2. Жұмыстарды қабылдаудағы байланыс: Ойындар сабақ және сабақтан тыс уақытта бастапқы немесе түрлі этаптарда өтіледі.

А.Ізденпаз ойындары – ортаңғы этабында.

В.Іздемпаз – жоғарғы сатыда.

Оқушы тұлғасы этаптан этапқа өту арқылы өзіндік деңгейі жоғарлайды. Бұл ойындар деңгейіне байланысты этапқа бөлінеді.

  1. Жұмыстың ұйымдастырушылық формасының байланысы: Ағылшын тілі сабағының индивидуалды тұрде өтуі ; сабақтың топпен өтілуі; кружок, әріптестік кружоктағы көптеген мерекелердің ұйымдастырылуы мен өтілуі.

Сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптағы жұмыстар бір- бірімен байланысты болғанымен, айырмашылығы бар.

1.Сыныптан тыс жұмыстарға оқушының өз еркімен қатысуы. Ал күнделікті сабаққа оқушылар міндетті түрде қатысады.

2.Сыныптан тыс жұмыстардың көптеген түрлерінде балаларды дамытушылық қасиеттерін қатал тексеріп және бағаламайды. Сыныптан тыс жұмыстарда қабырға газетін, альбомдар жасауда, конкурстар өткізуде, олимпиада, конференциялар және т.б. жарыстар өткізгенде ғана байқаймыз.

3.Сыныптан тыс жұмыстарды салыстырғанда өзіндік жұмыстармен айналысуға, шығармашылық, инициативалық қабілетін дамытады. Осыған байланысты сыныптан тыс жұмыстар өзінің ерекшеліктері бар, және сыныптан тыс жұмыстардың арнайы шарттарын орындау қажет. Көптеген түрлері бар.

А. Сыныптан тыс жұмыстардыңүйымдастырудағы байланыс. Бұл байланыс екі бағытта болуы керек.Сыныптан тыс жұмыстың тірегі – күнделікті сыныптағы жұмыс. Сыныпта басталған білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары сыныптан тыс жұмыстың түрлерімен одан әрі бекиді.Сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптағы жұмыстың мазмұны және мақсаты бір. Сыныпта қалыптасқан дағдыларды сыныптан тыс жұмыстар арқылы тереңдетіп білімін кеңейтеді.Осыдан алған білімдерін практика барысында бамытады. Практика арқылыц мұғалім өзінің практикалық мақсатына жетедіАғылшын тілі пәнінен білімдерін кеңейтеді.

Cыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мағнасын сақтап қалу және мақсаттарға жетудің жолдары мынндай: Оқу материалының тематикасы және оны ағылшын тілі сабағында қолдануға ғана жағдайлар жасау емес сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарда қолдануға жағдайлар жасау. Мұғалім өзіндегі материалдарды түрлендіріп, эстеикалық талапқа сай етіп қолдануы керек. Жаңа оқу комплексін мұғалім сабақ жоспарын сыныптан тыс тематикаға бейімдейді.

Тілдік минимум, бағдарлама бойынша белгіленген көлемде іс – тәжірибелік дағдыларды сабақта қалыптастыру, сыныптан тыс жұмыстарды толық ұйымдастырудың толық базасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстар адамды көп нәрсеге жетелейді. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы білімді ғана кеңейтпей, ата-ана, мұғалімдер және достарыңның арасында да жақсы қарым-қатынас болады.

Мысалы, ең бірінші жылы оқу жылында аналарға арналған ертеңгіліктер, наурызға байланысты өткізуге болады. Бұл оқушылардың есеп беру ертеңгілігі болсын делік. Олардың 100, 200,300 …., сөздерді білетіндігі . Оқушылар өз өнерлерін өлең, ән, көрініс арқылы ата-аналарына, мұғалімдерге, достарына және өз -өздерін көрсетеді. Ортаңғы және жоғарғы этаптарда шетел тілінің қолдану диапозоны өте жоғары және сыныптан тыс жұмыстардың де жиі қолданылады. Оқушылар пьеса қойып, тұрлі ситуатциялардан шетел тілінде сөйлеу арқылы шығуы, шынайы өмірдің проблемасын шешуі. Бұл оқушыларға кейіпкерлердің іс – қимылдарын бағалау арқылы оларда бағалау бағытының пайда болуына әкеліп соғады.

Ең жақсы аудармашы конкурсы – бұл сыныптан тыс жұмыстардың ең кең таралған формасы. Бұл конкурс оқушылардың тіл білімін арттырады және келешекте білімін ізденіс арқылы одан әрі дамытады.

Бір ақынның өміріне және шығармашылығына арналған поэзиялық кешті алсақ. Бұл поэтикалық сөздерге сонымен қатар интонациясын тұзейді және өзін көркем оқуға тәрбиелейді.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға оқушыларға гуманистикалық тәрбиесін қалыптастыруға көмегін тигізеді.Сыныптан тыс жұмыстарда пьеса, кештер, ертеңгіліктер, ұлы, атақты адамдармен кездесу немесе еске кештерін өткізудің маңызы зор.

Мұнда безендірудің де маңызы зор. Адамды қызықтырарлықтай материалдар, сәйкес келетін музыканың жетелеуімен және талғамның маңызы зор. Қазіргі таңда сыныптан тыс жұмыстардың түрлері күннен күнге арытып отыр.Мысалы «Сұқпаттасу», «телекөпір».Жақсы өтілген сыныптан тыс жұмыстар болашақ мамандық таңдауға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар мен мұғалім кәсіптік бағдар ролін атқарады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушыға артық интелектуалды, эмоцияналды энергиясын өзіне және қоғамға қажетті бағытта жұмсауына жол ашады.

Пәннің және шетел тілінің беделі тікелей сыныптан тыс жұмысқа байланысты. Сонымен қатар мектептерде сыныптан тыс жұмыстар өткізіліп отырса мектептің де, пәннің де, шетел тілі мұғалімінің де беделі үстем болады.Мектепте сыныптан тыс жұмыстар  белгілі традиция бойынша қалыптасқан жағдайда барлық сыныптан тыс мерекелер жоғарғы дәрежеде.

Сыныптан тыс жұмыстар негізінде  оқушылардың өзін — өзі басқаруы өте қажет.Дәлірек айтқанда өзін — өзі басқару сыныптан тыс жұмыстардың субъектісі болып табылады.Олардың тілегімен қызығы сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлері анықтайды. Оқушылардың шетел тілін сыныптан тыс жұмыстар және өзін — өзі басқару орталығы халықаралық достастық клубы болып табылады. Халықаралық достастық клубында сыныптан тыс жұмыстар көптеген түрлері және бір қатар секция бойынша қызмет көрсетеді. Мысалы, «Жас кореспонденттер» деп аталатын секцияда оқушылар өзге елдің оқушыларымен хат жазысады. «Жас мұғалім»; шетел тілінде жауап беретін кружоктік жұмыстар бар.Ол оқушылардың кружоктық  жұмысқа қызығушылығын артырады. Сыныптан тыс жумыстардың көптеген түрлері:олимпиада, конкрустар, викториналық сұрақтар, көнілді тапқыштар клубы және т.б. «жас мұғалім» шетел тіліндегі секциялар мұғалімдер көмекшісі, сыныптан сыныпқа қалған оқушыларға көмкектеседі. Репортерлар секциясы мектепте болып жатқан оқиғаларды хабырға газеті жане радио арқылы  хабарлап отырады. Мектептегі секциялар саны мен мінездемесі оқушылардың компетенциясына  байланысты. Әрине,әрбір секцияның басында мектептегі  сыныптағы және  сыныптан тыс жұмыстар бойынша шетел максималды білетін оқушылар тұрады. Секция басшылары істелініп жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға тиіс. Біз психолог Л.М. Фридманмен келісеміз ,себебі оның айтуы бойынша «егер оқушы оқу процесі кезінде мен – мендеушілік танытуы мүмкін емес, себебі оқушы сыныптас достарынын алдында, дәлірек айтсақ қоғам алдында жауапкершілікті сезіну қажет.»Сондықтан әрбір секция сыныптан тыс жұмыстардың ғана жоспарын жасамай, біріншіден мектептің жоспарын жаукершілікпен жасауы тиіс.Ертеңгіліктер, кештер, коцерттер, олимпиадалар және т.б. мерекелік кештерді жоғарғы дәрежеде өтілуі тиіс. Аталған мерекелік кештер оқушылардың жасына, тілдік материалына, біліміне байланысты өтіледі. Бәрімізге белгілі дидактикада екі стилді ұстаздар басқарады. Олар авторитарлық және демократиялық. Бізге түсінікті сыныптан тыс жұмыстарға демократиялық стильдегі мұғалім лайықты, себебі оқушылардың өзін — өзі басқаруын есепке алу керек.

Шетел тілі пәні бойынша оқушылардың творчествалық қабілеттері мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, сонымен бірге, бұл жұмыстар оқушылардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімнің творчествалық қызметін шыңдауға жол ашады.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды шетел тіліне қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстың методикалық негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жұмыстың түрлері таңдалады. Атап айтқанда, сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ағылшын тілінің үйірмелерін, конкурстарын, олимпиадаларын, ойындарын, көрмелерін, экурциялар мен кештерін жатқызуға болады.

Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар конференцияларына ықыласпен баруы үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңалық болуы керек. Сыныптан тыс сабақтардың мазмүны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу тәрбие міндеттеріне қажет.Үйірмелік және бүқаралық сыныптан тыс жұмыс жалпы білімді, тіл байлықты кеңейтетін маериал іріктеудің маңызы зор. Сыныптан  тыс сабақтардың тиімділігі, егер олар анда –санда емес, жүйелі, үнемі, өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алу арқылы қол жеткізеді. Мектептерде ғана оқылатын емес, сыныптан тыс сабақтардың да кестесі болуы пайдалы. Онда факультатив және басқа да сыныптан тыс жұмыстардың күндері мен сағаттары байқалады.

 

 

 

 

 

2.3.Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және  ұйымдастыру.

 

Шетел тіліндегі сыныптан тыс жұмыстар күнделікті сабаққа қатысты бола бермейді және оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Оқушылардың арнаулы ағылшын тілі бойынша білімдеру тереңдету үшін оларды өнер тапқыштыққа баулу. Бұларды ұйымдастырудың да формалары да сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, рефераттар жаздырту, ағылшын тілінен кештер өткізу, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттері мен бюльлеттеньдер шығару.

Сабақтан тыс жұмыстар деп- оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылатын және олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірбиесін қалыптастыратын негізгі қызметін айтамыз . Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мынандай түтлері бар:

  1. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі түрі-арнайы үйірмелер ұйымдастыру;
  2. Сабақтан тыс ертеңгіліктер, кештер өткізу;
  3. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдкрге саяхат жасау;
  4. Табиғи материалдардан жасалған заттар, суреттер құрастыру бойынша көрмелер ұйымдастыру;

5.Ойын-әңгімелер жұргізу;

6.Ағылшын тілі апталығын өткізу.

Бұдан біз сыныптан жұмыстарды ұйымдастыру оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі творчествамен ойлануға және оларда ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік беретіндігін байқаймыз.

А.Сүгірбекова «сыныптан тыс жұмыстар» еңбегінде ағылшын тілінен тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы олардың айналаны қоршаған ортаға кез-келген тақырыпқа әңгіме айта алатындығы, олардың мінез-құлқын өзгеше болатындығы, үлкендермен қарым-қатынаста өздерін еркін сезінетінін, көп нәрсеге терең түсінушілікпен қарайтындығы, соның арқасында әрбір бала өзіндік мұмкіндіктерін, білімін, қабілеттерін көрсете алатындығын айтады.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «білім беру» заңында білім беру жұйесінің басты мақсаты, жеке тұлғаның дамуы әрі кәсіптік тұрғыдағы қалыптасуы, ұлттық жалпы азаматтық бағалықтары және ғылым мен іс – жүзінің жетістіктеріне жағдай жасалуы керекдеп осы заңның «Дамытіу жолындағы оқыту бағдарламасы» туралы 12- бабында мектептен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары көрсетіледі. Олар мынандай бағыттардан тұрады:

1.Жастарды дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мектептен тыс оқу орындарында іс-жұзінде асырылады.

2.Мектептен тыс білім беру және тәрбиелеу, қосымша жалпы білім берудің түрі.Мемлекет мектептен тыс білім беру жүйесінің оқыту үрдісіндегі көрсетілген көмегін еліміздің барша тұрғындарының қолы жететін дәрежеде қамтамасыз етеді.

3.Мектептен тыс білім беру орындары жастардың жеке тұлға ретінде жетілуіне, кәсіби қалыптасуына, балалардың шығармашылықпен еңбектенуіне, мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне араласуына, азаматтық сана-сезімінің жоғарлығына, жалпы мәдениеттілікке, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыруларына негіз болады.

Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін сыныптан тыс уақытта жұмыстарды ұйымдастыру керек деп көрсетіледі.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі талаптары:

1.Ең алдымен олардың нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.

2.Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі – ның өмірімен, құрылыс практикасымен тығыз байланыстылығы. Кез –келген үйірменің, ғылыми қоғамның жұмысыайнала қоршаған ортамен танысуға оны гүлдендіруге себепші болуы тиіс.

3.Сыныптан тыс сабақтарға қойылатын маңызды талап- оларлың келерліктей, шама жетерліктей болуы. Шама жетпейтін сабақтар қажетті нәтижені бере алмайды. Бұл сыныптардағы үйірмелік бұқаралық  жұмыстарда әртүрлі ойындар мен ермектер, романтика элементтері үлкен орын алады.

4.Сыныптан тыс жұмыс мазмұнының, формаларымен әдістерінің оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуі.

5.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі-олардың алуан түрлі және жаңа болуы.

Міне, осы талаптар жүзеге асырылған жағдайда ғана сыныптан тыс жұмыстар өз мақсатына тжетуге болады.

Сонымен сыныптан тыс жұмыс деп- мұғалімнің басқаруымен ұйымдастырылып, оқушылардың білімін тереңдету, оқу сапасын, ынтасын арттыру мақсатында ұйымдасиырылған жұмыс түрін айтамыз.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мынандай жеті ерекшелік арқылы сипатталады.

Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынтамен бейімділіктеріне байланысты өз беттеімен әртүрлі үйірмелерге жазылады, сабқтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен ба         йланысты болмайтындығы. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушыларды алғанда оқушылардың ынталарымен талап –тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік жәнебасқа үйірмелердің бағдарламалардың шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулар негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жосраын жасайды.Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың үшінші ерекшелігі, жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтығандығында. Мектеп қорының немесе оркестрінің көркемөнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге бола алмайды. Керісінше, әр түлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіли мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады.Әр тұрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың  өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызады.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, балалардың өз беттерімен ижұмыс жасауына кең мүмкіндіктер беріледі. Оны педагогтар бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын, оның инициативалығы мен дербестігі толығырақ жан –жақты көрініс береді.Олар әртүрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар роліндеде көзге түседі. Жоғарғы сыныптардағы оқушылардың бастауы және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

Қазіргі жағдайда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өз ара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамда пайдасы мол бақытқа ие болып келеді. Нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғарғы сыныптарда кәсіптік бағдар берудің өте маңызды  да ықпалы құралы ретінде көрініп отыр.

Ал формалар мен әдістердің сан алуандығы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың ерекшелігі болып табылады. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін емес. Ең алдымен өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды көрсеткен жөн.

Қазіргі кезде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда айтарлықтай кемшіліктер кездеседі.Кейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр.Мысалы, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Комклексті түрде тәрбиелеу – балалардың жан-жақты дамуын талап етеді.Сыныптан тыс жұмыстардың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасымен мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады.Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстардың жетінші ерекшелігі –оның бұқаралығы.Ол табиғатты , техниканы, өнерді сүйетін балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке дара сабақтарымен толықтырып отырады. Шетел тілін сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстар жалпы білім берумен қатар тәрбиелік мәселелерді қамтиды.Атап айтқанда, оқушылардың сыныптан тыс бос уақытын дұрыс пайдалануғажәне сыныптан аоған білімінің сапасын арттыруға бағытталады. Оқушылардың шетел тіліне қабілеттерін  арттырады, іздену, зерттеуге машықтандырады, өздігінен кітаппен білім алуға дағдыландырады.Сыныптан тыс жұмыстарды нәтижелі ұйымдастыру арқылы шет тіліне деген қызығушылығын,сүіспеншілігін арттырудың мүмкіншілігі мол.

 

Шет тілінен сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстар мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмысының бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады.

Сыныптантыс жұмыстардың сабақтан жәнеқосымша сабақтық мақсаты мен міндеттеріне қарай өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар.

Сабақ оқу-тәрбие берудің негізгі формасы. Оның мазмүныны оқу бағдарламасымен анықталады. Мектептегі сабақ кестесімен жүйеленген. Оқушылар жалпы сабақ үстінде жалпы шетел тілінің принциптері мен ержелері туралы түсінік алады.

Ал, қосымша сабақтар бағдаламасы – материалдарды түрлі себептермен үлгермейтін оқушыларға көмектесу мақсатында ұыйдастырылады.Мұнда оқушыларға ешқандай материалдар игерілмейді, тек өтілген тақырыптар бойынша жіберілген кемшілікердің орнын толтыруға бағытталады.

Сыныптан тыс жұмыстар өз еркілерімен келген оқушыларүшін ұйымдастырылады.

Шет тілінен жұргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің методикалық негіздері мынаны ескеру керек.

  1. Сыныптвантыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
  2. Сыныптан тыс жұмыстар оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін стендтердегі бағытта жұргізілуі тиіс.
  3. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шетел тіліне қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.
  4. Сыныптан тыс жұмыстың методикалық негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылар колективімен жұмыстың түрлері таңдалады.
  5. Сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстың түрлері де көзделген мақсатына қарай бірнеше болып бөлінеді.

Ағылшын тілінде сыныптантыс жұмыстарды ұйымдастыру мұғалімнің еңбегіне, шеберлігіне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп. Мен сыныптан жұмыстар арқылы талай жетістіктерге жететін жоспарлары мен ұйымдастыру жолдарымен таныстырып кеттім. Ал, енді сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне жеке – жеке тоқталып кетейін. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі жеті түрі бар. Олар мыналар:

  1. Кештер.
  2. Факультативтер.
  3. Клубтар.
  4. Үйірмелер немесе кружоктар.
  5. Сайыстар.
  6. Қосымша сабақтар.
  7. Қуыршақ театры.

Кештер – түрлі тақырыптарға немесе ұлттық, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің төл мерекелеріне байланысты, ұлы қазақ және шетел елдер жазушыларының творчестваалық өміріне байланысты өтілетін сыныптан тыс сабақтардың түрі. Кештер мұғалімнің басшылығымен немесе оқушылардың өз бетінше ұйымдастырған сыныптан тыс жұмыстары болып табылады. Аталған сыныптан тыс жұмыстың көмегімен оқушыларды адмгершілікке, патриоттық түрғыдан тәрбиелеуге болады және тіл байлығын, творчествасын дамытуға болады.

Факультативтер- сыныптан тыс жұмыстардың ең ерікті түрлерінің түрі болып табылады. Факультатив сабақтар алтыншы сыныптан он бірінші сыныптар аралығында жиналады және оған өз еркілерімен қатысады. Факультатив сабақтарының тобын негізінен көетем уақытында немесе оқу жылының аяғында дұрыс. Себебі,  тоқсанның немесе жылдық қорытынды бағаның шығуына байланысты деңгейлеп, біліміне сай топтар іріктеп алынады. Бір топта ең кем дегенде он адам болуы керек. Факультатив сабақтар міндетті түрде сабақ кестесіне тіркелуі керек , және сабақтан кейін немесе үлкен үзілістің кезінде аптасында бір сағаттан өтілуі керек.

Факультатив сабақтардың құрылысы мен ұйымдастырылуында айырмашылық бар.Олар мыналар:

1.Ф. сабақтарына өз еркілерімен қатысады.

2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Себебі сөйлеу, оқуға берілетін материалдар өте минималды түрде беріледі.Аталған дағдыларды дамыту үшін факультатив сабақтарды мынандай уақыттарға бөлінеді. Аудирование 10 минут, сөйлеуге 20 минут, оқуға 15 минут бөлінеді. Сабақ тек оқу немесе сөйлеуге ғана жазылады.Сонда ғана сабақтың нәтижесі болады. Және тағы бір ерекшелігінің бірі сабақтың бағаланбауы.

Клубтар— оқушыларды жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелейтін және білім беретін сыныптан тыс сабақтың түрі болып табылады. Клубтың ішіне түрлі секцилар жатады.Олар оқушылардың білімін, денсаулығын дамытады.

Үйірмелер немесе кружоктар. Кружоктар – сыныптан тыс жұмыстың ең сырғымалы түрі болып табылады. Кружоктік жұмыстың мазмұны мен түрі әр түрлі болады. Бізге белгілі 11 түрі бар. Олар:

1.Драмалық кружок.

  1. Өз бетімен үн таспамен жұмыс жасау кружогі.

3.Шет елдер әдебиетін оқыту .

4.Ғылыми-техниаклық аударма кр-гі.

5.Көркемдік аударма кружогі.

6.Филологиялық кружок.

7.Әңгімелік кружок.

8.Көрнекі құралдар жасау кружогі.

9.Көркем оқу кружогі.

10.Ойын кружогі.

  1. Сөз іскерлігін дамыту немесе тілдік материалдарын жетілдіру кружогі.

Драмалық кружогында – көркем оқу үйірмесінен өткен сөйлеу дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті бар оқушылар ғана қатыса алады.

Сабақтың материалы — пьессалар, көкем шығармалардың үзінділері, көріністер және өлеңдер бола алады.

Оқушылар бұл кружок барысында танымдық жәнешығармашылық мінездеме алады.Аталған үйірмеде мұғалімнің ролі басым. Себебі, мұғалім оқушылар мен тіл табыса білу керек, бірнеше маман иесі, театрлық қойылымдарды басқара жәнеұйымдастыра білу керек.

Шет елдер әдебиетін оқыту кружогі-Бұл үйірменің алдына қойған мақсаты оқушылардың синтаксистік оқу дағдыларын қалыптастырады.Бұл жұмыста 5,6,7 сыныптарда диафильмдердегі текстерді пайдалану қажет.Мұғалім диафильм әдістемесін жақсы білуі керек. Сонымен қатар, Оқиғаны баяндай білуі қажет.

Өз еркімен үн таспа мен жұмыс істейтін кружок— бұл үйірменің мақсаты  өзін -өі басқара білуге және естігенде өз қателіктерін жөндеуге үйрету. Оқушылар үнтаспа алдында сөйлей және оқи алуға қалыптастыру.

Ғылыми техникалық аударма кружогі— бұл үйірменің арнайы мақсаты оқушылардың ғылыми – техникалық аудармасын білуге үйрету.Күнделікті мектептегі барлық құрал саймандардың, техникалық құрылғылардың және үкен ткстің ішінде осы сөздердің мағынасын түсіну.

Көркем аударма үйірмесі— бұл үйірменің негізгі мазмүны көркем әдебиет материалдарымен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алуға дағдыландыру. Бұл процесте оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге болады. Сонымен қатар ана тілін ескере отырып шетел тілін оқыту принципін жүзеге асыруға болады.Және мұғалімнің қазақ, орыс, ағылшын тілінде көркем сөйлеуі тиіс.

Филологигиялық үйірме – бұл үйірменің мазмүны оқушылардың грамматикалық, лексикалық, фонетикалық білімдеру дамыту.Сонымен қатар мұғалім өзінің тарихтан, лекскологиядан ,грамматикадан алған білімдерін шығармашылық тұрғысынан жеткізе білуіқажет.

Әңгімелік үйірме— бұл үйірмеде оқушылар пікір таластырып, ағылшын тілінде көптеген мәселелерді талқылауға үйрету.

Көрнекі құралдар жасау үйірмесі— көрнекі құралдар әртүлі болып жасалынады. Олардың бәрі оқушыларды қызықтыра білуі қажет.Бұл үйірменің мақсаты оқушылардың естіген немесе көрген материалдарын өз еңбектерімен жасап, іске асыруы керек. Бұл үйірме оқушыларды ңебек сүйгіштікке шығармашылыққа тәрбиелейді.Көрнекі құралдарды 5, 6 сыныптардан бастап жасауға болады.

1.Жекеленген пәндер, құстар,жануарлар, адамдар.

2.Қозғалыстың, қозғалмалы ойындардың, жазғы, қысқы спорт ойындарының суреттері.

3.Жыл мезгілдері, картиналар т. б. Заттар жасау.

Көркем оқу үйірмесі-бұл үйірменің мазмүны өте зор.Бұл үйірмеде оқушының көркем оқу дағдыларын қалыптастырады жәнеграмматикалық, фонетикалық, лексикалық білімдерін толықтырады.Оқушы дауыстап оқу арқылы өзінің оқу көркемдігін бақылап, өз қатесін өзі түзетуге мүмкіндік беріледі.

Сөз іскерлігін дамыту үйірмесінің мақсаты ең алдымен дауыс ырғағын және дұрыс сөйлеуге үйретеді.Жалпы үйірме өте қызық сондықтан оқушылардың назарын аударады.

Сайыстар— белгілі бір сабақтың қорытындылау кезеңінде жүргізілетін интелектуалды сабақ түрі.

Қосымша сабақтар— тек қана ағылшын тілінде ғана емес барлық пәндерде кездеседі.Бұл үлгерімі нашар  балалармен жұмыс істеудің бірден – бір жолы болып табылады.

Қуыршақ театры – бұл төменгі сыныптың балалары үшін таптырмайтын сыныптан тыс жұмыс түрі болып табылады.Сонымен қатар оқушылардың білімін, өнерге деген құлшынысын, ойлау қабілетін, шетел тілінің төрт мақсатына жетудің жалпы айтқанда, оқушыларды жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелеуге көмегін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Орта мектептегі шетел тілінін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістер.

Шетел тілін оқытудың әдіс-тәсілдері өте көп және олардың маңызы өте зор.Оларға жеке –жеке тоқталайық:

Әңгімелеу әдісі — бұл әдіс оқушы мен мұғалім арасында жұргізіледі. Әңгімелеу әдісі арқылы оқушылардың оқып жатқан тілде сөйлеуіне мұмкіндік береді.  Бұл әдіссіз ешқандай тілді немесе пәнді оқыту мүмкін емес. Сондықтан әңгіме әдісінің  тілді меңгеруде маңызы зор.

Баяндау әдісі ақылы мұғалім оқушыларға сабақ тұсіндіреді. Бұл әдісті жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Көрнекілік әдісі аса маңызды әдістердің бірі. Себебі, ешқандай  сабақ көрнекіліксіз өтуі мүмкін емес. Көрнекілік арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Бұл әдісте мұғалімге тікелей байланысты. Көрнекіліктер барлық эстетикалық талаптарға сай болуы тиіс.Көрнекіліктер жасалуы мұғалімге байланысты.

Оқулық және кітаппен жұмыс істеу әдісі де, жаттығу әдісі де, иновациялық әдіс те, практикалық және лабороториялық әдісте сыныптан тыс жұмыстарда жиі қолданылады.

Сонымен қатар шетел тіліне тән және жалпы методикалық принциптердің де маңызы зор.

Мен мемлекеттік іс-тәжірбие барысында сыныптан тыс жұмыстарды жиі жүргіздім. Жұргізу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті. Мен осы қиыншылықтарды шетел тілінің әдіс – тәсілдері мен оқыту принциптерін пайдалану арқылы шыға білдім. Сонымен қатар, әрбір сабақтарымда сыныптан тыс жұмыстарды кішкене бір бөлігі болса да пайдалануға тырыстым. Мен осы курстық жұмысымның тақырыбына байланысты сыныптан тыс Family competition атты кеш өткіздім. Бұл кеште тек оқушыларды ғана емес, сонымен қатар ата-аналарды да қатыстыруды да дұрыс деп шештім. Себебі оқушының білім алуына ата-ананың  тікелей қатысы бар. Бұл сыныптан тыс кештің мақсаты оқушылар мен ата-аналарға шетел тіліне деген қызығушылығын арттыру және шетел тілінің балаларының келешегінде шетел тілінің қажет екенін түсіндіре білу. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық, сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту. Мен осы кешті ұйымдастырып, өзімнің мақсатыма жеттім. Ата-аналар мен оқушыларды түрлі наминациялар бойынша марпаттадым. Осының өзі оқушылармен ата-аналардың  қызығушылығын туғызды. Шетел тілін сыныптан тыс оқыту барысында әдістерімен қатар оқыту принциптерін де қолдандым.Мысалы, Апросимация    принципі – коммуникацияға зиянын тигізбейтін қателерді ескермеуге болады.  Оқушылардың кез келген қатасін түзей беретін болсақ, онда олардың шетел тіліне деген қызығушылығы төмендейді.

Ана тілін ескере отырып оқыту принципі шетел тілін оқытудағы маңызды принциптардың бірі болып табылады. Бұл принцип арқылы оқушыларды  отаншылдыққа, ұлт жандылыққа тәрбиелеу . Шетел тілінің оқыту әдістері мен принциптері  оқушыларды жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелейді. Әрбір сабақтың әдістемесінде өзіне тән ерекшеліктер және сондай-ақ ұқсастықтар бар.Бірақ, бәрі де оқу тәрбие процесін зерттейді. Барлық әдістемелердің бір ғана объектісі бар. Ол бала. Қабілетсіз бала жоқ, олардың бәрі қабілетті. Әрине қабілеттері әр түрлі болуы мүмкін. Сыныпта қиын бала да болуы мүмкін. Сондықтан да сабақта түрлі әдістер мен принцитерді қолданса, сабақ қызықты және тартымды болып өтеді.

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Қорытынды.

 

Қай уақытта  болмасын білім бізге өте қажет.  Осы жастарға білім беру үшін сыныптан тыс жұмыстарды қолға алуымыз керек.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ  деп халық мақалында тура айтылған. Ел басымыздың халыққа жолдауында Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында екенін анықтап айтып көрсетті. Қазақстан дамыған 50 елдің құрамына кіру үшін білім беру керек. 2030 стратегиясында да білім беруге тоқталған. Ел басымыз Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін міндетті тұрде білуіміз қажет деп айтты.

Ресей ғүлама  педагогтары шетел тілінің сыныптан тыс жұмыстарының мағынасына үлкен мән берген. Олар: Н. К. Крупской , А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және басқалар.Крупскаяның айтуы бойынша «Сыныптан тыс жұмыстар мектеппен тығыз байланысты болуы тиіс. Себебі екуінің де тәрбиелейтіні, білім беретіні – бала.»

«Мектеп оқушының жан дүниесінің  мекені болып табылады. Егер мұғалімдер оқушыларға мағынасы жағынан да, мазмұын жағынан да қызықты сабақ бере алса сонда ғана сыныптан тыс жұмыстардың нәтижесі болады» деп Сухомлинский жазған екен.

Шетел тілінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық мақсаттарына жету үшін сыныптан тыс жүмыстардың маңызының зор екендігін және сыныптан тыс жұмыстарға үлкен үміт артылып отырғанын әр бір шетел тілі мұғалімі білуі тиіс.

Мен курстық жұмыс орындау барысында көптеген ғұлама ғалымдардың еңбектері мен қосымша әдебиеттер мен таныстым. Мысалы, Коростылевтің  «программа факультативного курса по иностранным языкам» атты бағдарламасымен таныстым. Бұл еңбекте факультатив сабақтарды оқытудың, ұйымдастырудың тиімді жолдары көрсетілген. Г. В. Рогованың «Методика обучения англииского языка» атты кітабында Сыныптан тыс жұмыстарға өте жақсы тоқталған. Бұл кітапта сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мағынасы және міндеті кең ауқымда ашылған. Сонымен қатар, Б. Ф. Корндерфтің «методика преподавания английского языка» және Л .М. Колкер, Е. С. Устинова, Т. М. Еналиевалардың «Практическая методика обучения иностранному языку» атты кітаптарында Шетел тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудың  түрлері өте жақсы баяндалған т.с.с. Қазақ ғалымдары Қ. Шаймерденова, Ш. Бәйнеш,  А. Есали, Мұқажанова, сонымен қатар орыс ғалымдары В.П. Кузовлев, Е.И. Пассов, Александр Педоров, Рогоав, Б. Ф. Корндерфтердің атақты еңбектерімен, кітаптарымен таныстым. Әр бір еңбекпен, кітаппен таныса отырып, болашақта өзіме қажет болатын көптеген мағүлматтар алдым. Бұл еңбектерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін және оқытудың түрлі формаларын көруге болады. Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шетел тіліне деген арттыратынын дәлелдеп көрсеткен.

Жоғарыдағы ғұламалардың айтуы бойынша білімді жастарды тәрбиелеу үшін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Себебі түрлі үйірмелерге қатысу арқылы оқушылардың зиянды әдеттерден аулақ болады. Сыныптан тыс жұмыстар келешкете мамандық таңдауға да көмегін тигізеді. Сонмен қатар өнерді, шығармашылықты, жалпы айтқанда айналасындағы барлық жағымды қасиеттерге жақын болады.

Қорытындылай келе, яғни сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды салауатты өмір салтына бейімбейді, тәрбиелейді, дамытады және жан-жақты жарысымды білімді азамат етіп тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі.

№ 1 Алматы Қазақ педагогтік колледжі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу бөлімі: Күндізгі.

Мамандығы: 0316002 – «Шетел тілі»

Оқу курсы: 4 курс.

Тобы: 41 «ш».

Орындаған: Керимбаев А. А.

Ғылыми жетекші : Сатыбалдиева Қ.А.

 

 

 

 

 

Алматы – 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля