2 февраля, 2017 14:14
Эксперимент түрлері
Эксперимент өткізу әдістемесі
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, психологиялық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Эксперимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін психологиялық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі — эксперименттік, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады.
«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.
Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы – зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.
Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшіншіден, тәжірибені қайталауға, сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.
Психологияда ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.
Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсік, еске түсіру) зерттеу үшін де табысты қолданылады. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі.
Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтің (ойын, оқу, еңбек) әдетті жағдайы сақталады. Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу кезінде алдын-ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттің жақсы қасиеттерін – біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.
Табиғи жағдайдағы экспериментті одан әрі дамыту оның мынадай, психологиялық-педагогикалық эксперимент сияқты екінші түрінің тууына әкелді. Мұның мәні – оқушыны зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде, зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшеліктердің белсенді қалыптасуы процесінде атқаралатындығында.
Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді. Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл психологиялық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Психологиялық құбылыстарды жаңадан құру үшін — арнаулы эксперимент жүргізіледі.
Психологиялық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін зертханалық эксперимент деп атайды.
Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген эксперимент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлінген топтардын дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.
Неміс ғалымы В. Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұнғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. 80-ші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұнғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. 90-шы жылдарда француз психологы А. Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық құралдар қажет. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейінің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр т. б. Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі төмендегі жағдайларға байланысты:
Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау;
Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;
Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығару.
Табиғи экспериметті психологияға тұнғыш еңгізген орыс психолог А.Ф. Лазурский. Мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тұдырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады.
Ғылыми эксперимент — қолайлы жағдайларды зерттеу әдісі. Ғылыми эксперимент нақтылы дәлелдердің үйымдас- тырылып жүргізілуі керек.
Психологияда ғылыми эксперименттің үш кезеңін белгілеуге болады: ұйымдастырылуы, мазмұндылығы, талғамдылығы.
Қыскаша осылардың әрқайсысына тоқталайық:
а) Ұйымдастырушы — болжау кезеңі. Ол мынадай операциялардан тұрады:
зерттеудің мақсаты мен мәселелерін анықтау;
эксперимент жұмысы жүргізілетін затты таңдау және теория жүзінде жүргізілетін жүмысты дәлелдеу;
ғылыми эксперимент жұмысының ғылыми болжамын жасау;
— Ғылыми эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен критерийлерін анықтау.
б) Мазмұнды түрде жүргізу кезеңі. Бұл эксперимент жұмысының кезеңі төмендегідей жұмыстармен байланысты:
эксперимент жұмысының мазмұнды жағын таңдап алу;
эксперимент орындау;
мәліметтер жинау.
в) Талдап түзету кезеңі. Бұл кезең мына жұмыстарды қамтиды:
алынған эксперименттің көрсеткіштерін талдау, анализдеу;
талдаудан өткен материалдардың эксперименттің мақсаты мен болжауына сәйкес келетіндігін анықтау;
түзетуден өткізілген материалдарды жинақтау;
эксперимент қорытындысының есеп-қисабын өңдеу, графиктер, кестелер, модельдер жасау;
талдаудан өткен эксперимент қорытындыларын тұжырымдау.
Кез келген ғылыми эксперимент белгілі ережелерінің сәйкестілігі негізінде жүргізіледі.