Психологиядағы бақылау әдісі

2 февраля, 2017 14:11

 

Бақылау жайлы түсінік

Бақылау түрлері

Өзін-өзі бақылау

Бақылауда жіберілетін қателіктер

 

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды. Бақылау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.
Бақылау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

  1. бақылаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
  2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және бақылаудың мақсатын түсіне білу қажет;
  3. байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу.
    Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, бақылауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.
    Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін психологиялық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады.

Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір  жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе бала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, оны дұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Жаппай бақылаулар   нәтижелері   әдетте   күнделік   ретінде сақталады, олар   баланың   психикалық   даму   заңдылықтарын анықтау   үшін   пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологтары  В. Штерн (1871 — 1938)  әйелі   (К. Штерн)   екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының  даму кезеңдерін бөліп  көрсете отырып,  немерелерін  бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте  (1889—1963)  кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар  нәтижесінде бала  мен жануарлар   балалары   дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар  сияқты,  ата-аналар   да   күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар  мен педагогтар жиі пайдаланады  (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)

Ішінара  бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872ж) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды  (1949ж).

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакы­лау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші психологиялық  бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері. Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек. Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? — деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді. Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады.

Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.

Психология саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

а) теориялық зерттеуді эмпирикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

б) теорияның тәжірибедегі тепе-теңдігі мен шыншылдығын тексеру.

Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.

Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес, дәлелсізі көбінесе қате болады. Педагогикалық ғылымнын міндеттері осы кемшіліктерді жеңу, педагогикалық білімді тереңдету, нақтылау, дәлелдемелі қылу, себебі осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.

Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

Тұрақты бақылау, мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде кейбір пән бойынша сабақты қамтиды; қайталанбалы белгіленген мезгіл аралығында, біржолғы — бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі.

Нысанды қамту көлемі жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық зерттелетін нышандар бақыланса, екіншісінде, оның бөлігі ғана. Мәлімет жинау тәсіліне қарай бақылауды тікелей және қосалқы деп бөледі. Тікелей немесе тура бақылауда зерттеуші бақылау кезінде көрген деректерді тіркейді. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанның өзі емес, тек оның нәтижесі бақылауға түседі.

Бақылаудың қосылған түрі болады, мұнда зерттеуші бақылау жүргізілетін топ мүшесі болып қосылады. Және «қосылмаған» түрі болады, яғни «сырттан» (инкогнито). Сонымен қатар тұтас, таңдамалы түрлері болады.

Бақылау — мақсатты бағытталған, ұйымдасқан қабылдау және объектінің мінез-құлқын тіркестіру. Бақылау өзін-өзі бақылау әдісі мен бірге психологиялық ерте әдістін бірі. Ғылыми эмпирикалық әдіс болып Бақылау 19 ғ. аяғында клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық психологияларда, даму психологиясында  кенінен қолданылады бастады. Ал 20 ғ. басында –еңбек психологиясында, эксперимент қолдануға болмайтың адамның табиғи жағдайларда мінез-құлқы ерекшелігін тіркестіруге мүмкіндік беретін салаларда байқау кенінен қолданды. Сонымен бақылау «сыртқы» валидтікті сақтайды.

Бақылаудың жүйелі, жүйесіз түрлері бар. Жүйесіз түрі этнопсихологияда, даму психологиясында, әлеуметтік психологияда қолданылады. Бұл бақылау түрі себептік тәуелдікті тіркестіру үшін емес, индивидтер немесе топтар мінез-құлқы бейнесін жалпылау үшін қолданылады.

Жүйелі бақылау нақтыланған жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші мінез-құлқы (ауыспалылар) ерекшелігін анықтап тіркестіреді және сыртқы орта жағдайын классификациялайды.

Қабылдау сипаты бойынша бақылаудың «жаппай тұтас» және іріктелген түрі бар.

Біріншісінде, зерттеуші тиянақты толық бақылауға жеткілікті мінез-құлқының ерекшелігін тіркестіреді. Екінші жағдайда ол мінез-құлқының нақты параметрлерін немесе құлқылық акт типтеріне көніл бөледі, мысалы, агрессия көрінісінің жиілігі, не күн бойы ана мен баланың өзара байланысын тіркестіреді.

Бақылау тікелей немесе бақылау жабдықтары бойынша өткізіледі.

Бақылауда жіберілетін қателіктер қабылдаумен байланысты келеді. Зерттеуші өз жорамалын дәлелдеуге күштірек ұмтылған сайын жағдайды қабылдауы теріс болады. Ол шаршайды, жағдайға бейімделеді де манызды өзгерістерді байқамайды, жазуында қателіктер жібереді. А.А.Ершов бақылаудың келесі қателіктерін көрсеткен:

  1. Гало-эффект. Бақылаушының жалпылай алған әсері құлқының дөрекі қабылдауына, болар болмас айырмашылықты елен етпеуге әкеліп соғады.
  2. Эффект снисхождения (мүсіркеу). Болып жатқан жағдайға ылғи жағымды баға беру тенденциясы.
  3. Орталық тенденция қателігі. Зерттеуші бақыланған қылыққыға орталанған баға беруге ұмтылады.
  4. Корреляция қателігі. Құлқының бір белгісін бағалауы бақыланған басқа белгі негізінде беріледі (интеллект сөйлеу жылдамдығы бойынша бағаланады).
  5. Контраст қателігі. Бақылаушы бақыланушының бітістерін өз бітістеріне қарама-қарсы көрсетуге бейім.
  6. Алғашқы әсер қателігі. Дара адам туралы алынған алғашқы әсер оның құлқысының әрі қарай қабылдауын және бағалауын анықтайды.

Осыған қарамастан бақылау керекті әдіс, яғни мұнда табиғилық сақталып тұтастай керек құлқы туралы бейне алуға мүмкіндік береді.

Бақылау дербес процедура  сапасында болып келеді де әдіс ретінде эксперимент процесіне кіреді. Бұл әдіс зерттеушіге қосымша ақпарат береді.

Бақылаудың ерекшеліктері:

Бақылау белгілі бір мақсатты ұстауы тиіс;

Бақылау алдын ала жасалынған жоспар бойынша өтуі қажет;

Зерттелетін белгілердің саны аз және олар нақты анықталған болуы керек;

Құбылысты бақылау нақты табиғи жағдайда жүргізілуі тиіс;

Қайта бақылауды тең уақыт жиілігінен кейін өткізу керек;

Түрлі бақылау жолдары арқылы алынған мәлі-мет- тер салыстырмалы болуы қажет.

Бақылауға дайындық және өткізу кезендері:

Нысан таңдау, бақылау мақсаты мен міндеттерін қою;

Бақылау жоспарын жасау;

Бақылау құжаттары мен жабдықтарын дайындау (нұсқаулар, хаттамалар, жабдықтар);

Бақылау деректерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.)

Бақылау нәтижелерін ресімдеу;

Бақылау нәтижелерін талдау;

Бақылаушының теориялық және тәжірибелік қорытындыл ары.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля