Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы

6 апреля, 2020 22:09

400 тнг В корзину

Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы

                                 

                                  МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ…………………………………………………………………..

І-БӨЛІМ

Б.Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік 

ерекшеліктері…………………………………………………….

П-БӨЛІМ

Жазушы шығармаларының орысша тәржімасы..  

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………. ………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР….………… …..  .

 

РЕФЕРАТ

 

І. Жұмыстың тақырыбы:  Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы

 

  1. Жұмыстың көлемі :    46 бет

 

  1. Зерттеу жұмысының мақсаты. Б.Соқпақбаев шығармаларының жалпы әдеби процестегі алатын орнына, қаламгердің идеялық-эстетикалық ізденістеріне, прозалық шығармаларының көркемдігіне, сыр-сипатына тоқталу. Б.Соқпақбаев шығармаларын орыс тіліндегі жарық көрген аудармасымен  салыстыра отырып, аудармашылардың осы шығармаларды тәржімалаудағы  ерекшеліктерін, қолданған әдіс-тәсілдерін көрсету. Баламалар мен сәйкессіздіктерді анықтай отырып, аудармашы шеберлігін айқындау.

 

  1. Қолданылған әдістер. Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуын зерттеуде   жүйелі-комплексті,    тарихи-хронологиялық,        ғылыми        салыстырмалы   типологиялық, текстологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа аламыз.

 

  1. Жұмыстың құрылымы.

Жүмыс   кіріспеден,   екі   тараудан   және   қорытындыдан   тұрады.

Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

 

  1. Тірек сөздер: балама аударма, ырғақ, шынайылық, аудармашы шығармашылығы, түпнұсқа, тұрақты тіркестер, ұлттық реалийлер

 

КІРІСПЕ

Қазақ елі сан-салалы өзгерістер дәуірінде тіршілік кешкен тұста  шетел халықтары әдебиетінің үлгілерін қазақшаға тәржімалау және қазақшадан өзге тілдерге аудару ісін  орыс тілін араға салмай-ақ  жүзеге асыру өмірге еніп отыр. Бұған қарап ғылым мен әдебиеттегі, жалпы мәдениеттегі орыс елі мен  қазақ елі, орыс тілі мен қазақ тілі, осы екі елдің әдебиеттері арасындағы байланыс деңгейі төмендеген  екен деп ойлауға болмайды.  Керісінше, бұл байланыстарды нығайта түсуді уақыт, заман талап етуде. Сан алуан мәдениет кеңістігі қалыптасқан, көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл байланыстардың маңызы күн санап арта түспек. Осы орайда көркем аударма мәселесі  көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көрінуде.

Біздің Қазақстанда  аударманың тәжірибесі мен теориясы  жайлы сөз әдетте  орыс тілінен қазақ тіліне аударылу жөнінде болатын.  Ал қазақ тілінен орыс тіліне аударудың  мәселелері мүлде дерлік ескерілмей келді.  Бұл саладағы тәжірибе теориядан әлдеқайда озып кеткен. Орыс тіліне аударылу қазіргі қазақ әдебиеті үшін ең мәнді, өміршең маңызы бар мәселе. Ал оның таңдаулы үлгілерінің  жемісі бүкіләлемдік аренаға  шығу жолындағы  бірден-бір қақпа болып отыр.

Негізінен отызыншы жылдарда С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат»,  «Азамат Азаматыч»  романдарынан, кейбір жекелеген әңгімелер мен  повестерден басталған аудару ісі,  1940-1950 жылдарда ерекше қарқынмен дамыды.  Міне, дәл осы кезде М.Әуезовтің «Абай жолы»,  С.Мұқановтың » Ботагөзі»,  «Сырдариясы» мен «Өмір мектебінің» екі кітабы, Ғ.Мүсіреповтің  «Қазақ солдаты» мен «Оянған өлкесі», Ғ.Мұстафиннің «Қарағандысы» мен «Шығанағы»  сияқты қазақ әдебиетінің ең таңдаулы  үлгілерінен саналатын туындылар орыс тіліне аударылып, жұртшылыққа кеңінен танымал болды. әсіресе қазақ әдебиеті мен өнерінің 1958 жылғы  мәскеуде өткен онкүндігі қарсаңында көп іс тындырылды.  Бұл кезде қазақ прозасының  елеулі деген туындылары түгелге жуық аударылды. Бұлардың ішінде қазақ оқырмандарымен қайта табысқан  с.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің прозалық шығармалары да бар еді. Бұдан кейін біраз бәсеңдеген аударма ісі 1966-1969 жылдары қайта жанданды. Осы жылдары З.Шашкиннің, Х.Есенжановтың, Ә.Нұрпейісовтің, С.Шаймерденовтың, Ш.Мұртазаның т.б көрнекті жазушылардың шығармалары аударылды.

Ұлт тіліндегі туындыларды  орыс тіліне аудару  – өте маңызды, әрі өте қиын міндеттердің бірі.  Қазақ тілінен орыс тіліне аудару кезінде  аудармашылар екі тілді бірдей жақсы білетін әдеби сауатты адамдар болуы керек. Автордың өздері де  әдеби аударманың жасалу процесіне араласып отыру керек. Әр автор өзінің аударылып жатқан шығармасының  көркемдік, стильдік ерекшеліктерінің  толық сақталуына бас-көз болған жөн.

Бар тетік осы әдеби аудармашы еңбегінің сапасына байланысты екені көпке мәлім. Мұндай аса қиын, таза шығармашылық  жұмыс тек көркемсөз шеберлерінің ғана қолынан келетіні белгілі.  Неге десеңіз, тәржімаланып отырған шығарманың барлық қалтарыстары мен  құпиясына, ой жүйесіне, көркемдік ерекшеліктеріне  тек суреткер –аудармашы ғана тереңірек бойлай алмақ. Міне, бұл ретте біз қазақ әдебиеті үлгілерін аударып келген Мәскеулік орыс жазушылары Л.Соболев, В.Шкловский, Ю.Казаков, Ю.Домбровский, А.Пантилеев т.б.    аттарын сүйінішпен атай аламыз. Бізідің үздік шығармаларымыз осы аудармашылардың арқасында бүкіл жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Сонымен қатар өздерінің қазақ қаламдастарының шығармаларын аудару саласында  көп іс тындырып жүрген республикамыздағы орыс жазушылары  Н.Анов, И.Шухов, А.Ананьев, В.Новиков, И.Щеголихин,  В.Саввин, М.Роговой еңбектерін ескерусіз тастап кете алмаймыз.

Бір шығарманы  қайта жаңартып жазып шығу деген  өте ерекше жұмыс. Онда бір ғана қазақшадағы ұлттық колорит сақталып қоймайды, сонымен бірге сол қазақ прозасының  шеберіне тән стильдік ерекшелігі де толық сақталуы тиіс.  Мұндай негізгі стильдік ерекшеліктер деп, мәселен С.Сейфуллиннің  публицистикалық,  Б.Майлиннің стиліндегі  детальдар шындығы, М.Әуезов шығармаларындағы  кездесетін картинаның ауқымды тереңдігі мен  образдылығы, С.Мұқановтың оқиғаны кең көлемде қамтитын шебер әңгімешілдігі, Ғ.Мүсіреповтің юморлы туындылары және З.Шашкин, Т.Әлімқұлов, Ә.Нұршайықов, С.Шаймерденов,  Қ.Ысқақов, С.Мұратбеков тобындағы прозаиктерде кездесетін  лиризм мен психологиялық толғаныстар сияқты стильдік ерекшелікті атар едік.

М.Әуезов бір кезде: «Аудармашы шығарманы аудармас бұрын  оның фабулалық дамуын ғана  терең түсініп, сезініп қоймай, ол автордың өзіндік стиль-ерекшелігін, қолтаңбасын ажқсы тани білуі тиіс…». Сондықтан  аудармашы белгілі бір жазушының  шығармаларын аударғанда  өз көңіліне ұнаған туындыларды ғана  аударса ұтымды болар еді.  Аударма ісінде бұл көркем туындының рухын, стилін, жазу мәнерін,  жете ұғу жолындағы  ең тиімді, ең сыналған әдіс болып шығар еді.

Аударма сапасын арттыру – көп еңбек етуді, көптеген қиыншылықтарды бастан кешіруді талап етеді.

Көркем аударма дегеніміз – өзінше өнер, шығармашылық. Көркем аударма ісінің қазіргі кезеңінде  «география» кеңейтумен қатар, бұрын аударылған классикалық туындылардың  сапасына сын көзбен қарап, әлі де шыңдай түсу бағытында  жүйелі жұмыстар атқарылуға тиіс деп ойлаймыз.

Осы орайда көрнекті жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылу сапасы да сын тезіне түсуі қажет деп есептейміз. Жазушы шығармаларының әдеби процестегі орны, көркемдік ерекшеліктері әдебиеттану ғылымында айтылып жүрген мәселе болғанмен, аударылу мәселелері зерттеле қойған жоқ. Сондықтан да біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын «Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы» деп атадық.

400 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля