Ғаламдану дәуіріндегі Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі

25 февраля, 2022 22:15

Категории:
Метки:

Приобрели: 1 раз

Бесплатно В корзину

Негізінде мемлекет саясатының негізі (ішкі болсын, сыртқы болсын) экономикамен қауіпсіздікте  жатыр. Экономика елдің өмір сүру деңгейі, әлеуметтік жағдайы. Ал қауіпсіздік ол – сыртқы немесе ішкі қауіп-қатерден қорғану ахуалы болып табылады. Бұл екі мәселе бөлек қарастырсаң да көкейкестілігі, ел үшін маңызы мен қажеттілігі өте жоғары. Ал екеуін қосып қарастыратын болса, онда мемлекеттің негізгі принциптерін, міндетін қарастыру керек. Бірақ, олар ғана емес, себебі бұл мәселеге тиянақтылықпен, жан-жақты қарап араласу қажет. Экономикалық қауіпсіздік мәселесінің туындауына осы ортадағы қылмыс пен коррупцияның өсуі, халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы әсер етті. Өткен жылы болған қаржыны заңдастыру мәселесі де сол экономикалық қауіпсіздіктің бір факторы болып табылады. Шет елге аққан 500 млн. Доллардың (1) экономикаға жұмсалғаны болса – бұл халық жағдайын көтеруге немесе өнеркәсіп дамытуға қосылған үлес болар еді ғой.

Ал ғаламдану мәселесіне келер болсақ,  ол дүниежүзінің экономикалық  технологиялық, ақпараттық т.б. салаларда интеграциялануы болып табылады. Бұл заңдылық, өмір заңдылығы. Аристотель айтпақшы: «Адам – саяси және әлеуметтік хайуан. Ол жалғыз өмір сүре алмайды. Әрдайым бірлесіп, қоғам болып өмір сүруге тырысады. Сондықтан да  бұл процестер (ғаламдану) шет қалу мүмкін емес, ал оған қосылу – белгілі дәрежеде экономикалық қауіпсіздікке кері әсерін тигізеді. Сондықтан  да әлемдік қауымдастықпен бірге, әрі экономикалық қауіпсіздікті сақтай отырып өмір сүру жолын ойластыру қажет.

Бұл мәселені зерттеуші ғалымдар қазіргі таңда баршылық. Алайда нақ зерттеп емес, белгілі бір байланысты зерттейді. Атап айтсақ Абилова Ж.А., Құлжабаева Ж., Қинашева Ж., Спанов М.У. сияқты ғалымдар осы мәселені зерттеген.

Бұл жұмыстың жазылу мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің ғаламдану дәуіріндегі тағдырының қаншалықты қауіп-қатерге ұшырайтындығын айқындап беру.    Себебі, Қазақстан басқа да дамушы елдердің «шикізат базасына айналып кету қаупі туып отыр. Сондықтан да азаматтық міндетіміз – осы мәселені түсініп, зерттелуіне барынша жағдай жасау.

Бірінші бөлімде экономикалық қауіпсіздіктің мемлекет өміріндегі зор маңызы, оның қаншалықты қамтамасыз етілсе, соншалықты ұлттық қауіпсіздіктің де (әскери, саяси, ақпараттық т.б.) қамтамасыз етілу үрдісі қалыптасады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері, оған төнетін қауіп-қатерлер және оны (экономикалық қауіпсіздікті) қамтамасыз ету ұсынысы жасалған.

Екінші бөлімде Қазақстан экономикалық қауіпсіздігінің ғаламдану дәуіріндегі тағдыры, оған әсер ететін Трансұлттық, Корпорациялардың еліміздегі мұнай-газ саласындағы қызметі туралы айтылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғаламдану дәуіріндегі ерекше орынға ие болу үшін, ол ең алдымен көршілес және өзіне тең мемлекеттермен интеграцияланып, экономикасын дамытуы қажет екендігі туралы ұсынысы айтылған.

Экономикалық қауіпсіздікті барынша зартеу осы мәселенің оң мен солын танып, оның сапалық деңгейіне өтуіне себепкер болады. Мұның өзі экономикалық қауіпсіздікке қосылған үлес болып табылады.    Экономикалық қауіпсіздік: мәні мен түсінігі.

Егер, жалпы қауіпсіздік терминінің негізгі тіркеуші түсінігі – ұлттық және жеке мүдденің қорғалу ахуалы мен тұрақтылығы болса, ал экономикалық қауіпсіздік – халық өмірінің жоғаны деңгейде тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономика  жағдайы, оның ішкі және сыртқы қауіпке төтеп беру қабілетін айтамыз (2).

Экономикалық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің  құрамдас бір бөлігі ретінде қамтамасыз ету қажеттіліг уақыт талабына сай жоғарылап отыр. Себебі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатердің бірт қатары терроризммен, эксремизмммен, есірткі саудасы және қарудың заңсыз айналымымен байланысты. Ал осы кері құбылыстардың түп негізі, ең алдымен экономикалық және әлеуметтік-саяси салада жатыр. Сондықтан да ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты бағыты —  экономикалық қауіпсіздік. Неге? Себебі, экономикалық қауіпсіздікке қатер төнетін болса, ішкі және сыртқы факторлардың негізінде экономиканы басқару жүйесінің құлдырауы ұлттық байлықтың шығындалуы, технологиялық артта қалу, адамның конституциялық құқықтарының сақталу мүмкіндігінің төмендеуі, қоғамның дезинтеграциялануы, ғылыми және әлеуметтік прогресстің бұзылуы сияқты қауіп-қатерлер пайда болады. Қарап отырсақ, бір саланың құлдырауы – қоғамның барлық дерлік ортасын қамтитын «әрсалалы құлдырауға» алып келеді.

Ұлттық қауіпсіздік, әсіресе, экономикалық қауіпсіздіктің негізгі төркіні – ұлттық мүдде. Демек, маңызы зор бұл мәселені біз тереңірек қарастыруымыз керек. Себебі ұлттық мүддесі жоқ мемлекет өзінің бейнелік ерекшеліктеріне ие болмайды, сондықтан да ол елдің халықаралық аренада өзін-өзі жоғалтып, басқа елдің мүддесіне «қызмет жасау» қаупі туады. Мінекей, осы жағдай болмау үшін, біз экономикалық қауіпсіздік мәселесін түсініп, оны құрайтын факторларды зерттеп, айқындауымыз керек. Бұл біз үшін – қажеттілік және міндет. Осы жөнінде ҚР Стратегиялық жобалау Агенттігінің төрағасы Қ.Келімбетов былай дейді: «Егер дәл қазіргі экономикалық қауіпсіздік мәселелерін  шешуге өзіміздің стратегиялық амалдарымызды жасап алмасақ, онда келешектегі тұрақты экономикалық даму преспективалары туралы айтуымыз қисынға келмейді» (3).

Жалпы экономикалық қауіпсіздік өзінің күрделі ішкі құрылымына ие. Оның мынадай үш құрамдас бөлігін атап өтуге болады.

  • Экономикалық тәуелсіздік. Бұл мәселе әр ел үшін басты болғанымен, қазіргі

әлдемдік шаруашылық жағдайында көп сақталмайды. Өйткені, осындай жағдайда (әлемдік шаруашылықтың интеграциялануы) халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономикаларды өзара байланысты және белгілі дәрежеде тәуелді етеді.  Ал экономикалық тәуелсіздік мемлекеттің ұлттық ресурстарды бақылау арқылы өнімнің сапасы мен тиімділігін арттыру, соның негізінде ел экономикасының әлемдік саудада, кооперациялық байланыстарда және ғылыми техникалық жетістіктермен алмасуда бәсекелестік қабілетінің артуына алып келетіні сөзсіз.,

  • Ұлттық экономиканың тұрақтылығы. Бұл түсінік меншіктің барлық формада қорғалуын, кәсіпкерліктің белсенділігі үшін кепілдіктер беру және жағдай жасау, жағдайды тұрақсыздандыратын факторларды (қылмыстық құрылымдармен күресу, әлеуметтік жарылысқа апару қаупін тудыратын, табыс бөлудегі үлкен айырмашылықтарды болдырмаужәне т.б.) тежеуіл білдіреді;
  • Прогресстену мен дербес даму қабілеттілігі. Дербес даму қабілеттілігі қазіргі жағдайда қажетті болып  отыр. Себебі, жаңалану мен күрделі қаржы (инвестиция) үшін  жағдай жасау, өндірістің үздіксіз моделизациялануы, жұмыскерлердің кәсіптік, білімдік және мәдени деңгейін жоғарылату ұлттық экономиканың тұрақтылығымен  сақталуының қажетті де міндетті шартына айналды.

Жалпы, экономикалық  қауіпсіздіктің сипатын айта отырып, оған төнетін қауіп-қатерді айтпасақ, онда мәселенің басы мүлдем ашылмағандығы болып табылады. Сонымен, экономикалық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін ішкі факторлар:

  • көп салалардың технологиялық базасының артта қалуынан туындаған ұлтық шаруашылықтың бәсекелестік қабілетінің төмендігі;
  • экономика монополиясының жоғары деңгейі;
  • инфляцияның жоғары деңгейі;
Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля