Іле Алатауының физикалық-географиялық жағдайы

12 марта, 2022 21:48

Приобрели: 2 раз

Бесплатно В корзину

Мазмұны

 

Кіріспе

1-тарау.  Іле Алатауының физикалық-географиялық жағдайы

1.2. Таулы ауданның климат ерекшеліктері

1.3.Топырағы және тау өсімдіктері

2-тарау. Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері.

2.2. Улы токсикалық заттардың негізі

3-тарау.Улы өсімдіктерге сипаттама

3:1.Улы өсімдіктердің қолданылуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек  жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері  зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда.

1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. Сириядағы дәрігерлік  Академияда улы өсімдіктерге метронидазола, колориола және  бензойқышқылды натрииді қосу арқылы тіс қызыл ет қабынуына қарсы пайдаланатын өте қолайлы «Фурин-М» атты дәрі шығарған. Астматос дәрісін көпшілік біледі, бұл дәріні алу үшін улы өсімдіктердің  ( қара меңдуана мен сасық меңдуананың) жапырақтары пайдаланылған. Өзбектің халық медицинасында Қара алқаның жас жапырағын жара тез жазылуы үшін ал оның піскен  жемісін ангина, іш өту ауруларына қарсы пайдаланылған. Медицинаға улы өсімдіктер құрамында кездесетін таптырмайтын алколойдтарды берді. Олар: глюкозиттер, сапонниндер, терпендер, фловонидтер т.б. денсаулық сақтау орындарының қатысуымен жылда дәрілік мұқтаждықтар үшінкөптеген жабайы өсетін өсімдіктер теріледі, дайындайды. Мысалы әр жылдары 54 мың тонна өсімдіктер дайындалса, оның ішінде 34 мыңдай тоннасы жабайы өсетін өсімдіктер. Осындай қарқынмен жылда өсімдік шикі заттары орындала берсе,келешекте бағалы өсімдіктердің қоры азаяды. Көптеген улы өсімдіктерді адамдардың жұлып алуна байланысты құрып бітті. Аяусыз қатігез жұлынған жабайы өсетін өсімдіктердің ішінде сирек кездесетіндері, құрып бара жатқандары және өте бағалы түрлері де кездеседі. Соған байланысты құнды улы өсімдіктерді сақтау үшін оларды арнаулы жерлерде өсіру, сырапсыз жұлмау, мөлшерден көп дайындамау керек. Ол қазіргі уақыттың өзекті мәселесі болып табылады. (35)

Улы өсімдіктерді пайдаланудың мағанасы сол оған өте сақтылықпен, ұқыптылықпен қарап, олардың дәрілік, емдік қасиеттеріне көп көңіл бөлген жөн. Әсіресе улы өсімдіктерді емдікке пайдаланғанда мөлшерден тыс көп қолданбау есте болу керек. Шамадан көп тыс мөлшерде пайдаланған улы өсімдіктердің басқада ыңғайсыз әсерлері болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу жұмысының мақсаты. Іле Алатау тау алды белдеуіндегі Медеу шатқалындағы Улы өсімдіктер.

  1. Іле Алатау тау алды белдеуіндегі Медеу шатқалындағы кездесетін Улы өсімдіктерді жыйнап кептіріп гербарий жасау. Оларды топтастырып өңдеу.
  2. Жыйнаған Улы өсімдіктердің түрлік құрамын анықтау.
  3. сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін, қорғаудың қарапайым жолдарын білу.
  4. Улы зиянды өсімдіктерді 6-7 сыныпта биология пәндерінде пайдалану.

Жұмыс 2005-2008 оқу жылдар аралығында Іле Алатау тау алды белдеулерінде, Медеу шатқалында атқарылды.

  1. Осы аудандағы өсімдіктерді жыйнап, кептіріп, гербарий жасап,Улы өсімдіктерді ажыратып, оларды туыстық тұқымдастық-түрлік құрамдары ажыратылды және оларға биологиялық тұрғыдан сипаттама берілді. Нәтижесінде « Алқа » гүлдер тұқымдасы атты курстық жұмыс жазылды. Кейін алынған мәліметтерді, зерттеу нәтижелерін қорыта келе, Іле Алатау тау алды белдеулеріндегі, Медеу шатқалындағы кездесетін Улы өсімдіктердің флоралық тізімі келтіріліп, анықталған тұқымдас туыс-түрлерінің, латынша, қазақша, орысша аттары жазылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Іле Алатауының физикалық географиялық жағдайы.

 

Біздің өлкемізде табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды далалы, таулы шөлейтті, шөлді, және далалы тағы да басқа көптеген аймақтарға бөлуге болады. Республикамыздың географиялық ерекшелігі тау алды жазықтықтың таулы рельефтерімен жалғасуында. Сондықтан алғашқы зерттеушілер  бұл үлкен ауданды Іле Алатау аймағы деп атады. Іле алатау жотасы,ол Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігінде жатыр. Оның ұзындығы 380 км екі 30-40 км жетеді.(21,5). Іле Алатауы шығыста Чарын өзенінен батыста Чу өзеніне дейін созылады.(18.5) Іле Алатауы орталық бөлігінде Талғар тау түйінін түзеді. Н.Н.Палгованың зерттеуі бойынша талғар шыңы теңіз деңгейінен 4979 метр биік. Келесі Конститутция шыңы (4580 м), Ақтау (4760 м) ж.т.б.

Орта тауда орманды, шалғынды, далалы-шалғынды далалы белдеуді алып жатыр. Баурайларының жоғарғы жағында жартастар ірі тастар, шөгінділер кездеседі.

 

  • Таулы ауданының климаттық ерекшеліктері.

 

Іле Алатауының климаттық жағдайы айрықша әртүрлі. Ауа райының әртүрлі қалыптасуы,ылғал мөлшері, жауын-шашынның орташа мөлшері, атмосферадағы ауа ағымының шығуының әртүрлілігіне байланысты. Сонымен қатар, таудың өз желі түнде таудан төменге шатқалдар арқылы ал күндіз керісінше тауға қарай соғады. Желдің жылдамдығы әдетте 1,8-2,3 м/сек-на. Көктемгі уақытта ауа массасының айналымы солтүстік-батыстан басталып ылғал әкеледі. Теңіз деңгейінен 300м-р биіктікте жауын-шашын ылғалдылықты көбейтеді, кейін тау басына қар түрінде түседі. Май айындағы орташа жауын-шашын мөлшері көп, ал қақтарда өте аз болады. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері 1500-2300 м-р аралығында. Қыркүйектен бастап, таудың орташа белдеулерінде қар жабыны пайда болады, ал тау алды жазықтықтарда қар жабыны қарашадан басталады. Атмосферадағы ылғалдылықтың түсу мөлшері биіктікке байланысты болады. Тау баурайларында климаты жазда ыстық құрғақ және орташа жылу, қары аз, жылдам құбылмалы келеді. Ол Орта Тау белдеулеріндегі климаты жазда орташа ыстық, жауын-шашыны көп, қысы жылы жұмсақ. Биік тау белдеулерінде жазы ылғалды салқын, қысы суық қатаң. Бұл аймақта мәңгі қар, мұзды және суық болады.

 

  • Топырағы және тау өсімдіктері

 

Іле Алатауында өсімдіктер әлемі әртүрлі және бай. Топырағы мен өсімдіктері және басқа ландшафт элементтері физ-географиялық заңдылықтарға бағынышты. Сондықтан олардың  рельеф ярустары ауа райы белдеулерімен сәйкес келеді. Іле Алатауының топырағын 4 белдеуге  бөледі.(20,б.128)

1.Азкорбанатты сұртопырақ (солтүстік) және ашық каштанды топырақ тегістікте және тау баурайында. Сұр топырақты гумус мөлшері аз 0,7-1,5 % таулы ашық каштанды топырақтар гумусты белдеу құрады, ол 35-40 см. Оның құрылымы түйіршікті – домалақ гумусының мөлшері 3,5-4,5 процент.

2.Таулы қара каштанды топырақ және таулы далалы қара топырақ төменгі аласа таулы белдеулі жерлерінде пайда болады да, каштанды топырақтың үстінде орналасады. Олар өте жақсы гумусты горизонт (60-70 см.) тұз еді де, түйіршікті – домалақ құрылымды болады да 6-10 % гумусты органикалық заттарға бай келеді.

3.Таулы сілтіленген қара шірік топырақ таулы – орманды, таулы қара-қошқыл орманды топырақ, шалғынды – орманды орта тауда болады. Таулы орманды (қара шірік) топырақтары шырша майқарағай ормандарында түзіледі. Олардың гумусы 4,6 % қайың – терек ормандары өсетін жерлерінде күлгін орман топырақтары пайда болады. (45, б 45)

4.Таулы — шалғынды субальпілі және альпілік топырақ жалпақ тауларда кездеседі.

 

2.Улы өсімдіктердің улылық қасиеттерінің ерекшеліктері.

 

Улы өсімдіктер деп, аз мөлшерде тамаққа пайдаланған кездің өзінде-ақ денсаулыққа зиян келтіре алатын өсімдіктерді айтамыз. Барлық улы өсімдіктерде улылықтың пайда болуы және удың жиналуы олардың географиялық орналасуына да байланысты болады. Мәселен алколоидты өсімдіктердің улылық мөлшері және улы қасиеттері солтүстіктен оңтүстікке қарай артатыны белгілі. Ал, улы өсімдіктердің өте көп кездесетін жерлері ол таулы аймақтар. (10, б 18) Алколоидтардың жиналу динамикасы  таулы аймақтардың теңіз деңгейінен орналасуының жағдайына тығыз байланысты.

Улы өсімдіктерде улы заттардың жиналуы

  • Күнсәулесінің түсу ұзақтығы және қарқындығы.
  • Ауа райының тез өзгеруі.
  • Ауа – райының қолайсыздығы.

Даму кезінде, өсмдіктердегі улы заттары олардың улылық қасиетттері тұрақты болмайды. Улы заттары олардың улылық қасиеттері және мөлшері өсімдіктерде белгілі бір өмір кезеңдерінде ғана көп болады. Көкнарда ең көп алколоидтар мөлшері пісіп жетілген басында емес сүтенген кезінде болады. Сол сияқты жас меңдуанадағы алколоидтар мөлшері пісіп жетілгеннен көп. Улы заттардың өсімдіктер мүшелерінде орналасуы мен таралуы әр түрлі. У – у қорғасынның тамырында меңдуананың жапырағында, меңдуананың жапырағында, ал, кәдімгі кенедәнде тұқымында улы заттар көп жиналады.

Кейде бір түрге жататын улы өсімдіктердің өзінде улы заттардың мөлшері әр түрлі және улылығының болмауы олардың табиғи өскен ортасына және өсу кезіндегі жағдайларына да байланысты болады. Өсімдік өсіп-даму кезінде денесінде (мүшелерінде), улардың (токсиндердің) жиналуы болады. Олар әр түрлі химиялық қосылыстар классына жатқызылады. Бұл заттарды – токсикология ғылымы зерттейді. Олар улы өсімдіктердің морфологиялық қасиетін, таралу ареалын, улыну жағдайын және клиникалық көрсеткішін, терапиясын (Гусынин, б 19). Өсімдіктер токсикологиясы, ветеринария және медицина ғылымдарымен тығыз байланысты улы өсімдіктердің улылығы (токсичность) олардағы химиялық улы қосылыстарына байланысты. Оларға жататындар алколоидтар, глюкозиттер, эфир майлары, органикалық қышқылдар және басқа да қосылыстар.

 

2.2.Улы токсикалық заттардың негізі.

 

Олколоидтар – түссіз кристаллды қосылыс, олар өсімдіктерде органикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. (лимонда, алмада, шавелде, және басқаларда) Суда ерімейтін, дәмі ащы органикалық еріткіштерде өте жақсы ериді. (49- б 75)  Дубильные вещества – Танины – жоғары молекулярлы полифенол. Олар көптеген өсімдіктерде кездеседі. Қосжарнақтыларда (бұршақ, раушангүлділерде) Гадролизді танин (галотаниндер және эддаготаниндер) екеуіде өсімдіктерде кездеседі. Дубильді заттар бактериоцитті қасиетімен белгілі. Камариндер – қышқылды гетероциклді қосылыс.

 

2.3.Улы өсімдіктерге сипаттама.

 

Жоңғар бәрпісі  A conitum songorikum S

Сарғалдақтар тұқымдасы Ranunculaceae

Қазақша атауы: Бәрпі

Басқаша атауы: қасқыр тамыр, темір қалпақ

Көп жылдық өте улы өсімдік. «Аконит — Бәрпі» атауын Дмасприд берген, ол сөз Аконе қаласымен байланысты болған. Гераклдің 11 ерлігін жасаған жері осы. Геракл Аид құдайының құлы Кербер мен жекпе-жекпе шыққан. Ең соңында Кербердің үсті аппақ көбікке кенелді. Жерге төгілген көбік орнына кейін анотит аталған шөп өсіп шықты.

Әйгілі «Күресші» деп атаған жапырағының бір шағының Рим сарбазының дұлығасына ұқсастығы үшін алған.

Ежелгі аңыздарда Геката құдайының меншігі болып сналатын акониттің улылығы «анасы – у патшайымы», — дейтін оны ежелгілер. Оның уын кезінде жебелердің ұшына  жағатын.

Непал қаласында жаудан қорғану үшін суды уландыратын.

Ежелгі Римде әдемі гүлі үшін үй өсімдігі үй бақшаларда өсіретін.

Атақты Ақсақ Темірдің аталы да осы шөптен болған дейді – бас киімін осы шөптің уымен жуып, кептіріп кигізген. (7 бет 26)

Бұл қатарға 300-ге жуық көпжылдық шөп түрлері кіреді. (35-28 бет)

Ботаникалық сипаттама. Ұзындығы 2 м. жететін алып өсімдік. Жапырақтары үлкен, бөлінген. Тамыры шынжыр сияқты жаңа және ескі тамыршалардан тұрады. Гүлдер үлкен, бір жерге топталған, көкшіл сия түсті. Жоғарғы жағы көк түсті тепкі тектес. Күлтесі қисық, үстінгі жағы мұрын жапқышы бар дұлығаға ұқсайды. (38, 28 бет)

Жемісі – үш жапырақты (кейде бір жапырақты). Гүлдейтін кезі – шілде -тамыз, тұқымы пісетін кезі – қыркүйек.

Өсімдік түгел улы, әсіресе тамыры. («жоңғар, есіккөл» тамыры) немесе «улы бал».

Химиялық құрамы: тамырында 1,5 % алколоид бар: аконитин, зонгорин, моноацетилзонгорин. Суда ерімейді, эфирде еруі қиын. Хлороформда ериді. Тамырында крахмал, органикалық қышқылдары бар.

Бәрпі. Aconitum, натрий енулікті көтеретін және мембраналарды тез тоқтатып токсин, сонымен қатар жүрек соғуын тоқтатып, дене жылулығын төмендетеді.

Уланудың белгілері: дене  қышиды, әрбір жері шаншып, ауыз, асқазан ауырып, күйеді; дене біресе ысып, біресе суып тұрады, көз қарашығы үлкейіп, аяқ-қол дірілдейді. өкпеге ауа жетпей, адам өледі. (10, 192-194 бет) 0,003-004 г аконит адамды өлтіреді.

Қытайда оны ауыруды азайтуға қолданған. Тибет дәрігерлері оның улылығын біліп, қолдан бастап бұрын күрделі өңдейден өткізген.

Европада  Бәрпінің 18 гр. Бастап қолданды.

Қазіргі кезде тамырын жүйке ауруын емдеуге, ревматизм т.б. ауруларға қолданады, антразитмикалық т.б. ауруларға қолданады. антрапазитмикалық Алланелин (37, 26-28 бет) препаратын дайындайды.

Улану кезіндегі алғашқы көмек. Ең алдымен асқазанды және іш құрылысын танинмен жуады. Құрамында белок көп сусын, қара шай береді, сонымен қатар көміртектес су, кастор майын, тері астына – кооренк, камфора атрогин жібереді.

Үлкен сүйелшөп – Chelidonvin majus 2

Көкнәр тұқымдас – Papaverace he

Қазақша атауы –

Басқаша атаулары – қарлығаш шөп, итсабын, сүйелдік, тазартқыш, сары сүттік.

Қазіргі кезде усарғалдақтың бір ғана түрі бар – үлкен, (ірі) усарғалдақ.

«Қарлығаш шөбі» атағы жайында Плиний бұлай деді:  «Бұл шөп қарлығаш келгенде гүлдеп, кеткенде қурайды, оның атын хелидония дейді, хелидон – гректердегі қарлығаш аты». Осы атаумен 2000 жыл бойы белгілі болған. Тағы бір пайымдау бойынша (латын тілінен аударғанда) «аспан сыйлығы».

Орысша атаулары көбінесе шырынының түсіне байланысты ерекше түсті шырынға алхимиктер қызықты. Сары түс-алтын түстес деп пайымдады. Қазіргі ғалымдар бұл түстің шығу себебін құрамындағы қызғылт-сары түсті пигмент-каротин болғандығын дәлелдейді. Ал «ақшыл шөп» атауы Авиценкадан бастап грек дәрігерлері  ХVIII ғ. дейін көз ауруларына көмектесетін қасиеттері үшін алды. Аңыз бойынша қарлығаш балапандарының көзін уларғалдақтың шырынымен емдейді екен. (22, 28 бет)

Ботаникалық суреттеу.

Көпжылдық шөптәріздес өсімдік, биіктігі 3090 см. Сабағы түзу, іші қуыс, бұтақты, сырты түк. Сарғалдақтың жапырақтары өте әдемі оюланған, жоғарғы жағы үлкендеу. (35,218 бет)

Жапырақтарын лиратәрізді – қауырсын тектес деп атайды (25, 150 бет).

Жапырақтарының ерекшелігі – екі түстілігі. Үстіңгі жағы – ашық жасыл түсті, төменгі — өкшіл балауызға ұқсайды.

Гүлдері алтын түстес диаметрі 1 см. Жетеді, 4 жапырақты ұзын гүлсабақта орналасады. (37, 171 бет).  3 – 8-ден жай шатыршада жинақталып, кішкентай гүлтекшелерде орналасасып, гүл тастағанда қалатын.

Гүлшедамынан ақырын ұрып жіберсең гүлжапырағы жоғары көтеріліп-өсімдіктің сезімталдығын  білдіреді. Ылғалды ауа райы жағдайында гүлдері ашылмайды, өзін-өзі тозаңдандырады.

Гүлдерінің өмірі қысқа небәрі 2-ақ күн көктемгі күн сәулесіне шомылып сонан соң бұршаққынды қорапшаларға орынын береді. (ұзындығы 6 см, ені – 2-3 мм). Қорапшаның ішінде жылтыр қара алтынға ұқсас тұқым болады. Астынан үстіне екіге бөлініп ашылады. (6, 218 бет). әр тұқымында ақ түсті тараққа ұқсас қосымша болады. Құмырсқалар жақсы көретін дән: тек қана жеп қоймай, илеуіне тасып, жол-жөнекей жоғалтады да келесі жылы сол жерде осы өсімдік шығады. Тамыры көпбөлшектес, қысқа сырлы-қызғылт, біткен жері-сары. (37,172 бет). Гүлдейтін кезі – маусым-қыркүйек. Өсетін  жері – Қазақстан, Іле Алатауы.

Дымқыл, нәрлі жерді жақсы көреді, сондықтан адамдар тұрақтайтын жерді мекендейді. Өсетін жері – көлеңкелі, баурай, алқап, шөгінді (43, 150 бет). Таулы жерде орманға көтеріледі. Көбіне топтасуы аз, тоғай болып жинақталу кездесуі. (22,392 бет)

Химиялық құрамы. Өсімдіктің бүкіл бойында алколоидтар бар: хелидопин, хелеритрин, берберин, коктизин, стилотин, сангвинарин т.б. Алколоидтан басқа сапонин, флавонид, аскорбин қышқылы, А және С витаминдері, органикалық қышқылдары – алма, лимон, янтарь. Сүттіген шырынының құрамында шайырлы заттар, майлар кездеседі. Тұқымында 68 % май бар. (13,173 бет)

Бәрпінің өзінің бактерицидтік, ауыруды азайтатын, тыныштандыратын, бұлығуға, қарсы қасиеттерімен танымал. Жаңадан алынған шырыны, сонымен қатар шөптің нәрі кейбір патогендік грибок уақ саңырауқұлақтарға қарсы қолданады. Халық медицинасында сүйел, терідегі дақтарға, қышымаға қарсы пайдаланады. (37, 172 бет)

Кейбір жерлерде усарғалдақты қатерлі ісікті емдеуге қолданған. 1869 ж. орыс дәрігері Денигенко усарғалдақтың сығындысымен қатерлі ісіктің емделгені туралы хабарлады.

А.П.Чехов, А.С.Суворовқа жазған хатында бұлай деген: «Қатерлі ісікке қарсы дәрі табылды. Денигенко міне бір жыл бойы усарғалдақтың шырынын сынап жатыр. Енді тек жақсы нәтижені оқысақ болды».

Өкінішке орай, усарғалдақтың препараттары ұзақ мерзімге шыдамады да, дәрігерлердің ықыласы болмай қалды. Қазіргі кезде усарғалдақ препараттары ісікті тоқтатады. Әсіресе терідегі және шырышты жердегі. 39, 252 бет)

Болгарияда усарғалдақ шырынының сүйелді кетіруге, Германия (Алманияда) – ауруды азайтатын,  қабынуға қарсы, Польшада – тік ішек ауруына, Францияда – кіші дәрет айдатқыш, ішжұмсартқыш ретінде қолданады. Гомеонатияда да кең тараған: үгіндісі және сығындысы – инсектицид.

Дұрыс қолданбаса немесе мөлшерінен артық қолданса уланып қалу да мүмкін. Усарғалдақтың құрамында апиынды алкалоидтер бар: ОНЖ, жүректі, тегіс бұлшық еттерді ең адымен тоқтатады. Гомохалидотен – күшті анастетик, тырыстыратын у.

Өсімдік өте улы. Жинаған кезде қолмен көзді бетті ұстауға болмайды.

Усарғалдақтан бау-бақшадағы зиянкестерге қарсы ерітінділер   дайындайды. Бұл ерітінді құрттардан, көбелектерден, кесіртке (медицина), қалқанша (шитовки)лардан қорғайды.

Қорғасын метал өңдеуге қолданады. оның шырынын металды қарайтуға, өңдейге қолданады.

Апиын көкнәрі. Papaversomniferuml көкнәр тұқымдасы  Papaveraceal.

Латын «papaver» атауы грек тіліндегі «pavas» сүт дегеннен шыққан, себебі өсімдік түгел сүттегінді.

«Sommfcpum» — ұйқы келтіргіш деп аударылады. Орысшасы славяндық «magh» — ұсату, ұнтақтау деген сөзден шыққан (тұқымдарының ұсақтығына қарай).

Аңыздарда апиын ұйқы өлімді бейнелейді. Ежелгі гректер Аид патшалығында 2 ағайынды тұратынына сенетін. Гипнос – ұйқы және түс құдайы, Танат өлім құдайы. Гипностың басында атын тәжімен бейнелейтін. Христиан аңыздарында апиынды бейкүнә қайтыс болған адамның қаны деп айтылған. Ең алғашқы апиын керілген христостың қаны тамған жерден шығып, содан бері адам қаны төгілген жерге өседі-мыс. (36, 149 бет)

Ботаникалық сипаттама.

Өңделетін бір жылдық мықты өсімдік (10-15см) ақ түсті сүттігенімен, жапырақтары үлкен, найзатістес немесе кесілгендей. Үлкен төртқалақты гүлдері әртүрлі болады: ақ, қызыл, күлгін, Тәттінің ауыз жағында – үлкен қара дақ, күңгірт түстілерінікі – ашыл. Жемісі – аналық аузы  қатты қорабша. Гүлдейтін кезі – маусым. Тұқымы пісетін кезі – шілденің аяғы, қыркүйектің басы.

өсімдік түгел улы – ең улы піспеген қорабша (10,80 бет)

20-дан астам алколоид құрамына кіреді: морфин, кодеин, папаверин, тебани, пропарин, лауденин т.б.

Морфин – есірткілік анальгетик ауыруды тез тоқтатқыш ерекшелігі бар. Ұдайы қолданған жағдайда нашақорлыққа душар болады. Мөлшерінен артық қолданса дем алу жолдарын қабып, тоқтатуға дейін барады.

Папаверин – тырысуды тоқтатады және тамырларды кеңейтеді.

Тебани, лауденин және кратогин – тырысқақ улар. Негізгі белгілері – жүрек көтеріліп, құсды бас айналады, қан қысымы төмендейді, елестер пайда болып, адам есінен танады. Қауіпті – дем алу қиындайды. (35, 228 бет)

Орта ғасырларда апиынды көзбояушылыққа пайдаланған. Апиын алу Гиппократ заманынан белгілі. Орта ғасырда апиын дәрі болған, тұқымын тамаққа қосқан, себебі құрамында қант, май, белок көп.

Халық медицинасында апиынды жиі қолданбаған. Көбінесе – апиын суын немесе сүтін адамды тынықтыру немесе ұйықтату үшін.

Қазіргі медицина апиын препаратын ұйықтату, жөтелге қарсы қолданады. Апиын қорапшалары морфин алколоидтерін алуға пайдаланады.: кофеин, папаверин т.б.

Қазақстанда апиын өсіруіне тыйым салынған. Күзетілетін аймақта медициналық қажеттілікке ғана өсіріледі.

 

Қараалқа. Solanum Nigruml

Қараалқа тұқымдасы. Solanaceal.

Бір жылдық шөп. Сабағы 15-70см. Биіктік, тік, бұтақтай тармақталған, астыңғы жағы – цилиндр – тектес, жалаң немесе азқап түбіттенген. Жапырақтары кесінді тіліктері жұмыртқа тәріздес немесе томпақ-қалқанша сияқты топтасқан. Жемісі – тар тәріздес жидек, түсі қара, жасыл.

Қара түсті қараалқаның жемісінен басқа жерінің бәрі улы, барлық жерде өседі: арықтың жиегі, жол жағасында, қоршаудың жанында, қоқыстарда. (43, 142 бет)

Жемісінің құрамында аздаған салонин бар, пістегендерінде көбірек. Соланин – улы гликоалколоид. Тармақтарында саногин бар.

Жас жапырақтарында алколоид аз болғандықтан кавказдың кейбір жерлерінде салат жасайды.

Жемісін көп жесе уланып қалуға болады. Тармақшаларында гликоалколоид, илеуіш қышқыл (6%) болады. Қараалқа ғылыми медицинада қолданбайды. Халық медицинасында – жүйке ауруын да, талма, бас ауруы, тырысқақта қолданады. (31,18 бет)

Диоскрид асқазан және өңеш күйген жағдайларда пайдаланған. Ежелгі басқа дәрігерлер тыныштандыратын дәрі деп санайтын.

өсімдіктің ауыруды азайтатын әсерлі болғандықтан ежелгі заманда операция алдында анестезия ретінде қолданған. (49, 101 бет) Өзбекстанда жас жапырағын жарақатты тез жаздыратын  әсері үшін бағалайды.

Біскен жемістерін тамақ ауруында және дифтерияда қолданады. (37, 40 бет)

 

Қара меңдуана. Hyoschyamus nigerl

Алқа тұқымдасы Solanaceal

Ежелгі заманнан бері қара меңдуана улы өсімдіктердің бірі болып саналады. 1000 жыл бұрын Ибн Сина (Авиценна): «Меңдуана –у, оны ішкен адам есінен адасып, тынысы тарылып жанданады», — деп жазған. Елестер шақыртатын, әсері үшін оны диуана майымен бірге красавка сығындысымен қосып қолданған. Адамның терісіне жағылған майы түрлі елестерді көз алдыға әкелетін. Ежелгі батыс елдерінде ерекше сарбаз – құлдарды соғыс алдында меңдуана шырынын ішкізіп ештеңеден қорықпайтын қасқыр сарбаздар дейтін, себебі қару қолданбай-ақ жауларын қалқандарымен қырып тастайтын.

Ботаникалық сипаттама. Ұзындығы (1 м) жұмсақ жүктелген 2 жылдық ойылған құс қауырсынды жапырақты өсімдік. Бірінші жылы тек түбіндегі жұмыртқа тәріздес немесе сопақша бір жерге жиналған жапырақтары болады. Екінші жылы жуан бұтақты сабақ өседі. Сабақтағы жапырағы ақшыл, қою-жасыл, төмендей келе ақшыл, сопақ, қою-жасыл, төмендей келе ақшыл, сопақ, ойылған, бір қатарлас, жартылай сабаққа оралған. Төменгі жапырақтары қалемшеде (37, 192 бет). Жапырағы, сабағы жабысқақ қатты шаш тәріздеспен қапталған.

Гүлдері аздап зигоморфты, отырыңқы, оюланған, сары, қою сия түсті болып келеді. Гүлдері оралыңқы келеді. Жемісі – қорапта, үстінен қақпашасы жауып тұрады, іші толған қара тұқым, піскен де қақпағы ашылып, тұқымы жерге шашылады.

Жануарларды қорқытатын ерекше иісі бар. (47, 36-37 бет) Гүлдейтін кезі – маусым-шілде, тұқымы шілде-тамыз айында піседі, арамшөп, кез-келген жерде өсе береді.

өсімдік түгел улы. Кептірген, пісірген, қайнатқан жағдайда улылығын жоғалтпайды.

Есі ауысқан адамды «меңдуана жеген» деп айтады. (25, 40 бет)

Өсімдіктің  құрамында уытты алколоидтар бар: атронин, скотоломин. Атрогиннің тырыстыру қасиеті бар: ішқұрылыстың әрекетін баяулатады. Көкбауырдың, кеңірдек таралымының, өт жолдарының функциясын тоқтатуға дейін барады. Ерекшеліктері – жүректің қатты соғуы, сілекей, тері, жас шығатын бездердің функциясының төмендету. Скотоламин мөлшерлі өлшемде адамды ұйықтатады. (35, 187 бет).

Албания (Германияда) орта ғасырларда ішімдікті күшейту үшін меңдуананың тұқымын салған, бірақ уланған жағдай көп болғандықтан, қосуға тыйым салынды.

Ежелгі Египет, Грекияда «Компресс (қыздырғыш) ауруды тоқтатады.», — деген Диоскрид. Қазіргі кезде меңдуана майын қолданады. Меңдуана жапырағын демікпеге (астыма) қарсы пайдаланатын препараттардың құрамына қосады. Меңдуана препараттарын асқазан, бас, ащы ішек, жүйке, буын, бұлшық ет, ауырғанда пайдаланады.

Қазіргі формоналогия меңдуана сығындысын шығарады – құрғақ ақшыл-сұр немесе  сұр түсті үгінді. Меңдуана майы – жасыл, сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар сұйықтық. (37, 194 бет)

Уланғандағы алғашқы көмек. Асқазанды марганец немесе активтенген көмір мен жуады. Тері астына 1 мл. пилокарпин ерітіндісі, физостинмин (1:1000) ерітіндісі, 0,5-1 мг. морфин басқа – суық су, мұз. Кофеин, камфора. Хлор альгидраттан клизма қояды.

 

Сасық меңдуана — Datura stramanional.

Алқа тұқымдасы — Solanaceal.     

Тұқымдық «Datura» деген атауы араб тілінен аударғанда «таторах» — шаншу, түйреу деген мағынаны білдіреді, меңдуананың жемісіндегі тікенекке байланысты. «Сасық» деп өсіп келе жатқан өсімдіктің жағымсыз иісіне байланысты шығар. Орысша «дурман» — ақымақ деп атау себебі меңдуана адамды масайтып, ғажайып, қияли елестер көрсетеді.

Сасық меңдуананың құрамындағы уытты заттардың ықпалына көп көңіл бөлген. Ежелгі Индия (Үндістанда) «қанішерлерді уландыру» деген мамандық болған, бірақ көбінесе естен тандыру үшін пайдаланған, ХVI ғ. Вена қаласында есірткі ретінде пайда болды. Тұқымын шоққа тастап жіберіп иісіне уланып, естерінен айырылатын Араб елдерінде меңдуананы темекіге, ішімдікке қосып адамдардың есін ауыстыруға тәтті қиялға беріледі.

Кәдімгі меңдуана – бір жылдық, иісі жағымсыз, тік сабақты 40-100 см. биіктігі, жұмыртқа тәріздес жоғарғы жағында үшкірленген, қалақшасы 7-20 см., төменгі жағы солғын, үстіңгі жағы жасыл. Гүлдері үлкен 7-12 см., бөлек әр бұтаққа түзу, тік жоғары қараған үлпілдеген гүлсағақта орналасады. (19,113 бет)

Тостағаншасы қуыс, бес бұрышты 4-6 см. Тәтті ақ,  воронка тәріздес, өте ұзын түтікше қысқа қайырылған бес тістен тұрады. Жемісі – үлкен тік тұратын жұмыртқа тәріздес диаметрі 4 см. қорапша, сырты қатты тікенекпен қапталған. Гүлдейді – мамыр-қыркүйек, жемісі шілде-қыркүйекте піседі.

Сасық меңдуана таулы аймақтардан басқа жерде өседі. (43, 188 бет)

Бұл арамшөп адам тұратын қоқыс, бақша, жол шетінде, алқаптардың шетінде де өсе береді. Ылғалды, борпылдақ, жұмсақ жерді жақтайды. Кейде тоғайланып кетеді. Бұл өсімдіктің мәдени түрі де кездеседі. Тұқымы, өсімдіктің өзі де уытты.

Өсімдіктің барлық жерінде, жапырағында 0,2-0,6 % алколоид бар. Құрамында тосциомин (50-80%), скополамин, жанамы алколоидтар: куксгегрин, атропамин, метолайдин, никоти; сонымен қатар, жапырағында 7,7 флавонид (кверцетин, рутин), 1,5% илеуіш заттар, 0,1% каротин бар. тұқымында да алколоид құрамы осындай. Тамырындағы, сабағындағы, қорапшасындағы токнацилин мен скополамин құрамы жапырағындағыға қарағанда аздау. (40, 62 бет)

Шикізат ретінде жапырағын қолданады. Жинау кезінде  өте абай болған жөн, себебі өте уытты. Меңдуана ежелгі заманнан белгілі. Кейбір бөліктерін дұрыс қолданбағаны үшін (тамаққа қоспа) уланған жағдайлар көп болған. 1676 ж. Джон Смитт басқарған ағылшын теңізшілері меңдуанадан қоспа жасап жеп уланған. Бірақ уақыт өткеннен кейін ағылшын сарбаздары алабота екен деп жеп, уланған. (19, 15 бет) Көбінесе улану өзін-өзі емдеуде сусын тұнбасын ішкенде болады.

Уланған жағдайда тері қызарып, көз қарышығы ұлғаяды, ОЖЖ (ЦНС) бүлінуі: емдеу, сөз бұзылу, естен тану (44,101 бет).

Уыттылығына қарамай өсімдік медициналарда қолданады. Дәрілік қасиеті ежелден белгілі. Ежелгі үнді Сумрут жинағында да емдік қасиеті туралы айтылған (б.з. 11 ғ.) Ибн Сина: «Бұл у тілді байлайды, жемісі жаңғаққа ұқсайды. Сырты жуан қысқа тікеншекпен қапталған. Жемісі «масаттайды», миды зақымдайды. Бұл жемістер – жүрек жауы» (37, 77-78 бет).

Қазіргі медицинада ауыруды азайтуға қолданады. Өкпе ауруы, жөтелге қарсы, тырысқақ ықылық тигенде, жүйке жүйесі ауырғанда. (7, 20 бет).

Препараттарын тек дәрігермен кеңесіп қолдану керек, артық ішсе улану мүмкін.

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля