Dala Group компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау

12 октября, 2021 22:10

Категории:
Метки:
1200 тнг В корзину

 

Кіріспе

Қазақстан экғономикасы дамуының қазіргі кезеңі түпкі өзгерістермен сипатталады. Бұл нарықтық қатнастарға өтумен және бірқалыпты тұрмайтын және қарқынды өзгеріп тұратын экономикалық ортаға байланысты.

Нарықтық экономикаға өту ұлттық экономиканы басқару жүйесін күрделі қайта құруды талап етті, оның өндірістік буындарының алдына олар бұрын-соңды кездестірмеген өзге проблемалар кешенін қойды. Жаңа жағдайларға бейімделу – халық шаруашылығының барлық буындары үшін ауырмалы процесс болып табылады.

Нарықтық экономикаға адекватты тиімді ақша-несиелік қатынастарды құру ғасырлар бойына қалыптасқан несиелеу, есеп айырысу және ақша айналымының жоғалтылған объективті қағидаларын жаңғырту жолымен ғана жүзеге асуы мүмкін.

Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорындар мен компаниялардың өз шаруашылық әрекеттерін қалыптастырып, дамытып және нарықта мықтап орнығуы үшін өз меншікті капиталынан басқа қарыз капиталын пайдаланады. Бұл кәсіпорындардың өндіріс көлемін кеңейтуге, уақытша пайда болған шығындарды жабу және тағы басқа да кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыруда тиімді әдіс болып саналады. Қарыз капиталының көптүрлілігіне байланысты кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетіне сай және тиімді болатын қарыз түрлерін таңдап алуы қажет.

Жоспарлы — әкімшілік экономика жағдайында кәсіпкер рөлін мемлекет атқарған кезде оның барлық функцияларын өзіне алды. Бұдан барлық кәсіпорындардың шығындары, іс-әрекеті көбінесе орталықтандырылған мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырды. Бұл жағдай кәсіпорындардың ақша қаражаттарын тиімсіз пайдалануға әкелді.

Қарыз капиталын тарту саясаты – кәсіпорындар мен компаниялар үшін өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, бір жағынан, кәсіпорындар өз қызметтерін қаржыландыруда қарыз капиталы нарығынан бос ақша қаражаттарды алуға мүмкіндіктері туса, ал екінші жағынан, дұрыс ұйымдастырылмаған қарыз капиталын тарту саясаты кәсіпорындардың қаржылық тәуелділігіне немесе банкроттыққа ұшырауына алып келуі мүмкін.

Барлық әуекомпаниялары, коммуналды шаруашылық компаниялары, жылжымайтын мүліктермен операциялар жасайтын банктер мен компаниялар өздерін қаржыландыру кезіңде едәуір дәрежеде қарыз капиталына сүйенеді. Сондай-ақ, басқа да капиталды көп қажет ететін салалар болат, алюминия, химиялық өнімдер, мұнай және тау-кен өндірістері де осылай жасайды. Басқа жағынан, өз меншікті капиталы есебінен қаржыландыратын дәрі-дәрмек өндіретін компанияны немесе жарнама агенттігін табу қиын. Бірақ-та жылдам кеңеюіне және капиталға деген жоғары қажеттілікке қарамастан, тиімді өсіп келе жатқан компаниялар күрделі займдарды тартуды сирек қолданады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз кәсіпорын үшін қарыз капиталын тарту саятатының маңызын көреміз.

Жұмыстың зерттеу мақсаты – қарыз капиталының мазмұнын ашып көрсету, оның жекелеген элементтерінің құнын бағалау және қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқаруды дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Жұмыстың зерттеу міндеті – осы мақсаттарға жету үшін ғылыми әдебиеттерге, журналдарға сүйене отырып жұмыстың мазмұнын ашу, сондай-ақ компаниялар үшін қарыз капиталын тартудың маңыздылығын ғылыми негіздей отырып, оны ұйымдастыруға ұсыныстар беру.

Жұмыстың зерттеу объектісі – «Dala Group»  компаниясының қарыз капиталын тарту мысалы болып табылады.

Мен, осы дипломдық жұмыста келесідей тарауларды қарастырамын:

  1. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері;
  2. Қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқару;
  3. «Dala Group» компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау.

Осы тарауларды ашып көрсетуде көптеген ғылыми әдебиеттер мен журналдар, сондай-ақ «Dala Group» компаниясының мәліметтері қолданылды.

 

 

  1. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері
    • Қарыз капиталының экономикалық мәні, жіктелуі және қалыптасу кезеңдері

Кез – келген бизнестің негізі, оның меншікті капиталы болып есептелгенмен, жекелеген экономика салаларындағы кәсіпорындардың пайдаланған қарыз капиталының көлемі меншік көлемінен біршама артық болады. Осыған байланысты қарыз капиталын тартуды және оның тиімді пайдалануын басқару кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің жоғарғы түпкі нәтижесін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорын қаржы саясатының маңызды атқарымының бірі болып есептеледі.

Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды.[1] Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы — ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу  қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.

Қарыз капиталы келесідей артықшылықтармен сипатталады:

  • Кәсіпорынның несиелік рейтингі жоғары болғанда, оның кепіл қалдыру немесе гарант беру негізінде қарыз тарту мүмкіншілігінің кеңдігі;
  • Кәсіпорынның активтерін кеңейту және оның шаруашылық қызмет көлемінің қарқынды өсуін жоғарлату және кәсіпорынның қаржылық потенциалын өсіру қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі;
  • Салық салу есебінде меншікті капиаталмен салыстырғанда қарыз капиталы құнының төмендігі;
  • Қаржылық тиімділіктің өсуін генерациялау қабілеттілігі.

Сонымен қатар қарыз капиталын тартудың кері жақтары да бар:

  • Осы капиталды пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қауіпті қаржылық тәуекелділікті генерациялайды – қаржы тұрақтылығының төмендеуінің және төлемқабілеттілігін жоғалту тәукелі;
  • Қарыз капиталы есебінен қалыптасқан активтердің табыс мөлшерінің төмендеуін генерациялайды, оның барлық түрлеріндегі қарыз процентіне төленетін сомаға төмендейді (банктік несиеге процент, лизингтік ставкаға, облигациялар бойынша купондық процент, тауарлық несиеге вексельдік процент және т.б.);
  • Қарыз капиталы құнының қаржы нарығы конъюнктурасының ауытқуына жоғары тәуелділік. Кейбір жағдайларда нарықта қарыз процентінің орташа ставкасының төмендеуі кәсіпорынның ертеректе алынған несиесін пайдалану (әсіресе, ұзақмерзімді негізде) тиімсіз болып табылады, өйткені несие ресурстарының неғұрлым арзан альтернативтік көздерінің болуына байланысты.
  • Қарыз капиталын тарту процедурасының қиындығы (әсіресе, көп көлемде), яғни несие ресурстарын ұсыну басқа шаруашылық субъектілерінің (кредитор) шешіміне тәуелді.

Сол себепті, қарыз капиталын пайдаланатын компания өзінің дамуында жоғары қаржылық потенциалды (қосымша актив көлемін қалыптастыру есебінен) және қаржы тиімділік қызметінің өсу мүмкіншілігін иеленеді, сонымен қатар жоғары қаржылық тәуекелділік пен банкрот қауіпі де төнеді. Компания қауіпті емес жағдайларда өзінің қарыз қабілеттілігін толық жоюға жол бермеуі керек. Компания иелерінің қарыз көзері есебінен қаржыландырудың себебі, ол акционерлердің санын ұлғайтпау.

[1] И.А.Бланк «Основы финансового менеджмента», «Ника — Центр»»Эльга», Киев, 2000, стр. 61.

1200 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля