Unity pro программалау ортасында күн үйінің моделін құру және зерттеу,

27 сентября, 2018 18:25

1500 тнг В корзину

Кіріспе

1 Бөлім. Негізгі бөлім

1.1 Күн энергиясы

1.2 Күн радиациясы

1.3 Жерге күн энергиясының қаншасы түседі

1.4 Күн энергетикасы

1.5 Күн энергетикасының даму тарихы

1.6 Фотоэлементтердің қолданылуы

1.7 Фотоэлектрлік модульдер

1.8 Күн панелі неден тұрады

1.9 Күн батареясының электрлік сипаттамалары: ВАС

1.10 Фотоэлектрлік жүйелер

1.11 Күн батареясын орнататын үйдің жобасы

1.12 Үйдің инженерлік жүйелері

1.13 Тораптың автоматтық өшірілуі

1.14 Күн батареяларынан алынатын электр энергиясы

1.15 Жердің жылуын қолдану

1.16 Үйдің аккумуляторы бар фотоэлектрлік жүйелерді жобалау

1.17 Күн батареясының қызмет ету мерзімі

1.18 Күн батареяларының жұмыс істеуінің негізгі принциптері

2 Бөлім. Арнайы бөлім

2.1 Энерготұтынуды есептеу

2.2 Delphi программалау ортасында күн энергиясын есептеу

2.3 Қажетті құрылғыларды таңдау

2.4 Программалауда қолданылған есеп

2.5 Unity Pro программалық ортасымен танысу

2.6 Программалау интерфейсі

3 Бөлім. Экономикалық бөлім

3.1 Бизнес — жоспар

3.2 Өнім

3.3 Маркетинг жоспары

3.4 Қаржылық жоспар

3.4.1 Күн батареяларын құру кезіндегі кеткен капиталдық шығындар

3.4.2 Автоматтандыру жүйесін эксплуатациялауға кеткен шығындар

3.4.3 Автоматтандыру жүйесін өндірудің экономикалық тиімділігін

есептеу

4 Бөлім. Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі

4.1 Найзағайдан қорғану шаралары және оны есептеу

4.2 Микроклимат

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Күн біздің планетамыз үшін алғашқы және негізгі көз болып табылады.

Ол бірақ бар жер бетін жылытады, өзенді қозғалысқа келтіреді, желдің күшін

хабарлайды. Оның сәулелерімен 10 триллион тонна  жануарлар мен

бактериялар қоректенетін 1 квадриллион тонна өсімдек өседі. Осы Күннің

арқасында көмірсулардың қоры жиналады, яғни біз қазіргі уақытта жағып

 

жүрген

мұнай, көмір, торфа   және т.б.

Қазіргі

уақытта адамзат

 

энергоресурстағы өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін бір жыл ішінде 10

миллиард тоннадай шартты отын қажет. (Шартты отынның жану жылуы -7000

ккал/кг).

Күн энергетикасы – күн сәулесінен алынған қандай да бір түрдегі

энергияны қолдану. Күн энергетикасы негізінде экологиялық таза бола

алатын, яғни зиянды қалдықтарды шығармайтын жаңартылмалы энергиясы

қолднаылады.

Күн сәулесі сарқылмайтын(таусылмайтын) энергия көзі болып

табылады, ол жердің барлық бұрышына түседі, кез келген тұтынушының «қол

астында» болады және экологиялық таза қол жететін энергия көзі болып

табылады.

Күн жарығын және жылуын қолдану – бұл бізге қажетті энергияның

барлық түрін алудың таза, қарпайым және табиғи қабілеті. Күн

коллекторларының көмегімен тұрғын үйлерді және коммерциялық

ғимараттарды жылытады немесе оларды ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Параболалық айналармен (рефлекторлармен) шоғырланған күн жарығын

жылу  алу  үшін  қолданады(бірнеше  мыңдаған  Цельсий  гралус

температураларға). Оны электр энергиясын өндіру үшін немесе жылыну үшін

қолдануға болады. Күннің көмегімен энергияны өндірудің бұдан басқа тағы

бір әдісі бар – фотоэлектрлік технологиялар. Фотоэлектрлік – бұл күн

радиациясын электр энергиясына түрлендіретін құрылғылар.

Бүгінде Қазақстанның іс жүзінде энергия тудырушы қуаттарының

«қоржынын» 20620 МВт жалпы белгіленген қуатындағы 69 электр

станциялары құрайды, бұл потенциалдың одан арғы өсірілуі ең бірінші

кезекте елімізде үлкен мөлшердегі қалпына келтірілетін энергия көздерінің

сегментін дамыту есебінен жоспарланады. Біздің мемлекетімізде қалпына

келтірілетін энергия көздерінің өте көп ресурстары бар: күн энергиясы — 2,5

млрд. кВт/сағ, жел энергиясы – 1820 млрд. кВт/сағ, кіші өзендер потенциалы –

7,56 млрд кВт/сағ, геотермалды сулардың потенциалы – 4,3 ГВт. 6089

тұрғындары тұратын Қазақстанда электр жүйелеріне қосылмаған фермерлік

шаруашылықтары мен жайылмалы жерлерінде энергияның дәстүрлі емес

түрлерін пайдаланудың мәселесі өзекті болып отыр.

 

1 Негізгі бөлім

 

1.1 Күн энергиясы

 

Күн энергиясы біздің планетамыздағы өмірдің көзі. Күн атмосфера мен

Жер бетін жылытады. Күн энергиясының арқасында жел соғады, табиғаттағы

судың айналымы жүреді, теңіздер мұхиттар жылынады, өсімдіктер дамиды,

жануралар қорек табады. Дәл осы күн сәулесінің арқасында Жерде отынның

қазбалық түрі пайда болады. Күн энергиясы жылуға немесе суыққа,

қозғалмалы күшке және электр энергиясына түрленеді.

 

1.2 Күн радиациясы

 

Күн радиациясы – бұл негізінен толқынының ұзындығы 0,28…3,0 мкм

аралығында болатын электромагниттік сәулелену. Күн спектрі мыналардан

тұрады:

— біздің көзімізге көрінбейтін, күн спектрінің 2 %-ын құрайтын

толқынының ұзындығы 0,28…0,38 мкм ультра күлгін сәулелерден;

— спектрдің 49 % — ын құрайтын толқынының ұзындығы 0,38…0,78 мкм

аралығында болатын жарық толқындарынан;

— күн спектрінің қалған 49 % — ының біраз бөлігін құрайтын толқынының

ұзындығы 0,78…3,0 мкм аралығында болатын инфрақызыл толқындардан.

Спектрдің қалған бөліктері Жердің жылулық баллансында азғантай роль

ойнайды.

1.3 Жерге күн энергиясының қаншасы түседі

Күн үлкен мөлшерде энергия сәулелендіреді – шамамен секундына 1,1 .

1020 кВт сағ. Киловатт . сағат – бұл қуаты 100 ватт қыздыру шамының 10 сағат

ішінде жасайтын жұмысы үшін қажетті энергия мөлшері.

Жер

атмосферасының сыртқы қабаты Күн сәулесінің энергиясының миллионнан

бір бөлігін немесе жылына шамамен 1500 квадриллион (1,5 . 1018) кВт сағ

энергияны ұстап қалады. Алайда шағылудан, атмосфералық газдар мен

аэрозольдармен шашырауынан және жұтылуынан барлық энергияның 47 %

ғана немесе шамамен 700 квадриллион(7 . 1017) кВт .сағ эенргия Жер бетіне

жетеді.

Жер атмосферасындағы күн сәулесі тура сәулелену және атмосферасын

ауа, шаң, су т.б. бөлшектеріне шашырайтын шашыратқыш болып бөлінеді.

Олардың қосындысы қосарланған күн сәулесін түзеді.

Ауданның бірлігіне және уақыттың бірлігіне келіп түсетін энергия

мөлшері бірқатар факторларға тәуелді болады: жергілікті климаттың ендігі,

жылдың маусымы, күнге қатысты беттің бұрышының қиғаштығы. [1].

 

1500 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля