африканың тропикалық елдеріне экономикалық-географиялық тұрғысы

15 марта, 2022 21:51

Бесплатно В корзину

1  Африканың тропикалық елдерінің физикалық-географиялық жағдайы

1.1  Географиялық орны, жер бедері мен климаты

 

Африканың тропикалық елдері екі топқа жіктеледі. Олар:

 

 

 

Тропиктік Африка жалпы жер көлемі – 20 млн. км²-ден астам, халқы – 500 млн. адамды құрайды. Ірі аймақтың халқы негізінен экваторлық нәсілдік жататындықтан, Тропиктік Африканы «қара Африка» деп те атайды. Бірақ этникалық құрамы жағынан Тропиктік Африканың жеке бөліктерінің бір-бірінен күшті айырмашылықтары бар. Әр түрлі нәсілдер мен тіл әулеттері түйіскен жерде этникалық және саяси шекаралардың ең үлкен «ала шұбарлығы» пайда болған Батыс және Шығыс Африкада мұндай айырмашылықтар өте күрделі. Орталық және Оңтүстік Африканың халқы 600-ге жуық диалектісі бар, бірақ туыстығы жақын банту (бұл сөз «адамдар» дегенді білдіреді) әулеттінің көптеген тілдерде сөйлейді. Суахили тілі ерекше кең тараған. Ал Мадагаскардың халқы австронезия әулеттің тілдерінде сөйлейді. Австронезия тілдерінің өзіндік ерекшелігі географиялық атаулардан да байқалады. Африканист жазушы С. Кулик Мадагаскардағы елді мекендердің атауларын келтіреді: Амбинанибеанатсиндраву, Тратрамарананиндрангаронто, Марумиандрахимахавелона.

Тропиктік Африка аймағына 29 ел кіреді. Барлығының да экономикасы артта қалған елдер, тек Оңтүстік Африка Республикасы ғана қосарлы экономикалы ел болып табылады. Африка материгінің ең оңтүстік бөлігінде орналасқан ел.

 

1-кесте. Тропиктік Африка елдері

Елдер атауы Ауданы, мың

км²

Демографиялық көрсеткіштері Мемлекеттік құрылымы Астанасы
Халық саны, млн адам Орташа жылдық табиғи өсім % Қала халқының үлесі %
Алжир 2382 32,8 2,4 49 Р Алжир
Египет 1002 74,7 2,0 44 Р Каир
Ливия 1760 5,5 2,5 86 Джамахирия Триполи
Мали 1240 11,6 3,1 26 Р Бамако
Нигер 1267 11,0 3 17 Р Ниамей
Нигерия 924 134,0 2,8 16 ФР Абуджа
Сенегал 197 10,6 2,8 41 Р Дакар
Ангола 1247 10,8 3 32 Р Луанда
Чад 1284 9,3 3,3 22 Р Нджамена
Заир 2345 56,6 3,2 29 Р Ниншаса
Замбия 753 10,3 2 38 Р Лусака
Судан 2506 38,1 2,2 27 Р Хартум
Эфиопия 1222 66,6 2,4 14 ФР Аддис-Абеба
Ботсвана 600 1,6 1,6 50 Бірлестік құрамындағы мемлекет Габороне
Зимбабве 391 12,6 1 31 Бірлестік құрамындағы мемлекет Хараре
Маврикий 2 1,2 1,1 43 Бірлестік құрамындағы мемлекет Порт-Луи
Мозамбик 783 17,5 2,2 28 Р Мапуту
Мадагаскар 596 17,0 2,9 22 Р Антанариву
ОАР 1221 42,8 1,3 45 Р Претория

 

Тропиктік Африка жер бедері оның көпшілік бөлігінде біртектес, қарапайым болып келуімен ерекшеленеді. Негізінен құрлық Гондванадан бөліп шыққан ежелгі Африка платформасында орналасқан. Оның біраз бөлігі майысуларға ұшырап, теңіз табаны болған. Сондықтан оның қалың шөгінді жыныстармен жабылған ірі қазаншұңқырлар қалыптасқан. Қалқанды құрылымдар жер бетіне шығып жатқан бөліктерде таулы үстірттер мен таулы қыраттар түзілген. Шығыс және Оңтүстік Африка жері мезозоймен кайназойда өте күшті қозғалыстарға ұшырап, биік жақпарлы таулы қыраттар және өте тар әрі терең ойыстар түзілген. Ойыстардың көпшілігі сумен толтырылып, терең көлдерге айналған. Терең жарықтарды бойлай көтерілген лава таулы қыраттарды тегіс жауып алып жатыр. Жанартаулық әрекеттер әлі де жүруде, осы аймақта материктің ең биік нүктесі – Килиманджаро (5895 м) қалыптасқан[1].

Африканың солтүстік бөлігін Атлас жас таулар жүйесі алып жатыр. Африка біршама көтеріңкі дүние бөлігі, орташа биіктігі – 750 метр. Оның 70%-дан астам жерін биік баспалдақты жазықтар, үстірттер, таулы үстірттер мен таулы қыраттар, 20%-ын биік таулар, ал қалған 10%-ын ойпаттар алып жатыр.

Африканың тропиктік аймағының климаты халық шаруашылығына өте қолайсыз. Климаты туралы қысқаша сипаттама жазатын болсам жазы құрғақ және атмосфералық жағдайы тұрақты, температурасы жоғары, кейде жаңбырлы кейде жаңбырсыз аймақ болып табылады.

Африка — жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шар­ларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулер­дің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.

Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үл­кен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналас­қан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер — Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада эква­тордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.

Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бү­кіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе сол­түстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (аз­ғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналды­рады.

Матернктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евра­зияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын кө­рінеді.

 

1.2 Халқы мен  еңбек ресурстары

 

Тропикалық Африкада 500 млн адамға  жуық халық тұрады. Ал Бүкіл Африка халқы 800 млн. адамды құрайды. Тропиктік Африкада халық біркелкі қоныстанбаған. Тек Нигерияның халқы 120 млн-нан асады, тағы да бес елдің халқы 25-60 млн. аралығында. Осы алты елдің халқы аймақ халқының 56%-ын құрайды. Африка халқы тән басты белгінің бірі – халық санының жедел өсуі. Халықтың табиғи өсуінің қарқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда. Тропиктік Африка тілдік құрамы жағынан өте күрделі Олар Нигер-кордофан және семит-хамит тілдері семьясы.

Африка елдері отарлық саясат кезінде халықтың этностық ерекшеліктері ескерілместен жүргізілген мемлекеттік шекаралар мұра болып қалған. Осының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағында қалып қойған. Бұл өз тараптарынан осы уақытқа дейін болып тұратын этносаралық жанжалдар мен жер дауын туғызды. Кейдеі тіпті мұндай жанжалдар әскери қақтығыстарға ұласып, «этностық босқындар санын арттырды.

Африканың тропикалық елдерінде мемлекеттік тіл ретінде ағылшын, француз, араб тілдері мемлекеттік тіл болып саналады. Ол тілдер сонау отарлау заманынан қалған мұрасы.

Африканың тропикалық аймақтағы халықтың ұдайы өсуі ең жоғары қарқынға жеткен аймақ болып есептеледі[2].

Бұл осы аймақтағы көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге де байланысты. Сонымен қатар бұл аймақта белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, сондықтан да мұнда бала туу ең жоғары болып отыр. Мысалы, Кенияда, Нигерияда, Нигерде, Танзанияда бала туудың мың тұрғынға шаққанда 50 нәрестеден асады. Бұл Еуропаға қарағанда 4-5 есе жоғары. Бірақ Африка әлі де болса өлім көрсеткіші жоғары аймақ.

Тропикалық Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км² 22 адамнан келеді. Ал бұл көрсеткіш Азия мен Еуропаға қарағанда төмен. Оның негізгі себебі климаттық қолайсыздығы.

Тропикалық Африкада қала халқының үлесі жөнінен басқа аймақтардан әлде қайда төмен дәрежеде (30% шамасында). Жекелеген елдердегі қала халқының үлес салмағын айтатын болсақ Ливияда -86%, Алжирде — 56%, ал ОАР-да  -57%-ы құрайды.

 

 

Тропиктік Африка елдеріндегі негізгі діндер

Негізінен схемада көрсетілген діндер үстемдік етеді. Тропиктік Африка елдерінде негізінен жергілікті діндерге көп сенеді. Ислам дінін ұстанушылар олар Алжир, Судан, Египет мемлекеттері. Ал христиан дінін аралдық мемлекеттер ұстанады. Мысалы, Мадагаскар.

Африканың тропикалық елдеріндегі еңбек ресурстарында жастардың үлес салмағы жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта және төмен дәрежеде болғандықтан, еңбекке жарамды халықтың 23-і ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, 2000 жылы Нигерияда халықтың жалпы саны 120 млн-нан астам болса, оның 39 млн-нан астамы экономикалық белсенді халық (ЭБХ) болып табылады, бұл халықтың 34%-ын құрайды. Елдегі ЭБХ-тың тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Ал қалған бөлігінің бір жартысы сауда-саттық және коммерсиямен айналысса, қалғаны басым түрде қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады.

Африканың тропиктік елдерінде дүниежүзі бойынша еріксіз мигранттардың жалпы саны жөнінен ерекше көзге түседі. Ол аймақ елдерінде саяси ахуалдың тұрақты болмауымен түсіндіріледі. 1990 жылдардан бері Африка жерінде жиі қайталанып жатқан әскери қақтығыстар мен ұлт араздығы нәтижесінде 5 млн-нан астам адам босқындық күй кешуде. Ал ОАР елі заңсыз қоныс аударушылардан зардап шегуде. Мысалы, ОАР-да 3-5 млн-ға дейін (халқының 10%-ға жуығы) шетел азаматтары заңсыз мигранттар жағдайында тұрып жатыр[3].

 

  • Шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы

 

           Тропиктік Африка елдерінің шаруашылығы мен орналасуында да көптеген ұқсастықтыр бар. Тропиктік Африкаға – бүкіл дамушы дүниенің ең артта қалған бөлігі, оның шегінде нашар дамыған 29 ел орналасқан. Қазір бұл ауылшаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы болып қалып отырған дүниежүзіндегі бірден-бір ірі аймақ.

Ауыл тұрғындарының жартысына жуығы натуралды, қалғандары – аз тауарлы шаруашылық жүргізеді. Соқаның мүлде жоқтығынан жерді тесемен өңдейді.; Африканың көптеген елдерінің мемлекеттік елтаңбасында тесе диқан еңбегінің символы ретінде бейнеленеді. Барлық негізгі ауылшаруашылық жұмыстары әйелдер мен балалар атқарады. Олар тамыржемістер мен түйнекжемістерді (маниоканы немесе кассаваны, ямсты, баттатты) өңдеп, бұлардан ұн, жарма, ботқа, таба нан жасайды, сондай-ақ аса күтімді крек етпейтін тары, сорго, күріш, жүгері, банан, көкөніс өсіреді. Мал шаруашылығы аса дамымаған, бұл әсіресе це-це шыбынының болуына байланысты, ал егер мал шаруашылығы айтарлықтай орын алатын болса (Эфиопия, Кения, Сомали), оның өзінде мейлінше экстенсивті жүргізіледі. Экваторлық ормандарда осы күнге дейін аңшылықпен, балық аулаумен және терімшілікпен күнелтетін тайпалар және тіпті ұлыстар бар. Саванналар мен ылғалды тропиктік ормандар зонасында қиып-өртеп ағаштан тазартылған жерлер жүйесі тұтынушы егіншіліктің негізі болып табылады.

Көпжылдық желектер – какао, кофе, жер жаңғағы, гвея, майлы пальма, шай, сизаль, дәм-татымдық дақылдар басым тауарлы өсімдіктер өсіретін аудандар ерекше көзге түседі. Бұл дақылдардың кейбіреулері плантацияларда, ал кейбіреулері – шаруа қожалықтарында өсіріледі. Бірқатар елдердің бір дақыл өсіруге мамандануы ең алдымен осындай өсімдіктерге байланысты.

Басты кәсіп түріне қарай Тропиктік Африкаға халқының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Саванналарда өзендерді бойлай үлкен ауылдар, ал тропиктік ормандарында – шағын қыстақтар орналасқан.

Қыстақтар тұрғындарының тұрмысы өздері жүргізетін натуралды шаруашылықпен тығыз байланысты. Олардың арасында жергілікті діни нанымдар – ата-бабаларға, киелі затқа табыну, табиғат рухына, сиқыршылыққа сену, дуалау, әр түрлі бойтұмарларды пайдалану кең тараған. Африкалықтар өлген адамдарға аруағы жер бетінде қалады, ата-бабалардың аруағы тірілердің іс-әрекетін қадағалап отырады, егер әлде бір дәстүрлі өсиет бұзылатын болса, олар қатаң жазалауы мүмкін деп сенеді. Еуропа мен Азиядан енген христиандық пен мұсылмандық та Тропиктік Африкаға айтарлықтай кең тараған.

Тропиктік Африка – дүниежүзіндегі нашар индустрияланған аймақ. Мұнда тау-кен өнеркәсібінің айтарлықтай ірі бір ауданы – Заир мен Замбиядағы Мыс белдеуі қалыптасты. Бұл салада шағын бірнеше ареалдар құрайды.

Тропиктік Африка – дүниежүзінде нашар урбандалған аймақ. Оның сегіз елінде ғана миллионер қалалар бар.

Тропиктік Африка көлік желісінің дамуы жөнінен де артта қалып келеді. Оның бейнесі полрттардан ішкі аудандарға апаратын, бір-бірінен оқшауланатыфн сызықтарды елестетеді. Көптеген елдерде темір жол мүлде жоқ. Шағын бума жүктерді 30-40 км-ге дейін адамдар төбесіне қойып тасиды[4].

Тропиктік Африкада айналадағы ортаның жағдайы жылдам нашарлап келеді. Жердің шөлге айналуы, орманның тақырлануы мен фаунаның кедейленуі нақ осында қауіпті дәрежеге жетіп отыр.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы

2.1 Африканың тропикалық елдеріндегі экономиканың дамуы

 

Тропиктік Африкада 29 ел орналасқан. Олар өз кезегінде солтүстік және оңтүстік Африканың тропикалық елдері болып бөлінеді. Экономикалық тілмен айтатын болсақ дамуы жағынан артта қалған елдер болып табылады. Экономикалық дамудың артта қалуының негізгі себептері:

  • ұзақ жылдар бойы отарлық саясатта болуы;
  • климаттық қолайсыздығы;
  • әлеуметтік жағдайдың төмендігі (аурудың көп болуы).

 

2-кесте. Африканың тропикалық елдеріндегі жиынтық ішкі өнімнің көрсеткіші

 

Елдер Жиынтық ішкі өнім көлемі Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %
Жалпы көлемі АҚШ долл Жан басына шаққанда мөлшері, долл өнеркәсіп ауыл шаруашылығы қызмет көрсету
Алжир 196 6600 51 12 37
Египет 295 4200 31 16 53
Ливия 38 6700 55 5 40
Мали 8 900 17 49 34
Нигер 9,4 900 18 40 42
Нигерия 106,,2 1000 42 33 25
Сенегал 15,6 1700 17 19 64
Ангола 11 260 53 13 34
Чад 7,5 1600 15 39 46
Заир 34,9 700 15 59 26
Замбия 8,3 900 40 23 37
Судан 31,2 1900 17 33 50
Эфиопия 32,9 800 12 55 33
Ботсвана 5,3 9200 45 4 51
Зимбабве 26,2 1900 32 28 40
Маврикий 11,7 12,800 29 8 63
Мозамбик 16,8 1200 13 35 52
Мадагаскар 10,3 800 13 32 55
ОАР 457 11100 39 5 56

 

 

 

 

1-диаграмма. Африканың тропикалық елдерінде экономиканың негізгі секторы

 

 

 

Мұндағы:

  1. 30 % — тау-кен өндірісі;
  2. 57% — ауылшаруашылығы;
  3. 13% — қызмет көрсету саласы.

Осы негізгі үш сала Африканың тропикалық елдеріндегі негізгі экономиканың секторын құрайды.

Африканың тропикалық елдерінде соңғы жылдары тау-кен өнеркәсібі зор табыстарға қол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африка дүние жүзінде маңызды,кейде тіпті жетекші орындары да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды, Нигер уран, ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленді. Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді «қызыл металл елі» деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Ботсвана алмас өндіру мен оны сыртқа шағарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка тропикалық еедеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау-кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орын айқындайды. Бірақ такен өндіру өнеркәсіптерінің көпшілік бөлігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланған[5].

Соңғы жылдары Африка тропикалық елдерінде өңдеуші өнеркәсіп қарқынды дамуда. Бұл сала, ең алдымен, жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Ең күштідамғансала-түсті металлургия, олар, негізінен, кен өндіретін өнеркәсіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы және тазартылған мыс өндіретін «Замбия, Заир», металдық алюмений өндіру «Камерун, Египет», полиметалл кендерін байыту «Конго» кәсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі. Қара металлургия кәсіпорындары, керісінше өз  қажеттерін   өтейтін өнімі ғана өндіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана кәсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын құрастырады. Химиия өнеркәсібі Солтүстік және Батыс Африканың көптеген елдерінде «Ливия, Алжир, Нигерияда мұнай айыру», мұнай кендерінің ашылуымен байланысты қарқынды дамуда. Сонымен қатар бұл аймақтарда азот пен фосфор тыңатқыштарын өндіретін кәсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едәуір мол кәсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едәуір мол кездесетіне қарамастан отын-энергетика өнеркәсібі (мұнайдан басқасы) нашар дамыған. Әсіресе электр энергетикасы өндіруден артта қалып отыр.

Жеңіл өнеркәсіп салалары арасынан тоқыма өнеркәсібінің алатын орны ерекше Египет, Марокко елдері өздерінің мақта матасына деген сұранысты, тұтыну талабын толығымен қанағаттандырып, мақтадан иірілетін жіптері мен тігін өнімдерін сыртқа шығарады.

Тамақ өнеркәсібі салаларынан май шығару (зәйтүн, жер жаңғақ, пальма майы), ұн тарту, қант және шарап жасау  өнеркәсібі көзге түседі.

 

3-кесте. Африканың тропикалық елдерінің ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

 

Елдер Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, млн т Көкөніс және бақша дақылдары, млн т Ірі қара мал саны Ет (құс етімен бірге) өндіру, млн т
ОАР 9,6 2,2 14,3 1,3
Египет 18,5 12,4 6,3 1,2
Нигерия 24,3 6 19,6 1
Эфиопия 8,4 0,6 38,5 0,5

   

 

2.2 Африканың тропикалық елдеріндегі туризмнің қазіргі жай-күйі

Туризмнің негізгі орталықтары

Туристік іс-әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті, тамақтану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін  өмірге енгізуде.

Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізг қажеттілік; саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары; саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері; туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және тағы басқалар.

ХХ ғасырдың басында туризмнің қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл процес әсіресе I дүние жүзілік соғыстан соң ұйымдаса түсті. Туризм тарихшылары  мұны жалпы халықтық және әлеуметтік туризмнің пайда болуымен байланыстырады. Жаппай туризм деп мұнда туристік іс-әрекетпен халқының деншілігі немесе тең жартысы шұғылданатын елдерді санау қажет.

А.А.Крючковтың пікірінше, халықтық туризм дегеніміз – туристік әс-әрекетпен халықтың табыс көзі төмен өкілдерінің өз қаржылық мүмкіндіктеріне орай туризмның ең арзан түрін таңдауы екен. Ал әлеуметтік туризм деп мемлекеттік қазынадан немесе басқа көздермен қаржылық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаржыландыратын ұйымдасқан саяхаттары (танымдық, ағартушылық, рекреация-сауықтыру) атайды.

 

Тропиктік Африкадағы туризм негізгі орталығы Египет пирамидалары мен Кенияның ұлттық парктері.

Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Еуропа мен Америкада тас мен жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған. Олар – ақыл-ойдың алып ескерткіштері деп аталды. Мысыр пирамидалары — жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты[6].

Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

Бүгінгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі — Синай түбегі — Азияда жатыр. Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді.  Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% — бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нільдің алқабы мен атырауы.  Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.  Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.  Египет – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады.

Кениядағы ұлттық парктер мен қорықтар ел территориясының 15%-ын алып жатыр. Оларда піл, керік (мүйізтұмсық), зебра, буйбол, бөкен, жираф, арыстан, ілбіс, құстардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Осыған қарамастан, броконьерліктің нәтижесінде пілдердің табыны соңғы 20 жыл ішінде 65 мыңнан 20 мың басқа дейін кеміді. Қазір елде жыл сайын Піл күні аталып өтіледі; бұл күні Кенияның президенті броконьерлерден тартып алынған пілдердің азуынан құрастырылған алау жағылады.

 

 

2.3 Африканың тропикалық елдерінің сыртқы экономикалық байланыстары

 

        Африканың тропикалық елдерінде сыртқы сауда айналымының 34-і Еуропаның жоғары дамыған елдеріне және АҚШ пен Жапонияның үлесіне тиеді. Ал мемлекет аралық байланыстарды кеңейтуде Африкалық бірлік ұйымы ерекше орын алады. Бұл ұйым Африканың дамушы елдерін өзара байланыстыратын жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастарды қалыптастырумен айналысады. Африканың тропикалық елдері үшін сыртқы экономикалық байланыстардың орны ерекше. Өйткені олардың экономикасы сыртқа шығаруға арналған шикізаттық және ауылшаруашылығы өнімдеріне негізделеді. Мысалы, мұнайды Ливия, Алжир; Мароокко фосфоритті сыртқа шығарады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы үлесі жылдан-жылға төмендеуде. Дегенмен көптеген елдер әлі де халықаралық нарықтағы орнын жоғалтқан жоқ. Египет, Судан, Мали – мақта, Судан – жер жаңғақ, Тунис, Марокко – зәйтүн майын экспортқа шығарады. Сонымен қатар Африканың тропиктік елдерінде цитрус өнімдері, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін де сыртқа шығарады.

Африканың тропикалық елдеріне кіретін, Африка материгінің ең оңтүстігінде орналасқан мемлекет – Оңтүстік Африка Республикасы. Мемлекеттің атауы географиялық орнына байланысты қойылған.

Астанасы – Претория;

Территориясы — 1221000 км²;

Халқы – 46000 адам;

Мемлекеттің орналасуы – Африка материгінің ең оңтүстік бөлігінде орналасқан, сондай-ақ бұл мемлекетті Атлант және Үнді мұхиттарының суы шайып жатыр. ОАР территориясында Лесото и Свазиленд мемлкеттері орналасқан, солтүстігінде Мозамбик, Зимбабве, Ботсвана және Намибия мемлекеттерімен шектеседі;

Әкімшілік бөлінуі ОАР — 9 провинциядан құралады;

Басқару формасы – республика;

Мемлекет басшысы – президент;

Ірі қалалары – Кейптаун, Йоханнесбург, Дурбан, Порт-Элизабет, Бенони, Блумфонтейн;

Мемлекеттік тілі – английский, африкаанс;

Діні – 80 % — христиан, 10 % — индуизм, 8 % — ислам;

Этникалық құрамы – 77 % — африкалықтар, 12 % — еуропалықтар және олардың ұрпақтары, 11 % — азиядан келушілер;

Валютасы – Рэнд = 100центке.

Оңтүстік Африка Республикасы экономикасының ерекшелігі – «қосарлы экономикалы ел» болып табылған. Оның түсініктемесі бұл елге дамыған және дамушы елдердің экономикалық белгілері тән.

Африканың тропикалық елдерінің ішіндегі ең жоғары дамыған ел – Оңтүстік Африка Республикасы[7].

ОАР аймақтағы экономикасы едәуір дамыған ел болып табылады. Ол экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша Африкада бірінші орында тұр. Оның үлесіне Африкадағы жиынтық өнімнің 20%-ы, өнеркәсіп өнімінің 30%-ы тиесілі. Шаруашылығындағы жетекші орын  тау кен-өнеркәсібі болып табылады. Атап айтқанда алтын өндіруден дүниежүзінде бірінші орынды, алмас өндіруден екінші орынды, уран консентратын шығарудан үшінші орынды иеленеді.  Сонымен қатар, металлургия, химия және машина жасау саласында да жетекші орынды алады. Олар шетелдермен тығыз байланыста. Машина жасау смаласы бойынша Германиямен, химия өнеркәсібі бойынша Жапониямен қарым-қатынас жасауда.

2010 жылы «Футболдан әлем чемпионаты» ОАР-да өткізілетіні баршаға аян. Бұл да осы аталған елдегі тұрақтылықтың белгісі.

Қазақстан Республикасы Африканың тропикалық елдерінің көпшілігімен экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Экономикалық қарым-қатынасты алғаш болып Египет Араб Республикасымен орнатты. Әлі де жалғасып келеді-міс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тропиктік Африка жалпы жер көлемі – 20 млн. км²-ден астам, халқы – 500 млн. адамды құрайды. Ірі аймақтың халқы негізінен экваторлық нәсілдік жататындықтан, Тропиктік Африканы «қара Африка» деп те атайды. Бірақ этникалық құрамы жағынан Тропиктік Африканың жеке бөліктерінің бір-бірінен күшті айырмашылықтары бар.

Бұл тропикалық елдердегі экономика дамуы артта қалған. Ең негізгі себебі Африка құрлығының ұзақ жылдар бойы отарда болуы. Көптеген жылдар бойы Франция, Ұлыбритания, Португалия, Германия, Бельгия, Италия, Испания елдері үстемдік жасады. ХХ ғасырдың 60-жылдарына қарай Африкадағы тропикалық елдер өз тәуелсіздіктерін жариялады. Алғаш тәуелсіздік алған елдердің бірі ол ОАР, Ливия, Египет, Эфиопия, Судан мемлекеттері болды.

Тропиктік Африка аймағына 29 ел кіреді. Барлығы экономикалық даму жағынан артта қалған елдер. Олар өз кезегінде солтүстік және оңтүстік Африканың тропикалық елдері болып бөлінеді. Экономикалық тілмен айтатын болсақ дамуы жағынан артта қалған елдер болып табылады.(ОАР-ды қоспағанда өйткені бұл ел қосарлы экономикалық ел болып табылады). Экономикалық дамудың артта қалуының негізгі себептері:

  • ұзақ жылдар бойы отарлық саясатта болуы;
  • климаттық қолайсыздығы;
  • әлеуметтік жағдайдың төмендігі (аурудың көп болуы);
  • шөл басу қаупінің жоғарылығы (Сахель зонасы).

Экономиканың негізгі бағыттары төмендегіше:

  1. 30 % — тау-кен өндірісі;
  2. 57% — ауылшаруашылығы;
  3. 13% — қызмет көрсету саласы.

Қызмет көрсету саласы бойынша туризм де жоғарғы қарқынмен дамуда. Африканың тропикалық аймағындағы негізгі туристік объектілер Египет пирамидалары, Кениядағы ұлттық парктер мен қорықтар, Атлант мұхиты жағалаулары, Виктория сарқырамасы, Килиманжаро биік шыңы, тропикалық ормандар туристер үшін қолайлы аудан балмақ. Сонымен қатар көртеген аралдарды да атап өту қажет. Олар Мадагаскар «биосфераның алтын қоры» және т.б. Үнді мұхиты аралдарын жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005
  2. В.П.Максаковский «География» Алматы 1997
  3. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997
  4. «География және табиғат» 2006,№6
  5. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007
  6. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
  7. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
  8. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
  9. Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
  10. Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
  11. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
  12. Бек У. Что такое глобализация? /Пер. с нем. М., 2001.
  13. Бонгард–Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. М., 1993.
  14. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. М., 2000.
  15. Дергачев В.А., Вардомский Л.Б. Регионоведение. М., 2004.
  16. Дергачев В.А. Глобальная геоэкономика (трансформация мирового экономического пространства). Одесса, 2003.
  17. Дергачев В.А. Геополитика. Киев, 2000.
  18. Дергачев В.А. Геоэкономика. Современная геополитика. Киев, 2002.
  19. Джеймс П., Мартин Дж. Все возможные миры. История географических идей. М., 1988.
  20. Ишаев В.И. Международное экономическое сотрудничество: региональный аспект. Владивосток, 1999.
  21. Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геополитика и политическая география. М., 2001.
  22. Договор о коллективной безопасности //htpp://www.dkb.gov.ru
  23. Совместное заявление государств — участников ОДКБ в связи с созывом Чрезвычайной Конференции государств — участников Договора об обычных вооруженных силах в Европе (ДОВСЕ) //htpp://www.dkb.gov.ru
  24. Бордюжа Н. Выступление на 14-м заседании СМИД ОБСЕ в Брюсселе. 4-5.10.2006 г. // htpp://www.dkb.gov.ru
  25. Караваев А. ЕврАзЭС и ОДКБ в Центральной Азии: проблемы интеграции региона //http://www.ia-centr.ru/public_details.php?id=506

 

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 2 года

bagiramuhambetalykyzy@gmail.com

0
Комментарии: 0Публикации: 4Регистрация: 26-02-2022

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля