Майдангер Қасым Ахметов 1945 жылы Жеңіс Күніне бір ай уақыт қалғанда қаза тапты

18 апреля, 2015 12:05

Қостанай облысынан майдангер Қасым Ахметов 1939 жылдың қыркүйегінде армия қатарына алынды. Ол Фин соғысына қатысты, кейін Ұлы Отан үшін майданда шайқасты.

Мұрағат мәліметтері әскери қызметшінің көптеген шабуылды ұрыстарда ерлікпен шайқасып, бірнеше мәрте біраз уақытқа өзінің қарулас жауынгер жолдастарымен жау қоршауында қалғанын растады.

1943 жылдың шілде айындағы осындай ұрыстардың бірінде қарша бораған артиллерия мен зеңбірек оғы астынан ол бірінші болып тұрып «Отан үшін», «Сталин үшін» деген ұранмен ротаны рухтандырып шабуылға шықты. Өзінің батырлығымен Ахметов неміс топтарын талқандауға және барлық шабуылды операцияларды үдетуге ықпал етті.

Ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін кіші сержант Қасым Ахметов І дәрежелі «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған болатын. 1943 жылдың желтоқсан айында 41 атқыштар дивизионы 244 атқыштар полкі екінші атқыштар ротасының бөлімше командирі лауазымындағы жауынгерді Кеңестер Одағының батыры атағына ұсынған еді.

Жеңіс Күніне үш апта қалғанда 1945 жылдың сәуірінде автоматшылар взводының командирі болған Ахметов Берлин түбіндегі ұрыстардың бірінде қаза тапты. ГФР Бранденбург жерінде Одереде Франкфурт округында Лебус елді мекенінде жерленді.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля