Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу

13 декабря, 2015 17:19

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу»
2. Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Ситуация тудыру, сұрақ қою, жұмбақ шешу арқылы жол ережесін білуге баулу, ой — өрісін дамыту. Жолда ережесін білуге, орындауға, есте сақтауға тәрбиелеу.

Жүктеу: Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу


3. Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам макеті, жол ережесінің белгісі, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру,Оқушылардың назарын сабаққа аудар
Жүргізуші-1:

Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші-2: Шуақты өміріміз күндей күліп   Жүректе бүршік атып гүлдейді  кеп,  Арманға сапар тарту мүмкін емес                Жол журу ережесін білмей тұрып.

Жүргізуші-1: Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады гой әлем деген. Жиынымыз басталсын сәлемменен. Ортаға 7 «Д» сынып оқушысы Мырзагалиев Алиді

«Қазағым» атты ән шашу…………………………….Көп-көп рахмет

Бүгін бізге қонаққа келген жол полициясынан ____________________________ағай келіп отыр, сөз кезегін берейік.

Жүргізуші-2: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз. Сізге көп рахмет айтамыз!

Бүгінгі біздің тақырыбымыз бойынша Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу және осындай жарақаттану кезінде кандай көмек жасалу керек,таныстыратын қонаққа келіп отырған медбике _____________________________________ сөз кезегі өзіңізде….

. Сізге көп рахмет айтамыз!

 Жүргізуші-1: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік

 

Мерей
Біз тұратын көшені
Байқар болсаң егерде
Оны әбден болады
Әліппемен теңеуге
Көшелерді көлбеген
Құпия әр бұрышы
Ойлап көрсек – ол деген
Сабақтың ең дұрысы
Дина

  1. Үлкен кіші қала бар
    Ой жүгіртіп қарап ал
    Көше заңы тым қатты
    Сақ болыңдар балалар

 

Әмина
2. Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ,Үлкен кіші баршамызға

Сәттібек

Тоқта, балам!Бұзба көше тәртібін,Тоқта, байқа, ойла  қателесесің,Ал, кеп қалды  Автобус пен мәшине!Тоқта, балам, тұр былай!Неге сонша ентелейсің елеуреп,Сыбағаңды қоятындай біреу жеп.

Көше түзу, сенде түзу жүрсеңші.Тоқта, балам!Бұзба көше тәртібін!

Жүргізуші-2 Аскарова Диана «Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттанудың түрлерімен»таныстырады.

Жолда жүру кезіндежол-көлік оқиғаларының салдарынан қаншама адамдар жарақаттанып жатады.

Жарақаттың сүйек сынуы,ауыртып алуы,жаралануы,күю сияқты түрлері болады.сынықтардың сүйектің морт бөлінуі ,қақ жарылуы,опырылуы,шытынауы сынған сүйектердің шашылып қалуы сияқты түрлері болады.Сондай-ақ тамырлардың,жүйкелердің зақымдануы,бұлшық еттердің езіліп қалуы және басқада жағдайлардың болуы мүмкін.

Ал жара немесе күйік болса,спирт,йод ерітіндісімен жуып,таңу қажет.Кейбір кезде киімін жыртып,шешіндіруі қажет болады.

Жаяу жүргіншіні автокөлік қаққан кезде жарақаттанған мүшенің көгеруі,ісінуі,қан тамырларының жарылып,қан кетуі соққының зардабынан мидың шайқалуы,адамның есінен айырылуы ықтимал.Мұндайда,әсіресе,кейінгі жағдайда жарақаттанған адамға тыныштық керек.

Жолаушылардың көлік кабинасында немесе ішінде отырғанда алатын тән жарақатына мінген көліктен,не қаққан көліктен ұшып кетуі,соққының әсерінен естен тану,сүйек сыуы,қол-аяқтың буындары шығып кету және т.б. мүшелердің жарақаттануы басталады.

Жүргізуші-1: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын жол апаттарында 1,2 млн. астам адам қаза тауып, шамамен 500 адам жарақат алады. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша жол-көлік оқиғаларынан болған залал жылына орта есеппен ЖІӨ 2,2%-на дейін жетеді және Қазақстан үшін ол 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Ішкі істер органдарының мәліметтері бойынша 2010 жылдың 5 айы бойы республика жолдарында 3742 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оларда 785 адам қаза тауып, 4371 адам жарақат алған. Қалаларда, мегаполистерде авто-мото-көлік санының артуына байланысты балалар 3 есе жиі жарақат алады.

Келесі кезекте Ильясханова Жасмина жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алуға болатын факторлармен таныстырады:

Мамандардың пікірі бойынша, егер төменде көрсетілген негізгі қауіп-қатер факторларына жұмыла ықпал етілетін болса, жол-көлік жарақаттануы оқиғаларының көбінің алдын алуға болады:

  • жол жүрушілердің барлығының жол жүру ережелерін білмеуі және сақтамауы;
  • мас күйінде көлік жүргізу;
  • шлем, қауіпсіздік белбеулері мен балаларға арналған креслоларды пайдаланбау;
  • қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келмейтін жолдар мен жол инфрақұрылымын салу;
  • автомотокөлік санының артуы;
  • рульде отырып және көшеден өтерде, телефонмен сөйлесу;
  • балалардың жарық сәулесін түсіргіштері жоқ, елеусіз киімдерді киюі.

Жүргізуші-2 келесі кезекте Байгісі Мерейна Жол қауіпсіздік ережелерімен таныстырады:

Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
Көрініс:

Зуылбек.
— Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз — ақ зуылдатам.
жүргізуші-1 Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
— Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
жол полиция қызметкері : Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»

Зуылбек:— Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?… Зеленный свет
— Мұны да белгі дейді — ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
жол полиция қызметкері :- Зуылбек — ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
Зуылбек: А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап — гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
— Ал, мына белгі не үшін керек?
жол полиция қызметкері: — Қара, бұл адамдар өтеді.
— Велигім тұрғанда мұны қайтем?
жол полиция қызметкері :Балалар, жолда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.- Мынау қандай белгі?Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
Жасмин: Ескерту белгісі,Қып — қызыл үшбұрыш  Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт — сапар жолдағам,Аман — сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
Аянат:Тыйым салу белгісі — Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан — жаққа.
Гүлжаухар:Нұсқау белгісі — көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн — түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:— Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер.

жүргізуші-2: келесі кезекте оқушыларды топқа бөліп,алған мағлұматтарын тексерейік:

1 — топ. «Бағдаршам» тобы болсын 2 — топ. «Ала таяқтар»тобы болсын, 3 — топ. «Көліктер» тобы болсын

  • кезең өз топтарыңды таныстыру
  • топ:Менмін бағдаршам,Жиі — жиі жанған шам,Қызыл, сары, жасыл жанғанда,Қарап қалма аспанға

2 — топ. «Ала таяқтар»тобы,Жолда тұрам әрдайым,Сермеп, бұрып жоғары,Ұмытпай әркез жүргейсің

Алатаяқ мен болам

3 — топ. «Көліктер» тобы,Тыным таппай жүремінҚызмет жасап әрдайымКүндіз — түні қалада

Көліктер тобы мен болам

жүргізуші-1: 2 кезең тест сұрақтарына жауап беру

Тестік жұмыс.

  1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?

а) ауруханада б) дәрігер келгенде в) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше

  1. Жүргіншілер деген кім?
    а) машина жүргізетін адамдар в) көшеде жаяу жүрген адамдар с) белгілер
    3. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?

а) жгут, киімдер б) мақта в) дәрі

  1. Мына белгі нені білдіреді?

А) кіруге тыйым салынады в)В. басты жол с). жол беріңіз!

  1. Сынықтың түрі

а) жабық б) ашық в) ашық және жабық

  1. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?

а) қан кеткенде б) естен танғанда в) сынғанда

  1. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?

а) 3 рет терең тыныс жіберіледі

б) кеуде тұсынан басады

в) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан басады.

     8.Автокөлік қаққан жаяулар қандай жарақат алады?

а)мүшенің өзгеруі   б) қан кетуі  в)мүшенің өзгеруі   және  қан кетуі

9.. Көлік келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А. Болады В. болмайды С. білмеймін

жүргізуші-2: 3  кезең жарақаттанған кезде өзіңе және жолдасыңа қандай көмек көрсетесің?

Бұл кезең сайыс:Әр топтан 2-3 оқушы шығады, бинт және мақта арқылы  кім жылдам көмек көрсетеді?

Ортаға аға медбике оқушылардың орындаған тапсырмасын тексеріп берсеңіз.

Жүргізуші-1: 4  кезең  сұрақ-жауап өз ойларын ортаға салады

1 топқа Велосипедпен жүру неліктен қауіпті?

  • топқа Жолдан өтуге қай жер қауіпті,қай жер қауіпсіз?
  • Топқа Автобусқа мінерде және түсерде қандай ережені сақтау керек?

Сайысымызды қорытындылайық өте жақсы топ—————

Жақсы топ—————

Жүргізуші-2: Бүгінгі сабағымыздың қортынды сөзін тәрбие ісі жөніндегі директордың міндетін атқарушы Мурзаканурова Аймагуль Уалиевнаға сөз берейік!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.келген қонақтарға көп-көп рахмет

Жүктеу: Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу

0

Автор публикации

не в сети 8 лет

margarita

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 03-12-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля