ЖЕР ЖӘНЕ КҮН ЖҮЙЕСІ

[add-bookmark]

Жер шексіз әлем кеңістігінде толып жатқан сан-сыз көп ғарыштық денелердің бірі ғана. Жерді планета ретінде астрономия ғылымы зерттейді. Ал геология — жер қыртысын және “Литосфера” қабатын зерттейтін ғылым ретінде, жердің жаратылысын және оның даму тарихының алғашқы шағында болған геологиялық оқи-ғалардың құпия сырларын дұрыс түсіну мақсатында астрономия ғылымының жетістіктерін пайдаланады. Өйткені, Жер бетінде және оның терең қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан геологиялық процестердін, көпшілігі сыртқы ортаның әсерімен, басқаша айтқанда, ғарыштық әрекеттермен тығыз байланысты.

Жердің Ғарыш әлемінде алатын орны және оның басқа планета-лармен байланысы жөніндегі алғашқы ұғым өте ерте кезден бастап-ақ қалыптасты. Солардың ішінде александриялық ғалым Птолемей (біздің эрамыздың II ғасырында) геоцентрлік жүйенің негізін қалайды.

Птолемейдің түсінігі бойынша бүкіл әлемнің орталығы Жер, ал басқа планеталар, солармен қатар Күн де Жерді айнала козғалады деген ұғымда болды. Қейінірек (XVI ғ.) Жердің Күн жүйесінде алатын орны анықталып, онын Күнді айнала қозғалатындығы Польшаның ұлы ғалымы Қоперниктің гелиоцентрлік жүйесінің негі-зінде дәлелденеді. Коперниктің ашқан жаналығы адамдардың дүниеге деген көзқарастарында үлкен төңкеріс жасап, астрономия ғылымының жаңа бағытта дамып жетілуіне көп әсерін тигізді.

Жерді қоршаған орта (“шетсіз-шексіз әлем кеңістігі”) — “Ғарыш” (грекше “ғарыш” — бүкіл әлем) деп аталады. Ғарыш кеңістігін құрайтын материя әр түрлі мөлшердегі ғарыштық денелерден (жұлдыздар, планеталар, жұлдызаралық шаң-тозаңдар мен газдар, кометалар және метеориттер) тұрады. Ғарыш кеңістігініңі зерттеуге мүмкін деп саналатын бөлігі — “Метагалактика” деп аталады. Метагалактика миллиардтан астам жұлдыздар тобын немесе “галактикаларды” (грекше] “галактика” — құс жолы) біріктіреді.

Біздің Галактика (құс жолы) 150 миллиардтан астам жұлдыздардан тұрады. Күн және Күн тектес жұлдыздар Галактика орталығын 200—250 млн. жылда бір рет айналып шығады. Күн өз орбитасында ~250 км/с жылдамдықпен қозғалады. Галактика жасы 12 млрд. жыл шамасында деп саналады.

Жұлдызаралық немесе галактикааралық қашықтықты өлшеу үшін “жарық жылы” және “парсек” атты өлшемдер қолданылады. “Жарық жылы” дегеніміз жарықтың таралу жылдамдығын 300 000 км/с есебімен санағанда бір жыл ішінде өтетін қашықтық (9,46-1012 км немесе 10000 млрд. км). Ал 1 парсек (пс) 3,26 жарық жылына тең болып есептеледі (1 пс=3,26 ж. ж.). Құс жолының диаметрі 25—27 килопарсек (кпс), ал қалыңдығы 3 кпс немесе 10000 жарық жылы шамасында деуге болады.

Галактиканың жаратылысы бүдан 12—15 млрд. жыл-дар бұрын ғарыш кеңістігінде болған үлкен қопарылысі заттарының бір орталыққа шоғырланып, жиналуымен| байланысты деп саналады.

Күн Галактика (құс жолы) орталығына дейінгі қа-1 шықтықтың 3/5 бөлігінде орналасқан. Қүннің беткей жағындағы температура — 6000°С шамасында, ал ішкі| қабатында млн. градусқа дейін көтеріледі.

Әрбір жұлдыз сәуле шығару кезінде көп энергия жоғалтады. Соған сәйкес, жұлдыздың массасы да кеміп отырады. Мысалы, Қүн эрбір секунд сайын 3,8-1033 эрг энергия (ЫО26 кал) бөліп шығарады. Соның нәтижесінде ол өз массасының 4-1012 г бөлігін жоғалтады. Мұндай энергияны 100 млн-нан астам ең ірі деген жер сілкінісі кезінде бөлініп шығатын энергиямен салыстыруға болады.

Жұлдыздардың беткі қабаттарындағы температура бірдей болмайды. Кейбір жұлдыздарда температура 10000—30 000°С-қа (сирегірек 100000°С) дейін жетеді. Мұндай жұлдыздар ақ немесе көгілдір түсті сәуле шығарады. Сондықтан да олар — ақ жұлдыздар деп, ал температурасы 6000°С-қа дейін жететін жұлдыздар сары жұлдыздар деп аталады. Күн — сары жұлдыздар қатарына жатады. Бұлардан басқа суық жұлдыздар немесе кызыл жүлдыздар да болады. Олардын, беткі қабаттарындағы температура 2000—3000°С-тан аспайды. Қөлеміне қарай жүлдыздар алып (гигант) жұлдыздар және кіші (карлик) жұлдыздар болып ажыратылады. Алып жұлдыздардың өлшемі Қүнмен салыстырғанда одан ондаған-жүздеген есе үлкен. Олардың көпшілігі қызыл жұлдыздар (Бетельгейзе, Антарес, Цефея) болып кездеседі, ал кіші жұлдыздар қызыл және ақ жұлдыздардың арасында да кездеседі.

Ақ түсті кіші жұлдыздарды Жермен салыстыруға болады, олар-дың кейбіреулері Жерден кіші болуы да мүмкін. Мысалы, Сириус жұлдызының серігін алуға болады. Қызыл түсті кіші жұлдыздар ақ түсті кіші жұлдыздармен салыстырғанда көбірек. Өлшемі Күнмен шамалас кейбір жұлдыздардың сәуле шығару мүмкіндігі өте нашар, сондықтан да олар жай көзбен карағанда байқалмайды.

Жұлдыздардың кұрылысын және олардың даму ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін жаңа және өте ультра-жаңа жұлдыздарды зерттеудін, маңызы ерекше.

Рейтинг: 0
+10

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *