Цилиндрлі поршеньді топтың және газ тарату механизміндегі клапандардын жай-күйін анықтау

19 ноября, 2017 18:52

Манометрлік газ шығынын өлшегіш КИ-4887-И (9.11-сурет) қозғалт- қыштың картерінің куысына жалғанып, қозғалтқыш жүктеме тэртібінде жұмыс істегенде, картерге газдың жіберілетін мөлшерін өлшейді. Кар- терде қоршаған ортаның қысымы сақталуға тиіс, ол аспапты вакуумдық қондырғыға жалғастырғанда немесе жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың газ шығаратын құбырына қосқанда орындалады.

Бөгегіш тесік (12) жылжымальі (11) жэне жылжымайтын (10) екі төлке арқылы жасалған (9.11, б-сурет). Төлкеде (11) шэкіл (26) бар, ол жылжы- майтын төлкенің ішінде жылжи алады.

Аспап арқылы өткен газ жылжымалы төлкедегі шэкіл бойынша анық- талады. Анықталатын газдың мөлшерін аспаптың тұрқындағы сызықшаға экеліп қояды. Аспаптағы шэкілдер тарировкаланған. Бөгегіш тесік ашық болғанда, аспаптың газ шығынын өлшеу мөлшері — 2…120 л/мин.

16   17 18 8
о                                                         б
9. 11-сурет. Манометрлік газ өлшегіш КИ-4887-И:
а — жалпы көрінісі; б — сұлбасы; 1 — тыгын; 2 — арналар; 3 — тұрқы; 4 — бөгегіш
лямдасы; 5,7- құбыршектер; 6, 14 — құбырлар; 8 — бөгегіш; 9 — кронштейн;
10, 11 -жылжьмалы және қозгалмайтьш төлкелер; 12, 15 — мөлшерленген
тесіктер; 13 — қалқан; 16- жылжымалы төлкенің шэкілі; 17 — серіппе;18 — шыгаргыш тесік; 19 — манометр
Егер газ шығыны 120 л/минуттан асып кетсе, онда қозғалтқыштың тетіктері желінген болып есептеледі, онда бөгегіш тесік арқылы газдың шығыны 40…45 л/ мин артуы мүмкін. Бұл тесікті (18) толық ашу арқылы орындалады. Цилиндр поршеньді топтың КИ 4887-И аспабы арқылы жай- күйін анықтау үшін келесі нұсқауларды орындау қажет.

—        Қозғалтқыш картерінің желдеткіш жүйесін ағытып, картердегі газ- ды май құятын жерден шығаруды қамтамасыз ету.

—        Аспаптың КИ-4887-И соратын құбыршегін вакуум сорғысына қосу.

—        Қозғалтқышты іске қосып қыздыру және стенд КИ-8930 арқылы жұмыс тэртібін орнату.

—        Жылжымалы төлкені бұрау арқылы бөгегіш тесікті толық ашу.

—        Картердегі газдың шығынын анықтау.

—        Қозғалтқыш картеріне желдеткіш жүйесін қосу.

—        4 жэне 5-операцияларды орындау арқылы картерден шығатын газдың мөлшерін өлшеу.

Қозғалтқыштың картерін желдететін жүйеден шығаратын газдың мөлшерін анықтау.

Қозғалтқышты тоқтату.

Қозғалтқыш картерін желдету жүйесінің жэне цилиндр-поршеньді топтың жай-күйін анықтау.

Қозғалтқыш картерінің желдету жүйесін ағытып, тесігін қақпақпен жабу.

Қозғалтқыш үш цилиндрмен жұмыс істегендегі картерден шығатын газдың мөлшерін өзгерту.

Қозғалтқышты тоқтату. Қозғалтқыштың картерін желдететін жүйені қосу.

Қозғалтқыштан аспапты КИ-4887-И ажырату.

Бір цилиндрден картерге түсетін газдың мөлшерін анықтау.

Жұмыс істемеген цилиндрдің жай-күйін анықтау.

К-272 аспабы (9.12-сурет) қозғалтқыштың техникалық жай-күйін жұмыс істемей тұрған жағдайдағы ауаның ағуын өлшеу тәсілі бойын- ша анықтауға арналған. Бұл аспап арқылы қозғалтқыштың цилиндр- поршеньді тобының жай-күйін анықтау өте дәлдікпен жэне аз еңбек қажеттілігімен атқарылады.

Қоректендіру блогы қысымдық редуктор мен тазалағыш сүзгіден тұрады. Қысымдық редуктор РДФ-3-2 ауаның қысымын 0,25…0,8 деңгейі аралығында кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Аспаптың көрсеткіші 4 бөгеуілден жэне манометрден тұрады. Ауа құбыры ішкі диаметрі 8 мм. иілгіш түтіктен жасалған.

6             7              8                              9
. К-272 аспабы: 1 — цысымдагы ауаньі беретін жалгастыргыш;

2 — қоректендіру блогы; 3 — ауа құбыры; 4 — көрсеткіш; 5 — жалгастырғыш; 6 —
тірек; 7 — жалгастьщ; 8 — тегергіш; 9 — әмбебап жалгастьщ

Қозғалтқыштың жай-күйін анықтағанда цилиндрге берілетін сығымдалған ауаның қысымын өлшейді, ол кезде поршень жанармай бүркетін сәтке сәйкес келуге тиіс. Поршеньді ЖШН-ге апарып, поршеньнің жоғарғы жағындағы аумаққа пневмотестер арқылы сығымдалған ауа беріп, ауаның қысымының төмендеу нәтижесі арқылы поршень мен ци- линдр тобының жарамдылығын анықтайды.

Бензинді қозғалтқыштың ңилиндріндегі қысымды арнаулы аспап ком- рессометрмен (9.13-сурет) өлшейді.

 компрессометр және қысымды өлшеу тәсілі

 

Қыздырылған бензинді қозғалтқыштың цилиндрлеріндегі қысымның қалыпты деңгейі 0,7 МПа-дан кем болмауы қажет. Пайдалану барысында цилиндрдегі қысымның төмендеуі 0,63 МПа-дан төмен түспеуге тиіс, ал жеке цилиндрлердегі қысымның айырмашылығы 0,07…0,10 МПа-дан аспа- уы керек.

Цилиндрлердегі қысымды өлшеу үшін:

—        тұтандырғыш білтелерді бұрап алып, білте тұрған жерді тазалап, электр тогын ажырату қажет;

—        оталдыргыш орамадан орталық электр сымын ажырату;

—        ауа жіберетін бөгегіш қалқанды толық ашу;

—        тұтандырғыш білте тұратын жерге компрессометрді қысып ұстап тұру;

—        қозғалтқыштың иінді білігін стартермен айналдырып, цилиндрдегі қысымды жазып алу;

—        басқа цилиндрлердегі қысымды да осылай анықтау.

Егер цилиндрлердегі қысымның айырмашылығы 0,07…,010 МПа-дан артық болса, қысымы кем цилиндрге 20.

..25 см2 май құйып, қайтадан өлшеу қажет. Егер қысым көрсеткіші өзгеріссіз қалса онда, ақау кла- пандарда болғаны, клапанда саңылау көп немесе клапан күйген болуы мүмкін. Жұмыс істеген газдағы зиянды заттардың құрамы

Автомобильдің жұмыс істеген газының құрамына қарап, жанармайдың толық жанғандығы, қозғалтқыштың поршеньді цилиндр тобының техникалық жай-күйі, қоректендіру жэне қозғалтқышты іске қосу жүйелерінің ақаусыздығы туралы толық мәлімет алуға болады. Жұмыс істеген газдың құрамында эртүрлі зиянды заттар: азот; көмір тотығы; көмір қышқыл газы болады ол жанармайдың толық жанбағандығын білдіреді. Газдың құрамына қарап, қозғалтқыштың техникалық жай- күйі туралы қорытынды жасауға болады. Қозғалтқыштың жай-күйін анықтағанда, біріншіден, жұмыс істеген газдағы СО құрамын жэне басқа да зиянды заттар тексеріледі. Қазіргі кезде жұмыс істеген газдың құрамын анықтайтын аспаптардың бірнеше түрі қолданылады.

Автомобиль газоанализаторы А08-200 компьютермен бірге жұмыс істейтін, жұмыс атқарған газдағы бес түрлі зиянды затты: СО, СН, С02, 02, N0 анықтайды. Бұл аспаптың ерекшелігі — есептің нәтижесін кесте түрінде шығарып көрсетеді. Аспап бар болғаны 3-5 секундта дэл өлшейді.

 

 

 

 АС5-200 газоанализаторы

 

Оптикалық анализатор ОРА-ІОО дизельді қозғалтқыштардың жұмыс істеген газының кұрамын бүрку жүйесі анықтайды.

 

ПТ-1 аспабы поршеньнің үстіңгі жағындағы қысымды анықтауға арналған. Бүл аспап поршень сақиналарының, клапандардың, цилиндр бірікпесінің төсемдерінің ақаусыздығын, поршеньдердің ақауларын анықтауға мүмкіндік береді. Цилиндрге сығымдалып берілген ауа қысымының төмендеу көрсеткішіне негізделген тэсіл арқылы цилиндрлі поршень тобының жай-күйін анықтайтын аспап қозғалтқыштың ақауы қай жерінде екенін дэл көрсетеді. Цилиндрдің ішіндегі қысымды өлшеу үшін иінді білікті айналдыру қажет етіледі. Иінді білікті стартер- мен айналдырғанда, ол әртүрлі жылдамдықпен айналады, сондықтан қысымның көрсеткіші де эртүрлі болады. Ал ПТ-1 аспабын қолданғанда иінді білікті айналдыру қажет етілмейді. Мұнда цилиндрге сығымдалған ауа жіберу арқылы цилиндрлі поршеньді топтың жай-күйін анықтайды.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля