Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (П)

17 января, 2018 15:03

Панно (фр. раппеаи) — кескіндемелік немесе мүсіндік бейнемен әсемделген қабырға бөлігі не бөлменің төбесі.

Парапет (фр. рагареі) — шатырдың немесе көпірдің аласа қоршауы.

Пастель (фр. разіеі) — бояу, бор және байланыстыр- ғыш заттан жасалған жұмсақ түрлі-түсті қарындаштар.

Пастилаж (фр. разіеі — қамыр) — күйдірілген және ұнтақталған саздан жасалған мүсін.

 

Патент қызметі — дизайнерлік бөлімдердің ңұжатта- рын дайындайтын (патенталу, авторлық куәлік, өтініш) және сол елдің патенттік заңдарына сәйкес авторлың құқықтарды қорғайтын қызмет саласы. Құқықтық қорғау заңдылықтары дизайнерлік шығармаларға, со- нымен қатар қызмет тапсырмасы ретінде орындалған жұмыстарға тиісті қолданылады. Авторлық құқықты қорғау өндірістік бейне түріндегі дизайнерлік (көркемдік құрастыру) шешімдерге, көлемді бейнелер- ге (модель, макет) және орындалған дизайн шығарма- сына таралады.

Пегас (лат. реёазие, — қайнар) — ежелгі аңыздардағы қанатты ат.

Поп-арт (ағыл. рориіаг агі — жалпыға қолжетімді өнер) — модернизм өнерінің ағыны. XX ғасырдың 50- жылдары алғаш рет АҚШ және Үлыбритания елдерінде кескіндеме және мүсін өнерінде пайда болды. Көрермен- дерге түсініксіз «абстракционизмді» «жаңа реализм- мен» ауыстырмақшы болған, кейін буржуазиялық жал- пы мәдениеттің басқа салаларында тараған. Дадизмнің экстравагантты тәсілдерін қайталай отырып, өз туын- дыларында тұрмыстық заттарды (қалбырды, ескі заттар- ды, машина бөлшектерін, т.б.) қолданған, сонымен қатар автобөлшектердің механикалық көшірмелерін (су-

 

рет, муляж, комикс үзінділерін, журнал суреттерін) эс- тетикалап, олардың кездейсоң үйлесімін өнердің жоғар- ғы сатысына көтерген. Поп-арттың коллаж түрінде жа- салынған үлгілері олардың қасиеттерін абстракциялау немесе заттың қызметіне қарама-қайшылық мағына беру тәсілдерімен көрсетілген. Поп-арт өндіріс заттары- ның кез келгенін әсемдеу үстінде өзінің «шығармашы- лығын » әркім де игере алатынын көрсетеді және аса көп күш жұмсамай-ақ әсем шығарма тудыруға мүмкіндік береді.
Пропорция (лат.
ргорогііо — көлем қатына-
сы) — заттар мен олардың
құрамындағы бөлшектер
көлемдері арасындағы
қатынасы. Пропорция
жайлы эстетикалық теория-
ның негізін қалаушылар
Пифагордың шәкірттері
болып табылады, олар
әсемдік пен үйлесімдік
пропорция арқылы анық-
талады деп тұжырымда-
ған. Ежелгі кезеңдекөлемдік қатынас әсемдікті туғызатын қасиет деп
түсіндірілген. V ғасырда ежелгі грек мүсіншісі
Поликлеттің жасаған «Канон» атты мүсіні пропорция-
лық жағынан үлгілі адам денесі ретінде көрсетілген.
Қайта өрлеу кезеңінде пропорция сәулет өнерінің дамуы-
мен байланысты. Пропорция туралы ой-пікірлерін Пьеро
делла Франческо, Л. Пачоли, Леонардо да Винчи еңбек-
терінен кездестіруге болады. Пропорция сақтау — көркем
шығарманың үйлесім талабы.
Пуризм (лат. ригиз — таза) — 1918 жылы Францияда пайда болған көркемөнер бағыты. Оның негізін қалау- шылар — А. Озанфан, сәулетші және суретші Ш.Э. Жан-

 

нере (1921 ж. бастап Ле Корбюзье деген атпен белгілі). Пуризм дегеніміз — функционализм көзқарасының не- гізінде дамыған жаңа өнер.бағыты (функционализм — бейненің атқаратын қызметіне бағынуы). Пуризм түрлі- түсті бояулардың көрермендерге тигізетін әсеріне және геометриялық денелерге тым жоғары баға берген. Адам- ды «геометриялық жануар», ал кескіндемеге арналған матаны «қозуға арналған машина» ретінде қабылдаған. Заттардың схемалық түрде бейнеленуі олардың «мате- матикалық лиризміне» — шығармашылық жүмыстары- на үйреншікті ассоциация мен сезімнің тумауына әкеліп соғады. Бұл жағдай суретшінің бостандығын байлап, шығармашылық өрісіне кедергі келтіреді.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля