Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу . Қоректендіру жүйесінің ақаулары және оларды анықтау

20 ноября, 2017 19:21

Салкындату жүйесі козғалткыштың эртүрлі жұмыс істеу жағдайында калыпты жылулық режимін (85-90°С) сақтап тұруға қажет. Қозғалтқыштың белгілі дәрежеде сенімділігі мен экономикалық көрсеткіштері салқындату жүйесінің техникалық жағдайына байланысты.

 

 

Қозғалтқыштың калыпты жүмыс істеуі үшін салқындату сұйық- тығының температурасы белгілі бір дэрежеде болуға тиіс. Салқындату жүйесіне жөндеу жұмыстары: қозғалтқыш салқындату сұйыктығы эрдайым қызып немесе қызбайтын болғанда, салқындату сұйықтығының мөлшері азайғанда, салқындату сорғысының жұмысында шу байқалғанда жүргізіледі. Салқындату сұйықтығының мөлшерін автомобильді пайда- ланудың алдында тексерген жөн. Суық қозғалтқышта салқындату сұйықтығының мөлшері «тіп» белгісінен сэл жоғары болуы керек. Қозғалтқыш қызған кезде сұйықтықтың мөлшері артады. Қазіргі кезде автомобильдердің салқындату жүйесінде үнемі қолданатын сұйықтық антифриздердің жоғарғы температурадаұлғаятын қасиеті бар. Егер салқын қозғалтқышта салқындату сұйықтығының мөлшері «тіп» белгісінен төмен болса, жүйені сұйықтықпен толықтыру қажет. Салқындату сұйықтығының мөлшерін бақылау жүйесі бар автомобильдерде сұйықтық мөлшерінің төмендігі туралы ақпаратты аспаптар панелінде орналасқан шырақ белгісінен білеміз. Жүйені сұйықтықпен толықтырған кезде, тек жүйеге құйылған сол маркалы антифриз құю қажет. Ол қозғалтқыштың төменгі температурада — 25°С дейін жұмыс істеген кезінде қолайлы болып табылады. Еген салқындату жүйесінде антифриз немесе тосолдың орнына жай су қолданылса, онда жүйеге тұз немесе тағы басқа минералды заттар- да тазартылған су қолданған жөн.

Жүйеге салқындату сұйықтығын құйған кезде радиатор тығынын, ци- линдр блогы мен радиатордың сұйықтықты ағызу шүмегін, ұлғайтқыш күбішігінің көлемді тексеру шүмегін ашып жэне оларда құйылып жатқан су пайда болғанда жабу қажет.

Автомобиль жұмыс істеп келген кезде немесе қозғалтқыштың ыстық кезінде жүйені салқындату сұйықтығымен толықтырған кезде, кеңей- тілген күбішіктің қақпағын бір айналымға бұрап, жүйе ішіндегі қысымды төмендету керек. Бұл операциядан кейін оны толық бұрап жэне шешіп алады. Кеңейтілген күбішік қақпағын шешіп алар кезде мұқият болған жөн, өйткені жүйедегі ыстық салқындату сұйықтығынан күйіп қалуға

 

.Қозгалтқыіитың салқындату жүйесінің бөлшектері:

1 — жанармайды бүрку жүйесіне аранлган салқындату жүйесі температурасының
сезгісі; 2-радиаторга келетін құбыршек; 3 — күбішік тыгыны; 4 — кеңейткіш
күбішігі; 5-радиатор тыгыны; 6 — радиатордан кеңейтілген күбішікке баратын
қүбыршек; 7 — салқындату жейдесі; 8 — қүю мойыны; 9 — тыгынның енгізгіш клапа-
ны; 10- тыгын шыгаргыш клапан; 11 — радиатордың сол жақ күбішігі;

12 — радиатор өзегі; 13 — радиатордың оң жақ күбішігі; 14 — желдеткіш
қанатшалары; 15 — турбулизатор; 16 — радиатордың резеңке тірегі;

17- желдеткіш қаптамасы; 18- желдеткіш белбеуі; 19- радиатор қүбыршегі;
20 — салқындату жүйесінің соргысы; 21 — салқындату сүйықтыгын соргыга
беретін қүбыршек; 22 — термостат; 23 — термостат қайта жібергіш қүбыршегі;
24 -салонды жылыту жүйесі радиаторынан сүйықтықты бүру түтікшесі;

25 — карбюраторды жылыту блогынан сүйықтықты бүру қүбыршегі;

26 — карбюратор блогына сүйықтық беретін қүбыршек; 27- салонды жылыту
жүйесі радиаторынан сүйықтық бүратын қүбыршек; 28 — салонды жылыту
жүйесі радиаторынан сүйықтық беретін қүбыршек; 29-резеңке қыстырма;

30 — радиатордан шыгатын түтік; 31 — негізгі клапан; 32 — термостат түрқысы;
33 — өткізгіш клапан; 34 — қайта жіберетін қүбыршек түтігі; 35 — соргыга
салқындату сүйықтыгын беру түтігі; 36- термостат қақпагы; 37 — поршень;
38 — соргы қақпагы; 39 — тыгыздама табанды қымтау сақинасы; 40 — тыгыздама;
41 — соргы білікшесінің мойынтірегі; 42 — желдеткіш шкивінің күпшегі;

43 — тоқтатқыш бүрама; 44 — соргы білікшесі; 45 — соргьі түрқысы; 46 — соргы
қанатшасы; 47 — қабылдау келтеқүбьіры

 

болады. Радиаторда салқындату суйыктығының көлемі оның мойнының төменгі шетіне дейін жетуі керек. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін жэне оның бос жүріс режимінде жұмыс істеген кезінде бір минуттай аралықга радиатордағы салқындату сұйықтығының көлемін тексеріп жэне керек болған жағдайда оны толықтыру қажет.

Салқындату жүйесіндегі сұйықтықты ауыстыру кезінде радиатор тығыны мен сұйықтыкты ағызу шүмегін, цилиндрлер блогындағы жэне салонды жылыту жүйесінің радиаторының шүмегін ашу керек. Егер ав- томобильде іске косу алдында жылыту жүйесі бар болса, онда оның казанындағы жэне сорғы агрегатындағы шүмекті ашып, салқындату сұйықтығын ағызып алады. Салқындату сұйықтығы улы болғандықтан, оны су тоғандарына жэне топыраққа.ағызуға болмайды.

Салқындату жүйесіне дайын антифриз, тосол немесе минералды зат- тарда тазартылған су құяды. Салкындату жүйесіне құйылатын антифриз бен коррозияға карсы қоспаларды зауыт-даярлаушы анықтайды. Жүйеге жаңа сұйықтық құяр алдында жүйені тотқа жэне қакка қарсы қоспалармен тазалайды.

Егер сұйықтықтың көлемі үнемі төмендеп кете берсе, жүйенің тығыз- дығын тексерген жөн. Антифриздердің тығыздығын ареометр кұралымен тексереді.

Салқындату сұйықтығының тығыздығын қозғалтқыштың жылы күйінде тексереді. Салқындату жүйесіне, цилиндр блогына жөндеу жұмыстарын жүргізгенде немесе оның төсемелерін ауыстырғанда, салқындату сұйықтығын толықтай ауыстырады. Коррозияға қарсы құрамдас бөлшектері бар жаңа сұйықтықты жүйеге құйған кезде, оның

 

кұрамдас бөліктері бөлшектердің бетіне коррозияға карсы жұка қабат болып орнығады. Бұл қабаттар бөлшектерді ұзак уақыт коррозия мен тотығудан сақтайды.

Салқындату сұйықтығының техникалық жағдайын тексерген кез- де, оның тығыздығын жэне температуралык теңгерімі анықтайды. Салқындату жүйесінің тығыздығы козғалткыш жұмыс істеп тұрғанда немесе жұмыс істемей тұрғанда сырттай қарап шығумен, салқындату сұйықтығының ағып кетуінен жэне автомобильді пайдалану кезінде кеңейтілген күбішіктегі сұйықтықтың төмендеу жылдамдығымен анықтайды.

Жүйенің жылулық теңгерімін қозғалтқыштың қызу уақытымен және қалыпты жұмыс температурасының тұрақтығы болуы аркылы білуге бо- лады. Жылулық теңгерімін салқындату сұйықтығының температурасы көрсеткішінің көмегімен анықтайды.

Егер козғалтқыштың температурасы жүктемелі автомобиль қозғалысы кезіндегі жылдамдық 80-90 км/сағ болғанда 80-95°С аралығында тұрса, онда салқындату жүйесі қозғалтқыш жұмысының оңтайлы температуралық режимін сақтап тұрғаны. Радиатордың жұмысқа жарамдылығын анықтаған кезде, оның жоғарғы жэне төменгі бөлігіндегі салқындату сұйықтығы температурасының өзгешелігінен білеміз. Егер екеуінің арасындағы температурада айырмашылық болса, онда ол ради- атор құбыршаларында қак пайда болған немесе олар ластанып, бітеліп қалған.

Қозғалтқыштың салкындату жүйесіндегі сұйықтықтың темпера- турасын автоматты түрде реттеу үшін жэне оны іске косқаннан кейін тездетіп жылыту үшін термостат пайдаланылады. Термостаттың жұмыс жарамдылығын оны қозғалтқыштан шешпей де, оны козғалтқыштан шешілген күйінде де анықтауға болады. Термостат қоршаған ортаның температурасы төмен болғанда, қозғалтқышты іске қосқаннан кейін салқындату, сұйықтығының температурасын тездетіп жоғарылатуға жэне сұйықтыктың температурасы шамадан тыс жоғары болғанда, қозғалтқышты сақтандыру мақсатында сұйықтыкты үлкен айналым- мен жібереді. Термостатта кемістіктер пайда болғанда, қозғалткыш ұзақ уақыт жұмыс температурасына дейін қызады, содан кейін кызып кетеді. Жылдың суық мезгілінде термостаттың ақауынан автомобиль салонын жылытуда қиындықтар туады.

Термостатты қозғалтқыштан шешпей-ақ жұмыс жарамдылығын тек- сергенде, қозғалтқышты іске қосып жэне жұмыс температурасына дейін қыздырады. Тексеру кезінде радиаторға келетін келте құбырдағы тем- пература өлшенеді. Егер келте құбыр мен радиатор жай қызатын болса,

 

онда термостат ашық күйінде сыналанып қалған немесе оның мүлдем болмағандығы.

Қозғалтқыштан термостатты шешкенде, жүйеден толықтай салқындату сүйықтығын ағызып алады. Қақпағын шешіп, термостатты шығарады. Термостатты қақ пен ластан тазалап, оны жылы суы бар ыдысқа сала- ды. Жай суды қолдана отырып, көптеген қозғалтқыштардың салқындату сұйықтағының температурасы 100°С-тан артық болатынын есте сақтау керек. Сондықтан тексеру кезінде үнемі қайнау температурасы жоғары сүйықтық, техникалық глицерин қолданылады. Егер тексеру кезінде жай су қолданылатын болса, термостаттың теқ клапанының ашылу сәтін ғана анықтай аламыз. Тексеру кезінде сұйықтықты ақырындап қыздырады. Температура 80-85°С-қа жеткенде, термостат клапаны ашыла бастауы ке- рек. «Форд» жэне «Фольксваген» автомобильдерінің термостаттарының клапандары бұндай температурада тек ашыла бастайды. Ол 92°С-та ашы- лады. Көптеген дизельді қозғалтқыш термостаттарының клапаны темпе- ратура 69-72°С аралығында ашылады. Термостат өз уақытында, белгілі температурада ашылмаса, ол жұмысқа жарамсыз болып саналады.

 Термостатты тексеруге арналган ванна
Термостат суыған кезде, оның клапандарының толық жабылғаны тексеріледі.

Клапанның ашылуын дэл анықтау үшін, индикатор қолдануға болады. Содан кейін сұйықтық температурасы 90-110°С-қа дейін жоғарылатылады. Бұл кезде термостат клапаны толық ашылуы керек. Егер тексеру кезінде термостат клапаны белгілі жағдайға дейін ашылмайтын болса, онда тер- мостатты ауыстырады.

 

Автомобильдердің салкындату жүйесінің температурасы аспап- тар панелінде орналасқын термометр көмегімен тексеріледі. Термо- метр тілінің жай-күйі сұйықтық температурасын көрсетеді. Термометр көрсеткіші үш түске бөлінген. Егер термометр тілі кара түс маңында болса, онда сұйықтық температурасы қалыпты шамада болғаны. Ал егер ол қызыл секторда болса, онда салқындату сұйықтығының темпе- ратурасы шамадан тыс болып, қозғалтқышқа кауіп төніп тұрғаны. Бұл жағдайда қозғалтқышты тоқтатып, пайда болған ақауды анықтау керек. Бұл ақаудың себебі салқындату радиаторының қабырғаларының бітеліп қалуынан, салқындату сұйықтығының аздығы, электр желдеткішінің істен шығуы және тағы басқа жағдайлардан болуы мүмкін.

Термометр тілінің көк секторда болуы қозғалтқыштың элі қалыпты жұмыс температурасына дейін толық қызбағанын білдіреді.

Жөндеу жұмыстарын талап ететін салқындату жүйесінің кеміс- тіктері:

—        салқындату сұйықтағының үнемі қайнауы;

—        салқындату сұйықтығының үнемі салқын болуы;

—        сұйықтық көлемінің агып кету салдарынан аз болуы;

—        су сорғысының жұмысында шудың пайда болуы;

—        салқындату сұйықтығында электролиздің пайда болуы.

Қозғалтқыштын қызып кетуі келесі себептерден болуы мүмкін:

—        салқындату жүйесінде сұйықтықтың ағып кету салдарынан аз бо- луы;

—        жүйенің бітеліп қалуы;

—        термостат немесе жалюздердін жабық күйінде сыналанып қалуы;

—        оталудың озу бұрышының дұрыс орнатылмауы;

—        желдеткіш жетегі белбеуінің үзілуі;

—        желдеткіш жетегі белбеуінің тайғанауы;

—        желдеткіш электр муфтасы жұмысының ақауы;

—        желдеткіш гидромуфтасы жұмысының ақауы.

Козғалтқһіштың қызып кетуі цилиндрдің жэне поршень сақиналарының

тозуын жоғарылатады жэне поршеньнің жанып кетуіне, сырғанау мойынтіректерінің жұмыс мерзімінің азаюына әкеліп соқтырады.

Көптеген автомобильдердің салқындату жүйесінің ақаулары сұйық- тықтың ағуы жэне қозғалтқышты салқындатудың тиімділігінін жеткілік-сіздігінен болады. Сұйықтықтың ағуы құбырлардың жэне олардың жалғаныстарының бұзылуынан, сусорғының майлануы- нан, төсемелердің жэне сынықтаран пайда болады. Ал қозғалтқыштың дұрыс салқындамауының себебі желдеткіш белбеуінің тайғанауынан немесе оның үзілуінен, сусорғының бұзылуынан, термостат ақауынан, радиатордың ішкі немесе сыртқы жағының бітелуінен болады. Жөндеу

 

жұмыстарын жүргізген кезде резеңкелі құбыршектер мен түтікшелерді ұқыпты шешу керек. Ал қайта кигізген кезде резеңке құбыршегінің басын қандай да бір маймен майлау керек.

Салқындату сұйықтығының құбыршектерінде сынықтың жоқтығын оларды сығу немесе бүгу жолымен тексереді. Сіреу кұбыршектерді ау- ыстырады. Құбыршектердің қамыттары сенімді тартылғанын тексеру қажет.

Қозғалтқыштың қызып кетуі ауа мен жанармай қоспасының жануының бұзылуына, үйкеліс күшінің жоғарылауы жанармайдың шығынының ар- туына жэне қозғалтқыш қуатына үлкен- әсерін тигізеді.

Салқындату сұйықтығы температурасының үнемі төмен болуы қозғалтқыш қуатының төмендеуі мен жанармай шығынының көтерілуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар салқындату жүйесі температурасының үнемі төмен болуы цилиндр-поршеньді топ бөлшектерінің тозуына келтіреді. Өйткені цилиндр қабырғаларындағы май жанармаймен жуы- лып кетеді.

Қозғалтқыштың үнемі жылымауы термостаттың ашық күйінде сынала- нып қалуынан немесе термостаттың жүйеде жоқ болуынан, желдеткіштің әлектр жетегінің немесе желдеткіштің гидро жетегінің ақауынан болады.

Егер салқындату қозғалтқыштың цилиндріне түсетін болса, онда қозғалтқыштың қарқынды коррозиялық-механикалық тозуына әкеліп соқтырады. Сұйықтықтың май картеріне түсуі, майдың көбіктенуіне алып келеді, ал ол, өз кезегінде, цилиндр-поршеньді топтың жэне айналшықты- бұлғақты механизмнің тозуына келтіреді.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля