Қосиінді бұлғақты механизм және газ тарату механизмінің жай-күйін анықтау

18 ноября, 2017 18:43

Қозгалтқыштагы тарсылды анықтау. Қозғалтқыштың қосиінді бұлғақты механизміндегі тарсылды анықтаудың ең қарапайым түрі — сте- тоскопты қолдану. Оның электронды стетоскоптан бастап «Экранас», уль- тродыбысты УС-01 стетоскопқа дейін бірнеше түрі қолданылады.

Электронды стетоскоп «Экранас»: 1 — сым; 2 — қоректендіру
элементі; 3 — түрқы; 4 — соққыны түрлендіргіш; 5 — дыбыс сезгіш өзек
Ол үшін қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықты 75…80°С-қа дейін қыздырып, стетоскоптың өзегін түпкі мойынтірек немесе бұлғақты мойынтірек тұратын жерге тақап, қозғалтқыштың айналу жиілігін шұғыл өзгерту арқылы анықтайды. Түпкі мойынтіректе саңылау көп болса, қатаң дыбыс шығады, ал бұлғақты мойынтіректе саңылау көп болса, сыңғырлаған айқын естілетін дыбыс шығады, ал саңылау 0,1…0,2 мм. бол- са, дыбыс барлық айналымда біліне береді.
. Қозғалтқыштан шыгатын дыбысты тыңдайтын жерлер
Мұндай тарсыл жанармай бүркілуінің ерте берілуінен пайда болды. Егер жанармай берілуін қалпына келтірсе, ол тарсыл жойылады.

Поршень мен цилиндрдің арасындағы саңылау 0,3…0,4 мм болса, козғалтқыштың суық кезінде иінді біліктің айналу жылдамдығын шұғыл төмендеткенде жэне жай айналғанда тарсыл пайда болады.

Газ тарату механизміндегі тарсыл тек клапандардың арасындағы саңылаудың бұзылуынан пайда болады. Клапанның серіппелерінің сыну- ынан пайда болатын тарсыл қозғалтқыштың иінді білігінің барльіқ айна- лу жиілігінде анық естіледі.

. Стетоскоп және оны пайдалану тәсілі
Булгақтыц астыңгы және үстіңгі басындагы саңылауларды анықтау. Бұлғақтың арасындағы саңылауды КИ-13907 қондырғысы жэне КИ-11140 аспабы арқылы қозғалтқыштың картерін ашпастан, қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда анықтайды. Поршень жоғары ЖШН-ге қарай қозғалғанда, поршеньнің саусағы бұлғақтың жоғарғы басының төменгі жағымен тиісіп тұрады, ал қосиін (бұлғақтың мойнағы) бұлғақтың төменгі басының жоғарғы бөлігімен жанасады. Поршень төмен қарай қозғалғанда,
саусақтың жанасуы керісінше болады. Бұл екі жағдайда да индикатор санылаудың жиынтығын өлшейді. Поршень жоғары қарай поршеньнің устінде пайда болатын вакуумның әсерінен қозғалса, ал төмен қарай бүріккіш орналасатын тесік арқылы сыгымдағышпен берілетін ауаның қысымымен жылжиды.

Сығымдағыш-вакуумды кондырғы электр козғалтқышынан және екі баллоннан, оның біреуі вакуум тудырады, ал екіншісі қысым жасау үшін, ауамен толтырылады. Ауамен толтырылған баллон (10) сақтандырғыш клапанмен (9), ал вакуумдық баллон (13) вакуум реттегішпен (12), басқару шүмегімен, вакуум өлшегішпен (5), ауа сүзгісімен жабдықталған. Баллон- дар тексерілетін қозғалтқыштың цилиндрлерімен қүбыршектер арқылы жалғастырылады.

1                 2        3 4 5          6     7
 Қондыршны қазгалтқышқа қосу сұлбасы: 1 — КИ-13907
құрылгысы; 2, 4, 25 — таратқыш, сыгымдагыш және соргыш құбырлар;3 — таратқыш шүмек; 5 — вакуумметр; 6, 7 — шүмектер; 8 — қысым реттегіш;

9 — сақтандыргыш клапан; 10- қысымдагы баллон; 11 — сыгымдагыш; 12 — вакуум
реттегіш; 13 — вакуумдық баллон; 14 — вентиль

Электр қозғалтқышы баллонның біреуіне ауа толтырып, екіншісіндегі ауаны шығарып вакуумдандырады.

КИ-11140 аспабы арқылы (9.9-сурет) косиінді бұлғакты механизмнің жиынтық саңылауын өлшейді. Қондырғының тұрқына (2) индика-

 

тор (1) бекітілген. Бұл кондырғыны бүріккіштің орнына орнатады.
Қозғалтқыштың бұлғақтарының арасындағы саңылауды анықтау үшін,
алдымен қозғалтқышты қыздырып алу қажет. Содан кейін бірінші
цилиндрдегі поршеньді ЖШН-ге (жоғарғы шекті нүкте) қойып, қысылған
ауа берілгенде жылжымайтындай етіп бекіту қажет, ол үшін беріліс
корабын қосып қояды.Бүріккіштің тесігіне КИ-11140 аспабы индикатормен бірге орнаты-
лады. Аспаптың соташығы поршеньнің түбіне тиіп тұратындай болуы
керек. Сығымдағыш-вакуумдық қондырғының таратқыш құбьіршегін
жалғастыққа жалғайды да, іске қосып, қысым мен вакуумды қажетті
көрсеткішке қояды, ол 0,06—0,10 жэне 0,06…0,07 МПа болуға тиіс.
Вакуумдық баллонды (13) поршеньнің үсгіндегі кеңістікпен жалғап,
индикатордағы көрсеткішті белгілеп алу қажет. Бұлғақтың бастарындағы
жиынтық саңылау 0,25—0,30 мм.-ден аспауға тиіс. Егер бір бұлғақтың
саңылауы берілген көрсеткіштен артатын болса, онда қозғалтқышты
жөндеуге тура келеді.

Саңылауды өлшеудің тәртібі.

Қызып тұрған қозғалтқыштан тез арада майды ағызып, сүзгіштерді
тазалап, оның орнына дизель отынын құяды да, қозғалтқышты 5 ми-
нуттай жұмыс істетіп, ондағы майды төгіп тастайды. Бүріккішті алып

тастап, оның орнына аспапты орнатады. Тексеретін
цилиндрдегі поршеньді ЖШН-ге әкеліп қояды
да, оны жылжымайтындай етіп бекітеді. Ол үшін
қозғалтқышты беріліс қорабына қосып қояды. Цилин-
дрге сығылған ауа жіберіп, индикатордағы көрсеткішті
белгілеп алғаннан кейін вакуумды қосады, поршень
вакуумның әсерінен жоғары жылжып, индикаторда
басқа көрсеткіш пайда болады, бұрынғы көрсеткіш пен
кейінгі көрсеткіштердің айырмашылығынан жиынтық
саңылаудың көрсеткіші анықталады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля