ЖМҚ химиясының негізгі түсініктері

31 января, 2017 22:38

Жоғары молекулалық қосылыстар өзінің атауына молекулалық масассы салыстырмалы түрде сирек бірнеше жүзге жететін төменгі молекулалық қосылыстардан жоғары молекулалық массасымен ерекшеліну салдарынан ие болған.

Қазіргі кезде жоғары молекулалық қосылыстарға молекулалық массасы 5000 жоғары және миллионға дейін жететін заттарды жатқызады. Сонымен, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы молекуласы көптеген жүздеген атомдардан тұратын химиялық заттарды зерттейді.

ЖМҚ молекуласын макромолекула деп атайды, ал ЖМҚ химиясын макромолекулалар химиясы немесе макромолекулалық химия дейді.

Көптеген ЖМҚ макромолекуласы бірдец, бірнеше рет қайталанылатын атомдар тобы – элементарлы буындардан тұрады, мысалы:

— А – А – А – А – А – А – А– А – А– А– А– А– А– А– А — …

Макромолекуладағы элементарлы буындар саны полимерлену дәрежесін Р береді. Полимерлену дәрежесі полимердің молекулалық массасымен қарапайым қатынаста байланысты:

мұндағы m – элементарлы буынның молекулалық массасы.

Барлық полимерлер молекулалық массасы әртүрлі макромолекулаларға ие. Полимерлердің бұл қасиеті полидисперстілікдеп аталады, ал химиялық құрамы бірдей, бірақ молекулалық массасы әртүрлі макромолекулалар полимергомологтар деп аталады.

Молекулалық масса және молекулалық массалық таралу полимерлердің ерекше қасиеттерін негіздейтін маңызды сипаттамалары болып табылады.

Полимердің құрылысы полимердің химиялық табиғаты мен синтездеу әдісінен тәуелді. Полимерлі макромолекуланың құраушы буындары тізбекте әртүрлі жолмен макромолекуланың әртүрлі құрылымдық түрін түзе отырып қосылуы мүмкін.

Тармақталған полимерлер полимерлену және поликонденсациялану реакцияларында түзіледі.

Сызықты макромолекулалары бір бірімен табиғаты әртүрлі химиялық байланыстар арқылы байланысқан полимерлер тігілген полимерлер деп аталады. Көлденең химиялық байланыстар полимердің түзілу реакциясында да, алдын ала синтезделінген сызықты полимерді химиялық өңдеу кезінде де түзіледі. Полимердің құрылысы ретті және реттелетін және реттелмейтін бола алады. Реттелетін полимерлерге изотактикалық және синдиотактикалық жоғары молекулалық қосылыстар, ал реттелмейтін полимерлерге атактикалық жоғары молекулалық қосылыстар жатады.

Бірдей орынбасарлары негізгі тізбек жазықтығына қатысты ретсіз кезектесетін полимерлерді атактикалық полимерлер деп атайды.

Бірдей орынбасарлары негізгі тізбек жазықтығына қатысты бір жақта орналасатын полимерлерді изотактикалық деп атайды.

Бірдей орынбасарлары негізгі тізбек жазықтығына қатысты молекулалық тізбекте кезектесетін полимерлер синдиотактикалық деп аталады.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля