АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ .

28 января, 2020 19:48

 

М А 3 М Ұ Н Ы

 

 

КІРІСПЕ

 

I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.

  • 1. Дәлелдемелер түсінігі………………………………………………………………….6
  • 2. Дәлелдемелердің қатыстылығы…………………………………………………..10
  • 3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету………………………………………………… 13

 

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.

  • 1. Дәлелдеу құралдары……………………………………………………………………15
  • 2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері………………..17
  • 3. Куәнің айғақтары………………………………………………………………………..18
  • 4. Жазбаша дәлелдемелер……………………………………………………………….19
  • 5. Сарапшылардың қорытындысы…………………………………………………..22
  • 6. Заттық дәлелдемелер…………………………………………………………………..23

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..24

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………..27

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.

Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.

Сотпен субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық істерді қарау мен шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен  мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген сот шешімі.

Сот төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен азаматтық істі қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу арқылы жасалады.

Соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып және қолдануда жататын материалдық нормаларға сүйене, сот ішкі наныммен көмегімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы қортындыға жетеді.

Сот қызметі барысында нақты фактілердің бар немесе жоқ екендігін дәлелдеуі. Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама түрде растайтын фактімен мәліметтер.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.

Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

Бітіру жұмысымның тақырыбы қазіргі азаматтық іс жүргізу құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі болып табылады. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына беруден сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады.

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Осы бітіру жұмыстың мақсаты болып дәлелдемелер мен дәлелдеудің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы алатын орнын көрсету табылады.

Бітіру жұмыстың мақсатына жету үшін қойылатын негізгі міндеттер:

—    дәлелдеудің түсінігі мен міндетін көрсету;

—    дәлелдемелерді ұсыну, оған жол беру және растығын қарастыру;

—    дәлелдемелерді қамтамасыз ету;

—    куәнің айғақтары, міндеттері мен құқықтары;

—    жазбаша дәлелдемелер;

—    заттай дәлелдемелер;

—    сараптама тағайындау және оны жүргізудің тәртібі.

Бітіру жұмысының мақсатына   жету   үшін   төмендегі   авторлардың еңбектері қаралып, зерттелді. Олар, Суханов Е.А., Сергеев А.П.,
Осипов П.М., Муинс А.М., Треушников М.С., Шакарян А.А. және т.б.

 

 

I ТАРАУ.  АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

 

  • 1. Дәлелдемелер түсінігі

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз — Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өре де маңызы мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты дәлелдер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тармақтардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Енді дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың осы айында берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалым К.Н.Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайқызған. Бұл мағынада дәледемелер логика ғылымына жатады — деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер — деп даулы юридикалық фактінің бар-жоқтығына туралы соттық шешіміне себеп болатын занды негіз», — деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер мен соттық дәлелдемелер бір-біріне ұқсас. Басты айырмашылығы М.К.Треутниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треутников: «логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп аталады» — дейді: басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар, дәлелдемені ережелер болады. Ал сот тәжірибесінде фактінің нағыз өмірде орын алған, алмағандығы дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы». Треутниковтың берген анықтамасын төмендегідей: «Соттық дәлелдемелер дегенімі — қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процесуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелеген мән-жайлар»[1].

С.В. Курылевтің көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірге белгілі фактілер мен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шарталған деген материалистік диалектикалық заңына сүйеніп берген[2].

Дәлелдемелерді тек фактілер ретінде процессуалдық формасынан айырып қарауға болмайды. Өйткені заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде тек қана заңда көрсетілген бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыза былай деген: «Дәлелдеу құралынған бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды» — деген[3].

Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды. Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, — деректі фактілер, екіншісі, дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын, қылмыстың бар-жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері»[4].

Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: «Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте фактілік деректен дәлелдеу құралы өте тығыз байланымдан және бір-біріміз фактілік деректер де дәлелдеу құралы да дәлелдеу функциясынан айырмада басқаша айтқанда соттық меншікте заңды негіз бола алмайды». Бұл оймен көптеген авторлар келеді, және де автор: «деректер туралы фактілер», «деректі фактілер» деген ұғымның орнына «информация», «мәлімет» деген ұғымды қолдануды ұсынды. Осыған байланысты Сахонова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:

  1. Дәлелдеме ретінде істі дұрыс шешу үшін қолданылатын және заң талаптарын сәйкес алынған мәлімет табылады;
  2. Бұл мәлімет тараптардың жауаптарынан, куәлардың айғақтарынан, құжаттарда немесе заттай дәлелдемелерден, сарапшының қортыныдысынан, маманның түсініктемесінен, және де ЭЕМ-ның көмегімен, аудио-, видео-,   және компьютерлік техникадан алынуы мүмкін;
  3. Шығу тегі белгісіз дәлелдеме ретінде қолданыла алмайды[5].

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды тұрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы баска да тұлғалар береді.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуга тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.

Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жок лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.

Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.

Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.

Егер тарап сот сүратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.

Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

1) күш   қолдану,   қорқыту,   алдау,   сол   секілді   өзге   де   заңсыз   іс-әрекеттерді қолдана отырып;

2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан   туындаған   іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;

3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;

5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.

Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардьгң өтінімі бойынша сот белгілейді.

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.

Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.

Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.

Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.

Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:

1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

2) адамның заңды білуі;

3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

4) олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.

 

Дәлелдемелер сотта істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін қолданылады. Сот бірде-бір істі оның мән-жайын анықтамай шеше алмайды. Соттың міндеті – құқықтармен, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болатыны мәлім. Осы қорғауды көрсету үшін сот әрбір жағдайда, талапкер құқықты қорғауды сұрап жатқан құқықтың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген міндеттің жатқандығын, даулы құқық қатынастарын ашып анықтау керек. Бірақ, құқықтар мен міндеттер өздері туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруін және тоқталуын, заң белгілі – бір заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады. Сондықтан, сот даулы құқық қатынастарды анықтау үшін алдымен нақты қандай заңи ақиқаттардың болғанын анықтау керек.

Сот әділдігі – бұл қатаң анықталған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажетті талабының бірі, соттық шешімінің процессте дәлелденген ақиқаттарға негізделуі болатын қызмет.

Процесстен тыс, дәлелдемелер қатарынан емес алынған ақиқаттар туралы мәліметтер мен мәлімдемелер сот пен қолданылмайды. Мысалы, судьялар жеке өмірден, басапның мәліметінен т.б. істің мән-жайы туралы  білсе, мұндай мәліметтер соттың қорытындысы үшін негіз бола алмайды.

Азаматтық іс жүргізу заңының 218 бабының 2 бөлімі, сот шешімді сот отырысында  зерттелген дәлелдемелерге ғана  негіздейді деп мәлімдейді 1[6].

Сотта дәлелдемелер ретінде не қолданылатындығын процессуалды заң анықтайды. Соттың дәлелдемелерге – тараптар мен үшінші тұлғалар түсініктемелері, сарапшылар қорытындылары т.б. жатады.

Заң сотқа жіберілетін дәлелдемелер тізімін ғана анықтап қоймайды, ол сонымен қатар олардың әрбіреуін пайдаланудың процессуалды тәртібін де анықтайды. Мысалы, кімнің куә бола алатыны мен бола алмайтыны, сраптаманы қалай тағайындау анықталады.

Азаматтық іс жүргізуде істің ақиқатты мән-жайын анықтау қызметі соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайымен ақиқаттар дәлелдеу пәні, ал дәлелдеудің жүзеге асу құалдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер —    істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін сотпен қолданылатын құралдар болып табылады.

Соттық дәлелдеме санатын түсінудегі белгілі қиындық, дәлелдемелердің әрбір дәлелдеу құралы атауында. Бірінші бөлімінде дәлелдемелер нақты деректер болса, екінші бөлімінде дәлелдемелер – дәлелдеудің процессуалды құралдары болады.

Мұндай жағдайда соттық практика мен әдебиет те түседі. Әдебиетте осы екі санаттарды бөліп әрі дәлелдемелер ретінде тек нақты деректерді ғана атауға қадамдар жасалады. Бірақ, бұл іс жүзіне аспады. Осындай ұсыныстардың авторларының өзі дәлелдемелер ретінде нақты деректермен дәлелдеудің процессуалды құралдарын атады.

Сонымен, соттық  дәлелдемелер – бұл заңмен қаралып реттелген дәлелдеудің процессуалды құралдары (тараптармен үшінші жақтардың  түсіндірмелері, сарапшылардың  қорытындысы). Дәлелдемелер деп сонымен қатар олардан алынған нақты деректерді де атайды жеке оның негізінде сот істің мән-жайын анықтайды.

Нақты деректер деп соттың куәларды сұраудан, құжаттарды деректерден т.б. алатын істің мән-жайы туралы мәліметтерді айтамыз. Нақты деректерге дәлелдемелік деректер де жатады. Үнемі дәлелдемелер, іс бойынша анықтауға жататын заңи деректер туралы тікелей  мәліметтерді емес, олар заңдылармен белгілі – бір байланыста болып және осылар арқылы байырғы заңда деректердің бары не жоғы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін кейбір басқа деректер туралы мәліметтерден тұрады. Іс бойынша өздері байырғы заңи дерек болмайтын, бірақ олар туралы қорытынды үшін негіздер беретін ақиқаттар дәлелдемелік деп аталады 2.    [7]

Процессуалды теориямен соттық практикада дәлелдеменің қайнар көздері, ұғымы мәлім. Дәлелдеменің қайнар көздері болып деректер туралы мәліметтерді ұстаушы заттар мен тұлғалар шығады. Осындай дәлелдеменің қайнар көздері, яғни тарптардың түсіндірмелері, сарапшылар қорытындыларының қайнар көздері адамдар, сарапшылар, куәлар т.б. болады. Олардың қалыптасуында маңызды рольді адам психикасының ерекшеліктері ойнайды, яғни олар дұрыс қабылдау қабілеті, істегі мүмкінді мүдделік т.б. Осындай кезендер, кез-келген жеке дәлелдеулерді зерттеумен бағалауда есепке алынады. Қайнар көзі ретінде шығатын дәлелдемелерді заттық, жазбаша немесе аралас деп атайды.

Дәлелдеу – соттық дәлелдемелер арқылы істің мән-жайын анықтауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау бойынша барлық процессуалды қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу – дәлелдемені ұсынуды, жинауды, зерттеу мен бағалауды алып жатады. Дәлелдемелерді ұсыну әдісі, қандай дәлелдемеге қатысты сөз болуына байланысты. Куәлардың көрсетулеріне қатысты айтқанды, қандай куәлар істің мән-жайын растай алатыны көрсетіледі. Жазбаша, жеке заттық дәлелдемелер  сотқа беріледі. Олар басқа тұлғаларда болса, онда соттың  талап етуі туралы шағымын беруге болады.

Дәлелдемені сот жинайды, тараптар ұсынған дәлелдемелерді қабылдап, олардың шағымымен куәларға шақырулар жібереді. Сарапшының қорытындысы үшін сот сарапты тағайындау туралы анықтама шығарады.

Ал, дәлелдемелерді жинау талап арызды қабылдаған кезден басталады, әрі істі сотта қарауға дайындау кезінде жүргізіліп сот мәжілісіне дейін бітуі керек.

Бірақ, заң  дәлелдемелерді жинауға бұдан кейін де жол береді. Сот мәжілісінде жаңа дәлелдемелерді – зерттеу туралы шағымдар берілуі мүмкін және сот тараптарға  қосымша дәлелдемелерді  ұсынуды талап етеді [8]. Сондай-ақ, дәлелдемелерді қамтамасыз ету институтын қолдану арқылы жиналады.

Дәлелдемелерді басқа қалада жинау қажеттігі туындағанда істі қараушы сот, сәйкестенген сотқа белгілі бір процессуалды әрекеттер жасауды тапсырады. Бұл тапсырма он күнге дейін орындалуы керек. Дәлелдемелер сот мәжілісінде жариялық, ауызша, тікелейлік, үзіліссіз, жарысушылық қағидалары арқылы зерттеледі. Сот мәжілісінде тараптардың түсіндірмелері тыңдалады, куәлар сұралады, сарапшылар қорытындысы жарияланады. Жазбаша дәлелдемелер жарияланады, ал заттық дәлелдемелер қаралады. Егер, жазбаша немесе ауызша дәлелдемелер сотқа келе алмаса, онда олар орналасқан жерінде қаралып зерттеледі. Қарау әрекеті – барлық тұлғаларды орыны мен уақытын ескертіп сот жүзеге асырады,  қараудың нәтижесі хаттамаға жазылады.

Кез-келген істі дұрыс шешу үшін сот іске қатысты барлық заңды деректерді анықтау керек.Істі нақты шешудегі анықтау заңды деректер жиынтығы, дәлелдеу пәні деп аталады.Әр бір іс үшін дәлелдеу пәніне келетін деректер құрамы әртүрлі болады.Сот оны тараптардың талаптары мен қарсылығынан шыға отырып және материалдық құқықтық нормаларын басқа ала отырып анықтайды.

Дәлелдеу пәніне талаптармен көрсетілген талап арыздың  негізгі түріндегі заңды деректер   жатады. Дәлелдеу пәніне, сонымен қатар талапқа қарсы қарсылық көрсету негізінің деректері жатады.Процесске дербес талап мәлімдеуші немесе талаптар енгізілгенде іс бойынша дәлелдеу пәніне осы талаптардың пайда болу деректері де кіреді.

Тараптармен көрсетілген деректердің қандай заңды мәні бар екндігін және қандай деректерді анықтау керектігін анықтауда сот даулы қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын басқа алады. Осы нормалардың гипотезасында тараптардың құқықтары мен міндеттері тәуелді болатын  деректер  көрсетілген және бұлар іс бойынша дәлелдеу пәніне кіреді [9].

Азаматтық іс жүргізу кодексі, дәлелдеусіз істің шешілу негізіне жататын деректердің екі санатын қарастырады. Сондықтан, олар дәлелдеу пәніне енгізілмейді, жалпыға мәлім деректер мен преюдициалды анықталған ақиқаттар. Жалпыға мәлім деректер көпшілік ортаға мәлім деректер болып табылады. АІЖК 71 бабының 1 бөлімі ,[10] сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Сонымен, мән-жайды жалпыға мәлім және дәлелдеуді қажет етпеуді тану құқығы тек сотта ғана бар. Белгілі-бір деректер туралы мәліметтердің таралу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Деректердің өздері бүкіл әлемге, бір елдің аумағында, облыста, ауданда әйгілі болады.Таралу дәрежесіне қарамастан жалпыға мәлім деректер дәлелдеуге жатпайды.

Бірақ та, таралу дәрежесімен келесі процессуалды салдарлар байланысты, олар бір елдің шегінде мәлім деректі сот өзінің шешімінің негізіне ешбір жариясыз сала алады.

Егер дерек тек бірақ аумақта мәлім болса, мысалы аудан шегінде болса, онда сот шешімінде осы деректі жалпыға мәлім болғандықтан дәлелдеуге жатпайтын деп танылғанын көрсетуі керек. Мұндай көрсету өте қажетті, себебі жоғары сот инстанцияларында бұл дерек мәлімсіз болуы мүмкін және ол шешімде неліктен дәлелдемемен расталмағандығы көрсетілуі керек.

Дәлелдеуге преюдициялық танылған, яғни бұрын шығарылып заңды күшіне сот үкімімен басқа іс бойынша анықталған деректер жатпайды. Ал практикада кейде бұрын сотпен зерттелген деректер басқа істерді шешу үшін маңызды болып қызмет көрсететін жайлар да кездеседі. Олар дәлелденбейді, себебі заңды күшіне соттың қаулысымен анықталған. Сот оларды тексеріп, жаңа соттық қарауға жібере алмайды.

АІЖК 71 бабының 2 бөлімінде , бұрын қарастырылған азаматтық іс бойынша, соттың заңды күшіне енген шешімі мен анықталған мән-жайлары сот үшін міндетті және басқа азаматтық істерді қарауда сол тұлғалардың қатысуымен қайта дәлелденбейді деп жазылған. Соттар өз қызметінде преюдициалық ережелерін қатаң сақтап, преюдициалық деректерді қайта дәлелдеуге жол бермеуі керек. Егер кейбір жағдайларда істі кешірек қарап жатқан сотта шешім не үкіммен заңды күшіне енген деректің дұрыстығына күмән туындаса, ол шешім үкімді қайта қарау туралы сұрақты қадағалау тәртібінде қарауға жібере алады. Заңға сәйкес, сот органдары  олардың тек үкімдері және шешімдерімен анықталған мән-жайлар преюдициалық мәнге ие болады. Ал басқа соттық қаулылар, мысалы проукрор – тергеу органдарының қаулылары дәлелдеуден босатуға негіз болмайды.

Азаматтық іс жүргізу құқының теориясында дәлелдеуге жатпайтын деректерге кейде жорамал және даусыз деректерді жатқызады [11]. Бірақ, біздің құқықтық жүйеде олай емес. Жорамалдар, белгілі бір деректерді дәлелдеуден тек бір ғана тарапты босатады. Ал екінші тарап осы деректерді танымай, итеруге дәлелдемелер ұсынып олардың жоқтығын дәлелдейді.

Сот өзінің бастамасымен әрі құқығын пайдалана отырып, дәлелдемелер арқылы жорамалданушы ескертулердің болуын тексере алады. Жорамалдар деректерде дәлелдеу міндетін қайта бөледі, бірақ оларды дәлелдеу пәнінен шығара алмайды.

 

 

  • 2. Дәлелдемелердің қатыстылығы, жарамдылығы

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабындағы анықтаманың мазмұнынан шығатын термин — дәлелдемелердің қатыстылығы. Бұл терминге арнайы азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабы арналған: «Егер дәлелдеуде іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды».

Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін қатыстылығын анықтайды. Сот іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған дәлелдемелердің ішінен бейімділікке жататын фактілермен мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап шешім шығаруы үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеп екінші жағынан өз мағынасымен қаралып отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып тастаған дұрыс.

Қатыстылық дегеніміз соттық дәлелдемелермен сот қарауының объектісі болып отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы. Бұндай байланыстың болуы зерттеліп отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады.

Юридикалық әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі талдалады. Бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің белгілі десе, бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың алғы шарты ретінде түсінеді. Бұл авторлардың бұлай ойлау себебі дәлелдемеде қатыстылық белгілі сипаты бар немесе жоқ екендігі осы дәлелдемелер сот зерттеуінде болмай жатып қалай анықталатындығында[12]. 67-баптың мазмұнына қарайтын болсақ, бұл бап негізінен соттық жүріс-тұрысын реттейтін норма болып табылады, өйткені тараптар дәлелдемелер ұсыну барысында қателіктер жіберуі мүмкін.

Сот дәлелдемелердің қатыстылық ережесі бойынша болашақ осы қаралып отырған іс бойынша негізінен шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.

Заң әртүрлі істер бойынша керекті әртүрлі дәлелдемелердің толық шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің қатыстылығы соттық өзінің ішкі өкімі бойынша бағалайды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы) М.К.Треутниковтың ойы бойынша қатыстылығын бағалау процесін екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп жатырған факті осы азаматтық іс үшін маңызы бар ма жоқ па? Сонан кейін барып екінші этапта осы дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы туралы мәселе шешілуі тиіс дейді[13]. Бұл ереже «жалпыдан жекеге» методы негізінде құралған ереже соттық о бастан дәлелемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап етілмей қалуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында дәлелдеу міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет беру деп санайды[14]. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:

  1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатыушы басқа да тұлғалар береді.
  2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың  және   іске   қатысушы  басқа да  тұлғалардың талаптары   мен   қарсылықтарының   негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс   нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
  3. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
  4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына қатыса алады.

Егерде алдыда қарағанда белгілі болғандай қатыстылық бұл дәлелдеменің мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің жарамдылығы сол дәлелдемелердің процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу құралдарына байланыстылығы қаралады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 63-бабында: егер осы кодексте көзделген түрінен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады, — делінген. Бұл қалып та 64-баптың мазмұнынан шығатын ерекше болып табылады. Дәлірек айтқанда 64-бапта: «… заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады» — делінген. Соттағы дәлелдеу барысында құқықтық маңызы бар белгісіз фактілер кез келген дәлелдемелермен емес керісінше алдын ала занда көзделген дәлелдеу құралдарымен жүзеге асырылады. Жарамдық институты азаматтық іс жүргізу құқығында да қылмыстық іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп келе жатыр. Белгілі қылмыстық процессуалист Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей келе жарамдылық қасиеті төрт критерийден тұрады деген тұжырымға келген:

  1. дәлелдемелер алуға байланысты процессуалдық әрекет жүргізуге құқылы субъектінің болуы;
  2. жарамды фактілік дерек көзі (дәлелдеменің мазмұнын құраушы);
  3. дәлелдеме алу үшін жасалған әрекеттің процессуалдық талаптарға сай болуы (процесуалдық әрекет);
  4. дәлелдеме алу үшін қолданылған процессуалдық әрекеттің талаптарға сай болуы[15].

Көптеген авторлар дәлелдемелердің жарамдылығы тек жауаптарға қатысты десе (К.С.Юдельсон, И.М.Резниченко) ал, келесілері бұл барлық дәлелдеу құралдарына байлансты дейді (АТ.Калрин, Н.Д.Лордкипанидзе). Бұл мәселе бойынша процессуалдық құқықта реттелген бір жақты ой жоқ.

Дәлелдемелердің жіктелуі: тікелей және жанама; алғашқы және туынды; өзіндік және заттық.

Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз — дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге тиесілі бір маңызды белгісі негізінде жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген белгі теорияда жіктеу негізі деп аталады.

Дәлелдемелерді жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге, белгілі бір топқа жататын дәлелдемелерді шындыққа қол жеткізудегі маңызын, немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді.

Дәлелдемелерді жіктеудің негізі болып әртүрлі белгілер болуы мүмкін. Мысалы дәлелдемелердің мазмұнына байланысты, немесе процессуалдық формасына байланысты, соттық бағалау нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі негіздерге байланысты бөлуге болады[16].

Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл дәлелдемелердің мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама[17]. Тікелей дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.

Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер алғашқы және туынды болып екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей дәлелдемеге мәлімет қалдыруымен сипатталады. Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз — басқа дәлелдеме көзінен жазылып алынған дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған фактімен зерттеліп отырған, дәлелдеменің ортасындағы тағы да басқа аралық мәлімет тасмалдаушылар бар.

Дәлелдемелерді процессуалдық формасының сипаттамасына немесе дәлелдеу құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі[18]. Бұл негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа бөлінеді. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді. Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді жатқызады: тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері, куәлардың анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және заттық дәлелдемелер жатқызылады.

Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен қатар жазбаша дәлелдемелерді қосады. Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді. «Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен шығады, және дәлелдеме мазмұны материалдық объектіде бекітілгендігі маңызды емес», — дейді автор[19]. С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері — фактісін жатқызады[20]. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық дәлелдемеден алынған мәлметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет тасмалдаушы, дәлірек атқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады.

Даусыз деректер деп екінші тарап дәлелдейтін, бір тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық іс жүргізуші деректе тану – іс бойынша тек дәлелдеме болуы саналады. Танылған дерек – дәлелдеу оған қатысты іске асқан дерек болып табылады. Бұл істің мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты, істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға негіз жоқ.

Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материалдық – құқықтық мәні бар деректерді жатқызады[21] . Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықтаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда, басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық – құқықтық емес, процессуалдық мәнді қажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін, жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкестенген анықтамалар алынады. Белгілі бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады.

Процессуалды мәні бар мән-жайларға, тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде қолданылатындықтан процессуалды мәнге ие болады. Бұған дейін олар басқа дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелденуі керек.

Сонымен, іс бойынша дәлелдеуге тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық-құқықтық мәні бар деректерді (дәлелдеу пәні); процессуалды- құқықтық мәні бар деректерді (процессуалды сұрақтарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады.

Істі шешу үшін қажетті деректерді анықтау, сотқа дәлелдемелерді ұсыну және оларды сот мәжілісінде зерттеу арқылы дәлелденеді.

Процесс үшін аса маңызды жәй ретінде кімде дәлелдеу міндеті шығады.

Біздің процессімізде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу міндеті тараптарда болады. АІЖК 65-бабына сәйкес[22] , әрбір тарап өзінің талабымен қарсылығының негізіне,сілтеме жасайтындай белгілі бір мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, біз тараптарда дәлелдеу міндеті болатынын және әрбір тарап өзінің талабын негіздеу үшін сол мән-жайды дәлелдеуге міндетті екенін көреміз.

Тараптың талабымен қарсылығын негіздейтін дерек болған соң тарап оның анықталуында мүдделі болатындықтан, сол тараптың осы деректің расталуы үшін барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгілі-бір тарап деректі дәлелдемесе, онда шешім оның пайдасына шешілмейді. Бірақ та,біздің процессте  сот тараптарға дәлелдеуге ықпал жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер ұсынуға жол береді. Егер қосымша дәлелдемелерді ұсыну  қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелерді жинауға ықпал жасайды. Бірақ та, тараптар соттың ықпалына сене бермеуі керек, соттық дәлелдемелердің болуын тек тараптардан білетіндігін де есепке алу керек. Процесстегі тараптардың қызметсіздігі, дәлелдеменің табылмай қалуымен анықталуға тиіс деректің дәлелденбей қалуына алып келеді.

Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас тартулар да болады, бұлар дәлелдемелік жорамалдар арқылы анықталады.

Дәлелдемелік жорамалдар – бұл белгілі бір деректің болуын, егер басқа онымен байланысты деректер дәлелденсе, заңмен анықталған жорамалдау болып табылады.  Бір тарап өзінің талабымен қарсылығын негіздеуде, дәлелдемелік жорамал қол астына түсетін қандай да бір дерекке сілтеме жасаса, онда  бұл деректі дәлелдемейді, себебі ол бар болып жорамалданады. Екінші тарап, бұл жорамалды жоққа шығара алады, егер бұл жағдайда жорамалдау дерегі жоқ деп дәлелденсе.

Азаматтық процесстегі барлық дәлелдемелік жорамалдар жоққа шығарылуы мүмкін. Жорамалды жоққа шығару, шындыққа сәйкес шешім шығаруды қамтамасыз етеді. Егер жорамал істің мән-жайына сәйкес келмесе, онда мүдделі тарап одан бас тарта алады. Дәлелдемелік жорамалдау тараптар арасында дәлелдеу міндетін бөлуді өзгерте отырып, сотты істің нақты мән-жайын анықтау қажеттігінен босатпайды, әсіресе нақты жағдайда жорамалдау дерегі болуын не болмауын тексеруден босатпайды. Егер де жорамалдау дерегі нақты болуы не болмауы туралы шын қорытынды жасауға дәлелдемелерді анықтай алмағанда ғана, сот заңда анықталған жорамалдарға шешімін негіздей алады.

Дәлелдемелік жорамалдың маңызы, олар белгілі бір деректің болуы туралы жорамалдау жасай отырып, тараптың бірін дәлелдеу қажеттігінен босатады, ал екінші тарапқа сол деректі шығару міндетін салады.

Осыған байланысты екінші тарапқа жорамалдың жоққа шығарылмағандығымен байланысқан пайдасыз салдардың туындау мүмкіндігі өтеді. Бұдан жорамалдың материалдық-құқықтық әрекеті көрінеді.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз – Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың         түсініктемелерімен, куәләрдың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сарапшылардың қорытындылармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың осы туралы берген анықтамаларына тоқталып өтейік.

Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н.Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің рас шындығына немесе өтіріктігіне сендіретіндігінің бәрін айтқызған. Бұл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады екен, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер деп, даулы юридикалық фактінің бар жоқтығы туралы соттың шешіміне себеп болатын заңды негіз»,- деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер бір біріне ұқсас. М.К.Треушниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треушников: «логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп атады» — дейді, басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар дәлелдеме ережелері болады.

Сот тәжірибесінде, фактінің нағыз өмірде орын алған алмағандығы дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы  Треушниковтың берген анықтамасы төмендегідей: «Соттық дәлелдемелер дегеніміз – қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процессуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелген мән жайлар»[23].

С.В.Курылевтың көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірге белгілі фактілермен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған деген материалитсік диалектикалық заңына сүйеніп берген .[24][25]

Дәлелдемелерді тек фактілер ретінде процессуалдық формасынан айырып қарауға болмайды.Өйткені заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде, тек қана заңда көрсетілгені бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыз былай деген: «Дәлелдеу құралынан бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды» — деген [26].

Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды. Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, — деректі фактілер, екіншісі,- дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған – жасамағандығын, қылмыстың бар жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері » 12.

Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: «Сотттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте фактілік дерек пен дәлелдеу құралы өте тығыз байланысты және бір-бірінен фактілік деректер де, дәлелдеу құралы да, дәлеледеу функциясына айырмада, басқаша айтқанда соттық меншікте заңды негіз бола алмайды». Бұл оймен көптеген авторлар келіседі, және де автор: «Деректер туралы фактілер»,   «Деректі фактілер» деген ұғымның орнына «Деректі фактілер» «информация»,  «мәлімет» деген ұғымды қолдануды ұсынды. Осыған байланысты Саханова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:

  1. Дәлелдеме ретінде істі дұрыс шешу үшін қолданылатын, заң талаптарына сәйкес алынған мәлімет болып табылады;

2.Бұл мәлімет тараптардың жауабтарынан, куәлардың айғақтарынан, құжаттардан немесе заттай дәлелдемелерден, сарапшының қорытындысынан, маманның түсініктемесінен, және де ЭЕМ-нің көмегімен, аудио, видео және компьютерлік техникадан алынуы мүмкін;

  1. Шығу тегі белгісіз мәлімет дәлелдеме ретінде қолданыла алмайды14[27].

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер, іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Соттың міндеті, дәлелдемелік материалдың қайсысы сот дәлелдемелерінің белгілеріне ие болатынын анықтау. Сот дәлелдемелік материалды олардың арасынан дәлелдемелік күші барын табу үшін, зерттейді және бағалайды. Сот іс бойынша ұсынылған мәліметтерді дәлелдемелер деп тану үшін, оларды арнайы процессуалдық тәртіп бойынша тексеруден өткізеді.

Дәлелдемелердің мынандай белгілері бар:

  1. Заңды тәсілмен алынғандар.
  2. Іске қатысты болуы .
  3. Заңда көзделген тәсілмен анықталған.

Сот дәлелдемелерді іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс көрсететін, тек қана шын нақты деректер. Сонымен, дәлелдемелер бұл кез келген нақты деректер, яғни, объективті шындықтың фактілері немесе олар туралы мәліметтер. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар  мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды. Сот тараптарға сіке қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуге құқылы болып табылады. Тараптар мен басқа да іске қатысушы тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен, әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заңмен, ар-ұятты басшылыққа алады. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

Сот анықталған деп есептейтін, мән-жайдың дәлелденбеуінің нәтижесінде соттың айғақтарды дұрыс бағаламауы шығады. Осыған байланысты бірінші инстанциялы соттың айғақтарды бағалау мен қадағалау инстанциясының айғақтарды бағалауы арасындағы қатынастар туралы мәселені ұғындыру маңызды.

Қадағалау инстанциясының процессуалдық іс-әрекеттері, бірінші инстанциялы соттың іс-әрекетінен  мүлде басқа жағдайда екені белгілі, ол өз кезегінде процестің аталған сатыларында дәлелдеулерді бағалау әдістеріне өзіндік белгілі бір таңбасын салады.

Азаматтық іс жүргізуде дәлелдемелерді бағалау әдістері туралы қағидалы көрсеткіш АІЖК-нің 16-бабында мазмұндалған. Сот айғақтарды салмақты, жан-жақты және істегі бар айғақтардың жиынтығын толық қарай отырып және ары мен заңды басшылыққа ала отырып, ішкі сенімі бойынша бағалайды. Бұл заңның қағидалы анықтамасы, сот-қадағалау инстанциясы айғақтарының бағасына да қатысты. Соттардың шығарған қаулыларының заңдылығы мен негізділігін соңынан қарайтын болғандықтан сот-қадағалау инстанциясының істі мағынасы бойынша қарайтын соттарға қарағанда функциялары басқа, басқа процессуалдық жағдайларда әрекет етеді. Сот-қадағалау инстанциясының айғақтар бағасының ерекшеліктері және ұйғарымдары бар.

Істегі материалдарды зерттей және тексере келіп, сот-қадағалау инстанциясы істі қараған бірінші инстанциялы соттың және басқа органдардың  дәлелдеу бағаларын анықтай отырып, оларға дербес баға береді. Дәлелдемелерді бағалау, яғни, аталған іске қатысты істің мағыналық мән-жайларын және шешімінің дұрыстығын айқындау үшін, олардың дәлдігі  мен нақтылығын анықтау.

Заңда бірінші инстанциялы соттың дәлелдемелерді бағалауы мен жоғарыда тұрған соттың бұл бағаны тексеруі және өзінің баға қоюы арасындағы арақатынасты анықтау белгіленген. АІЖК-нің 401-бабының, 2-бөліміне сәйкес, қадағалау соты тәртібімен істі қарайтын сот -қаулымен анықталмаған немесе қаулы шығарылмаған мән жайларды дәлелді деп санауға немесе анықтауға,  басқа айғақтардың нақтылығы туралы мәселені алдын ала шешуге, бір айғақтың алдына екінші айғақты артық санап қоюға құқығы жоқ.

Бірінші инстанциялы сот дәлелдемелерді бағалай отырып, ең алдымен, олардың нақтылығын анықтауы тиіс, яғни айғақтармен бекітілген заң фактісі объективті шындыққа сәйкес келеді және істегі мән-жағдайларды көрсетеді. Сот әрбір фактінің мәнін және топталған фактілерді жекелеп ашуы тиіс. Осы негізге сүйеніп тараптар арасындағы даудың мағынасы бойынша тиісті құқықтық қорытынды шығаруы керек.

Қадағалау инстанциясының соттары сондай-ақ ішкі сенімдерімен, заң мен арды басшылыққа ала отырып дәлелдемелерді бағалайды. Бірақ олардың бағаларының ұйғарымы басқа. Егер, бірінші инстанциялы сот мағынасы бойынша істі дұрыс шешу үшін  дәлелдемелерді бағаласа, қадағалау инстанциясының соттары бағалау негізінде бірінші инстанциялы соттың шешімінің, іс бойынша шығарылған басқа да қаулыларының заңдылығы мен негізділігі туралы мәселеге жауап беруі тиіс. Бірақ олар аталған істі қараушы соттың дәлелдемені дұрыс бағалады ма, соны тексеруге міндетті.  Дәлелдемелерді бағалаудағы мәселелерді анықтай келе, қадағалау инстанциясы, өз құзіреті бойынша шешімнің заңсыз немесе негізсіз екендігі туралы мәселені шешіп, сотқа бұл мәселелерді орындауы немесе қателіктерін түзеуі туралы тиісті нұсқау беруге құқылы.

Шешімнің негізсіздігі нәтижесі істің мән-жайын шешудегі сот қорытындысының сәйкессіздігіне әкеп соғады. Соттың құқықтық қорытындысы шешімнің мәтіндік және қараралық бөлімінде айтылады. Егер соттың құқықтық қорытындысы істің мән-жайымен сәйкес келмесе, онда олар сот анықтаған құқықтық қатынастардың іс жүзіндегі құрамына да сәйкес келмейді.

Шешімнің сот анықталып дәлелденген бөлімінде істің мән-жайы; сот қабылдамаған дәлелдер немесе басқа айғақтар; сот басшылыққа алған заңдар (АІЖК-нің 221-бабы, 5-бөлімі) көрсетілуі тиіс. Барлық көрсетілген мәселе бойынша шешімнің дәлелденуі  оның негізділігінің мүлтіксіз шарты болып табылады.

Дәлеледеу дегеніміз —  сот онда іс жүзіндегі жағдайлардың қалай анықталғанын,  қандай айғақтарды басшылыққа алғанын және өз қорытындысына қандай мәліметтер негізінде келгенін, сот шешімінің іс жүзіндегі және заңды негіздерін көрсетеді. Іс жүзіндегі құрамға дұрыс талдау жасау сотқа соның негізінде дауларды шешуі тиіс материалдық құқық нормасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Бұл норма шешімнің дәлелденген бөлімінде мазмұндалуы тиіс. Дұрыс дәлелдеу мағынасы бойынша істі дұрыс шешу үшін негіз болып табылады, яғни қарарлық бөлімде соттың дұрыс қорытынды шығаруы үшін қажет. Демек, шешімнің дәлелденуі оның негізділігінің ғана ажырамас атрибуты емес, оның заңдылығының да атрибуты. Істің мән-жағдайына сәйкес келмейтін дәлелденбеген немесе дұрыс дәлелденбеген шешім, негізсіз шешім ретінде ғана емес, заңсыз шешім ретінде де күшін жоюы керек. Істің мән-жайы бойынша шешімде мазмұндалған сот қорытындысының сәйкессіздігі, сот мәжілісінде анықталған және тексерілген мән-жайға қатысты сот тұжырымының дұрыс еместігі нәтижесесінде туындайды.

Шешімнің негізсіздігіне қатысты құқық бұзушылықтың жекелеген түрін талдау, мұның барлығы жиналып  соттың таным процесінде істің іс жүзіндегі құрамын көрсетеді. Бұл процесс анықтау, тергеу, іс жүзіндегі құрамда бағалау және одан дұрыс құқықтық қорытынды жасау сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Көрсетілген процесс процессуалыдық заңнамада іс жүзіндегі құрамды, оның мәні мен тиісті құқықтық қорытындыларын анықтау, жинау, дәлелдемелерді тергеу және бағалау түріндегі процессуалдық нысандармен және әдістермен қамтамасыз етіледі.

Істің іс жүзіндегі құрамының аталған талдау кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты. Әрбір кезең демек, іс бойынша объективті шындықты анықтау үшін қажетті баспалдақ, негізді шешім шығару үшін алғы шарт болып табылады. Келтірілген ережелер бірінші инстанциялы сот шығарған шешімнің негізділігін тексеруге қатысты.

Тексерудің негізділігі, қадағалау инстанциясының қаулысының негізділігі төмендегідей тұжырымдалады: сот-қдағалау органы бірінші инстанциялы сот шығарған шешімнің негізділігін, соттың тексеруінің өзінің дұрыстығына назар аударуы тиіс. Мысалы соттар, негізсіз шешімдерді өзгеріссіз қалдырады, негізділерінің күшін жояды, шешімді өзгертеді немесе заңда қарастырылған шарттар болмаса да шешім шығарады және т.б. осының бәрі апелляциялық немесе қадағалау инстанциясы шығарған сот қаулысының негізсіздігін көрсетеді. Сондықтан апелляциялық және қадағалау инстанциясы шығарған сот қаулылары негізсіздік дәлелі бойынша күшін жоюға жатады 15[28].

Сот қаулыларының негізділігі мен заңдылығын тексеру бойынша сот-қадағалау органдарының іс-әрекетінің тиімділігі тек жинақталған кезде ғана сот-қадағалау органдарының өкілеттігін қамтамасыз етеді және қаулының күшін жоюға негіз болады. Сол және басқа өкілеттікті жүзеге асыра отырып, қадағалау инстанциясы заңда белгіленген негізбен заң күшіне енген сот қаулыларын өзгертуге немесе күшін жоюға қатысады. Қадағалау инстанциясының өкілеттігі мен қадағалау тәртібімен қаулының күшін жоюға негіздеменің арасында тығыз байланыс бар.

Бүгінгі таңда қадағалау  инстанциясы соттарының өкілеттігін анықтау саласы мен мамандандырылған соттардың сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау негізінің арасында  мәселелік ситуациялар қалыптасты. Қазақстан Республикасы Президентінің 16.01.2001 «Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттардың құрылуы туралы» (бұдан әрі мәтінде – Жарлық) жарлығымен Алматы және Қарағанды қалаларында қолданымдағы заңға сәйкес экономикалық дауларды қарауға өкілетті, мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттар құрылды. Мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттың құрылуының негізгі мақсаты отандық кәсіпкерлердің, шет елдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін толығымен қорғау қабілетіне ұмтылу, бұл өз кезегінде республикадағы инвестициялық климатқа жағымды әсерін тигізу, бірыңғай сот тәжірибесін әзірлеуге негіз болып табылады. Мамандандырылған аудан аралық экономикалық соттардың істі сапалы қарауы үшін олардың құрамы шаруашылық дауларды қарауға практикалық тәжірибесі бар  аудандық (қалалық) және облыстық соттардан құрылды. Жарлыққа сәйкес, мамандандырылған соттардың қаулыларына шағым жасау (наразылық білдіру) жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Бірақ, мамандандырылған соттың қаулысына шағым жасалған жағдайда мамандандырылған соттардың судьяларымен яғни мамандандырылған соттардың қаулыларын қайта қарайтын арнайы жалпы құзіретті судьялар арасында біліктілікке қатысты даулы құқықтық қатынастар мәселесі туындайды. Құзіреттік қатынас туралы мәселе бір жақты жауапқа тиек болмайды, дегенмен, қалыптасқан ситуацияны шешуге мүмкіндік беретін тәсілдерді төмендегідей бөлуге болады:

  1. Жоғарыда тұрған мамандандырылған сот құру;
  2. Жоғарыда тұрған соттардан сот мамандандыруын ұйымдастыру;
  3. Сапа негізінде мамандандырылған соттардың құқық бұзуын немесе материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауын болдырмау.

Бүгінгі таңда қаржыландырудың жетіспеуінен, жоғарыда тұрған мамандандырылған соттарды бөлу есебімен сот жүйесін кардиналдық өзгертуге мүмкін болмай отыр.

Жоғарыда тұрған соттардың судьяларды мамандандыруы, біздің көзқарасымызша, ол да онша мақсатқа сай келмейді.

Соттардағы бар істерді алқа бойынша бөлу экономикалық даулардың ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылық немесе материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау сияқты қайта қарау негіздерін болғызбау жолымен, мамандандырылған соттардың қаулыларын қайта қарау негіздерін шектеу, біздің пікірімізше, сот қорғауында азаматтардың конституциялық құқығын шектеген болып табылады. Оның үстіне, бұл заңды түсіндіру туралы қадағалау инстанциясы соттарының АІЖК-нің нормаларында белгіленген міндетті нұсқауларына қайшы келеді. Қадағалау өндірісі сот өндірісіндегі заңдылықты өндіруге, сот қателіктерін жою мақсатында әділ сот актілерінің кез-келгенін қайта қарау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  Мамандандырылған сот істі қарауы кезінде сот қателіктер жіберуге болмайды деп қарауға болмайды, сондықтан,  мамандандырылған соттардың қаулыларына қатысты қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қараудың барлық негіздерін сақтау дұрыс деп есептейміз.

Сонымен, мамандандырылған сот қаулыларына қатысты қайта қараудың қолданымдағы тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларымен сәйкес келеді және заңдылық талаптарына жауап береді.

 

 

  • 3 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот ұйғарым шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін.

Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья жүргізеді.

Істің сотта туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген тәртіппен сотта нотариустар немесе консулдық мекемелердің лауазымды адамдары жүргізеді.

Өтініш беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.

Хаттамалар және дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі.

Әрбір дәлелдеме — қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты   даусыз   айқындауға   жол   беретін   және   сенімді   дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі.

Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРІ.

  • 1. Дәлелдеу құралдары

Дәлелдеу құралдарына азаматтық іс жүргізу кодексінің 78, 79, 81, 86, 96 — баптарыңца көрсетілген дәлелдемелер түрлері жатады. Енді осы баптарда берілген дәлелдеу құралдарының түсінікгемелеріне тоқталып өтейік. Кодекстің 78-бабында тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерне байланысты келесідей қалыптар бекітілген. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тежелуге және бағалауға жатады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Тараптардың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді, екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына өткізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндаған болса, ол іске қосып тігіледі. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатынмен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жақылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелдеуге тиіс. Кодекстің келесі бабында куәнің айғақтарына байланысты ережелер бекітілген. Оған сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Жазбаша дәлелдемелердің анықтамасы 81-бапта орын тапқан. Ол бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады делінген. Заттай дәлелдемелер түсінігі 66-бапта бекітілген. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғарға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. 96-бапта сарапшының қорытындысы туралы түсініктемелер берілген. Сарапшының қорытындысы бұл сарапшының алдына сот зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілетін заттай дәлелдемелер мен үліглерге негізделген қорытындылар. Сараптама өз негізінде жеке және комиссиялық сараптама, кешенді сараптама, қосымша және қайталама сараптама болып бөлінеді. Комиссиялық сараптама күрделі сараптаманың зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді. Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп жолдайды және ортақ пікірге келе отырып, қортындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарларға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеу жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшы өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және сарапшының қандай қорытындыға келгені көрсетілуі тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөліміне қол қояды. Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығын күмән тудырған, не сараптама жүргізудегі іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол обьектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

  • 2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері

Кодексте және әдебиеттерде көрсетілген дәлелдеу құралдарының ішіндегі сот үшін ең маңыздысы тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері болып табылады. Сол себептен заң бойыша бұндай дәлелдемелер міндетті түрде тексеріліп зерттеліп, бағалануы керек (кодекстің 78-бабының 1-ші тармақшасы). Сотта түсініктеме беру сол себептен заңмен қамтамасыз етілген. (кодекстің 47-бабының 1-ші тармақшасы). Сот мәжілісіне қатысушылардың біреуі сот мәжілісінің болатын орны мен уақыты туралы хабарсыз қалу себебінен сот мәжілісіне келмеген жағдайда бұндай іс бойынша шыққан сот шешімі күшін жабады. Себепті тараптар материалдық қатынастың субъектісі болғандықтан олардың біреуінсіз олардың түсініктемесінің іс қараған дұрыс емес.

Жауапкердің және талапкердің түсініктемелері өзіндік дәлелдемелерді бір түрі болып табылады. Өйткені субъекті дәлелдемелік мәліметке өз ойында сақтап өзі мәлімет тасымалдаушы ретінде сотқа түсініктеме беріп тұр. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері толық зерттеліп бағалануы қажет. Себебі бұл тұлғалар істің бір жақты шешілуіне материалды мүдделі тұлғалар болып табылады. Ең алғашқысы тараптардың түсініктемелерінің дәлелдемелік күшін түсіну үшін алдымен сол дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылатын тараптардың өзін зерттеп білуіміз керек. Тараптар, жауапкер және талапкер, материалдық қатыстылық субъектісі болғандықтан болған дау туралы олардан артық білетін адам болуы мүмкін емес. Әдетте құқықтық қатыстық пайда болуы өзгеруі және тоқтатылуы оқиға емес көбінде қатысушылардың жүріс-тұрысына немесе әрекеттеріне байланысты. Бірақ бұл екі жағдайдың екеуінде материалдық қатынастық қатысушылары дәлелдеуші мәлімет тасмалдаушы болып табылады. Кейбір заң әдебиеттерінде тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелерінің басқа дәлелдеме құралдарынан айырмашылығы анық көрсетілген[29].

Біріншіден, тараптар — даулы қатынастың қатысушылары және істің шешілуіне мүдделі тұлғалар. Осы себептен марапаттаудың түсініктемелері талап ету сипатында болады.

Екіншіден фактілер туралы деректер хабарламасын тараптардың құқығы және міндеті ретінде бір мезгілде қарауға болады. Тараптарды дұрыс және толық мәлімет беруге істің тез арада және әділетті шешілуіне мүдделілігі итермелейді. Тараптар өз түсініктемелерінде талап арыз қоя алады, оның мөлшерін көбеймеді немесе кішірейеді, өтініштер жариялайды, бейбітшілік келісімге келуге шақырады, сот талқылауы барысында туындаған мәселелер бойынша өз ойларына, шешу жолдарымен бөліседі жәнеде осы түсініктеме ішінде дәлелдемелі фактілер бойынша деректер ұсынады. Көптеген авторлар тараптардың әрекеттерінің, түсініктемелерінің ішінен тек өзгермелік фактілер туралы деректерді ғана бөліп дәлелдеу құралы ретінде таниды[30]. Осы айтылған ойларды қортындылай келе тараптардың түсініктемесіндей мәліметтерді мағынасы бойынша 5 топқа бөлуге болады[31].

  1. Мәлімет, деректі фактілер немесе дәлелдемелер;
  2. Ерік білдіру;
  3. Құқықтық қатынасты юридикалық сараптау туралы ойлары;
  4. Мотивтері, аргументері (өз позициясын негізді етіп көрсетуге бағытталған);
  5. Түсініктеме берушінің   эмоциясын,   көңіл-күйін   білдіретін бөлім;

Осы I бөлімнің ішіндегі тек бірінші бөлім ғана дәлелдеу құралы ретінде қарауға болады. Ал қалған 4 топ ерік білдіру, аргументтер, құқықтық баға беру т.б.) соттық дәлелдеме жатпайды. Өйткені бұл топтарды мәліметтерде делелдеу күші жоқ. Сол себептен марапаттардың және үшінші жақтың берген түсініктемелерінің барлығын соттың дәлелдеме ретінде қарай беруге болмайды[32].

Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелерін дұрыс біліп түсіну үшін теорияда бұл дәлелдемелерді бөлек түрлерге бөлу әдісі қолданылады. Сонымен бұл дәлелдемелерді бөлудің басты негізі дәлелдемелерді сотқа жеткізу әдісіне байланысты болу. Бұл негізде түсінктемелер ауызша түсініктемелер және жазбаша түсініктемелер болып екіге бөлінеді. Процессуалдық заң біреуіне екіншісінің алдында ерекше күш бермейді. Керісінше азаматтық іс жүргізу ауызша және жазбаша түрдің бір-бірін толықтырып қатар жүруіне бағытталған.

  • 3. Куәнің айғақтары

Қоғамдық қатыстың құрамдас бөлігі құқықтық қатынас әдетте қатынастың қатысушысы болып табылмайтын басқа адамдардың көз алдында туындайды, өзгереді тоқтайды. Адам «нені пральды» жағдайда тұрса да болып жатқан жағдайды объективті түрде қабылдап қайтадан шығаруға қабілетті.

Осы жағдайдан куәнің процессуалдық фигураны анықтап болмайды. Сонымен куә дегеніміз өзінің физикалық және психикалық даму деңгейімен болып жатқан оқиғаны дұрыс қабылдап, сақтап, сот мәжілісінде қайтадан шығаруға қабілетті және соттың шешімінде юридикалық мүддені елес тұлға. Куә ретінде жоғарыда аталып өткен талаптарға сай кез келген адам бола алады. Куәнің айғақтарының құндылығы куәнің юридикалық мүдделі тұлға еместігінде. Сол себеппен куәнің деректі фактілерді нақтылы өмірде болған күйінде айтпауында толық негіз жоқ. Басты шарт адамның өз көзімен көрген несие етілген мәліметі дәлелденіп отырған фактіге байланыты болуы керек. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 79-бабының 2-тармағында куә ретінде шақыруға болмайтын субъектілер тізімі берілген. Оған сәйкес келесі адамдар куә міндетін атқара алмайды:

  1. Балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістілігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар.
  2. Өкімдік немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы — азаматтық іс бойынша   актілер немесе қылмыстық   іс бойынша қорғаушылар;
  3. Шешім немесе үшін шығару көзінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы — судья;
  4. Оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы — дін құрметшілері;
  5. Заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды. Физикалық кемістігі бар адам куә бола алмайды емес. Мысалы, құлағы нашар естімейтін адам көру арқылы іс бойынша маңызды мәліметтер алуына мүмкіндігі бар. Сондықтан әрқашанда куәнің айғақтары қашан және қандай жағдайда қалыптасқандығы туралы толық анықтамауы қажет. Куәнің айғақ екі бөліктен тұрады: жалпы және арнайы бөлім. Жалпы бөлімде куәнің жеке басын анықтайтын мәліметтер, оның тараптарға қатысын және іске қатысын көрсететін, мәліметтер кіреді. Ал арнаулы бөлімге дәлелдемелік мағынасы бар мәліметтер кіреді.

Процессуалдық заң куәні қосымша құқықтар мен міндеттерге ие еткен. Кодекстің 80-бабына сәйкес куә сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті. Науқастығының (қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін. Көрнеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқан немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 35, 353-баптарында көзделген жауаптылықтарына болады. Бұл жерде «заңда көзделмеген негіздер бойынша» деген сөз осы кодекстің 17-бабына сілтеме жасап тұр. Бұл бап бойынша ешкім өзіне, жұбайына, және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

  • 4. Жазбаша дәлелдемелер

Жазбаша дәлелдемелердің толық анықтамасы процессуалдық заңда берілмеген. Тек 81-баптың жазбаша дәлелдемелердің жалпы сипатымен кейбір үлгілері ұсталып өтілген. Сонымен бұл бапта іс үшін маңызы бар мән-жайлар мәліметтерді қылмыстық актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Жазбаша дәлелдемелер туралы түсінік 82-85-баптарда одан әрі анықталады. Жинау тәртібіне келетін болсақ бұл дәлелдемелер де басқа да дәлелдемелер сияқты тараптар мен басқа да іске қатысушылар тапсыруы арқылы жүзеге асады. Егерде жазбаша дәлелдеме алу тараптарға немесе басқа қатысушы тұлғалар қиын түсетін немесе мүмкін болмаған жағдайларда олардың өтініші бойынша сот осы дәлелдемелерді жасап өтуі мүмкін. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырылған мәліметтер азаматық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып табылады. Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтніш жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көретуге тиіс. Заң нормасы бойынша азаматтардың өтініші бойынша сәтпен талап етілген құжаттар өтініш берген азаматтарға емес талап еткен сотқа келіп түседі. Ал егер жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған жағдайда сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді берудегі талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерге қарай алады және зерттей алады. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне етене дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін. Түпнұсқа дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар олары табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл жағдайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырылған көшірмесі қалады. Көптеген авторлардың ойлары бойынша жазбаша дәлелдемелер өзінің пайда болу процесінде бірнеше тарапты өтеді: 1) субъектімен нақты жағдайда қабылдауы; 2) алынған мәліметерде өзінің елінде сақтауы; 3) елінде қалған мәліметтерді әртүрлі белгілер (әріп, сот т.б.) арқылы бекіту. 4) Бекітілген мәліметті беру; 5) оларды сақтау. Жазбаша дәлелдемелердің шындыққа сайлылығын, анықтылығын осы дәлелдемелерді қабыладған, қағазда бектікен адамның мүдделігіне, физикалық, психологиялық қабілеттілігіне байланысты болып табылады. Жазбаша дәлелдемелер әдетте сот процессіне дейін қалыптасады, бірақ кейбір жазбаша дәлелдемелер, мысалы, анықтамалар, есепшоттық, соттық процеспен байланысты пайда болуы мүмкін. Теорияда электро есетегіш машиналардың көмегімен жазылған жазбалар қай дәлелдемелер түріне жатады деген сұрақ әлі күшіне дейін өзекті мәселе. В.В.Молчанов бұл жағдайларды негізінен, жазбаша дәлелдемелерге жатқызған жөн дейді[33]. Автордың бұл жазуларды жазбаша дәлелдемелерге жатқызудағы басты шарты ретінде бұл жазбалардың юридикалық күшінің болуын қояды. Ал юридикалық күші дегеніміз бұл жазбаша белгілі бер реквизиттердің болуын айтады. Сонымен ЭЕМ жазбалары жазбаша дәлелдемелерге жатуы үшін олардың мекенінің аты, орналасқан жері, құжатты жасаған адамның аты жөні, құжатты дайындаудағы жауапты тұлғаның коды, құжатты бекіткен адамның коды. Бұнан басқа құжат адамқоарлық болуы керек. Бұл дегеніміз көпшілік қолданатын әдіс арқылы құжаттың мазмұны.

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаші дәлелдемелер болып табылады.

Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.

Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 66-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.

Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар — он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл салу өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.

Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.

Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.

Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.

  • 5. Сарапшылардың қорытындысы

Сот көптеген азаматтық істерді қараған кезде арнаулы білімді сарапшының зерттеуін талап ететін фактілер кездеседі. Бұндай фактіге мысал ретінде адамның ауыруын сипаттау оның өзі істеп жатқан әрекеттеріне есеп беру мүмкіндігін анықтау, еңбекке жарамдылық қабілетін нығайту деңгейін ажырату, техникалық нормалар фактісін бүзу фактісі т.б.

Бұңдай дәлелдемелерден дәлелдеу мазмұнын алу арнайы білімде сарапшыға керек етеді. Ондай жағдайда сот экспертиза тағайындайды.

Заңгерлер азаматтық процестегі арнайы білімі бар адамдарға тапсырыс беруді бірнеше формаға бөліп қарайды.

  1. Арнайы білімі бар маманнан белгілі бір сұраққа байланысты консультация немесе анықтама сипатында алу;
  2. Арнайы білімді қорытындысы соттық экспертиза емес ведомстволық тексеру, аудиторлық тексеру сипатында қолдану;
  3. Арнайы білімді мысалы суретке түсіруден, т.б.   мәселелер бойынша маман ретінде шақыру;
  4. Арнайы білімді соттық экспертиза жүргізу үшін қолдану[34].

Сараптама процессуалдық заңда бірнеше түрі көрсетілген: жеке және комиссиялық сараптама; кешенді сараптама, қосымша және, қайталама сараптама. Сараптама жүргізу тәртібі қандай сараптама түрі болмасын бірдей. Сараптама жүргізудің тәртбі 93-бапта көрсетілген. Осы бапқа шейін сараптама зерттеу сипатына ие сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотқа немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зертеу объектісінің дұрыстығына және жол бөлімділігіне сот кепілдік береді. Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буынып-түйіліп және марлет бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрғын орынға жеткізуді, оларға кодексінің бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіріп жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырылған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді. Соттан тыс сараптама жүргізу кезнде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын белгілейді. Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сарапатма тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысыныа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органның ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмей, сарапшыны мақтауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асыруды, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды. Басшы сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Оны жүргізу мерзімдерін белгілейді. Сараптамалық реттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуына қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

Теориядағы  даулы  мәселе   бұл   «арнаулы  білім»   терминінің ашылып көрсетілмеуі. Осы себептен заң бойынша бұл арнаулы білімде қаншалықты көлемде қолдану мәселесі да жауапсыз қалып отыр. Бірақ А.А.Эйсмонның атауы бойынша арнаулы білімді қажет ететін жағдайлар бұл тар текті мамандарды қажет ететін жағдайлар дейді. Ол көпке белгілі білімді қажет ететін жағдайларда экспертиза тағайындауының мұқтаждығы жоқ[35].

  • 6. Заттық дәлелдемелер

Кез келген әрекет белгілі бір объектіде із қалдырады. Бұл әркеттер өзі туралы мәліметте сол контактада болған объектіде қалдырады. Әрекеттің болмауы бізді қоршаған материалды дүниеде із қалдырмайды. Егер бізді қоршған немесе оқиға болған жердегі объектілерде із болмаса ендеше әрекет те болмаған деген қорытындыға келуге болады. Заттық дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден басты айырмашылығы заттық дәлелдемелер бұлар «үнсіз куәлар» деп аталады. Заттық дәлелдемелер куәлардан басты айырмашылығы олар материалдық объект. Заттық дәлелдемелердің басқа дәлелдемелеріне қарағанда өзінің артықшылығы да кемшіліктері де бар. Артықшылықтарын айтатын болсақ заттық дәлелдемелерде субъектілік фактор дәлелдемелік дәлелдеу күшіне ешқандай әсер етпейді. Заттай дәлелдемелер көптеген уақыт бойы (басым бөлігі) өзінде әрекет немесе оқиға жүйелі мәлімет сақтап тұрады.

Сонымен заттық дәлелдемелер дегеніміз өзінің ішкі қасиеттерімен, сыртқы формасымен, орналасқан орнымен, т.б. белгілерімен іс үшін маңызды мән-жағдайларды бекітетін немесе жоққа шығаратын бұйымдар.

Заттай дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден айырмашылығы бұл заттай дәлелдемелердің процессуалдық формасы мен қайнар көзінің бірігіп кететіндігі. Мысалы, куәнің айғағында, айғақ дәлелдеменің процессуалдық формасы, ал куә дәлелдеменің қайнар көзі болып табылса, заттай дәлелдемелерде бұндай бөлістер жүргізу мүмкін емес[36]. Бірақ бұнысына қарамастан заттық дәлеледемелер басқа дәлелдемелермен тең процессуалдық құқықты.

Әдебиеттерде заттай дәлелдемелерді: алғашқы заттай дәлелдемелер және туынды заттай дәлелдемелер деп екі топқа бөліп қарайды. Алғашқы заттай дәлелдемелер дегеніміз дәлелдеуге жататын фактімен қалдырылған заттағы өзгерістер, іздер т.б.

Кейбір авторлар туынды заттай дәлелдемелер деген ұғыммен келіспейді. Өйткені заттан атқа дәл сондай із қалдыру мүмкін емес деген негзге сүйеніп. Бірақ ол қателік ой. Өйткені туынды дәлелдемелер болады. Мысалы, машинаның дөңгелегінің протекторының ізі. Бұл із тез арада бойылып кетуі мүмкі. Бұндай жағыдайда біз туынды заттай дәлелдеме жасаушыларға тура келеді. Немесе адамның саусағының ізі, бұл да көп уақытқа шыдамайтын заттық дәлелдеме. Оны фактологиялық пленкаға түсіру арқылы немесе туынды заттық дәлелдеме жасау арқылы біз заттық дәлелдемелерді ұзақ мерзімге сақтаймыз. Заттай дәлелдемелерді тала ету соттық құзыретіне жатады. Сот тек қана ісқе қатысты заттай дәлелдемелерді ғана талап ете алады. Заттай дәлелдемені іске қосу туралы өтініш жасап отырған адам осы заттай дәлелдеменің сыртқы пішінін, қасиеттерін сипаттап және де өзінің заттай дәлелдемені іске қосуға кедегі болып отырған мән-жайларды толық сипаттауы керек. Дәлелдемелер тікелей сотқа алып келінеді. Заттай дәлелдемелер істе сақталынады немесе айрықша пікірі бойынша соттың заттай дәлелдемеле сақтау камерасына өткізіледі. Сот дәлелдеменің өзгерісіз қалпында сақтауға шара қабылдайды. Сотқа әкелу мүмкін емес. Заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипататуға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Бұл дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне өткеннен кейін олар алынған адамдарға немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі. Заң бойынша азаматтар иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы тақырыбымызда қорытындылай келе, мен осы тақырыпты қарастырғанда дәлелдемелердің түсінігі және түрлерін қарастырып, осы жерде дәлелдемелердің азаматтық іс жүргізу процессіндегі маңызын қарастыруымызға әрекет жасағанмын.

Сонымен дәлелдемелер дегеніміз — заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарыма, заттай дәлелдемелермен, сарапшының қорытындыларымен іс жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталады.

Жалпы дәлелдемелер сотта азаматтық іс жүргізу кепілдігі. Объективтік шындыққа жетудің маңызды құралы болып табылады. Осыған орай осы дәлелдемелерді азаматтық іс жүргізудің маңызды ролін атқарады. Және оны толығымен ашып зерттеу сот әділдігін жүзеге асыруда маңызды ролін атқарады.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидаттары бұзылады. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған шешімдердің күші жойылып бізде, әлде болса да дәлелдеме институты толық қалыптаспаған және одан әрі зерттелуге жатады.

Бітіру жұмысын қорыта келе, мынадай төмендегідей ықшам қорытындылар шығаруға болады.

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Істі қараушы сот іске катысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.

Істі қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.

Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.

Заттай дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен өткізіледі.

Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.

Іске қатысушы адамдар — дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін.

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

Куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін. Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Нормативтік құқықгық актілер.
  2. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
  3. ҚР Азаматтық істер жүргізу кодексі 13 шілде 1994 ж.
  4. ҚР Қылмыстық істер жүргізу.
  5. Арнайы әдебиеттер
  6. М.К.Треутников. Относимость и допустимость доказательств в гражданском процессе. М. 1981 ж.
  7. М.К.Треутников. Доказательства и доказывание в советском гражанском процессе. М. 1982 ж.
  8. К.С.Юдельон. судебные доказательства   в   гражданском процессе. М. 1986.
  9. Гражанское процессуальное право. Учебник под ред. М.С.Шакарена М., 1996.
  10. С.В.Курылев. Основы теории доказывания в советском правосудии. Минск. 1969.
  11. Хутыз М.Х. Общие положения гражданского процесса. Историко-правовое исследование. М. 1979.
  12. Бюллетень Верховного Суда РФ. 1996.
  13. Строгович М.С. Курс советского уголовного поцесса. I. 1. М. 1968.
  14. Саханова Т.В. Регламентация доказательств и доказывания в гражанском процессе. Журнал «Государство и право», 1993.
  15. Гуревв П.П. О понятии судебных доказательств. Журнал «Советское государство и право». 1996.
  16. Резниченко И.М. Установление достоверности и силы доказательств по граданским делам. Ученые записки Дальневосточного Университета.Т. 32.
  17. Кипкис Н.М. Допустимость доказательств в уголовном судопроизводстве. М., 1995.
  18. Юдельсон К.С. Гражданский процесс. М., 1972.
  19. Советский гражданский процесс. М. 1975.
  20. Пучинский В.К. Признание стороны в советском гражанском процессе. М., 1955.
  21. Молчанов В.В. Арбитражный процесс. М. 1995.
  22. Давтен А.Г. Экспертиза в гражданском процессе. М., 1995.
  23. Эйсмон А.А. Заключение эксперта. М. 1971.

 

[1] М.К.Треутников «Судебные доказательства» М., 1997. с. 74-75.

[2] С.В.Курылев «Основы доказывания в советском правосудии». Минск. 1969, с.139

 

[3] Хутыз М.Х. Общие положения  гражданского процесса. Историко-правовое исследование. М., 1979, с.88

[4] М.С.Строгович. Курс советского уголовного процесса. І.1. М., 1968, с.288-289

[5] Т.В.Саханова. Регламентация доказательств и доказывания гражданском процессе, Журнал Государство и право. 1993. №7, с.53.

[6] 1ҚР АІЖК 13.07.1999ж

[7] Курылев С.В. Основы теории доказывания в советском правосудии. Минск 1969.169-171ст.

 

 

[8] Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право России. М. 1999. 145-149 стр.

4 Мельникова А.А. Гуреев П.П Курс Советского  гражданского процессуального права . М. 1981.Т.І 349-350с

[10] ҚР АІЖК. 13.07.1999.

[11] Мельникова А.А. Гуреев П.П Курс Советского  гражданского процессуального права . М. 1981.Т.І 347с.

 

[12] Гуреев П.П. О понятии судебных доказательств – «Советское государство и право», 1966. №8. с.58. Резниченко И.М. Установление достоверенности и силы доказательств по гражданским делам.у ченые записки Дальновосточного университета. 1969. т.32. с.105.

[13] Треутников М.К. Судебные доказательства. М., 1997. с. 124.

[14] Резниченко И.М. Установление достоверности и силы доказательство по граданским делам. – Ученые записки Дальневосточного Университета. Т. 32, 1969. с. 105.

 

[15] Кипнис Н.М. Допустимость доказательств в условиях судопроизводстве. М., 1995, с. 27

[16] М.К.Треутников. Судебные доказательства. М., 1997, с. 102-103.

[17] Гражданское процессуальное право России. Учебник под ред. М.С.Шакарян. М., 1996. с.147.

[18] М.К. Треутников. Судебные доказательства. М., 1991. с.105.

[19] К.С.Юдельсон. Гражданский процесс. М., 1972.с.180.

[20] С.В.Курылев. Основы теории доказывания в советском правосудии. Минск, 1969, с. 177-179.

[21] Треушников М.К. Гражаднский процесс. М. 2000. 126 с.

[22]  ҚР АІЖК. 13.07.1999.

 

[23] Треушников М.К. «Судебные доказательства» М. 1997. стр 74-75

 

[24]Курылев С.В. «Основы теории доказывания в советском правосудии». Минск 1969.139 стр .

11Хутыз М.Х. Общие положения гражданского процесса. Историко-правовое исследование. М.1979, стр.88.

12    Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. Т.1.М. 1968, стр.288-289.

 

[28] Ткачев Н.И. Законность и обоснованность судебных постановлений по гражданским делам. – Саратов: Саратовск. Гос. Ун-т, 1987. – с. 127.

 

[29] Юдельсон. С.К. Судебные доказательства в гражданском процессе. М. 1956. с.129-132.

[30] Советский гражданский процесс. М., 1975. с.153.

[31] М.К.Треутников. Судебные доказательства. М. 1991. с.181.

[32] Пучинский В.К. Признание стороны в советском гражданском процессе. М., 1955, с.30.

[33] В.В.Молчанов. Арбитражный процесс. М., 1995.с.155-156.

[34] Давтян А.Г. Экспертиза в гражданском процессе. М. 1995. с. 17.

[35] А.А.Эйсмон. Заключение эксперта. М., 1971, с.91.

[36] М.К.Треутников. Судебные доказательства. М., 1991, с.248.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля