Өсімдік тектес ою-өрнектер

11 декабря, 2017 13:11

Өсімдік тектес оюлар үлтгық өнерімізге өте ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әр түрлі заттарға сәнімен қалыптасып, үйқасымын табады. Олар өзінің даму бары- сында әр түрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмүндарын шешті. Мәселен, өсімдік оюла- рымен шымылдық, перде, тұскиіз, көйлек, камзол, бешпет, аяққап, текемет, сырмақ, білезік, шолпы, сырға, жүкаяқ, сандық, қыш қүмыралар жөне т. б. затгар ойылып, кестеленіп, боялып, бедерленіп, сырылып, әшекейленіп безендірілді. Осы оюлардың түрлері мен атаулары жоғарыда айтылған заттардың қолданылуына және гүл, жапырақтың топтасып, жұпталуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Өсімдік тектес оюлардың негізі болған гүл, жапырақты талдап, классификациялық топқа бөле келіп, үш гүл, төрт гүл, бес гүл, үш жапырақ, бес жапырақ, түйе табан, жауқазын, теріс бүтақ, шыр- маулық, райхан және т. б. ою-өрнектерді қолөнер бүйымдарынан кездестіруге болады. Көбіне аталған ою-өрнектер жүмсақ шикізаттардан жасалған бүйымдарға қолдынылады. Киізден, мата- дан, теріден жасалған дүниелерге сырылып, кестеленіп, бастыры- лып, тоқылып іске асырылады.

Өсімдік тектес оюлардың композициялық құрылымы да жан- жануарлар оюындағыдай симметрияға, ырғаққа тепе-тендікке, гіро- порцияға бағынады. Текемет, сырмақ, түскиіз, кілемдерге қарасақ, аралық бөлік, жиек, сыңар жиек секілді композициялық тепе- теңцікпен бірге симметриялық үйлестірулерді кездестіреміз. Бүлар қазақ ұлттық өнерінде ғана кездесетін үйлесімдер.

Ою-өрнектің гүл, жапырақ түрлерінен басқа сырмақ, текеметке көп қолдынылатын су өрнектері де жиі кездеседі. “Су” өрнегі маз- мүны мен орындалу пішіні жағынан өсімдік тектес оюлардың қата- рында жатпайды. Жалпы ою-өрнектерді кейбір үлтгық заттарға қол- данған кезде олардың мән-мағынасын, түрлерін жетік білу шарт.

Біз ою-өрнекті сөз, теория түрінде ғана емес, көптеген суреттер арқылы талдап отырмыз. Оларды топтарға бөліп, классификациялық, композициялық құрылымның негізін құрудың схемасын ұсындық.

Гүлдің, жапырақтың, жалпы өсімдіктердің табиғи суреттерін, образдарын стилистік түрге көшіріп, ою түрлеріне ауыстыру жолдарын көрсеттік.

Оюлардың өрбір шикізатқа, ыдыстарға, бұйымдарға байланыс- ты негізгі түр-пішінін сақтай отырып, элеменггерін өзгертіп, зат- тың сыртқы формасын шешуде әсемдігін сақтап қалу процестерін бердік. Көрсетілген суреттің мақсаты бағыт-бағдар беру болса, оны әрі қарай дамытып, оюдың көптеген түрлерін ойлап табу, өзгерту ездеріңнің қолдарыңда (суреттер 19—24 беттерде көрсетілген).

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля