Өсімдік тектес ою-өрнекке арналған тәжірибелік жұмыстар

11 декабря, 2017 16:17

ЕКІНШІ САБАҚ
Тақырыбы: “Гүл жапырақ” (4 сағат).
Сабақтың мақсаты: өсімдік тектес ою-өрнектің негізімен және композициялық қүрылымымен таныстыру.
Қурал-саймандар: қарындаш, қағаз, бояу, қайшы, қылқалам, сызғыш.

САБАҚТЫҢ МАЗМҮНЫ
Өсімдік тектес ою-өрнек басқа оюлар секілді негізгі және қосьш- ша болып бөлінеді.
“Гүл” өрнегі өсімдіктердің негізін құрайтын өрнегіне жатады. Раушанның гүлі, қызғалдақтың гүлі, шөптің гүлі, егіндіктің гүлі, ағаштың гүлі, оның ішінде алманың, алмүрттың, долананың, су бетінде өсетін өсімдіктердің гүлі, үйде өсетін өсімдіктердің гүлі болып бөлінеді.
“Жапырақ” өрнегі де гүлдердің жапырағы, ағаштың жапыра- ғы және көптеген жеміс-жидек жапырақтары болып негізгі топты қүраса, “Сабақ” өрнегі қосымша топтарды құрайды, оларға гүлдің сабағы, егіннің сабағы, масақтың сабағы, ағаштың, жемістің бұтақ- тары жатады. Енді осы айтылған гүл, жапырақты, сабақты пайда- ланып композициялық қүрылымдар жасаймыз.
Бір гүлді екі гүл, үш гүл, төрт гүл, бес гүл, сегіз гүл секілді топқа, ырғаққа бөліп, симметриялы орналастырып, оларды жапы- рақ, сабақтармен қоссақ, біз іздеген композициясы күрделі, әдемі

 

ою-өрнек тізбегі шығады. Енді осы гүлдерді бір, екі, үш жолға немесе квадрат, дөңгелектердің ішіне тепе-тең, пропорциялық жолмен орналастырып көріңдер.
Ойлап, іздеп отырған композициялардың өздері оңай жолмен шығады. Енді “қошқар мүйіз” өрнегіндегі секілді жеке қағазға көшіріп, сонан кейін екінші қағаздан қиып ою үлгілерін дайында- уларыңа болады. Үлгілердің түрлерін жасалған заттардың форма- сымен үйлестіріп, элементтерін өзгерту де зат пен ою-өрнектің сөйкестігінен шығуы керек. Оны үмытпаңдар (30—31 беттер). Ою- өрнектерді өсіретін өрнектер берілген. Өсімдік тектес оюлар көрсетілген, тек мұқият қарап өрі қарай дамытуға тырысыңцар.
Геометриялық ою-өрнектер
Геометриялық ою-өрнек тас бетіндегі таңбалардан басталып, тамыры терең тараған өрнек. Геометриялық ою — жалпы адамзат қауымының, оның ішінде қазақ халқының қолөнер заттарымен үйлесіп, қалауын тапқан ою. Әсіресе сәулет, қолөнерде кеңінен қолданылып, заттардың сыртқы пішін, формасын әшекейлеп өрнектейді. Бұл ою тас, қыш, темір, ағаш, киіз, терілерде нүкте, сызық, үш, төрт, бес бұрыш, ромб, квадрат, шеңбер формала- рында кездесіп, кілем, сырмақ, текемет, түскиіз, алаша, кебеже, күбі, сандық, білезік, сырғаларда күрделі композициялық өрнек- тер тобын құрайды.

Геометриялық ою-өрнектің түрлерімен барлық ою-өрнек бай- ланысты, солардың мазмүнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек. Оның қолданылмайтын жері аз. Геометриялық оюдың негізі геометриялық денелерден түрады, атаулары да денелердің пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюды нүкте мен сызықтардан алып, күрделі формаға айналдырып, өрнек тізбектерін аламыз. Нүктелер бір- бірімен түзу, қисық, доғал сызықтар арқылы қосылып, үш бүрыш, төрт бұрыш, квадрат, ромб, шеңбер т. б. шығады. Көптеген геомет- риялық денелерге айналып, ырғақ, пропорция, симметрия арқылы геометриялық оюлар тек денелердің сыртқы пішіні мен компози- циялық зандылықтармен ғана көркемделмейді. Бұған реңк, түрлі- түсті бояу ырғағы мен спектрі толқыны да қосылып, затқа ерек- ше әсер, көркемдік береді.
Басқа ою-өрнектер секілді бүл ою да әрбір шикізат түрлеріне жеңіл қолданылып, үй жиһаздары, сәулет ғимараттарында кең өріс алып тарады. Оюлардың осылай кең жайылып қолданылуы

олардың ыңғайлылығымен қатар оюшы, шебер, үста, зергер сәулетшілердің ойлау, талғампаздық іэденісі, түжырымды шешімдері арқылы әр затқа үйлесті.
Ойлаған композициялық жүйе бойынша геометриялық ою- өрнек балшықтан, алтын, күмістен құйылса, сүйек, мүйізден, ағаштан ойылып жонылады, киізден кесіліп сырылса, теріден бедерленіп өріліп, заттарға көркемдік мәнер берді. Геометрия- лық оюлар затты көркемдік әдістері, сүлулық белгілермен ерек- ше түр-түске бөлейді. Зергерлік, ұсталық өнерде темірдің түр- түсімен қатар, тастан салынған көз, зер оюларды толықтырса, қыш пен сәулет өнерінде балқытылған шыны рельефті, барельефті бо- лып әсемдік қосады. Кілем, терме алаша тоқуда жүн мен теріден терілген оюлар затқа мән-мағына береді.
Оюды толықтырып, оны көрер көзге ерекшелендіретін түр-түс, реңк. Реңк пен түр заттарды әр түсті бояулармен бояп, ырғақты әуенді бунақ қүрайды, ерекше сипаттайды.
Енді геометриялық оюлардан үлгі алу жайында бірер сөз. Ежелден барлық шеберлер қағаздан оюдың үлгілерін өздері қиып, жасалатын затгың өлшеміне сай дайындап отырған. Ол үшін қағазды қос бүктеп немесе үш, төрт бүктеп оюды қайшымен қиған. Төмендегі суреттерде ою алу үлгісі көрсетіЛген (27—32 беттер).

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля