ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТУҒАН ДӘУІРТ ОНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

20 октября, 2017 10:50

Тарихтан жиі ұшырасатын Скиф (Сақ), Үйсін, Қаң- ғы (Қаңлы), Дулат, Оғыз, Қыпшақ — бәрі де Сібірді, Қазақстанды, Орта Азияны, Орта-Төменгі Еділді, Қас- пий жағалауларын сонау ерте замандардан-ақ мекенде- ген түркі-моңғол руларының әр кездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік аттары еді.

Заманымыздың V ғасырынан бастап бұл өңірлерде әлгі аталған бірлестік-мемлекеттердің негізінде түркі халқы қоғамдасып, соның негізінде Түркі қағанаты ор- нады. Бүгінде түркі халықтары деп аталатын қазіргі азербайжан, түрікмен, қырғыз, қазақ, өзбек, қарақалпақт башқұрт, татар, алтай, хақас, ұйғыр, чуваш, ойрат, тува халықтары осы Түркі қағанатына топтасқан ру-тайпа- лар негізінде қалыптасқан.
Түркі халқын әдетте хан басқарған. Ханның Ордасы болған. Оларда ханмен бірге әр уақытта ақылшы жырау тұрған. Ханнан кейінгі басшыны — жабғы (бас уәзір),. ханның өз мұрагерін — тегін деп атаған. Ал дулаттар* (дулу) билеген Батыс Қағанатында ханнан кейінгі дәре- же жора деп аталған.

Әскери демократияға негізделген түркі қоғамында халық: бек (ақсүйек), қара будун (бұқара), құл, күң ден жіктелген.
Қүші жағынан да, мекені жағынан да заманының ір- гелі мемлекеті болған Түрк қағанатының тарихы V ға- сырда Хундардан қашып шығып, Алтай тауының түстігі- не қоныс тепкен Ашындардан басталады-
Тарихи деректерге қарағанда, Ашындар көшіп келген Алтай тауын ол кезде өздерін түрікпіз деп естептеген қаңлылар, қыпшақтар, төлістер, қырғыздар, байырқылар, басмалдар, құрықандар, отыз татарлар, ізгілдер, едіздер, қарлұқтар, кеңгерестер, дулаттар, үйсіндер, сол сияқты бертінде түркі халықтарының негізін кұраған басқа да көптеген дала тайпалары мекендеген.
V ғасырдан бастап осы аталған рулардың бәріне түсі- нікті, ортақ түркі тілі қалыптаса бастайды.
Бүкіл Сібірді, қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел жайлаған «ұзын найзалы, жарау атты» түрктер үш ғасыр (VI—VII—VIII ғ.ғ.) бойы кең далада адам- айтқысыз алапат, жойқын соғыстарды басынан кешкен.
Түркі халықтарының бірлесуін тарихшылар Бумын қаған үстемдік еткен 545 жылдан санайды.

Бумын — саясатқа мықты, айлакер адам болса керек. 551 жылы өзімен көршілес.жужандарды талқандап, көш- пелілердің арасында даңқы асқан ол Елханы деген атқа ие болады. Бумын қайтыс болған соң, таққа бірінен кейін бірі қатарынан оның үш ұлы отырады. Солардың ішінен тарихта Муганханның есімі ерекше аталады. Ол өзімен көршілес жужандарды, татабыларды, қидандарды түгел бағындырды.
Түркілердің жойқын соғыстарының біразы Бумын ханның інісі Естеми (Есті-ми, ақылды деген мағынада) ханның атымен сабақтасады. Ол — Бумынның тірісінде- ақ қол басқарып көзге түскен, ханның жабғысы (уәзірі) болған адам. Естеми Батыс жорықтарын басқарған. 555 жылы Шаш (Ташкент) қаласын, Жейхун (Амудария), Інжу (Сырдария) өзендерін қаратып, Арал теңізіне де- йін жеткен. Осымен Естеми жорығы тәмамдалады.

VI ғасырдың 80-жьілдары хан тұқымдарының арасын- да дау-жанжал өршіп, соның салдарынан Түркі қағана- ты Батыс және Шығыс қағанаты болып екіге бөлінеді. Жетісу өңіріндегі, Шу бойындағы, Еділдің төменгі, Ертіс, Есіл өзендерінің жоғарғы сағасындағы өзара жауласып, әбден титықтаған түркі рулары Батыс қағанаттың құра- мына енеді.
Батыс қағанаттың құрамына енген рулардың ішінде- гі ең бастылары Дулу (дулаттар) одағы мен Шу, Та- .лас, Ыстықкел маңындағы нушебилер (үйсіндер) еді. Дулаттар мен нушебилердің әрқайсысы дербес бес рудан тұрса керек. Батыс қағанатын кейде «он ру» немесе «он оқ»1 халқьі деп атайтыны да сондықтан.

604 жылы Батыс қағанат кұлайды. 635 жылы дулат- тың бес руы, нушебидің бес руы бөлініп, өз араларынан бек сайлап, биліктің белгісі ретінде оларға оқ береді. «Он оқ түрк» деген сөз содан қалған. Дулаттар мен ну- шебилердің шекарасы ретінде Шу өзені белгіленеді.
Қолдарына билік тимеген қарлық, яғма, қыпшақ, басмал тәрізді ру басылары жаңа тәртіпке көне қоймай- ды да, өршіген наразылық ақыры Шүбар Төліс басқар- ған он оқ ордасына қарсы көтеріліске ұласады. Шұбар Төліс хан төңірегіндегі достарымен қашып, Ферғанаға
1 Қазак арасында халықтың құрамын білдіретін буын, бау, сан деген сөздер де кездеседі. Мәселен, «Тоқсан баулы қыпшақ», «Он -санды оймауыт, тоғыз санды торғауыт» дейді. Мұның өзі бір ғана қыпшақтың тоқсан тараудан, оймауыттың—он, торғауыттың1— тоғыз тармақтан тұратындығын білдіреді жетіп, 639 жылы дүние салады. Ал жауласқан екі жақ бі- тім жасап, Іле өзенінің екі бетін бекініс етеді.
Іле өзенінен бастап Сібір тайгасына дейінгі аралық- ты жайлаған батыс түркі руларының басына 641 жылы Үкі іиад таққа отырады. Олардың құрамына Жоңғария- дағы басмалдар, Алтайдағы қыпшақтар, Минусинск ой- патындағы қырғыздар, Енисей, Тарбағатайдағы басқа да көптеген тайпалар енеді.

Үкі шад Жетісудың оңтүстігінде дулаттармен жой- қын соғыс жасайды. Бірақ дулаттардан жеңілгей ол қа- шьш Байшынху (ертеректе Исфиджаб, бертінде Сайрам аталған қала, Шымкенттің шьіғысында) қаласына жа- сырынады. Бұл жерден қол жинап, қайта шабуыл жа- сайды. Бірақ жауынгерлікпен атағы шьіққан дулаттар батыс ашын руларының бірінен шыққан Халлығты (лақап аты, оның шын аты тарихта сақталмаған) хан кетеріп, Үкі шадтың қолын қайта талқандайды. Сөйтіп, Халлығ соғыстан әбден шағылған, қалжыраған он оқ халқына көп жылдар бойы олардың аңсаған бейбітшілі- гін қамтамасыз етеді. Дулаттарға—«Чур» (Шора), ну- шебилерге—«иегін» атағын беріп, өзіне және өзінің сар- баздарына арнап Мыңбұлақ (қазіргі Жамбыл қаласы- ның маңында) алқабында қамал салдырады. Өзінің ұлына «Багадүр жабғы» деген дәреже тағып, оны өзінен соңғы Батыс қағанаттың әміршісі етіп сайлайды.

656 жылдың қақаған қысын пайдаланып, Қытай им- периясы Батыс қағанатқа төтеннен шабуыл жасайды. Тұтқиылдан лап берген есепсіз күшке төтеп бере алма- ған нушебилер, дулаттар бірінен соң бірі жеңіліп, олар- дьщ басшысы Халлығ қалған қолымен Іле өзеніне ше- гінеді. Сөйтіп, он оқ халқынан бүтіндей қол үзген ол шегінгеннен шегініп, ақыры Шу өзенінде тізе бүгеді.
Бірақ Халлығ соңына баласын ертіп, аздаған атты әскерімен жауды адастырып, оңтүстікке қашып кетеді. Шаш (Ташкент) қаласына жақындағанда әбден титық- тап, болдырған аттары төрт аяқтап табандап тұрып алыпты. Шаш қаласының тарханы бұларды ұстап, қол- аяғын байлап, қуғыншылардың қолына берген екен. Сөйтіп, Халлығ 659 жылы зындан түбінде азап шегіп, жалғыздықтьщ тақсыретінен дүние салады.

Ал көп жылдар өктемдік еткен қытайлар 692 жылға дейін дулаттар мен нушебилердің 60—70 мыңдаған кісі- сін қырып тынады. Осыдан бастап Түрк қағанаты күйре- ді деп есептеледі.
Әбден қорлық көрген түрктер VII ғасырдың аяғында

Қытай империясына карсы көтеріліске шығады. Әдеп- кіде біраз табыска жеткенмен, Қытайдан жаңа күш ке- ліп, Қарақұмға шегінген көтерілісшілер ақырында, аш- тыққа ұрынады.

Бірақ түркі халқы бұл жолы жеңілгенмен, тойтарыс алдық’ деп босқа қарап отырмаған. Б:р жылдан соң Гудулу (Қутлығ) басқарған түркі халқының жаңа тол- қыны қайта өршпді. Құтлыг — әскери білімі бар, айла- тәсілге жетік кісі болса керек. Ол тоз-тоз болган түркі халқын қайта жиып, дана Тоныкөкті соңына ертіп, 683 жылы Қытай баскыншыларынан түркі жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық Қутлығты. Елтеріс (елді теруші, жинаушы мағынасында) хан деп атап кетеді.

Түркі халқын кұрап іргелі ел еткен Елтеріс 693 жы- лы дүние салады. Соңында әлі де балиғатқа жетпеген, әжетке жарай қоймаған, екі ұлы қалады. Сондықтан да таққа оның інісі Мочур (Қсіпаған) отырады.

Қапаған тым қатал кісі болыпты. Ол бір кезде данкы жайылған Түркі қағанатындай мемлекет орнатуды арман етеді. Оның тым әсіре қаталдығы халық наразылығын күшейтіп, ақыры Қапаған 716 жылы көтерілісшілердің қолынан каза табады.
Бұл жағдай Елтеріс ханның буыны бекіп, бұғанасы қатайған заңды екі мұрагері — Білге мен Қүлтегінді таққа әкеледі.
Қішісі — Күлтегін өте ер болған. Қарлұқтармен ара- да болған соғыста (711—715) даңқы жайылған жас ба- тыр бұрыннан келе жатқан ата дәстүрін бұзбай, «Білге хан» деген ат беріп, таққа өзінің ағасын отырғызады. Ал Білге хан болса, інісі Қүлтегінді әскер басы етіп сайлайды. Баскаша айтқанда, бұл шын мәніндегі Қаға- нат иесі деген сөз еді..

Билікті түгел колдарына алған Елтеріс (Құтлығ) қа- ғанның үйелмелі-сүйелмелі екі ұлы (Білге мен Қүлтегін) саясатты әуелі ағасы Қапағанмен сыбайлас болған ақсақалдарды жоюдан бастайды. Бұрын-соңды соғысқа араласып жүрген кәрі тарландардан Елтерістің тұсында да көрегендігімен кезге түскен, Қапағанға да кеңесші болған Тоныкөкті ғана ақылшы етіп қалдырып, оған Ба- ға Тархан (мемлекеттік кеңесші) атағын береді. Қарт данышпан бұл кезде 70 жаста еді. Көп кешікпей айлакер Тоныкөк өз қызын Білге Қағанға қосады. Сөйтіи, осы үшеуінің тұсында түркі, халқының даңқы қайта жер жа- рады.
731 жылы Қүлтегін қайтыс болады. Батырдың азасына ат қойып ел-елден келген кеңіл аіітушыларда есеп болмаған. Батырлығының куәсі ретінде оның басына мәңгілік ғажап ескерткіш орнатылды.

Көп кешікпей, 734 жылы дүниеден Білге Қаған да өтеді. Оны сатқындар у беріп өлтіреді.
Таққа отырған Иоллығ-тегін әкесі Білге ханның ба- сына зәулім ескерткіш орнатады. Сөйтіп, ағасына да, әкесіне де арнап тасқа қашап олардың ерліктерін дәріп- теген жоқтау-мадақ жырын жазады.
Иоллығ-тегін ақын әрі тарихта болған адам. Ол 739 жылы өз ажалынан қайтыс болады.
Міне, Түркі халықтарының тарихына қатысты және біз осы кітапта жариялап отырған Орхон жырларында (Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері) бейнеленген тарихи оқиғалардың желісі осындай. Біз мұны негізінен Н. Я- Бичуриннің «Собрание сведений Азии в древние времена (М., т. I, 1950—1953), А. Н. Бернштамның «Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древ- нне времена» (Москва, т. I—III, 1950—1953); Л. Н. Гу- милевтің «Древние тюрки» (Москва, 1967) деп аталатын еңбектеріне сүйеніп жаздық.
Түркі қағанатының құрамына енген, бертінде түркі халықтарына ұйытқы болған және Орхон ескерткіште- рінде аталатын рулар, тайпалар өте көп. Олардың бас- ты-бастылары жайында қысқаша мынаны айтуға бола- ды:
Төлістер — қазіргі таулы Алтайдың шығыс бөлігін мекендейтін телеуіттердің арғы ата-тегі. Телеуіттер терістігінде — татарлармен, шығысында — тувамен, түс- тігінде — қазақтармен, батысында — алтайлықтармен шектеседі.
Мәдениеті, тілі жағынан түркі руларымен төркіндес келетін ру — қырғыздар. Олар VII—VIII ғасырларда Енисей бойын мекендеп, өзімен көршілес қарлұқ, құры- қан, дубо (тува), меркит тайпаларымен үнемі қақтығы- сып тұрған.
Тарихшылардың айтуына қарағанда, құрықандар қа- зіргі якуттердің ата-тегі де, ал қырғыздар — хақастар- дың арғы тегі. Екеуінің де тілі, әдет-ғұрпы түркі тектес. Әйткенмен, қырғыздарды тек қана хақастардың арғы тегі деу жеткіліксіз. Біздіңше, көне Орхон ескерткіште- рінде жиі кездесетін қырғыздар бірнеше рулардың бір- лікті аты болуға тиіс. Өйткені, оларды қазіргі қырғыз- дардан бүтіндей бөліп қарау дұрыс болмас еді. Сондық- тан да байырғы қырғыздарды қазіргі хақас, қырғыз халықтарына бірдей қатысы бар бірнеше рудың бірлікті одағы деп түсінген жөн.

Сырдария мен Амударияның аралығында оғыздар тұрғаи. Оғыздар — қазіргі азербайжан, түрікмен халық- тарының арғы тегінен саналады.
Жоңғария мен Жетісу өлкелерін мынадай елдіктер жайлаған: Қара Ертісте — қарлүқтар, Орталық Тянь- Шаньдағы Іле өзенінің бойында — түргеилтер, Ертістің жоғарғы сағасында басмаддар тіршілік еткен.
Түркі руларының бірГнен саналатындар — кенгерес- тер. Қенгерестердің тарихтағы басқаша бір аты — Кдң- ғарлар (қаңлы). Олар Сырдарияның төменгі және орта сағасын мекендеген. Қара Ертістегі қарлұқтар мен Сырдариядағы печенег — қаңғарлардың арасында бұл кезде қыпшақтар келің қоныстана бастаған кең дала жатады. Қазіргі Қазақсдандағы далалы өлкенің Дешті қыпшақ — Қыпшақ даласы аталуы осыдан. Бұл жерде қыпшақтар қаңғарлармен араласып, шығыста — қып- шақ, Европада — коман (құман) ал, Росскяда — поло- вецтер деп аталып кеткен халықтьі құрайды.

Тарихта аты сақталған Орта Азия, Қазақстан, Сібір жерлерін мекендеген ол кездегі басты ру одақтары жа- йындағы қысқаша деректер осындай. Ал заманымыздың III—V ғасырларына дейін өзара қақтығыс салдарьшан аты жоғалып кеткен, не бертінде өзгеріп кеткен шағын рулардың есебі жоқ.

Жоғарыда аталған түркі рулары үнемі бір орында өздерінің алғаш қоныс тепкен-жерінде тұрақтап отыра бермеген. Қейде өзара жауласу, соғысу салдарынан, кей- де бөгде ру-тайпалардың, яки халықтардың жорық-шап- қыншылықтары салдарынан зор жойқыншылыққа ұшы- рап, бір өлкеден екінші бір өлкеге өтіп, коныстарын жиі өзгертіп отырған. Сондықтан да болу керек, тарихшылар арасында қазақ рулары түгелдей әуел бастан, өмір баки көшпелі болды, тек мал шаруашылығымен ғана айналы- сып, үнемі жеңкіліп көшің жүрді деген пікір бар. Бұл пікірді түгелдей дұрыс де^ге, қостауға болмайды.

«Қүн шығыстағы ру, тайпалар тарихтың басынан- ақ бір жағы көшпелі, бір жағы отырықшы өмір сүрген» деп адамзаттың ұлы ойшылы Қарл Маркс айтқандай, қазақ рулары да түгелдей өмір бақи жөңкіліп көше бер- меген, біразы көшпелі мал шаруашылығымен айналыс- са, бірқатары отырықшы өмір сүрген — қыстақты, кент- ті, қалалы жерлерде, солардың төңірегінде тұрып егін- шілікпен, қол өнер кәсібімен шұғылданған. Олардың теріден, ағаштан, киізден, жібектен жасаған не бір әсем жиһаздары опат соғыстардың салдарынан жойылып
кеткен.

Түркі сарбаздары металмен каптаған қазіргі қазақ тымағы тәрізді бас киім, үстіне жезден істелген ұзын- дығы тізеден, жеңі шынтақтан сәл жоғары сауыт, аяк- тарына етік киеді екен. Жауға аттанған жауынгер сауыт киіп, садақ асынып, беліне алдаспан байлап, білегіне шоқпар іліп, кеудесіне қалқан, қолына найза ұстап шы- ғады екен.

Олар соғыстан бос уақытында мал шаруашылығы- мен, аңшылықпен айналысқан. Сойылған малдың, ұста- ған аңның терісін киім етіп киген. Ол заманда киімнің жалпы аты «тон» делінген. Осы сөз киім мағынасында әлі де кездеседі. Мәселен: «Әркім өз бойына қарап тон пішеді», «Қеңеспен пішкен тон келте болмас», «Апасы киген тонын сіңлісі де киеді» тәрізді мақалдар бар.
Негізгі баққан, өсірген малдары -—қой, жылқы. Жыл- қының қымызын, қойдың ағын ішіп түрктер малдың қамымен қыс-қыстауға, жаз-жайлауға көшіп жүрген. Осы кәсібі жайында тарихшы Л. Гумилев былай дейді: «Түркілердің әйелге деген құрметін есептемегенде, олар- дың семьясын XIX ғасырдағы қазақтардың семьясынан пәлендей өзгешілігі бар еді деп айтуымызға ешқандан негіз жоқ» (Л. Гумилев. Древние тюрки, М., 1967, 71- бет). Жаз салқын тау қойнауын саялап, қыс түссе жа- зықты жайлайтын түрктердің басты панасы көшіп-қону- ға жеңіл киіз үй болған.

Октябрь революциясына дейін қазақ арасына кең жайылған әмеңгерлік салт сол замандардан қалған. Түркі халқының салты бойынша ағасы өлсе інісі жеңге- сіне үйленетін болған. Деректерге қарағанда, түркілер әйелді ерекше құрметтеген. Жолаушылап келген бала- сы үйге кіргенде, әкесінеи бұрын әуелі шешесіне бас ие- ді екен. Мұның үлгісін Орхон ескерткішіндегі Күлтегінге арналған үзінділерден көреміз.
Түркі халқының діни көзңарастары жөнінде. Ол уа- қытта (ислам діні тарамаған кез) халық құдайды, әу- лиені білмеген. Көкке-Тәңіріге, қара жерге, суға табын- ған. Не бір қысылшаң тар кезеңдерде дағдарған, есеңгі- реген түркі халқьіна дем беретін де осылар — түрктің қасиетті жер-суы. Демек, түркі халқы жеке бір адамға емес, көбінесе табиғатқа, жер, көкке табынған: «Тәңірі- дей, тәңіріден жаралған» деп басталатын Орхон жазба- лары дін әлі тарамаған елдің кескінін аңғартады.

Түркі халқы о дүниені жер үстіндегі тірліктің жал- ғасы деп түсінген. Дүниеден қайткан кісінің қазасына жоқтау шығарып айтатын болған. Жоқтау шығаратын- дар сығытчылар (жоқтаушылар) деп аталған. Өлгендер- ге қайғыру белгісі ретінде әйелдер бетін жыртқан, кейде тіпті өзін құрбан ететін болған. Сол дәуірдің мәліметте- рінде: «Қаны мен көз жасы бірдей ағылды» деп жазады.
Қөңіл көтерген сауық кештерінде жұрт қақ жары- лып бетпе-бет тұрып өлең айтысатын болған. Қазақ хал- қының арасында кең тараған жар-жар, айтыс содан келеді.

Жогарыда аталған тарихи деректер түркі халқы жа- саған эпиграфиялық ескерткіштерде сақталып бізге же- тіп отыр. Орхон, Талас өзендерінен, Қазақстанның бас- қа да жерлерінен көптеп табылған мұндай ескерткіштер бұл өңірді мекен еткен үйсін, дулат, қаңлы, найман, қыпшақ, керей, қоңырат тәрізді ру, тайпалардың VII—- IX ғасырларда-ақ өз дәуіріне лайықты мәдениетінің болғандығын айқындайды. Мұны әр кезде жүргізілген археологиялық зерттеулер бүгінде мүлтіксіз дәлелдеп отыр. Ол мәдениет жаңадан қалыптасып келе жатқан феодалдық қатынастар негізінде дамыған еді..

Қазақстан жеріндегі халықтар Византиямен, Қытай- мен, Қиев Русімен мәдени, сауда қатынасын ерте кезде- ақ өрістеткен. Қазакстанның, әсіресе батыс, солтүстік батыс аудандарының халқы Русьпен етене берік ынты- макта, байланыста болған. Мұндай қатынастар Қазақ- стан тайпалары мен халықтарының мәдениетінің өрлеуі- не үлкен ықпал жасайды.
Аталған дәуірде материалдық мәдениет, тоқыма өнеркәсібі, қала кұрылысы өрістейді. Ол кездегі қала- лардың шоғырланған жерлері — Қаратау маңы, Сырда- рия алабы, Талас, Шу жағалаулары, Жетісу өлкесі.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля