ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ (VII—VIII ғ.ғ.)

19 октября, 2017 10:45

Қазіргі орта Азия, Қазақстан, Сібір жерлерін арала- ған жнһангер Совет заманында өзгерген өңірдің салта- натты, әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фаб- рикаларын қызықтап-тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге бұл өлкелерден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де көз тоқтатып, тарих түбіне ой жіберіп өтері де ақиқат.

Совет ғылымының табыстары нәтижесінде сол көне ескерткіштерге, шексіз сахарада мүлгіп қалған меңіреу тастарға бүгінде тіл бітіп, іргелі ел болып қанат жайған түркі халықтарының бақытты ұрпағына тарих шежіресін баян етуде.

Бір кездерде сақтар жайлаған, гундер шарлаған кең атырапты заманымыздың VI—VIII ғасырлары арасында үш жүз жыл бойы ұзын найзалы, жарау атты түрктер еркін билеген. Бертінде Дешті Қыпшақ аталған, моңғол- дар ат тұяғына таптатқан бұл өлкені ежелден-ақ қазіргі түркі тілдес халықтардың түпкі төркіні болып табылатын көк түрктер мекен етуші еді.
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманы- ның белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшыл- дары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өне- рінде бейнелеп қалдырған ғой.

Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды руханн мұралардың қазақ жерінде де кептеп жа- салғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.

Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіште- рінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас — Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жа- йында, Білге Қағанға, Қүлтегінге, Тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында болмақ.
Бұл ескерткіштер Селенга, Орхон ӨЗРШІРПІНІН боііынан табылған Көздің жасымен, жүректің қақымен құл- пытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзыл- май бізге жеткен осы бір ғажайып рунальіқ жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайынДа айтылған ше- шендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркес- тердің не бір көне үлгілерін көреміз.

Онда VIII ғасырдың іргелі мемлекеті — Түркі қағана- тының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хан- дар, бектер, болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау- тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың .аянышты өмірін суреттеу талабын да анық көреміз.
Текстологиялық жағынан жан-жақты зерттелген бұл ескерткіштердің жанры жайындағы мәселе күн тәртібіне беріректе ғана койыла бастады, сондықтан да ғылымда пікір таласы әлі өте көя.

Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарнхи дерек- тер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда. Қалай дегенде де өте ертеде жа- салған бұл ескерткіштердің түркі халықтары тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен, ой-санасынан, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен құнды деректер беретін бағалы мұра екендігі даусыз. Біз олардьщ қазақ әдебиетіне қатысты жағын сөз еттік. Бұл ретте өз ойларымызды, пікір-тұжырымдары- мызды ашық айтуды, ортаға салып отыруды жөн көрдік.

Мәселен, Орхон жазбаларының жанрлық табиғаты, құрылыс-ерекшелігі деген мәселеге өзге ғалымдардан біз басқаша қараймыз.
Сөз болғалы отырған ескерткіштердің авторлары да анықталған жоқ. Біздіңше олар — Йоллығ-тегін мен То- ныкөк.
Халқымыздың ерекше дамыған жыраулық дәстүрін қалыптастыруға бұл тәрізді кене ойшылдардың, ең ежел- гі ақын-жыраулардың белгілі дәрежеде роль атқарған- дығы сөзсіз. Ал есімдері тарихта сақталмаған, байтақ мұра тудырған ақын-жыраулар қаншама?
Орхон ескерткіштерінің өте ерте замандарда туғанды- ғын ескеріп және де оқушыға түсініктірек болу үшін, бұл шығармаларды таныстырудан, талдаудан бұрын, әуелі сол ескерткіштерді тудырған дәуір мен ондағы та- рихи деректерге тоқталайық.
1 Тасқа кашалып жазылған жазуларды ғылымда руналық жа- зулар деп атайды. Мұндай жазбалар, таңбалы тастар Қазақстан же- рінен көптеп табылған. Солардың ең көлемдісі — Талас ескерткіші.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля